жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Әр отбасы - бір әлем
Б.Жұмалиев атындағы орта мектеп
Психологиялық тренинг
«Әр отбасы - бір әлем»
(ата – аналармен психологиялық тренинг)
Дайындаған: Жуманова Нургул
«Әр отбасы - бір әлем»
(ата – аналармен психолгиялық тренинг)
Мақсаты: ата – анаға бала тәрбиесіндегі қарым – қатынастың психологиялық ерекшеліктері (сенімділік білдіруі, қолдауы, үміт артуы) туралы түсініктер беру арқылы ата – аналардың педагогикалық мәдениетін көтеруде ағартушылық жұмыстар жүргізу.
Міндеті: ата – аналардың мектеппен, мұғаліммен тығыз байланысын арттыру, балаларды білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу сапасының жоғарылауына ықпал ету, жаттығулар мен ойындар арқылы ата – аналарға балаларының ішкі жан дүниесіне үңілуге мүмкіндік беру, өз перзентін терең тануға тәрбиелеу;
Формасы: ата – аналар арасындағы тренинг
Тренинг барысы: - Сәлеметсіздер ме? Құрметті ата – аналар! Сіздерді көргеніме сондай қуаныштымын. Бүгінгі өткелі отырған «Әр отбасы - бір әлем» атты тренингке қош келдіңіздер!
Сіздерді ортаға шаттық шеңберіне шақырамын.
1. Шаттық шеңбері:
Дөңгеленіп
тұрайық
Керегені құрайық.
Уықтар
боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп
Киіз
үйді құрайық.
Міне сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің мектебіміздің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді.
2.Есімдер аллитерациясы.
Мақсаты: Ата-аналарды бір-бірімен таныстыру.
Шарты: Әр отбасынан бір адам осы жерде отырған отбасы мүшелерінің есімдерін айтып және де есімдерінің бірінші әрпінен басталатын жағымды қасиетін айту крек.
Әр отбасының сөзінен кейін қалғандары үш рет қол соғып қошеметтеп қояды.
Сіздің есіміңізді, жақсы қасиетіңізді айтып жатқанда қандай сезімде болдыңыз?
Өзіңіз қазіргі кезде қандай көңіл-күйде отырсыз?
3. « Біз біргеміз!» жаттығулар
Мақсаты: Отбасындағы қарым –қатынасты нығайтуға өзара түсінушілікте ата-аналар мен балаларға қолдау көмек көрсету.
«Қолынан танып біл!»
Көздері байлаулы әкелері балаларын тауып алулары керек.
Талдау:
1.Сізге балаңызды табуға не көмектесті?
2.Балаңыздың қолынан ұстағанда не сезіндіңіз?
«Біз бақытты жанұямыз!»
Алдын-ала салынған суреттер арқылы өз балаларыңыздың салған суреттерін тауып алыңыздар.
Талдау:
1. Өз отбасыңыздың суретін қалай таптыңыз?
2. Өз отбасыңызды табу қиын болды ма?
3.Суреттерден отбасыңыздың суретін тапқаннан кейін қандай сезімде болдыңыз?
«Аралда»
Қажетті құралдыр: газет
Қатты теңіз толқуынан кейін кеме суға кетіп, кеменің ішіндегі жолаушылар аралдарға бөлініп топталды. Енді осы аралдарда әрбір отбасы өмір сүріп жатыр. Аралдарды бірте-бірте су басуда, енді әр отбасы осы арлдан өздерін аман алып шығулары керек.
«Үшеуіміздің суретіміз!»
Суретті бір-бірімен ақылдаспай асалады. Баласы суретті бастайды, әкесі жалғастырады және екінші суретті бастап кетеді, анасы ол суретті жалғастырады және келесі суретті бастап кетеді, баласы суретті аяқтау керек.
Талдау:
1. Сіздің бастаған суретіңіз ойыңыздан шықты ма?
2. Алға қойған мақсатқа жету үшін кедергі болды ма?
3.Бір-біріңізді қалай түсіндіңіз?
4.Өзіңіз суретке қанағаттанасыз ба? Жоқ болса неге?
Әр отбасының салған суреттерін талқылауға уақыт беріледі.
Байлаулы бала: (тренинг)
Бір ата-ана ортаға шығады. Төмендегідей сұрақтар қойылады.
