Материалдар / Әр түрлі материалдарды пайдаланып бұйым жасау. Идеяны талқылау және жетілдіру. Эскиз.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әр түрлі материалдарды пайдаланып бұйым жасау. Идеяны талқылау және жетілдіру. Эскиз.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ әзірлемесі технология пәнінің жас мамандарына әдістемелік көмек ретінде қажет.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қаңтар 2019
1483
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспар:

2-бөлім. А. Сәндік- қолданбалы өнер

Абай атындағы орта мектеп Балқаш бастауыш мектебімен КММ. Қаратал ауданы. Алматы облысы

Күні:

Сынып:

Технология пәні мұғалімі: Омар Асхат Төлеухасенұлы

Қатысқандар:

Қатыспағандар:



Сабақ тақырыбы:

Әр түрлі материалдарды пайдаланып бұйым жасау. Идеяны талқылау және жетілдіру. Эскиз.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.5.2. Шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар мен эскиздер орындау.

Сабақ мақсаттары

Таңдап алған материалдарымен жаңа жылдық бетперде дайындау.

Бетперде дайындау барысында әр қилы тәсілдер қолданду.

Өзіңнің жұмысына кері байланыс алу.

Бағалау критерийлері

Жаңа жылдық және басқа түрдегі бетперде үлгілерін білу.

Бетперде түрлерін жасай білу.

Ұжымдық жұмыста басқалармен жақсы қарым-қатынас жасау.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар орындай алады:

Бұйым жасаудағы өзінің және өзгенің шығармашылық идеясын, ойын түсіндіріп береді.

Пәндік тіл және терминология:

Бетперде-маска-mask, эскиз-нобай- sketch

Мен бұны ... материалдан жасалғанын білдім.

Мен ... пайдалы жақтарын білемін.

Бұл бұйым ... ерекшеліктерден тұрады.

Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік ел» идеясының Жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығымен байланыстыра отырып ,еңбек және шығармашылық, ынтымақтастық, өмір бойы білім алуға баулу

Ойлау дағдылары

Білу және түсіну, қолдану, жоғары деңгей дағдылары

Пәнаралық байланыстар

География, тарих, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім


Оқушылар сәндеу және дайындау материалдарын анықтап, бетперденің дизайнын (нобай) жасай біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы























Сабақтың ортасы







































1. Оқушылармен амандасу. Мұғалім жағымды эмоциялық көңіл-күй орнату үшін, «Қуанайық» ойын-жаттығуын ұсынады.

2. «Жылы лебіз» тренингі арқылы топқа бөлу. Оқушыларды қызыл,көк,жасыл түс таңдап үш топқа бөлінеді және бір біріне деген жылы лебіздерін білдіреді.

(Оқушыларға үш түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек)

3. Презентацияда сабақтың тақырыбы, мақсаты көрсетіледі. Бетперделер туралы слайд көрсету. Сабақтың тақырыбы анықталады.

«Шын және жалған» әдісі бойынша алдыңғы білімдерін тексеру. Егер айтылған тұжырым шын (дұрыс) болса, онда оқушылар оң қолдарын, егер жалған (дұрыс емес) болса, онда сол қолдарын көтереді.

ҚБ:«Бас бармақ» әдісі .

1-тапсырма. Топтық жұмыс. «Визуальды айғақтар» әдісі.

Мұғалімнің көрсетілімі. Оқушылар техникалық суреттер мен нобайларды қарай отырып, бетперде ( құрастыру әдісі) жасалу технологиясымен танысады. Жұмыс үдерісіне суреттер мен нобайлардың ерекшеліктерімен нақтылау керек екендігін түсіндіру. Оқушылар суреттер мен нобайларды қарай отырып, бетперде (құрастыру әдісі) жасалу технологиясымен танысады.


Дескрипторлар:

- нобайдың ерекшелігін нақтылайды;

- жасау технологиясын таңдайды; Қалыптастырушы бағалау :

«Рахмет!!!» әдісі

2–тапсырма. Топтық жұмыс. «Ғажайып көрме»

Өздік жұмыс. Оқушылар сәндеу және дайындау материалдарын анықтап, бетперденің дизайнын (эскиз) орындайды.

Жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау керек.

Бетпердені өңдеп, қолжетімді материалдармен әрлеп, көркемдейді. Жұмысты таныстырып бетперделерінің ерекшеліктері мен дайындау материалдарын сипаттай отырып, өздерінің нобайларын таныстырады. Оқушылар топта орындаған жұмыстарының нәтижелерін көрсетеді. Дайын болған нобайларын бағалайды.


Дескрипторлар:

- нобай құрастыра біледі;

- нобайды таныстырып сипаттайды;

- қауіпсіздік ережелерінің орындалуын қадағалайды;

ҚБ:«Бағдаршам» әдісі.












Слайдтар







reamde.org/maski-iz-bumagi-kotorye-mozhno-sdelat-svoimi-rukami

















Бетперде жасау үлгілері

https://www.youtube.com/watch?v=z7BeteKSkGo






Парақшалар



Жаңа жылдық бетперде





Эскиздер



Қағаз, қайшы, желім





Сабақтың соңы



Қорытынды. Рефлексия.

Кері байланыс. «Жеміс ағашы» әдісі.

«Алмаларды» таңдап ағашқа іледі.

Қызыл түсті алма – мен бәрін жақсы орындадым, көңіл- күйім тамаша!

Сары түсті алма – мен көп нәрсені үйрендім, көңіл- күйім жақсы.

Жасыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл- күйім жоқ.

Үйге тапсырма: Жаңа жылға құттықтау открыткаларын дайындау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Оқушылар жұмыстың қиын немесе барынша жеңіл түрлерін қарым-қабілетіне қарай таңдай алады. Берілген ресурс бойынша талдап, сұрақтарға жауап береді.

Өздерінің және басқалардың жұмыстарын талдайды. Сынып бағалауы.

«Басбармақ», «Бағдаршам», «Жеміс ағашы»

Материалдарды қолданып бетперде дайындау барысында қауіпсіздік техникасының сақталуын міндеттеу қажет.


Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға



Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!