Қызылорда облысы , Қазалы ауданы , Әйтеке би кенті
Жанқожа батыр атындағы №70 мектеп
Тақырыбы:
Ара шаруашылығынан алынатын өнімдердің адам денсаулығына тигізетін пайдасы
Секциясы: Этномәдениеттану
Аты-жөні: Қалмағамбет Айжан Темірханқызы
Жанқожа батыр атындағы №70 мектептің
9 «В» сынып оқушысы
Жетекшісі: Абишаева Райхан Нагашыбаевна
Жанқожа батыр атындағы №70 мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
2017-2018 оқу жылы
ЖОСПАРЫ:
І. Кіріспе
ІІ. Аралардың түрлері және тіршілігі
ІІІ. Омарта шаруашылығының даму тарихы
ІҮ. Ара шаруашылығынан алынатын өнімдердің адам денсаулығына тигізетін пайдасы
Ү. Қорытынды.
Аннотация
Бізді қоршаған табиғат небір қызықты құпияларға толы. Табиғат аясында тіршілік етіп адам табиғат сырын игеріп үйренеді, оның сан алуан құбылыстарын бағалай біледі. Өсімдіктер мен жануарлар тіршілігі сан алуан. Солардың ішіндегі ерекше жәндік-ара. Аралар адамдармен өте ерте уақыттан бері бірге өмір сүріп келе жатыр. Аралардан алынатын негізгі өнім балдың денсаулыққа пайдасын халқымыз ежелден білген екен.
Зерттеу жұмысынң мақсаты:
-Бал арасының табиғаттағы тіршілігімен танысу;
-Ара балының пайдасын анықтау;
Зерттеу жұмысымның міндеттері:
-Зерттеу жұмысын жүргізуге үйрену;
-Әдебиеттерден керекті материалдарды таба білуге, онымен жұмыс істей алуға үйрену;
-Бал арасының табиғаттағы маңызын, тіршілік ерекшеліктерін анықтау;
-Жиналған мәліметтерді салыстыру, талдау, Сыныптастарыммен бөлісу;
-Сыныптастарымның арасында саулнама жүргізу;
Зерттеу кезеңдері:
-
Дайындық кезеңі: тақырыпты анықтау, мақсатын, гипотеасын айқындау, зерттеу әдіс-тәсілдерін меңгерту;
-
Теориялық кезеңі: зерттеу тақырыбы бойынша әр түрлі ғылыми әдебиеттерді оқу және талдау, қажетті деректерді жинақтау;
-
Қорытынды кезеңі: алынған нәтижелерді пайдаланып, қорытынды мен ұсыныстарды дайындау, ғылыми жоба қорғау;
Зерттеудің әдіс-тәсілдері:
-
Теориялық материалдарды жинақтау;
-
Тақырып бойынша материалдарды іріктеу;
-
Ақпарат көздерінен мәлімет алу:
Кіріспе
Бізді қоршаған табиғат небір қызықты құпияларға толы.Табиғат аясында тіршілік етіп адам табиғат сырын игеріп үйренді, оның сан алуан құбылыстарын бағалай білді. Өсімдіктер мен жануарлар тіршілігі сан алуан. Туған жердің табиғатты маған қатты ұнайды. Мені, әсіресе , бал арасының тіршілігі қызықтырды. Оған себеп болған бірде аңдаусызда мені араның шағып алуы. Сол кезден бастап аралар менің назарымды өздеріне аудартты. Әжемнің де араның уының адамға пайдалы екендігін айтқан әңгімесі де менің қызығушылығымды арттыра түсті.
Таза өнімдердің өндірісіне тікелей қатысатын жер шарындағы жалғыз жәндік – аралар. Сондықтан мен жұмысымның тақырыбын «Ара шаруашылығынан алынатын өнімдердің адам денсаулығына тигізетін пайдасы » деп алдым.
Зерттеу жұмысымның мақсаты:
-
Бал арасының табиғаттағы тіршілігімен танысу;
-
Ара балының пайдасын анықтау;
Зерттеу жұмысымның міндеттері:
-
Зерттеу жұмысын жүргізуге үйрену;
-
Әдебиеттерден керекті материалдарды таба білуге, онымен жұмыс істей алуға үйрену;
-
Бал арасының табиғаттағы маңызын, тіршілік ерекшеліктерін анықтау;
-
Жиналған мәліметтерді салыстыру, талдау, сыныптастарыммен бөлісу;
-
Сыныптыстарымның арасында сауалнама жүргізу;
Зерттеу кезеңдері:
1- Дайындық кезеңі: тақырыпты анықтау, мақсатын, гипотезасын айқындау, зерттеу әдіс-тәсілдерін меңгерту
2- Теориялық кезеңі: зерттеу тақырыбы бойынша әр түрлі ғылыми әдебиеттерді оқу және талдау, қажетті деректерді жинақтау;
3- Қорытынды кезеңі: алынған нәтижелерді пайдаланып, қорытынды мен ұсыныстарды дайындау , ғылыми жоба қорғау:
Зерттеудің әдіс- тәсілдері:
1.Теориялық материалдарды жинақтау;
2.Тақырып бойынша материалдарды іріктеу;
3.Ақпарат көздерінен мәлімет алу;
Зерттеу жұмысы барысында Қазақ Совет Энцеклопедиясы, жергілікті жердегі басылымдар және әжемнен, ата-анамнан естіген ауызша деректер пайдаланылды .
Аралардың түрлері және тіршілігі
«Ара» сөзін естігенде адамдардың көпшілігінде шамамен бірдей ассоциация туындайды. Кейбіреулерде балалық шағында ұқыпты май жағылған ақ нанның үзігі, тәтті әрі дәмді балмен байланысты позитивті ойлар болады. Басқалар балдың миллиондаған пайдалы қасиеттерін және оны суық тию, баспа және ауырған азғаның жағымсыз жағдайларында қолданудың мыңдаған тәсілдерін есіне түсіреді. Үшіншілер үшін ара шағып алады деген қорқыныш тудырады.
