«Ар-ұждан және еңбекқорлық – Нағыз азаматтың жолы»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ар-ұждан және еңбекқорлық – Нағыз азаматтың жолы»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ар-ұждан және еңбекқорлық – Нағыз азаматтың жолы» тақырыбындағы сынып сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: ___________


Сынып сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Сынып сағаты


Күні


Сынып жетекші


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы:

«Ар-ұждан және еңбекқорлық Нағыз азаматтың жолы»

Сабақтың мақсаты:

  • Барлық оқушылар: адалдық, еңбекқорлық, табыс ұғымдары туралы түсінік алады.

  • Көпшілігі: адал адам болу үшін қандай қасиеттерді дамыту қажет екенін біледі.

  • Кейбір оқушылар: адал табыс табудың жолдарын және оның қоғамдағы маңызын түсінеді.

Құндылықтарды дарыту

  • Адалдық, жауапкершілік, еңбекқорлық, шыншылдық қасиеттерін дамыту.

  • Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • Адалдық, еңбек, табыс, шыншылдық, жауапкершілік, мақсат.


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы

7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:


Оқушылармен сәлемдесу.

Түгелдеу.



Сабақ барысында оқушыларды белсенді қатысуға ынталандыру, олардың сұрақтарына жауап беруге дайын болу және тәрбие сағатының негізгі мақсаттарына жету үшін әр кезеңде мұғалімнің кері байланысы үздіксіз жүреді.

Тақырыпқа кіріспе: Оқушылармен «адалдық», «еңбек», «табыстың» мәні туралы әңгімелесу. Әр оқушы өз түсінігін ортаға салып, сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды.


Сыныпты топтарға бөлу: Оқушыларды таңбалары бар шоколадтарды таңдату арқылы үш топқа бөлу: «Адал азамат», «Адал еңбек», «Адал табыс».


Сынып сағатының мақсатын түсіндіру: Оқушылар адалдық пен еңбекқорлықтың өмірдегі, қоғамдағы маңызын ұғып, бұл қасиеттерді қалай дамыта алатындарын білетін болады.


Оқушылардың сабаққа деген ынтасы мен қызығушылығын арттыру мақсатында қалыптастырушы бағалаудың «Мадақтау» әдісі арқылы кері байланыс беріледі.


Жарайсың!

Жақсы!

Тамаша!

Өте жақсы!

Арнайы жасалған презентация слайды көрсетіледі.


Миға шабуыл және пікірталас


Сергіту сәтін ширату жаттығулары арқылы өткізеді.



Оқушыларға сұрақтар қою арқылы сабақтың тақырыбына қызығушылықтарын арттыру:

    • «Адалдық деген не?»

    • «Еңбектің адамға қандай пайдасы бар?»

    • «Адал табыс дегенді қалай түсінесіздер?»

Әр топ өз пікірлерін ортаға салады, ал қалған оқушылар талқылауға қатысады. Бұл кезеңде адалдықтың және адал еңбектің мәнін терең түсіну үшін ой бөліседі.


Оқушылардың сабаққа деген ынтасы мен қызығушылығын арттыру мақсатында қалыптастырушы бағалаудың «Мадақтау» әдісі арқылы кері байланыс беріледі.


Жарайсың!

Жақсы!

Тамаша!

Өте жақсы!

Арнайы жасалған презентация слайды көрсетіледі.

Сабақтың ортасы

31 мин.

Топтық жұмыс


Мұғалім оқушыларды 3 топқа бөліп, топтық тапсырма береді.


Топтардың жұмысын қорғау критерийлері:


Әр топ постерін сынып алдында қорғап, өз тақырыптарын түсіндіреді. Қалған оқушылар сұрақтар қойып, топ жұмысын талдайды.









Топтарға берілетін тапсырмалар:


1-топ: «Адал азамат»

Тапсырма: «Адал азамат болу үшін қандай қасиеттер қажет?» деген тақырыпта постер жасау. Постерде адал азаматтың мінез-құлқы, қоғамға әсері туралы пікірлерді көрсету.

Критерийлер:

Адал азаматтың мінез-құлқы қандай болуы керек?

Адал азамат қоғамға қандай пайда әкеледі?

Адал азамат болу үшін адам бойында қандай қасиеттер болуы қажет?


2-топ: «Адал еңбек»

Тапсырма: Адал еңбектің адам өміріндегі рөлі мен маңызы туралы постер жасау. Адал еңбектің жеке тұлғаны дамытудағы рөлі туралы айту.

Критерийлер:

Адал еңбек адамды қалай шыңдайды?

Адал еңбек ету арқылы адам қандай қасиеттерді дамытады?

Қоғамда адал еңбекке баулу маңызды ма? Неліктен?


3-топ: «Адал табыс»

Тапсырма: Адал табыс табудың адамға және қоғамға пайдасы туралы постер дайындау. Табыс табу арқылы адамдардың өмір сүру деңгейін көтеру жолдары туралы ой бөлісу.

Критерийлер:

Адал табыс табу деген не?

Табысты дұрыс пайдалану адамға қандай пайда әкеледі?

Табысты қоғамға пайдалану мүмкіндіктерін атау.

Оқушылардың сабаққа деген ынтасы мен қызығушылығын арттыру мақсатында қалыптастырушы бағалаудың «Мадақтау» әдісі арқылы кері байланыс беріледі.


Жарайсың!

Жақсы!

Тамаша!

Өте жақсы!

Арнайы жасалған презентация слайды көрсетіледі.


Жаңа тақырыпты ашу кезеңі



Ұжымдық жұмыс

Сұрақ-жауап



- Сұрақ-жауап бойынша оқушылардың пікірлері мен ұсыныстарын тыңдау.


3D-слайд көрсетілім: Оқушыларға мектептің 3D-форматтағы презентациясын көрсету. Презентация барысында мектептің құрылу тарихы, еңбекқорлықпен салынғаны, мектептің қоғамға берері жайлы айтып өту.


Мектептің мүмкіндіктерін көрсету: Оқушыларға мектептің оқушылар үшін жасалған мүмкіндіктерін атап, адал еңбектің қоғамға әсерін нақты мысалдармен көрсету.


Талқылау: Оқушыларға адал еңбектің адамға ғана емес, қоғамға да зор пайда әкелетінін талқылауға мүмкіндік беру. Адал еңбектің нәтижесінде мектептің қалай жұмыс істейтінін түсіндіріп, мысалдар арқылы сабақтың негізгі идеясын ашу.

Оқушылардың сабаққа деген ынтасы мен қызығушылығын арттыру мақсатында қалыптастырушы бағалаудың «Мадақтау» әдісі арқылы кері байланыс беріледі.


Жарайсың!

Жақсы!

Тамаша!

Өте жақсы!

Арнайы жасалған презентация слайды көрсетіледі.


Жеке жұмыс және талдау

Жеке жұмыс: Әр оқушыға адалдық, еңбекқорлық және табыс туралы эссе жазуға тапсырма беру. Эсседе олар адал азамат болу үшін қандай әрекеттер жасауы керек екенін, адал еңбек арқылы қандай жетістіктерге жете алатынын сипаттайды.

Талқылау: Жазған эсселерін бір-бірімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салу. Оқушылар бір-бірінің эсселеріне пікір білдіреді, осылайша өзара қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

Оқушылардың сабаққа деген ынтасы мен қызығушылығын арттыру мақсатында қалыптастырушы бағалаудың «Мадақтау» әдісі арқылы кері байланыс беріледі.


Жарайсың!

Жақсы!

Тамаша!

Өте жақсы!

Арнайы жасалған презентация слайды көрсетіледі.

Сабақтың соңы

7 мин.

Рефлексия.

Ой толғаныс:

Қорытындылау: Сабақта айтылған негізгі ұғымдарды талқылау арқылы сабақтың мақсатына жеткендіктерін анықтау. Оқушылардың сабақтан алған әсерлерін талдау.


Рефлексия: Оқушылар төмендегі сұрақтарға жазбаша немесе ауызша жауап береді:

Қорытындылау сұрақтары:


Маған сабақта қандай түсінік жаңалық болды?

Қандай қасиеттерді өзіме дамыту керек деп санаймын?

Еңбекқорлық пен адалдықтың маңызын қалай түсіндім?


Оқушылардың жауаптары арқылы олардың сабақты қаншалықты түсінгенін және қандай құндылықтарды бойларына сіңіргендерін білуге болады.

Оқушылардың сабаққа деген ынтасы мен қызығушылығын арттыру мақсатында қалыптастырушы бағалаудың «Мадақтау» әдісі арқылы кері байланыс беріледі.


Жарайсың!

Жақсы!

Тамаша!

Өте жақсы!

Арнайы жасалған презентация слайды көрсетіледі.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2024
85
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі