Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Ар ұждан үні

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану пәнінен №3 сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді: _______________

«____»_________2020ж_____________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: “Теміртау қаласы №9 мектеп-лицейі” КММ

Күні: _______

: 3

Мұғалімі: Абдрасилова С.Н

Сыныбы: 8

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Ар – ұждан үні

Құндылығы: Ақиқат

Қасиеттері: Ойдың, сөздің және істің бірлігі, шыншылдық, өз – өзіне адал болу.

Мақсаты: Оқушылардың ар – ұждан туралы түсініктерін кеңейте отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларды өз – өзіне адал болуға үйрету

  2. Дамытушылық: Оқушылардың бойындағы шыншылдық қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Ойдың, сөздің және істің бірлігінде өмір сүруге тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.https://kk.wikipedia.org

2. kazbilim-edu.kz

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

    1. Тәртіп.

    2. Талап.

    3. Тыныштық.

    4. Тазалық.

    5. Татулық.

Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену».
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға ба ғыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсы лықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңыз ға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сіздің денеңіз ден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқанда рыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағытта ңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсім діктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішім де... Мен Нұрмын»
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!

* Оқушылар көңіл күйлерің қалай?

Тыныштық сәтінде өздеріңді қалай сезіндіңдер?

2. Үйге тапсырманы тексеру.

1. №2 – сабақ. М.Әуезовтың «Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, көрген үлгі, өнеге білетіндігінен... Көпшілікті адамшылыққа тәрбиелеу үшін жас буынды жақсылап тәрбиелеу қажет» деген ойын басшылыққа алып, ой – толғау жазыңдар.

2. Келесі сабақ. №3, «Менің әкем, халық ұлы - Шәкәрім» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

  1. Адамның көксеген қандай арманы бар еді?

  2. Шәкәрім Абайға берген уәдесін орындау үшін не істеді?

  3. Ең жақсы адам деп қандай адамды айтуға болады?

  4. Адамның рухани баюына қандай қасиеттер себеп болады?

  5. Өздерің Шәкәрім бойындағы қандай қасиеттерді үлгі тұтасыңдар? Неліктен?

https://yandex.kz/video/preview/?filmId=10269955526284279096&url=http%3A%2F%2Fwww.youtube.com%2Fwatch%3Fv%3DtpCued-M_zk&text=%D0%94%D0%B0%D1%80%D0%B0%20%D0%A2%D2%B1%D0%BB%D2%93%D0%B0%20%7C%20%D0%A8%D3%99%D0%BA%D3%99%D1%80%D1%96%D0%BC%20%D2%9A%D2%B1%D0%B4%D0%B0%D0%B9%D0%B1%D0%B5%D1%80%D0%B4%D1%96%D2%B1%D0%BB%D1%8B%20%7C%20ARA%20animation%20studios&path=sharelink

  • Сонымен оқушылар Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармасынан өзімізге қандай тәлім алдық?

  • Өміріндегі қиындықтар мен кедергілерге қарамастан қандай құндылықтарды байқай алдыңдар?


3. Сабақтың дәйексөзі.

(Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

Арлы адам – ардақты, ар – ардақтың анасы.

Бауыржан Момышұлы

Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910 жыл - 10 маусым 1982 жыл) — Кеңес одағының батырыжазушыЕкінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик.

Сұрақтар:

  1. Ұят, ар, намыс сендерге не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

  2. «Ойлы - ұятты», «абыройлы - ұятты» дегенді қалай түсінесіңдер?

  3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

  4. Б Момышұлының дәйексөзінен түйгеніміз, ар-ұжданның адам өміріндегі ең жоғары қадір қасиеті екенін түйдік.


  1. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Бір күні аспанда данышпандар жиналып адамды жасап, оны жер бетіне жібереді. Содан соң, олар адамға жер бетінде мәнді өмір сүру үшін не керек деген сұрақты талқылауға кіріседі. Бір данышпан: «адамға бақыт жіберейік»,- дейді, екіншісі «ақыл жіберейік»,- дейді. Сөйтіп адамның жер бетінде мәнді өмір сүру үшін керек жақсы қасиеттерді жіберіп жатады. Сол кезде бір данышпан ойланып: «АҚИҚАТТЫ жіберейік»,- дейді. Ал екіншісі: «ақиқатты адамға жайдан-жай жібере салмайық, олар оны өздері іздеп тапсын, сонда ғана адам үшін ақиқаттың мәні болады», -дейді.

Данышпандар АҚИҚАТТЫ біресе күннің артына, біресе айдың артына тығуды ұсынады.

Сол кезде бір данышпан: «Біз одан да АҚИҚАТТЫ адамның жүрегіне тығайық, сонда тек Ар-ұждан дауысын ести білген адам ғана өз жүрегіндегі ақиқатты тани алады. » – деген екен. Ақиқат бізге тумысымыздан берілген сый екен.

  • Данышпандар не себепті Ақиқатты бірден бере салмай,оны жүрекке жасырып қоюды ұйғарды?

  • Ар-ұждан дауысын есту дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Сонымен ақиқат дегеніміз не?

Оқушылар әрқайсымыздың ақиқатымыз өз жүрегімізде екенін естен шығармайық! Бақыт, байлық, береке барлығы осы ақиқаттан басталатынын естен шығармайық!


5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар үш топқа бөлінеді.

1 – топ: «Ар»

2 – топ: «Намыс»

3 – топ: «Ұждан»
Тапсырма: «Ойы, сөзі, іс – әрекетінің бірлігімен үлгі болатын адам» туралы мысал келтіріп, айтыңдар.

Жарайсыңдар оқушылар! Топтық тапсырманы орындау мен бірлесе жұмыс жасауда қандай қиыншылықтар кездесті. Кімнің еңбегін ерекше бағалағың келеді? Үлгі болар адамды іздегенде табу оңай болдыма? Өзіңізге қандай ой түйдіңіз?


  1. Топпен ән айту

Бұл ән бұрыңғы әннен өзгерек

Шәкәрім Құдайбердиев

Бұл ән -Бұрынғы әннен өзгерек,

Бұған-Ұйқасты өлең сөз керек

Өзіне орайлы.

Денең-Жан нұрлы болса, жөнделмек,

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.10.2020
486
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12