Сонымен қоса, бүгінде біздің экожүйемізді бұл жәндіктерсіз елестету қиын. Олар гүлдейтін өсімдіктерді тозаңдандыруда маңызды роль атқарады.Апологиямен айналысатын адамдардың пікіріне қарағанда, аралар туралы ғылым дәл осылай аталады, бүгінде аралардың 20 мың түрі бар екен. Олар біздің ғаламшарымыздың барлық бұрыштарында мекендейді, әрине, Антарктидадан басқа. Аралар шірне және тозаңмен қоректенеді. Аралардың жалпы құрылымы, олардың сыртқы түрі туралы біз биология бойынша мектеп сабақтарынан, сонымен қатар жазғы бақтағы қарапайым бақылаудан білеміз. Сонымен қатар бұл керемет жәндіктер түрлерінің абсолюттік көпшілігі өте аз зерттелген.
Аралар жоғары ұйымдастырылған жәндіктер болып табылады. Мысалы, қоғамдық аралар бір-бірімен хабарласа отырып тамақ, су іздейді, бірге жаудан қорғанады. Олар бірге ұя жасайды, ұрпағын өсіреді. Әрине, жеке өмір сүретін аралар да бар. Олардың ішінде патшайымдары, жұмыс аралары және арамтамақтары да бар. Барлығы адамдарда сияқты ғой, рас па?
Аралар адамдармен өте ерте уақыттан бері бірге өмір сүріп келе жатыр. Әрине, оларға қатыстылардың бәрі аңыздар мен мифтер тудырды. Мысалы, ежелгі Египетте қайтқан адамның жаны ара түрінде бұл дүниеден көшетініне сенімді болған. Грекияда бір уақыттарда Олимп құдайлары ең тәтті шәрбартпен қоректенеді деп сенген, ал жоғарғы құдай Зевсті балмен тамақтандырған.
Аралар туралы қасиетті жазуларда да айтылады: Библияда және Құранда. Мысалы, Библия патшасы Соломон: «Араға бар да, оның қандай еңбекқор екенін, оның қандай құрметті жұмысты атқаратынын біл, оның еңбегін денсаулық үшін патша да, қарпайым адамдар да тұтынады; оның күші аз болса да, даналығымен құрметтеледі, оны бәрі жақсы көреді және ардақтайды», -деген екен».
Құранда тұтас бір сүре араларға арналған: «Сенің Тәңірің араны: «Тауда, ағаштарда және құрылыстарда үй тұрғыз. Ал содан кейін барлық жемістермен қоректен де, өз Тәңіріңнің қолың жететін жолдарымен жүр»,-деп иландырған. Аралардың іш құрылысынан адамдарға сауықтыру әкелетін әр түрлі гүлдердің сусыны шығады. Бұның ойлы адамдарға белгі екені ақиқат».
Араларға мұншалықты баса назар аудару оларды әрбір адам үшін тым таныс етуі тиіс. Бірақ біз бұл керемет жәндіктер туралы білеміз деп сендіре аламыз ба?
Ара- жарғақ қанаттылар отрядының өкілдері. Қазақстанның барлық
облыстарында кездеседі. Араның 20 мың түрі кездеседі. Араның басында үш жай көздері, екі күрделі көзі болады. Үш жұп аяғының тозаң жинайтын себеті болады. Екі жұп жарғақ қанаты бар.
Аралар – ара патшасы, еркек ара, жұмысшы ара болып үш топқа бөлінеді. Ара патшасының денесі ұзын, қанаты қысқа болады. Ол аралардың ішіндегі ең ірісі, жыл маусымына қарай денесінің ұзындығы 20-25 мм, ал салмағы 150-300 мг-ға дейін жетеді. Ара патшасының бірден бір міндеті – жұмысшы араларға бал, гүл тозаңын жинату, ұя салдыру, балапан құрттарды, ара патшасын, еркек араны бағу сондай –ақ, қорғау міндетін атқарады.
Ара патшасы ұяның анасы болып есептеледі, ол 3-5 жыл, кейде 10 жыл өмір сүреді.
Жұмысшы араның дене тұрқы кішілеу, түрі қара, басы үшбұрыштылау келеді. Аузы үлкен бал жинауға қолайлы. Омарталардың негізін қалайтын жұмысшы аралардың денесінің ұзындығы 15-17 мм, салмағы 90 мг болады. Жұмысшы аралар 7-8 ай тіршілік етеді. Ұяда тұратын әрбір ара өз қызметі мен міндеттерін жақсы біледі және оны мүлтіксіз лрындайды. Аралардың ішінде дербес тіршілік ететін түрлері де бар.
Аралар үшін негізгі тамақтану көзі гүл шырыны болып табылады. Аралар өздері жемін тауып, қысқы қорларын әзірлейді. Олар жемді өңдейді, өсімдік шыры нын балға, ал гүл тозаңдарын балтозаңға айналдырады. Араларды қант шәрбатымен (суға араласқан құрғақ қант жүзім тұнбасы қышқылы қосылған) жемдейді.
Бал арасы
отбасы деп аталатын көптеген бастан құралған ұйыммен тағылары ағаш
өзектерінде, ал қолда өсірілетіндері арнайы жасалған бал шелегінде
өмір сүреді. Ұяда бал арасының көбейіп, ұрпақ өсіруіне қолайлы ауа
температурасы мен ылғалдылығы ұсталады. Ұяның толуы ара басының
санына қарай өсетін отбасының күшіне байланысты болады.
Бал арасы отбасының негізгі тұлғасы болып әр отбасындағы жалғыз
аналақ ара табылады. Ол отбасындағы басқа аралардан едәуір үлкен
болып келеді: жұмыс арасының дене ұзындығы 12-14 мм, еркек аранікі
– 15-17 мм болса, аналық аранікі – 20-25 мм болады. Оның үлкейген
қарын бөлігін қанаттары жаппайды. Дене ауқымы кең келетін еркек
аралардың қанттары қарын бөлігін жауып тұрады және олардың көздері
біріне бірі жоғары жақта жақын, тиісе орыналасқан.
Бал арасының ұясының негізін қырлары бірдей болып келетін дұрыс
формалы алты қырлы жұмыс аралары өсірілетін аралық ұялар (соты)
құрайды. Алты қырлы болып келетін еркек аралар өсірілетін ұялардың
көлемі олардан артады. Онда еркек ара дернәсілдері өсіріліп, бал
мен оның перга деп аталатын гүл тозаңымен қосындысы жиналады. Бұл
ұялардың бір-бірімен бірігетін жерлері және де ұялардың бал шелекке
жалғасатын жерлері формасы өзгертілген ұялар арқылы
жалғасады.
Сотылардың жоғары жағында, әдетте, формасы аралық ұялар формасына ұқсас, бірақ олардан тереңірек және де қабырғалары жоғары қарай құрылған бал салынатын ұялар орыналасады. Аналақ араларды шығаруға көлемі олардан анағұрлым аумақты, басы кесілген конус немесе емен жидегі тәріздес, іші бесіктікіндей ұялар салынады. Сотылардың шеттерінде ара отбасынан бөлінуге дайындалған аралардың аналаық арасын шығаратын іші дөңгелектелінген ұялар салынады. Ал отбасының аналақ арасын тез арада ауыстыру не орнын бастыру қажет болған жағдайда 1-, 2-күндік дернәсілі бар аралық ұялар ұлғайтылып, ашық жара ауызы тәріздес ұялар дайындалады.
Жаңадан
жасалған сотылардың түсі ақ, ақ-сары болып келеді. Өсірілген
дернәсілдер қалдықтарынан олардың түсі бірте-бірте қоңырланып,
қарая түседі де салмағы 140-150 грамнан 300-500 грамға дейін
ауырлайды. Бұл қалдықтар ұялардың аумағын 10-12%-ға тарылтып,
қабырғаларын қатайтуыңының салдарынан жылу өткізгіштігін бал
арасының 1-2 ұрпағы шығарылғанда – 60-62%-ға дейін, 4-6 ұрпағы
шығарылғанда – 38-40%-ға дейін, 12-14 ұрпағы шығарылғанда
–20-25%-ға дейін төмендетеді.
Ұрық шашу (засев) кезінде аналық ара кішкене ақ сәл иілген сопақ
жұмыртқаларды ұя қабырғасының бағытымен (тігінен) оның табанына
жабыстырыды. Дернәсіл шығар кезде жұмыртқаның алдыңғы жағы ұя
табанына қарай жантаяды. Жұмыртқалармен қоса ұя табанында
дөңгелектеніп бүктелген дернәсілдер болады. Дами бастаған жұмысшы
ара дернәсілдерінің ұзындығы жұмыртқанікінен асып 1,6-2 мм-ге
жетсе, 2-күндіктерінікі 2,5-3 мм-ге жетіп ұя табанының жартысына
жуығын, ал таға тәрізденген 3-күндіктерінікі 6 мм-ге жетіп ұя
табанының жартысынан астамын иеленеді. 4-күндік дернәсіл денесі
бүкіл ұя табанын жайлайды да 6-күндігінің соңына қарай аралар
ұялардың бетін балауызбен жаба бастайды. Беті ашық ұядағы
дернәсілдерді жабылмаған төл деп атаса, беті жабылған ұядағы
дернәсілдер мен қуыршақтарды жабылған төл деп атайды. Ұяны жапқан
жұқа балауыз қақпақтан көрінетін қуыршақ басының қараюына қарай
оның даму кезеңін болжауға болады. Және де еркек ара төлі жұмысшы
аранікінен бір жағы ірірек болса, екінші жағынан олардың
қабырғалары біршама биіктетілген ұяларының қақпағы дөңес болып
келетіндіктен оларды тіпті бүкір төл деп те
атайды.
Ара –
аналық ара, еркек ара, жұмысшы ара деп үшке бөлінеді. Жұмысшы
араның дене тұрқы кішілеу, өңі қара, басы, кеудесі және жонында
сұрғылт сары нүктелері болады. Басы үш бұрыштылау келеді. Басында
үш жай, екі күрделі көзі болады. Аузы үлкен, бал жинауға қолайлы,
кеуде жағы үш буынды, орта буыны үлкен келеді. Екі жұп жарғақ
қанаты бар. Үш жұп аяғының тозаң жинайтын себеті болады. Қарын жағы
дөңгеленген конус тәрізді, сауыр жағында қара сары түсті 1-4-ке
дейін келген қара белдеулер бар. Құйрығында үшкілдеу безі және
шанышқы инесі болады. Бауыр жағында төрт түп балауыз пластинкасының
ішіндегі балауыз безі балауыз бөліп шығарады. Аналық араның денесі
ұзын, қанаты қысқа, көбею органы ерекше жетілген. Еркек ара жұмысшы
сәл үлкен, құйрық жағы жұмыр болады. У безі және шанышқы инесі
болмайды. Ара патшасы мен еркек араның ауыз қуысы кішкене келеді.
Аяғында гүл тозаңдарын жинайтын тозаң себеті, сондай – ақ балауыз
шығаратын балауыз безі болады.
Ара топтасып тіршілік етеді. Ара үйірі бір ғана ара патшасы
мен бірнеше жүздеген еркек арадан және он мыңдаған жұмысшы
аралардан құралады. Ара патшасының бірден бір міндеті – жұмысшы
араларға гүл тозаңын және бал жинату, балауыз шығарту, ұя салдыру,
балапан құрттарды, ара патшасын, еркек араны бағу, ұяны тазалау
сондай – ақ, қорғау міндетін атқарады.
Еркек араның бірден – бір міндеті – ара патшасымен шағылысу. Араның
бөліп шығаратын балауызы, улы сұйықтығы, балы дәрілікке
жасалады.
Жинау мен өңдеу – жаз және күз айларында омарта ішіне жиналған
балды алу әдістері бойынша сауып алады. Дәрілікке жасалатын балды
отқа жылытып, сұйылған сүзгіден өткізіп әзірлейді. Бал ақ және
сарғылт түсті болады. Жаз, күз мезгілдері тұнық өсімдік майы тектес
сұйықтау болып, қыс мезгілінде қоюланып, шекер өңдес іріткі
кристаллға айналады. Балы – тәтті, дәмді, усыз болады.
Негізінен, ара балы бір шырынды және көп шырынды болып
бөлінеді.
Бір шырынды бал – тек өсімдіктердің бір түрінен ғана жиналған
шырын. Оны өсімдіктердің түріне қарай – қара-құмық балы, жөке
ағашының балы деп, неше түрлі атайды. Көп шырынды бал –
өсімдіктердің бірнеше түрінен жиналған шырын. Оны табиғи бал
беретін өңірлерге байланысты дала балы, тау балы, бақ балы деп
ерекшелейді.
Омарта шаруашылығының даму тарихы
Балды, бал араларын халқымыз ежелден білген екен. Ресми түрде елімізде бал араларын ұстау 1786 жылдан басталады. Омарташылық Жетісу өлкесінде тарапты. 90-жылдарға дейін Қазақстанда 400 мыңға жуық ара омартасы болыпты. Еліміз жыл сайын Жапонияға, Онтүстік Кореяға, тағы басқа елдерге сапалы бал жіберіп отырған екен.
Қазіргі кезде балдың 80% Шығыс Қазақстанда өндіріледі. Археологтар Алтай мен Сібір өңірлерінде және Енесей жағалауында табылған тарихи ескерткіштерді зерттеу барысында тастар бетінде бал арасы бейнеленгендігін айқындаған. Осыған тәріздес тарихи ескерткіштер Алтайдағы Телец өзенінің маңайында табылды. Алтай тұрғындарының тілдерінде бүгінгі күнге дейін бал арасы өмірімен байланысты кейбір сөздер қолданылады.
Осы және басқа да фактілер көне заманнан бері Қазақстандық Алтай аумағында бал арасы мекендеуінің белгісі деп санайды зерттеушілер. Бірақ, Алтай аумағында омарта кәсібінің ауыл шаруашылық саласының бір бөлігі ретіндегі даму кезеңі Қазақстан аумағына бал араларды басқа жерлерден алып келгеннен кейін басталды. Тарихи деректерден байқасақ Өскемен қамалының коменданты Николай Федорович Аршеневский бал арасын Киевтен алып келуге тапсырыс берген. Бұл оқиға шамамен 1786 жылы орын алған.
Осыдан кейін біраз уақыт өткеннен кейін Өскемен балы халық арасында атаққа ие бола бастады. Омарта кәсібімен айналысатын адамдар саны көбейе бастады. Оңтүстік-Батыс Алтайда бастау алған қазақстандық омарташылық кейіннен Сібірге, Жетісуға және Орта Азия аумақтарына тарады. XIX ғасырдың басында Алтай аумағында 86 мың ара ұяшығы болса, 1870 жылы оның саны 400 мыңға дейін өсті. Аз уақыт ішінде омарта кәсібі халыққа танылып, ауыл шаруышылығының айнымас бір бөлігіне айналды. 1812 жылы алғаш рет жәрмеңкеге шығарылған Қазақстан Алтай балы, дәмі мен сапасы жағынан тұтынушылардың көңілінен шықты. Алтай омарталарының танымалдығы өсіп, мыңдаған тонна бал мен балауызды Бұқтырма, Ульба, Оба және Ертіс арқылы Сібірге жеткізіп, ол жерден Ресейдің батысына қарай жеткізу қажеттілігі туындап жатты. Айта кетсек, 1834 жылы Бұқтырма маңайындағы омарта шаруашылықтарынан жәрмеңкелерге 12 мың пұт жоғары сапалы бал жеткізілді.
1802 жылы Енесей губерниясының Ащы уезінде, 1806 жылы Тобыл, ал 1823 жылы Красноярск маңайында омарта шаруашылықтары ашылды. XIX ғасырдың жартысында омарташылық Батыс Сібір жерінде кеңінен таралды. Уақыт өте келе омарта шығысқа қарай тарады. 1859 жылы аралар Байкалға, ол жерден 1869 жылы Амур өзенінің аумағына және 1890 жылдары Оңтүстік Уссурияға жеткізілді. 1848-1850 жылдары арасында ара кәсібі Өскеменнен еліміздің оңтүстік өңірлеріне қарай бет бұрды. Қапалға жеткізілген аралар, 1856 жылға қарай Алматы аумағына тарады. Жетісудан омарта кәсібі Орта Азияға тарап, 1872 жылы Ташкентте, ал 1894 жылы Бұқарада омарта шаруашылықтары ашылды.
Өскемен қаласы алтайлық, қазақстандық және сібірлік омарташылықтың ғана отаны болмай, Б. Герасимов, П. А. Ермаков, Е. Н. Зандрок, Т. Д. Копырин, Е. П. Михаэлис, Д. Г. Панкратьев, А. И. Федоров, А. С. Хахлов, И. Шавров сияқты омарта ісінің зиялылары енгізген кәсектік омарташылықтың отаны болып саналады.
Галиции жүйесіндегі кәсектік ұяшықтары бар алғашқы омарта шаруашылығы 1860 жылы Өскемен маңайында орналастырылды. Кейін кәсектік ұяшықтар Сібірге тарап, 1866 жылы Кузнецк қаласының жанында Губердің кәсектік ұяшықтарымен жабдықтандырылған омарта шаруашылығы ашылды. Сол кезден бастап осы жүйені Бии және Барнауыл округтерінің омарташылары қолдана бастады. Тоқсаныншы жылдардың орта шенінен бастап кәсектік ұяшықтар Омбыға, Көкшетауға, Павлодарға, Петропавловскқа және Солтүстік Қазақстанның басқа да өңірлеріне тарай бастаған.

Ерте заманнан бері халық игілігі үшін қызмет етіп келе жатқан бал – табиғаттың қайталанбас сыйы. Ол ерте кезден-ақ көптеген ауруларға қарсы ем ретінде пайдаланылып келген. Белгілі философ, ғұлама дәрігер Ибн-Сина (Авицина): «Егер жастығыңды сақтағың келсе, онда міндетті түрде бал же» деген екен кезінде.. Сөйтіп, бал бұрынғы заманда-ақ өзінің емдік бағасын алған.
Ара балының құрамында шырын жинаған өсімдіктердің түріне, ол өскен топыраққа, сол жердің ауа райының жағдайына және балдың түрлеріне тығыз байланысты.
Ара балының құрамында адам ағзасына пайдалы 60 түрлі зат бар, мысалы, глюкоза, минералдық тұздар, ферменттер, дәрумендер, антибиотикті және басқа да заттар бар.
Ара балының қуаты жоғары. Оның 1 килограммы 3 150 ккал қуат береді. Ара балы адам ағзасын дәрумендермен, белокпен, ферменттермен тағы да басқа тіршілікке қажетті заттармен байытып, қамтамасыз етеді. Балды құрғақ, жақсы желдетілген бөлмеде 5 градустан 10 градусқа дейінгі температурада сақтайды.
Балдың емдік қасиетін анықтау мақсатында жергілікті дәрігермен әңгіме жүргіздім. Мынадай мағлұматтар алдым:
Бал бала ағзасын түрлі ауруларға қарсы күресуін арттырады, қан құрамындағы гемоглабин процессін арттырады. Бірақ бал балалар мен ересек адамдарда әртүрлі аллергияның себебі болуы мүмкін.
-
Бронхитпен ауырғанда, жөтелде, дауыс қарлыққанда 2 стакан тұрып шырыны мен 1 стакан бал араластырып, 1-2 қасықтан сағат сайын қабылдаған жөн;
-
Үккіштен өткізілген сәбізге бол қосып, банкіге салып біраз уақыт қойса, әбден еріп, сәбіздің шырынына қосылып, тосап сияқты өте тәтті тағам болады.
-
Ыстық, суықтан тіс қақсағанда өңделген ара ұясын, суға бұқтырып, сумен ауызды шайқайды
Отқа, қайнаған суға күйген жеңіл күйікке, жараның бетін физиологиялық тұзды сумен тазалап шайып, артынан жараға бал жағады
Балдың сапасын
анықтау үшін стаканға 30—35 г бал салыңыз да,
бетін жауып қойыңыз. Күннің жарығына қаратып оның
түсін анықтаңыз. Балдың ашық түсті, қоңырқай және
қою қоңыр түсті түрлері болады.
Бірақ уақыттан
кейін стаканның бетін ашып, пластмасса шпательмен
немесе қасықпен балды араластырыңыз. Асықпай
иіскеңіз. Бал салынған стаканды ыстық су
құйылған ыдысқа 10 минутқа салып барып, оның
иісін анықтаған жеңіл болалы. Алдымен ең
қатты шығып тұрған хош иісті анықтаңыз.
Соған үйренгеннен кейін, басқа «әлсіз» иістерді
де тани бастайсыз. Балдың бағалы сұрыптарының иісі
жұмсақ, хош иісті болады. Сапасыз балдың иісі
әлсіз және балға тән емес болады.
Енді қасықпен аз
ғана бал алыңыз да, 30оС дейін қыздырыңыз,
сосын дәмін көріңіз. Барлық дерлік балдың дәмі
өте тәтті болады, тек талшын ағашының, ақ талдың
гүлдерінен жиналған балдың дәмі ащылау болса,
аршагүлдің балының дәмі сәл ауызды
қуырады.
Сапасыз
балдың дәмі қышқылдау болуы мүмкін, ол өнімнің ашып
кетуіне байланысты болуы
мүмкін.
Балдың сапасын
анықтаудың ең маңызды белгісі - оның тұтқырлығы
болып табылады. Тұтқырлықты анықтау үшін ас қасық
балды 20оС қыздырыңыз (одан төмен емес), сөйтіңіз
де, дереуі қасықты бірнеше рет айналдырыңыз.
Маңызы зор бал тамшылап ақпайды, ол
қасыққа орала түседі. Дегенмен, акация мен
жоңышқа балы сұйықтау екенін естен шығармау
керек.
Балдың құрамы мен
қуатына келер болсақ, ара балының химиялық құрамы шырын жинаған
өсімдіктердің түріне, ол өскен топыраққа, сол жердің ауа-райының
жағдайына және балдың түрлеріне тығыз
байланысты.
Гүл балының құрамында 12-13 пайыз су,
0,4 пайыз белок, 0,3 пайыз күл, көмір сутегі, глюкоза, жүзім қанты,
сахороза, мальтоза, т.б. бар. Және де В3, В5, А, С, Н, Е, К
дәрумендері, минералды тұздар, ферменттер, сондай-ақ, химиялық
элементтер (калий, кальций, фосфор, хлор, күкірт, натрий, темір,
марганец, мыс, т.б.) кездеседі. Бұлардан басқа алма, жүзім,
қымыздық тәрізді қышқылдар да болады Ара балының сапасын,
негізінен, хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, ылғалдығы, қоректік,
жабысқақтық қасиет-тері арқылы анықтайды. Ара балының қуаты жоғары.
Оның 1 келісі 3150 ккал қуат береді. Ара балы адам ағзасын
дәрумендермен, белокпен, ферменттермен тағы да басқа тіршілікке
қажетті заттармен байытып, қамтамасыз етеді. Балды құрғақ, жақсы
желдетілген бөлмеде 5 градустан 10 градусқа дейінгі температурада
сақтайды.
Жазда жәндік шаққаннан
бәріміздің де мазамыз кетеді. Алайда, араның шаққандағы уы – ем.
Мұны ғылым тілінде «апитерапия» деп атайды. Латын тілінен
аударғанда «apis» – «ара» деген екен. Ара – емдік фаунада
көшбасшылардың бірі. Ол – уымен емдейтін жәндік. Ара уының
таңғажайыбы – физиологиялық процестердің мықты катализатор болуы.