Сіз балаңызбен көл жағасына бардыңыз. Балаңыз суға қызыққаны соншалық суға қарай жүгіріп кетті. Сіз қалай тоқтатасыз? (аяғы байланады)
Қарасаңыз балаңыз адамдардың тастап кеткен темекінің тұқылын жинап алып, сонымен ойнап отыр. Сіздің әрекетіңіз? (қолы байланады)
Жұмыстан шаршап келсеңіз бала теледидардан атыс-шабыс, бір сөзбен айтқанда өз деңгейіне келмейтін кино көріп отыр. Сіздің әрекетіңіз? (көзі байланады)
Балаңыз сізге басқа ұлттың қызын ұнатты. Бірақ сіздің қалауыңыз ол емес еді. Сіздің әрекетіңіз? (кеудесі байланады)
Балаңыз досымен келіспей қалды да, жаман сөздермен сыбағасын берді. Сіздің айтар сөзіңіз? (аузы байланады)
Міне, баламыз қандай күйге түсті, құрметті ата-ана. Мұндай күйге түспес үшін баламызға неге болмайтынын, «өйткені» сөзін қолдана отырып түсіндіруіміз керек. Сонда ғана сіз бала тәрбиесінде мақсатыңызға жете аласыз.
5 . Өсиет әңгіме. Жағдайлы бір отбасы баласын ешкімнен кем өсіргісі келмей барлық жағдайын жасайды. Қазіргі заманның озық технологиясымен жасалынған ойыншықтар, компьютер, тіптен қымбат телефонды да алып береді. Бірақ баласы осының бәріне қанағаттанбай, күнде ата-анасының жұмысқа кетпеуін өтінеді. Ата-анасы жұмысқа бармаса болмайтынын, ақша табатынын баласына түсіндіреді. Ал, баласы осы сәтте ата-анасының күніне қанша ақша табатынын сұрап біледі. Бала сол күннен бастап ата-анасының өзіне тастап кетіп жүрген ақшасын жұмсамай жинай бастайды. Жинаған ақшасы ата-анасының бір күндік табысына жеткен күні бала ата-анасына өтініш жасайды.
— Әке, ана! Бүгін жұмысқа бармай бір күндеріңізді маған қиыңыздаршы.
Бір күнгі табыстарыңызды мен төлейін депті. (қалай ойлайсыздар бала неге өтінді?) Міне, ата-ананың аялы алақанының әсері балаға күн сәулесімен бірдей, мұны басқа ешбір нәрсе ауыстыру мүмкін емес.
6. «Сіз қандайсыз?» жобалау тесті. Ата-аналарға таза парақтар үлестіріледі, қаламмен төрт бөлікке бөлу ұсынылады. Әр бөлікке жануардың, бунақденелінің, құстың, жабайы аңның атын жазады. 1-отбасында, 2-жұмыста, 3- баламен қарым-қатынаста, қоршаған ортада ата-ана өзін осылай ұстайтыны айтылады.
7.
Тыныштық сәті:
(баяу музыканың үнімен өткізіледі.)
Терең
демалайық! Құдіретті жарық түсіп тұрғанын
елестетіп көріңіздер. Бұл қайырымдылық,
бақыт, бейбітшілік және қуаныш жарығы.
Қандай тамаша! Қане, сұлулықты тамашалап
көрейік! Бұл таңғажайып жарық жүрегімізге
тыныштық, қайырымдылық, сүйіспеншілік
әкелсін. Ішкі дүниеміз тап - таза, жап -
жарық болып кетті. Міне, керемет!
Жүрегімізде әдемі гүл ашылып келеді.
Қандай әдемі! Түрлі - түсті жапырақтар
құлпырып тұр. Бұл сіздің отбасыңыз. Ал
гүлдің ортасындағы дөңгелек бұл сіздің
балаңыз. Бұл жәй гүл емес, сүйіспеншілік
гүлі.
8. “Суретті тест” психологиялық жаттығу
Психолог: Құрметті әріптестер бүгінгі тренингіміз қалай өтті? Барлығымыз қандай әсер алдық? Қорыта келе тренингтен алған әсерлерімізді осы
“Суретті тест” жаттығуы арқылы білетін боламыз.
Қатысушыларға ақ параққа күннің, бұлттың, жаңбырдың, жасыл шөптер бейнеленген парақ таратылады. Тренингтен алған әсерін,бір-біріне тілектерін сол берілген суреттердің біреуіне жазады.
Талдау:
Күннің суреті-тренингке қатысушының толық қанағаттанғаны, көңілденгені.
Бұлттың суреті- алған әсері төмен.
Жаңбырдың суреті- ешқандай әсер алмаған.
Жасыл шөптер- көңілді, жақсы әсер алғаны.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген