Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ар-намыс керек адамға

Материал туралы қысқаша түсінік
Ар,намыс,абырой ұғымдарының мәнін ашу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары № 11

Тақырып: Ар-намыс керек адамға

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер:  сөзбен, не болмаса іспен зиян келтірмеу, әлеуметтік, әділеттік, адам құқығы, жақсы азамат болу т.б

Сынып: 9 «Ә,Б»

Мұғалім: Абубакирова Мадина

Күні: 19-23.11.2018 ж

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға ар, намыс, абырой туралы түсініктерді насихаттап, қиянат жасамау құндылығын дамыту.

Сабақтың міндеттері:

  • ар, намыс, абырой ұғымдарының мәнін ашу;

  • оқушы бойында адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына, жақ сы азамат болуына ықпал ету;

  • оймен, сөзбен, не болмаса іспен зиян келтірмеу, адамгершілікке тәрбиелеу.

Ресурстар: оқулық, дәптер, маркер, бейнепроектор, ән мәтіні

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. (1 мин)

2. Тыныштық сәті. Жарық. (3-5 мин)

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу үстаңыздар. Аяқ қолыңызды айқастырыңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрадан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәуелесі сіздіңбойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәуле шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз…

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Енді көзіңізді ашуға болады.

Тыныштық сәтінде қандай әсер алдыңыздар?

Сабақ барысын талдау

Оқушылардың көңіл-күйін көтеру мақсатында

3. Үй тапсырмасын тексеру. (7 мин)

«Жақсылық жан шуағы» тақырыбына шағын эссе жазу.


4. Дәйексөз. (5 мин)

«Ұят– ар сақтайды, арлыны ел мақтайды»

Халық мақалы.

Осы сөздің мағынасын ашып көрейік. Ар, ұят адам баласының дүниедегі ең асыл, ең киелі ұғымы, ендеше осы бір ұлағатты ұғымды бойымызға сіңіру біздің борышымыз.Бұл қасиеттерді бойымызға сіңіру , біздерді адамгершілікке жат әдеттерден сақтап, әділ, адал болуға жеткізеді.

Есімізде сақтап қалу үшін бәріміз бірге үш рет қайталайық та ,дәйексөзді дәптерімізге жазып алайық.

Сұрақ.

1.Дәйексөздің мағынасын қалай түсіндірер едіңдер?

2. Адам өз сезім мүшелеріне қиянат жасамау керек дегенді қалай түсінесіңдер?

Түйін.

-Міне, балалар Бақытты өмір сүргісі келген әр адам ойын, сөзін және ісін ар-ұят арқылы көрсете білсе, өзіне де, өзгеге де қиянат жасамайды.


5.Әңгімелеу . (8 мин)

Бүгінгі сабағымызға байланысты мен бүгін сіздерге мынадай бір әңгімені айтып берейін. «Батыр Бауыржан туралы бір үзік сыр»

«Соғыс өртi арасында жүргенде аты шығып, абыройы арта түскен Бауыржан Момышұлы соғыстың алдыңғы шебiнде жүрiп те қазақтың намысын қолдан бермеген азаматтығы, әсiресе, сол кезгi бiр оқиғада ерекше көрiнедi. Бiрде басшылық даңқы жер жарып тұрған әскери құраманың қазақ офицерлерiн жаңа әскери бөлiмдер дайындау керек деген сылтаумен елге жiберiп, олардың орнына басқа ұлттың офицерлерiн әкелiп, Панфилов дивизиясының жақсы атын өздерi иемденбек болады. Сол жиналыста басқалар не дерiн бiлмей отырып қалғанда Бауыржан Момышұлы «Бiз ешқайда бармаймыз, осы жерде майдан алаңында, Отан алдындағы борышымызды өтеудi жалғастыра беремiз» деп басшылықтың шешiмiн iске асырмай тастайды»

Тағы да бірде

« Осы бiр сұрапыл жылдары Бауыржан Момышұлы туған халқының болашағын ойлап қоғамдық қайраткерлiк көрсете бiлдi. 1943 жылы наурыз айында Қазақстанның Халық комиссарлары кеңесiнiң төрағасы Нұртас Оңдасыновқа: «Жiгiттi жауынгерлiк қасиеттерге тәрбиелейтiн қазақтың игi дәстүрлерi. Қазақ халқының өткен тарихындағы барлық жақсы дәстүрлер бүгiнгi таңда қайта салтанат құруға тиiс»,— деп өз ұсыныстарын жазып хат жолдайды.»

Сұрақ.

1.Үзіндіде адам бойындағы қандай қасиеттер әңгімеленген?

2.Не себепті ар-намысқа жүгінеміз?

3.Бауыржан атамыздың осы ойларынан адамның ар-ұжданына қиянат жасамау туралы қандай ой түюге болады.

3.Қиянат жасамау құндылығының адам өмірінде маңыздылығы қандай?

Түйін.

олай болса балалар, Абай атамыздың «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселерімен озады» дегендей әрқашанда ар мен намысымызды жоғары қояйық, ар намысы жоғары болған адам ешқашан қиянатқа бармайды.

Тыңдайды

Талқылауға қатысады

Өз ойларын ортаға салады.

6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. (10 мин)

Орындалысы: оқушылар үш ауылға бөлінеді «Абай «ауылы,

«Шәкәрім» ауылы, «Батыр Бауыржан» ауылы.

Тапсырма үш ұлы тұлғалардыңшығармаларынан ар, намыс, абырой туралы айтқан өсиеттері мен дәйексөздерін немесе өлең жолдарынан мысалдар кетіріп, дәптерге жазу.

Абай:

«Асылында, жаман адам болмайды, бойындағы нәпсісі рухынан үстем болғандықтан, барлық ақылы, білімі, қайрат-жігері мен өнері нәпсінің құлына айналғандықтан, жақсы іс-әрекеттер мен көркем амалдардың табылуы қиын. 
Рухтың мекені – адамның жүрегі. Жүректің жылуы, махаббат, ар-намыс, қайрат-жігер деген сезімдердің барлығы да осы рухтан туындайды.» 
Шәкәрім:

Бостандық таңы атты, қазағым, көріңдер,

Арға ие адамның соңынан еріңдер.

Таң артынан хақиқат күн шығады,

Еріншек, жалқаулық әдеттен  безіңдер.

Арамдық, аразды түбімен жойыңдар,

Өтірік өсекті бір жола қойыңдар.

Намыс, жігер бойыңа жиып қайрат,

Қажымай адалдық жағында болыңдар.

Өнерлі елдерден өнеге алыңдар.

Бауыржан:

«Мен де адаммын жаралған сүйек, еттен, 
Менде де жан бар, менде де ар бар жан тебіренткен, 
Халқымның қарапайым бір ұлымын, 
Жанымды арым үшін құрбан еткен»


«Намысынды нанға сатпа»

Сұрақ.

1.Нақыл сөздер мен өлең жолдарында не айтылған?

2.Адам бойындағы қандай құндылықтарды меңзеп тұр?

Түйін.

Ендеше балалар, әр адамның бойында ар,намыс,абырой болса, алмайтын асуы қалмайды, ұлттық салт-дәстүрімізді, ана тілімізді құрмет тұтайық,қиянат жасамайық. Бұл да – ұлттық тәрбиенің қайнар бұлақтарының бірі екенін есімізде сақтайық.


7.Топпен ән айту. (3 мин)

«Жақсы адамдар»

Әні мен сөзі: А. Оралов

Оқушылар әнді ерекше көңілмен айтып,сергиді.

8.Үй тапсырмасы. (1 мин)

Оқулықта берілген «Балқар аңызы» атты мәтінді үйден оқып келу.


9.Сабақ соңындағы тыныштық сәті. (2 мин)


Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»


Оқушылардың көңіл-күйін көтеру мақсатында.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.01.2019
554
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12