Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Аралас құжат құру

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатика пәні мұғалімдеріне қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: №27 жом

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Сабақ тақырыбы:

§20. Аралас құжат құру.

Күні:08.02.2019

Мұғалімнің есімі: Кембабаева М

Сынып 3 «б»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

3.2.1.3 – құжаттағы ерекшеленген мәтінді қиып алу, көшіру, қою.

3.2.4.2 – арнайы тақырыпқа сай фотосуреттерді қолдану.


Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: мәтіндік редакторда суреттерді қою, аралас құжаттар ұғымдарымен танысады.

Оқушылардың басым бөлігі:Құжаттағы ерекшеленген мәнді қиып алу, көшіру қою, батырмаларын біледі. Суреттермен жұмыс жасауды, алмасу буфері ұғымын біледі.

Кейбір оқушылар:Мәтіндік редакторда мәтіндер теру барысында мәтіндерді қиып, көшірмесін алу, тақырыпқай сай суреттерді практика жүзінде қолдана алады.

Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже деп атайды)

Мәтіндік редакторда суреттерді қою, аралас құжаттар ұғымымен танысады, алмастыру буфері, анықтамасын біледі.

Графикалық редактор мен мәтіндік редактор арасында байланыс жасай алады.

Мәтіндік редакторда мәтіндер теру барысында мәтіндерді қиып, көшірмесін алу, тақырыпқа сай суреттерді практика жүзінде қолдана алады.

Тілдік мақсаттар

Арнайы пәндік лексика мен терминология: Арнайы – комбинированный –combinedт.б

Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер мен фразалар:Аралас құжаттар құру барысында қолднылатын батырмалармен танысу барысында сөздер мен тіркестерді пайдаланады.

Талқылауға арналған сұрақтар:Мәтіндер арасына сурет қоюға болады ма? Суретті көшіруге болады ма?


Құндылықтарды дарыту

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы мен ұлттық қауіпсіздікті насихаттау.


Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, сурет


АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта, компьютер

Бастапқы білім

Өткен тақырып бойынша комьпютерде тапысырмалар орындау.


Саралау: Оқушыларға қалай

көбірек қолдау көрсетуді

жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары

оқушыларға қандай міндет қоюды

жоспарлапотырсыз?

Тәжірибелік жұмыс, өзіндік және деңгейлік тапсырмалар қолданамын; қолдау көрсету тәсілі арқылы кейбір оқушыларға тапсырмаларды орындау барысында көмек көрсетемін.

Бағалау: Оқушылардың

материалды меңгеру деңгейін

қалай тексеруді жоспарлайсыз?

-Сөздік (талқылау, қолдау, мадақтау)

-Бірін-бірі бағалау бірлесіп оқыту.

-Бағалау парағы.


Жоспар


Жоспарланған уақыт


Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

Оқушылармен амандасу. Сыныпта жағымды ахуал орнату үшін « Сені көргеніме қуаныштымын» тренингін ұйымдастыру.Үлестірме парақтары арқылы топқа бөлінейік. Файл, бума(папка), таңбаша (ярлык).

Топты топ сарапшысы бағалайды. Бағалау критерийлері таныстырлып өтеді.


Үйге берілген тапсырманы пысықтау. Bilimland деңгейлік жаттығулар. /жеке жұмыс/

Оқушылар өзін-өзі «Бағдаршам» арқылы бағалайды. Топ сарапшысы оқушылардың ұпайларын бағалау парақшасына белгілейді.

1 дұрыс жауап 1 ұпай. Жалпы 10 ұпай.

Жаттығуды 3 сұрағына дұрыс емес немесе барлық сұрақтарына дұрыс жауап берсе жасыл түс. Жаттығудың 4 және 6 сұрақтары аралығында дұрыс жауап берсе сары. Жаттығудың 3 сұрағына дұрыс немесе мүлдем тапсырманы орындамаса қызыл түс.

Shape1

Shape2

Shape3

7-10

4-6

3-0





Дескриптор.

1 жаттығу: Бірнеше жауаптың ішінен дұрысын табу.

2 жаттығу: Жауаптардың дұрыс бұрыстығын анықтау.

3-жаттығу: Сөйлемдегі қалып кеткен сөзді табу.






https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/5-synyp/lesson/eng-qarapajym-grafikalyq-redaktor






Ортасы


Кесте арқылы жаңа сабақтың тақырыбын оқушылармен бірлесе отырып анықтау


Мұалім толықтырады.

Құжат

Сурет

Аралас



Мұғалім жаңа сабақты түсіндіреді.

Кел ойланайық!

  • Мәтіндер арасына сурет қоюға болады ма?

  • Суретті көшіруге болады ма?

Бүгінгі үйренетініміз:

  • Мәтіндік редакторда суретті қою;

  • Аралас құжат құру;


Біз мәтін жазуды, суреттер салуды, оларды өңдеуді және сақтауды үйрендік. Мәтіндер суреттермен көркем бола түседі. Сондықтан мәтіндерге сурет қоюды үйренеміз.


WordPad мәтіндік редакторында суретті қалай қоюға болады?

Мәтінге сурет қою үшін кескін (Изображение) және Paint-тағы сурет (Ресунок Paint) батырмаларын қолданамыз.

Егер Paint графикалық редакторында сурет салып, WordPad мәтіндік редакторына орналастырып және қосымша мәтін жазатын болсақ, мұндай құжат аралас құжат деп аталады.

Мысалы, оқулықтағы 48-суретте берілген аралас құжат терезесінде сурет салынып, мәтін жазылған. Мәтінге сурет қоюдың тағы бір тәсілі- сурет көшірмесін алу. Ол үшін:

  • Көшіру копировать батырмасын немесе жанама мәзірден көшіру коммандасын басу керек болады.

  • Көшірілген суретті қою үшін Қою батырмасын немесе жанама жәзірден Қоюкоммандасын басу керек осылайша аралас құжат құра аламыз.

  • Белгіленген суреттерді көшіргенде, қойғанда, кесіп алғанда пернетақтадағы пернелер үйлесімін қолдануға болады:

Ctrl+C –көшіру; Ctrl+V-қою; Ctrl+X- қию;


Оқушылар жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды.

  1. Суретті ажырата біл

  2. Ізденіп белгіле. Батырмалардың атауын жаз.

  3. Мәтін бойынша бос орындарға сәйкес командаларды сызықтармен қос.


Оқушылар бірін-бірі бас бармақ арқылы бағалайды.


Дескриптор

  1. Суреттердің атауларын тауып мәтінмен ұштастыра біледі.

  2. Батырмалардың атауларын дұрыс жазады.

  3. Бос орындардың коммандаларын дұрыс сәйкестендіреді.


Оқушыларға бірнеше сыни сұрақтар беріледі. «Көршіме айтамын» әдісі арқылы жұптар өзара ой бөліседі /жұптық жұмыс/

  1. Аралас құжаттар дегеніміз не?

  2. Аралас құжат қандай редактордың көмегімен жасалады?

  3. Неліктен аралас құжат құрамыз.


Оқушылар бірін-бірі смайлик арқылы бағалайды.


Дескриптор:

1. Аралас құжат құру жайында біледі бір-бірімен ойын толық жеткізе алады. .

  1. Аралас құжат қандай редактордың көмегімен жасалатынын біледі бір-бірімен ойын толық жеткізе алады.

  2. Неліктен аралас құжат құрылатынын біледі бір-бірімен ойын толық жеткізе алады.


Оқушыларға компютерде тәжірибелік жұмыстар орындау ұсынылады. Оқушылар компьютерде Деңгейлік тапсырмаларды орындайды. /Жұптық жұмыс/


А. Деңгейі: Жұмыс үстелінен (рабочи стол) тапсырма бумасына кіріп, ондағы Paint гафикалық редакторында салынған «Көктем келді» файлын WordPad мәтіндік редакторынна орналастыр.

В. Деңгейі: WordPad мәтіндік редакторна орналастырған суретіміздің астына интерактивті тақтада көрсетілген өлең шумақтарын теріп жаз.

С. Деңгейі: Жасаған құжатымызды Жұмыс алаңына (рабочи стол) бума ашып, құжатымызды өз аты-жөнімізбен сақтаймыз.


Оқушылар бірін-бірі смайлик арқылы бағалайды.

А. Деңгейінен өткендер талпын

В. Деңгейінен өткендер жақсы

С. Деңгейінен өткендер өте жақсы

Топ сарапшысы бағалау парағына белгілейді.


Дескриптор:

А. Деңгейі:WordPad мәтіндік редакторына сурет орналастыра алады.

В. Деңгейі:WordPad мәтіндік редакторына сурет орналастырып, мәтінтеріп аралас құжат құра алады.

С. Деңгейі:WordPad мәтіндік редакторында аралас құжат құрып, оны сақтай алады.


Оқушылар интерактивті тақтадан сергіту жаттығуларын орындайды.


















Аяқталуы

«Бір айналым сұхбат» стратегиясы арқылы ой бөлісу /топтық жұмыс/


«Файл» тобы аралас құжат құру жайында не түсіндіңдер алдарыңдағы плакатқа жазыңдар.


Shape5 Shape4

Shape6

Аралас құжат



Shape7

Shape8

Shape10

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.05.2021
288
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12