Бір тамшы уының құрамында ақуыз, тиісті 20 амин қышқылының 18-і,
бейорганикалық қышқылдар, Менделев кестесінің түгелге жуығы және
көптеген дәрумендер бар. Ал оның қаншама шақырым жерді жүріп өтіп,
сан алуан гүлдерден теретін балы көп ауруға шипа екені
белгілі. Көптеген таза өнімдердің өндірісіне тікелей
қатысатын жер шарындағы жалғыз жәндік – осы ара. Олар жиналған
әртүрлі өнімдерді зиянды заттардан тазартады. Араларды жергілікті
жердің экологиялық жағдайын жақсартуға да қолданады. Топырақтың
құнарлылығын қалпына келтіре алатын да қасиетке ие. Қалай дейсіз
ғой. Аралар барлық өсімдіктерді аралап жүріп, олардың тозаңдану
процесін жақсартады. Аралар ұшқан жерде шөп бітік әрі тығыз шығады.
Әртүрлі дала өсімдіктерінің арасы тығыз болса, түбіне күзге қарай
шірінді қабат жиналады. Ол көктемге дейін топырақ құрамына сіңіп,
құнарлылығын арттырады. Мұндай жерде шөптің, бау-бақшаның, егіннің
де бітік шығатынын көріп жүрміз.
Балдың
мынадай түрлері болады:
Түйебұршақ
(донник) балы бірінші сортты балға жатады. Ақ немесе ашық – янтарь
түсті болып келетін хош иісі бар балдың бұл түрі глюкоза-ға бай.
Түйебұршақ балы ішек ауруларына
пайдалы.
Шайқурай (кипрей) балы мөлдір жасыл
сары түсті сұйық бал. Балдың бұл түрін әлсіздікке, жараны қайтаруға
пайдаланылады.
Жөке (липа) балы жақсы сортқа жатады.
Сары жасыл түсті балдың бактерияға қар-сы қасиеті бар. Жөке балының
тамақ ауруларына пайдасы мол. Сондай-ақ, тыныштандыратын, ұйқыны
жақсартатын қасиеті бар.
Шабындық (луговой) балы бірінші сортты
балға жатады. Сары қоңыр немесе алтын түсті балды шабындықта-ғы
түрлі гүлдерден алады. Бұл бал арқылы тыныс алу, жүйке, жүрек және
ас қорыту жүйесін емдеуге болады.
Таңқурай (малина)
балы ақ түсті болады. Жоғары сорт-қа жататын балдың бұл түрі суық
тигенде тұмаудың алдын алу үшін
пайдаланылады.
Қарақұмық (гречишный) балы қою қызыл
немесе қоңыр түсті болады. Жоғары сортқа жататын бұл балдың ерекше
иісі бар. Қарақұмық балы темірге, магний, мысқа бай бол-ғандықтан,
түрлі қан ауруларын емдеуге пайдаланылады. Жүйке жүйесіне де
қарақұмық балы бірден-бір ем. Сондай-ақ, тері ауруларын да балдың
осы түрімен емдеуге болады.
Ара бір ғана рет шағады екен. Өйткені оның құйрығындағы шаншары адамның денесінде қалып қояды да, шаншарынан айырылған ара көп кешікпей өледі екен.
Адамдарды өздерін ара уымен әр түрлі аурулардан емдеуді қолға алу тарихы бізді есте жоқ ескі замандарға жетелеп алып барады. Мәселен, Мысырда, Индияда, Қытайда, Грекияда апитерапия (ара уымен емделуді медицинада осылай атайды, араның уын «апитоксин» дейді) ежелгі дәуірлерде белгілі болған. Бізге әдебиеттерден мәлім, Ұлы Карл мен Иван Грозный өздерін араға талатып, подагра деген аурудан айыққан. Халықтық медицинада ара уымен емделу барынша қарапайым тәсілдермен жасалған. Ал, омарташылар арасында ревматизммен және подаграмен ауыратындар мүлдем дерлік кездеспейді екен.
Бал арасы уымен емделудің бірінші насихаттайтындар да осы омарташылар болған. Ресейде XIX ғасырдан бастап ара уымен емделу ісі дәрігерлердің назарын аударған. 1864 жылы Петербургтегі орман академиясының профессоры М.И. Любарский ревматизм, подагра, бастың сақинасы секілді көптеген сырқаттарды жазудағы ара уының рөлі туралы мақала жазған. 1988 жылы австриялық дәрігер Филипп Терч арамен шақтырғаннан кейін неврология, ревматизм сынды бірқатар кеселдерді жазып шығудағы оң нәтижелерді жариялады. Ал ара уының химиялық және фармакологиялық жағынан алғаш рет зерттеуді Прага университетінің профессоры Лапгер 1897 жылы қолға алды. Ол 1915 жылы бірінші рет ара уының перепаратын жасап шығарды. Ресейді бұл бастаманы дәрігер Л.В. Любарский жалғастырса, кеңес заманында М.Б. Кроль одан әрі дамытты.
Бірақ, араның уы емдік мақсатта талай ғасырдан бері қолданып келе жатқанына қарамастан, ғылыми медицинада ол әлі күнге дейін өзінің лайықты орнын алып отырған жоқ. Белгілі бір жағдайда бұл араға шақтырудың адамға ауырлау тиетінімен де байланысты. Оның үстіне араның уын жұрттың бәрі бірдей көтере бермеуі де мүмкін. Тіпті ірі аналық аралар шақса, оның уы адамды өлтіріп жіберетін де жағдайлары ұшырасады. Бәлкім, осының бәрі жұртты сақтандырса керек.
Басқа азықтық өнімдермен салыстырғанда балдың артықшылығы ерекше зор. Ол сүйкімді дәмдік қасиетін былай қойғанда, құнды дәрілік зат болып табылады. Бір сөзбен айтқанда, ара балы – табиғаттың ғажайып сыйы.Бүгінгі таңдағы ғылыми зерттеулер дәрігерлер мен философтардың ара балын ұзақ өмір сүру диетасы деп есептеп,сонша жоғары бағалауының негізсіз емес екенін дәлелденген.
