Жаңа
сабақты түсіндіру.
Сабақтың ортасы
Қорытынды
|
Балалар, қазір қай мезгіл? Қыс
мезгілі болса да,біздің сыныбымыздағы алма ағашы жемісін
беріпті.Сол алмалардың ішінде ең тәттісі,ең үлкені бар екен. Сол
тәтті алманы бастап алып, осы алма арқылы бір-бірімізге игі
тілектерімізді білдірейік.
1. Судай таза
бол
2. Ағаштай мықты
бол
3. Кітаппен дос
бол
4. Ұстазыңа ризашылығыңды
білдір
5. Үлкенге құрмет,кішіге ізет
көрсет
6. Кешірімді
бол
7. Адал
бол
8.Ақылды
бол
9. Алмадай тәтті
бол
10. Ата-анаңды
құрметте
11. Сабақта алғыр
бол
12. Достарыңның арасында сыйлы
бол.
Дәйек
сөз
Обалды біліп өссең - сауапка
кенелесің.
Халық
даналығы
- Дәйексөздің мағынасын қалай
түсінесіздер?
- Обал дегенді қалай
түсінесіңдер?
Обал дегенді қалай
түсінесіңдер?
• «Обал болады», «сауап болады»
деген сөздер қандай жағдайларда айтылады?
• Обал мен сауаптың
айырмашылығын қалай ажыратуға болады?
- Обал мен сауап мағынасы
жағынан бір-біріне ұксас үғымдар.
Обал - жақсы нәрсенің қадірін
біл, болмаса түбінде оның зардабын тартасың деген үғымды
білдіреді.
Сауап — адамға жақсылық жасау,
табиғатқа қамқорлық көрсету, жақсы іс істеу дегенді
білдіреді.
Қазақтың айтулы билерінің бірі
– Малайсарының: «Үш сөз бар, соны ұмытпай жүрсең, халқың соңыңнан
қалмас. Ұмытсаң, артыңа ермес. Ол үш сөз: ұят, борыш, обал!» деген
насихат сөзі бар. Дәстүрлі дінімізде де «обал» және «сауап» деген
түсініктің маңызы терең. Міне, осы жағдайды жақсы ұғынған
бабаларымыз ұрпақтарының санасына «обал» деген ұғымды сіңіре
білген. Тіпті оны жай тұрмыста да «ай, обал-дағы-ай» деген секілді
ауызекі қолданыста жиі еске түсіріп отырған. Ондай сөзді бала
күнімізде өзіміз де жиі естіп өстік. Қазір оған ысырапшылдық деген
ынсапсыз ұғым қосылды. Енді осы жөнінде...
Нанның қиқымын шашсаң, обал
болады, күшікті немесе мысықты бекерге қинасаң, обал болады, малды
ұрып-соқсаң, обал болады, көктеп тұрған бұтақты сындырсаң, обал
болады. Міне, осы сынды сөздер біздің санамызға әбден сіңіп қалғаны
сонша, есейсек те жоғарыдағы ескертулерді жиі ұстанып жүреміз. Десе
де адам болған соң оның таным-түйсігі мен сана сезімі түрлі
деңгейде жаратылады. Жылдығын емес, күндігін ойлап өмір сүретін,
қиямет түгіл, ертеңін ойламайтын адамдарға заттың обалы жайлы
түсіндіру қиын, әрине. Өкінішке қарай, түрлі-түрлі обал істерге жол
беріп, дым білмегендей жүре беретін безбүйректер жауыннан кейінгі
саңырауқұлақтай қаптады. Олардың қатарында қанағатсыз
"қарынбайлардың" бой алдыратын ысырапшылдығын тағы қосыңыз. Мұның
алдын алмасақ, бүгін де, ертең де жақсылыққа жете алмасымыз жасырын
емес.
Біздің ұлтымыз өскелең
ұрпақтың жадына «обал болады» немесе «сауап болады» деген ұғымды
сіңірген. «Обал болады» мен «сауап боладының» түпкі мәні тереңде.
Нан қиқымын шашу – обал болады. Біреудің ала жібін аттау – обал
болады. Өзгенің хақысын жеу – обал болады. Қарияға құрмет – сауап
болады. Жабырқаған жанның жүрегіне үміт сыйлау – сауап болады.
Міне, қарап отырсаңыз, осының бәрі отбасыдан басталатын тәрбие
негіздері. Біз сан ғасырдан бері жалғасып келе жатқан халқымыздың
осындай қасиетті ұғымдарын жастарымыздың санасына сіңіре беруіміз
керек, – деп атап өтті.
Қазір адам баласы сағынып ас
ішпейтін болған. Фаст-фуд мәдениеті өмірімізге енгелі жүре
тамақтанып, қалдығын кез келген жерге тастай салатынды шығардық.
Салдарынан әлемді қоқыс жайлап, зардабын жан-жануарлар мен түрлі
жаратылыстар көріп жатыр. Обал ма, әрине! Зер салып жан-жағыңызға
қарайтын болсаңыз, пакет-пакет үйілген нандар жатады кейде. Адам
аяғы баспайтын жер өз алдына, сол нандардың қоқыста жатқанын көріп
жатамыз кейде. Бұл да көрер көзге оғаш, обалды еске түсіретін
сұрықсыз көрініс. Біз ішкен-жегеніміздің сауабын білмейтін, біле
тұра байыбына бармайтын бойкүйез елге айналып барамыз ба, сонда?!
Мұндай келеңсіздік тек біздің басымызда емес, барша әлем елдерінің
тұрмысына тән көрініс болып кеткен шығар. Сонда да біз обал мен
сауаптың орнын білетін халықтың ұрпағы емес пе
едік?!
Негізі, біз көп нәрсеге өз
деңгейінде мән бере алмай келеміз-ау. Жан-жануарлар мен әртүрлі
тіршілік иелеріне көрсететін озбырлығымыз өз алдына,
ішіп-жемімізден артылған ақ адал асымызды да ойланбастан далаға
тастай салатын деңгейге жеттік. Тойлар мен ас-жиындарда дорбалап
аударылатын тағамдар қаншама?! Шүкір дейік. Осының барлығы
тоқшылықтың арқасы. Бірақ бір күндері сол әрекетіміздің сұрауы
болуы бек мүмкін. Дегенмен бір сәт ойлансақ, біз тастап жатқан сол
үзік нанға зар болып отырған елдер қаншама?! Сол ашаршылық бір
кездері біздің ата-әжелеріміздің де басынан өтті емес пе?! «Үрерге
иті, сығарға биті болмаған» жұртымыздың бұлайша обалға орын бергені
ойландыратын-ақ дүние. «Судың да сұрауы бар» дейтін халқымыз үшін
мұндай қылық жараспас. Жалпы, обал мен сауаптың шариғаттағы үкімі
бойынша да лайықты өлшемі бар.
Қазақ халқы ертеден обал мен
сауаптың орнын білген ғой. Әрине қолдан келсе сауапты іс істеген
жақсы, есесіне, обалды іске де орын бермеген дұрыс. Өйткені шариғат
ұғымында «обал» өте ауыр азабы бар іс-әрекет, күнә, қылмыс,
азғындық ретінде қарастырылады.
Түйін: «Обалды біліп өссең –
сауапқа кенелесің» деген халық даналығында үлкен мән бар. Құстың
қос қанаты іспетті осы тәрбиелік мәні зор ұғымдар бүгінгі қоғам
үшін аса қажет. Әсіресе ата-ана үшін отбасынан бастау алатын
тәрбиенің таптырмас құралы. Сол себепті үлкендердің «обал болады»,
«сауабын аласың» деген сөздеріне немқұрайлы қарамай, олардың мәнін
түсіне отырып орындап, ұрпақ тәрбиесінде тиімді қолдану адамды
жақсылыққа жетелейтіні сөзсіз. Демек бізге обал мен сауаптың орнын
біліп, қай істе болмасын қанмен келетін қасиетті жоғалтпай,
тәрбиенің тамырын үзбеген абзал.
|
Коллаборативтік орта
қалыптастырады
Жаңа ақпаратты тыңдап отырады,
мұғаліммен диалог құрады
Сабақтан алған әсерлерін
айтады.
|
|