Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ар намысым, мақтанышым, қасіретім-Желтоқсан!» (ойын-сауық)

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшаның дене шынықтыру нұсқаушыларына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Ар намысым, мақтанышым, қасіретім-Желтоқсан!»


Мақсаты:Желтоқсан, оған қатысқан жастар туралы түсінік беру. Желтоқсан жаңғырығы, халықтың ар-намысы, тілі, дәстүрі туралы түсініктерін дамыту. Жастарымыздың ерен ерлігін насихаттау арқылы бүгінгі жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, балаларға ата-аналарымен өз қабілеттерін , ептіліктерін оятуға мүмкіндік беру, өздерінің қимылдық тәжірибесін пайдалану, алғырлығын , шапшаңдылығын , күштілігін, төзімділігін дамыту, балалар мен ата-аналар арасындағы мейірімділік, достық қарым-қатынасты арттыру.

Көрнекіліктер: слайд, суреттер, ұрандар, жалаушалар, шарлар, спорт жабдықтары.


Барысы:

1986жылғы Желтоқсан оқиғасы қазақтың басын біріктіріп, бір жұдырықтай жұмылған әрі бақытты, әрі қайғылы күні болды. Халықтың ар-намысы таразыға салынған сын сағатта қара күшке қаймықпай, қарсы шыққан жастарымыздың ерен ерлігі келер ұрпаққа үлгі болады. Сол Желтоқсан құрбандарын бүгін балаларымыз құрметпен еске алып, олардың рухына бас иеді.

(Бір минут үнсіздік)

(Әнұран үш тілде орындалады)


Кәусар:

Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.


Бекнұр:

Рас, досым, 86 есімде

16-жетоқсанның кешінде.

Намыс кернеп, шықтық біздер алаңға,

Шындық үшін «тар жол тайғақ кешуге»


Мерей:

Тәуелсіздік бабалардың ұраны,

Тәуелсіздік еркіндіктің жыр-әні.

Тәуелсіздік халқымыздың байлығы,

Тәуелсіздік Қазақстан айбыны.


Айдана:

Тәуелсіздік арқасында міне мен де жайнаппын,

Қайран ерлер арқасында мен де күліп, ойнаппын.

Біз қалайша ерлігін ұмытармыз Сабира мен Ляззаттай, Ербол менен Қайраттың.




Мақсат

Тәуелсіздік туы енді биіктесін,

Біздер үшін Қайрат, Ләззат сүйікті есім.

Қазақ елі әрқашанда гүл-гүл жайнап,

Тілегіміз бізге ешкім тиіспесін.


Желтоқсан жаңғырығы тақырыбына слайд көрсету.

-Жастарымыздың ерен ерлігін насихаттау барысында Отан үшін отқа түсетін, елін сүйетін, намысшыл, ержүрек, батыл ұл-қыздар тәрбиелеу мақсатында бүгін екі топқа бөлініп эстафеталық жарысымызды бастайық.

Бастаушы:

Ағалардың игі істерін жалғаймыз,

Отан, елді сүйіп мәңгі қорғаймыз.

Жер бетінде зұлымдық енді болмасын,

Тыныш та, бейбіт өмір мәңгілікке орнасын!

Жақсылыққа жаны құштар балаларды,

Аға-апалардың рухтары қолдасын.


Жарысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныстырсақ.

Балабақша директоры: Сакенова Айгүл Мықтыбаевна

Әдіскер: Жақулова Саягүл Сериковна

Тәрбиеші: Құсайынова Мәркен

Балалар мен ата-аналарды, екі қатарға тұрғызып шынықтыру жаттығуларын жасату.

5-6 жаттығудың түрлері:

1. Бастапқы қалып басымызды айналдыру;

2. Иықты айналдыру;

3. Белді айналдыру;

4. Қолымызды аяқтың ұшына тигізу;

5. Отырып, тұру;

6. Бірорындасекіру;


Жарысымыз 2 командадантұрады.

1. Команда «Жасұлан»,

2. Команда «Сарбаздар».

Жарысымыздыбастамасбұрынтоптардысынайық.

«Ой шақыру»

Сұрақтар:

  1. Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды?

  2. Желтоқсан оқиғасының құрбандарын ата.

  3. Қандай рәміздерді білесіңдер?

  4. Еліміздің тәуелсіздік алғанына неше жыл?

Осы сұрақтар бойынша 2 команданың бағасын көрсетеді.


1-тур: «Таныстыру»

Әр команда капитаны ұрандарымен , әндерінсаптықжүріспентаныстыру.

Осы тур бойыншаәділқазыларалқасы 2 команданыңбағасынкөрсетсе.


2-тур:

Спорт біздің досымыз,

Күш, қайрат сыналған.

Спорт-біздің досымыз,

Бала кезден шыңдалған- деп келесі турымыз, «кедергілерден өту».Кедергілерден жүгіріп өту,ата-аналар бастайды балалар аяқтайды.

Осы тур бойынша әділ қазылар алқасы 2 команданың бағасын көрсетеді.


3-тур:

Жүгір, жүгір, селмен жарысып,

Жүгір желмен жарысып.

Нұрға сылан.

Болып қыран.

Өс ұлан-деп «жорға аяңдап жүруден жарыс» бастайық.

Осы тур бойынша әділ қазылар алқасы 2 команданың бағасын көрсетеді.


4-тур:

«Күш атасын танымас»-деп келесі турымыз «мен күшті» арқан тартыс ойынын ойнайық. Ендеше бастайық.

Осы тур бойынша әділ қазылар алқасы 2 команданың бағасын көрсетсе.


5-тур:

Жапырақтар жырлар,

Гүлдер сыбырлар.

Күн нұрын күт,

Таза ауа жұт.

Бойыңа құт- деп келесі «Паравоз сайысы» сайысты бастайық.мұнда 2 команданың оң аяқтарынан байлап, кедергілерден өтеді. Ендеше ойынды бастайық.

Осы тур бойынша әділ қазылар алқасы 2 команданың бағасын көрсетсе.


6-тур:

«Менің отбасым» сайысы, әкесі мен анасы таяқшаның екі шетінен ұстап бала алдынан ұстайды, бала сол таяқшадан аттап жүріп отырады.

Осы тур бойынша әділ қазылар алқасы 2 команданың бағасын көрсетеді.


7-тур:

«Сыйқырлы шарлар» сайысы

Әр топтың ата-аналары, арқаларына шарды қойып кедергілерден өтіп жүру керек.

Осы тур бойынша әділ қазылар алқасы 2 команданың бағасын көрсетсе.


8-тур:

«Көз жұмбақ» сайысы

Ата-аналардың көздерін орамалдармен байлаймыз, ал балалары ата-аналарының қолынан ұстап кедергілерден өткізеді.

Осы тур бойынша әділ қазылар алқасы 2 команданың бағасын көрсетсе.

Осымен бүгінгі жарысымыз өз мәресіне де жетті,жарысымыздың жеңінпазын анықтау үшін әділ қазылар алқасы шешкенше Қазақтың ұлттық биі «Қара жорға» биін билейік.

Жарысымыздың жеңімпазын анықтау үшін әділ қазылар алқасына сөз кезегін береміз.

Екі топ:

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік-ел бақыты, ертеңі,

О халайық!

Құтты болсын қуаныш.

Ән: «Көк тудың желбірегені»

Жеңген топтарға сыйлықтар мен грамоталар беріледі.

Келіп тамашалап көргендеріңізге рақметімізді айтамыз.











































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2019
292
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12