Зертханалық зерттеулер, сараптамалық деректер және клиникалық байқаулар негізінде балдың құрамы өте күрделі екені анықталады. Оның құрамында глюкоза, левулеза, витаминдер, ферменттер, органикалық қышқылдар, микроэлементтер, минералдық, гормондық, антибактериялық заттар мен басқа да адам ағзасына қажетті жүзден астам құнды компоненттер бар.
Бал арасы – табиғи дәрі-дәрмектердің қайнар көзі. Одан алынатын бал ара уы, перга, аналық сүтше, балауыз және ара желімі сияқты өнімдер қазіргі медицинада кеңінен қолданылады.Бал өте қоректі, ағзаға жақсы сіңетін шипалы өнім. Оның құрамында көптеген минералдық тұздар, органикалық қышқылдар, витаминдер, химиялық заттардың алмасуын күшейтетін ферменттер мен ақуыз бар.
Бұдан жүздеген жылдар бұрын-ақ адам баласы балдың шипалық қасиетін білген.Қазіргі бал асқазан, бауыр,бүйрек, жүрек өкпе және жүйке ауруларына, сондай-ақсуық тигенде,басқа да толып жатқан дертке қолданады. Қант диабетімен ауыратын адамдар мен семіз адамдарға ғана бал жеуге болмайды. Алыну және өңдеу тәсіліне қарай бал балауыздық және ағызылатын бал болып екіге бөлінеді.
Ұяларға құйылып,ауыздары балауыз қақпақтармен жабылған бал балауыздықбал деп аталады. Балдың кейбір сұрыптарының түсі, хош иісі мен дәмі арқылы ажыратуға болады. Оның түрлі сұрыптары бір-бірінен тек түсі арқылы емес, басқа да көптеген ерекшеліктерімен ажыратылады. Мөлдір бал жоғары сапалы бал қатарына жатады.
Соныменғ ара шаруашылығынан алынатын өнімдер мен олардың адам денсаулығына тигізер пайдасына тағы да бір тоқталып өтейін:
Бал. Алайда, қоңыр балдың құрамында минералдық тұзар, темір,мыс, марганец көп болады.Сондықтан ағза үшін мөлдір балдан гөрі қоңыр бал құнды. Оның кейбір сұрыптары нәзік,жағымды иісті болады.
Ара балауызы. Балауыз дегеніміз – араның балауыз өндіретін безінен шығатын өнім. Ара балауызы – қатты, тез жұмсаратын өте жақсы зат. Оның халық шаруашылығындағы маңызы өте зор және өнеркәсіпте кеңінен қолданылады.
Балауыз су мен және басқа сұйықтармен бірікпейді. Суға және глицеринге ерімейді, спиртке салғанда да өте нашар ериді. Өндірістік әдістер бойынша балауыздың омарталық, престелген, экстрактілік және ағартылған сияқты сұрыптары бар.
Омарталық балауыз ең жоғарғы сұрыпты,сапалы. Престелген балауыз балауыз өңдейтін зауыттарда жасалады.
Экстрактілік балауыз – балауыздардың ішіндегі нашарлауы. Ол экстрактілікзауыттарда балауыз шығаратын зауыттың қалдықтарынан өндіріледі.
Ағартылған балауыз күнге қыздырып ағарту жолымен немесе химиялық жолмен өңдеу арқылы алынады.Балауыз медицинада да үлкен орын алады. Пластырлер, майлар және кремдер тек қана ара балауыздарынан дайындалады. Балауыз косметикада да кеңінен қолданылады.Ол сіңімді, тұтқыр, тазартқыш, ағартқыш кремдердің, бетті сылайтын майдың, көптеген косметикалық дәрі-дәрмектің құрамына кіреді.
Прополис ара әулеті үшін үлкен рөл атқарады. Аралар прополиспен тесіктен ұяға кіретін жолды тарылтады. Сондай-ақ, ұяның жарықтарын бітейді. Ұялардың қиюларынарамалардың иіндерін бекітеді. Бал мен гүл тозаңына қойма болатын жәнедернәсілдерге тербетпелі орын үшін балауыз ұяшықтарын өңдейді.Прополисомартаның мыңдаған тұрғын аралардың жағымсыз иіс-қоқыстан, бактериялы өсімдіктерден қорғап, балдың іріп-шіруіне бөгет жасайды.
Прополис – өте күрделі зат, оның құрамында эфир майы, витаминдер, темір, марганец, калий, алюминий, кремний бар. Прополисті туберкулезбен ауырғанда бірден-бір ем ретінде қолданады. Прополис техникада да қолданылып келеді. Мұнан арнаулы лак жасайды. Халық медицинасында көпке дейін жазылмайтын жара мен сүйелді емдеу үшін дәрі ретінде қолданылады. Прополис майымен некробацулезбен ауырған малды емдейді.
Араның уы.Халық медицинасында ерекше ғажайыбы – араның уы апитаксин. Көптеген дәрігерлер араның уын шипалы деп санайды. Араның уы – улы безден бөлінетін түссіз, мөлдір ерітінді. Бір араның у сақтағыш бездерінде орта есеппен 0,2-0,4 мг у болады. Араның уы бал иісіндей хош иісті, бірақ ащы келеді. Ара уының маңызды қасиеті, оның құрамында биологиялық активті айырықша ақуыз болады.
Фармацевтика өндірісінде ара уынан венапиомин, токсапин, апизартран және верапин сияқты препараттар шығарады. Бұл дәрі-дәрмек құңды, ревматизмді, жүйке жүйесін, демікпені, бронхитті, бас сақинасын (мигрень), қан тасуды және басқа ауруларды емдеуге қолданылады. Кейде араны денеге қойып шақтырады, кейде ара уынан жасалған дәрімай түрінде жағылады немесе сұйық ерітінде түрінде егіледі.
Қазіргі кезде Қазақстанда 300 мыңнан аса ара әулеті бар. Оның жүз мыңға жуығына ара өсіруші әуесқойлар мен тәжірибелер омарташылар ұстайды. Омарта шаруашылығы, әсіресе Шығыс Қазақстанда дамыған. Мұнда ара өсіретін арнаулы төртшаруашылық бар. Республика бойынша әр ұядан орта есеппен жыл сайын 40-50 кг-нан бал жиналады. Сондай-ақ, Алматы және басқа облыстардың шаруашылықтары мен жеке әуесқойлары да араны көптеп өсіруде.
Өз сыныбымдағы оқушылар балдың емдік қасиеті туралы біле ме, екен деген оймен сауалнама жүргіздім. Сауалнаманың сұрақтары төмендегідей болды.
Сауалнама
-
Балдың емдік қасиеті туралы білесің бе?
Білемін- 4 бала
Білмеймін – 17 бала
-
Сырқаттанған кезде балмен немесе басқа өнімдерімен емделіп көрдің бе?
Иә, емделіп көрдім –3 бала
Жоқ, балды пайдаланған жоқпын – 18 бала
-
Балды қолданған кезінде аллергияның белгілері бола ма?
Иә, болды – 0 бала
Болған жоқ – 21 бала
-
Балдың емдік қасиеті туралы кімнен естіп таныстың?
Өз жауабынның тұсына «+» белгісін қой
А) ата-анамнан
Ә) мектепте мұғалімнен
Б) достарымнан
С) кітаптардан, интернеттен оқып білдім
«а» жауабын белгілегендер – 10 бала
«ә» жауабын белгілегендер – 7 бала
«б» жауабын белгілегендер – 1 бала
«с» жауабын белгілегендер – 2 бала
Сауалнаманың қорытындысы
Сауалнамаға 21 бала қатысты. Балалардың көпшілігі балдың емдік қасиеті бар екенін білмеді. Сырқаттанған кезде ем ретінде балды пайдаланбаған.
Қорытынды
Грецияның ұлы математигі Пифагор: «Менің көп жасауымның себебі – «үзбей бал жеуімнен», – деп айтқандай, егер балалар да, ересек адамдар да үзбей бал жеп отырса, онда біздің халқымыздың денсаулығы мықты болады.
Біздің елде, сондай-ақ шетелдегі көптеген зерттеулер мен тәжірибе бал мен балауыз өндіруден алынатын таза кіріс тозаңдандырудан алынатын кіріске қарағанда анағұрлым аз екендігін көрсетеді. Мәселен, АҚШ-нда бал мен балауыз өндіруден алынатын жыл сайынғы кіріс 100 миллион долларды құраса, ауал-шаруашылығы мәдениетінің егінділігінің аралардың тозаңдандыруы есебінен өсуінен түскен кіріс 1 миллиард долларды құраған. Италияда бұл арақатынас төмендегідей: 2 миллиард және 100 миллиард лир. Біздің елде бал өндіруші араларды тозаңдандырудан түсетін кіріс 3 миллиард рубльді құрайды.
Ежелгінің танымал дәрігері Авиценна (980-1037 жж.) «Канонда» халыққа: «денсаулықты сақтап қалғың келсе, ұзақ ғұмыр сүргің келсе, жастық шақты сақтағың келсе міндетті түрде бал же» деген өсиет қалдырған. Мұсылманның қасиетті кітабы – Құранда былай делінген: ара балы емдік қасиеттерге ие. Мұхаммед Пайғамбар үш түрлі әдіспен емделуге болады деген. Ол балмен, кертулермен және күйдірулермен.
Бал балаларға да пайдалы. Ол дамуды, қан құрамын жақсартады, денсаулықты сақтайды. Ол жүйке жүйесіне тынықтандырушы әсер етіп, өзінің гигроскопиялығына байланысты түнгі демалыс кезінде бүйрекке түсетін күшті- азайтып, ылғалдықты ұстап тұрады. Дені сау адамға күніне жүз грамм балдан артық бал жеудің, сондай-ақ оны күнделікті қабылдаудың қажеті жоқ. Себебі ағза бір өнімге үйреніп алады да, адамның тәбеті түсе бастайды, асқазан сөлінің белсенділігі төмендеп, ас қорыту нашарлайды.
Қанға оңай сіңетін глюкоза гликогеннің бауырда жиналуына әсер етеді, ал ол болса ағзалар мен клеткаларда зат айналымына жәрдемдесе отырып, осы қан арқылы қайта шығады. Осылай, бауырда ағзаға оңай сіңірілетін пайдалы қант қоймасы пайда болады. Сонымен бірге бауырдың қан құрамына келіп түсетін заттарды сүзу мүмкіндігі жақсарады. Бауыр ауруларында балды пайдаланудың себебі осы.
Осы зерттеу жұмысымды жүргізу барысында ара өте еңбекқор және ақылды жәндік екеніне , ал ара шығаратын таза өнім, бал, адам денсаулығына қажетті құндылық екеніне көз жеткіздім. Бұл тағамның шипалы қасиеті мол екеніне отбасым да, сыныптастарым да келісті.
Әдебиеттер
-
«Қазақстан» ұлттық энциклопедия. І- том
-
«Балбұлақ» // №8 – 2011 жыл
-
«Дүниетану сабақтарын экологиялық бағыттау» Семей, 2009 жыл
-
«Балдың формуласын білесің бе?» Л. Тастанбекова, Алматы, 2008 жыл
-
Омарқожаұлы Н., Әкімбеков Б.Мал шаруашылығы. – Астана: «Фолиант» баспасы,2010.
-
Корж В.Н.Основы пчеловодства. – М.: Феникс, 2010.
-
Бондарев С., Ромашкин П.Азбука пчеловода. – М., 2009.
-
Билаш Н. Г., Лебедев В.И.Биология медоносной пчелы. – М., 1991.
-
Интернет желісі және ауызша деректер
Ұсыныс:
Аралардың тіршілігін сақтау үшін:
1. Араға қолайлы ұялар жасау
2. Ара ұяларын таза ұстап,санитарлық жұмыстар жүргізу
3. Ара ұяларының төңірегіне жоңышқа өсімдігін себу
4. Ара өсіру арқылы тынбай еңбек атқару
5. Ара өсіру арқылы отбасылық бизнесті дамыту
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз