Материалдар / "Әрбір шәкірт - бір жұлдыз" ән кеші
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Әрбір шәкірт - бір жұлдыз" ән кеші

Материал туралы қысқаша түсінік
"ДОСБОЛLIKЕ: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН" акциясы аясында шығармашылық ынтымақтастық мақсатында ұстаздары мен шәкірттері арасында "Әрбір шәкірт - бір жұлдыз" атты мектепішілік "Екі жұлдыз" ән кеші
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

«М.Бегенов атындағы жалпы білім беретін мектеп»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ұйымдастырушы-педагог: Максымбаева Айсырга


Тақырыбы:  «Әрбір шәкірт- бір жұлдыз» ән кеші

Мақсаты: Дарынды балаларды анықтап, шығармашылық қолдау көрсету, әншілік қасиеттерін, өнерге деген құштарлығын ояту. Оқушы, мұғалім арасында тығыз байланыс орнату.

Міндеті: Балаларды көркемдік – әсемдік, адамгершілік - рухани бағытта тәрбиелеу.

(Фанфар ойналады, жүргізушілер ортаға шығады)

І жүргізуші: Қайырлы кеш құрметті ән сүйер қауым!

ІІ жүргізуші: Кеш жарық «Екі жұлдыз» ән кешін тамашалауға келген көрермен!

«Екі жұлдыз» ән кеші 2 кезеңнен тұрады:

1 – кезең «Әнді сүйсең менше сүй» деп аталады. Қатысушылар еркін тақырып бойынша 1 ән  шырқауы керек.

І жүргізуші: Біз бүгінгі ән кешімізде ұстазбен балалардың жұптасып  ән айтуларын тамашалайтын боламыз, жарық жұлдыздарды сіздермен бірге қызықтайтын боламыз. Өздеріңізге ұнаған жұптарыңызға қолдау көрсетіп, қошеметтеп отырыңыздар. Әр жұп жарық жұлдыз болуға лайық .

ІІ жүргізуші: «…Әнді сүйсең менше сүй» - деп Абай атамыз айтқандай

Сұңқылдаған көмейі

Сыбызғының үніндей.

Қалықтатып созғаны,

Сарыарқаның беліндей - дей келе «Екі жұлдыз» ән кешіне қатысушы жұптарды ортаға шақырайық!

І жүргізуші: Сахна төріне 1-жұбымыз: сұңғақ бойы келбетіне сай түскен, қашпайтұғын тапсырылған бар істен, мектепке кеше ғана келсе де, кішігірім ескертулер берсе де, ренжімей күлімдейтін, ашуы еш білінбейтін, ұжымның көңілін өзіне тек қана жақсы іс-әрекетімен тарта алатын,  атқарар ісіне жанын салатын математика пәні мұғалімі Маулин Бексұлтан мен үнемі ізденісте жүретін, сыныптастарынан бір елі қалмайтын 8 сынып оқушысы Түгел Сұңғатты ортаға шақырамыз.

ІІ жүргізуші: 2 жұп: жас маман, сонда да өз ісіне ұқыптылықпен бойлаған, үйренем деп талпынған, қисық кетпес салтымнан, айтқан тапсырманы тындыратын ұдайы,  алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Аманиязов Өміржан мен ісіне жауапты, білімге талапты шәкірті 5 сынып оқушысы Жолдыбай Сержанды ортаға  шақырамыз.

І жүргізуші: 3 -жұп — ойлаған ойы мен сұңғақ бойында бір міні жоқ, асықпай қадам басатын, үн-түнсіз қырдан асатын, ибалы жүзді, ниеті ізгі ән - саз пәні мұғалімі Сырымова Жақсылық пен таудай болған ниеті мен талабы, сыныптастар сенімін ақтай аламын, бүгінгі кешке бар күшімді саламын деп келген 9 сынып оқушысы Жоламанов Шалқарды сахна төріне құрметпен, қошеметпен шақыралық!

ІІ жүргізуші:  4 - жұп — Өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, шәкірттеріне әрқашан мейірімді дос болуға жарайтын,  қалаған ісін шын беріле істей білетін, үлкен мен кішіні бірдей сыйлап жүретін Ідірісов Әлімжан мен мектебіміздің өнерлі, алғыр жігіті,ісіне жауапты, білімге талапты шәкірті Молдабеков Әнуарды ортаға ду қол шапалақпен шақырамыз!

І жүргізуші: 5 жұп; Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, өз ісінің білгірі, оқушылардың жүрегінен орын таба білген, осы кеш болады деген күннен күндіз күлкіні, түнде ұйқыны ұмытып жүрген, үлкен мен кішіге бірдей Жакыпов Нұрбек пен оқушысы, оның салмақты жүзді, қоңыр көзді, өнерлі шәкірті 6 сынып оқушысы Аблахатұлы Аррахманды ортаға құрметпен шақырамыз.

ІІ жүргізуші: Ендеше қатысушылар сіздерге сахна төріне «Қош келдіңіздер» - дейміз. Ал ендеше өлеңдерге кезек берейік.

І жүргізуші: Сыныбы үшін белсене шығып тұрған Жолдыбай Сержан мен жайдары жарқын бала мінезімен, жүретін жайраңдасып шәкіртімен балаларды үйіре білген, қоғамдық жұмыстарға тағы үлгерген Аманиязов Өміржанды «Досыма» әнімен қарсы алайық! 

ІІ жүргізуші: Салтанатты сәні бар, адамдық қасиеттердің бойында бәрі бар, ұстаздарды құрметтей білетін, қоғамдық істерде белсеніп  жүретін  11 сынып оқушысы Молдабеков Әнуар мен  өнебойы келбетіне сай түскен ұстаз  Ідірісов Әлімжанды «Достарым» әнімен ортаға құрметпен шақырамыз.

І жүргізуші:  Қазақи қалып бойында мүсінделген, тіл табыса білетін кісіңменен, асықпай қадам тастап  жүретін 9 сынып оқушысы  Жоламанов Шалқар мен өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын ұстаз Сырымова Жақсылықты «Достарым» әнімен сахна төріне ду қол шапалақпен ортаға шақырайық

ІІ жүргізуші: Ойлаған ойы мен сұңғақ бойында бір міні жоқ,  асықпай қадам басатын, үн-түнсіз қырдан асатын, иман жүзді, ниеті ізгі Маулин Бексұлтан мен таудай болған ниеті мен талабы, бүгінгі кешке бар күшімді саламын деп келген 8 сынып оқушысы Түгел Сұңғат «Достарым менің золотой» әнімен сахна төріне құрметпен, қошеметтеп шақыралық. 

І жүргізуші: Айтқан сөзі шынайы, мінезі сыпайы, сөзі алтын, көңілі жарқын, өз ісіне ұқыптылықпен бойлаған, қоғамдық істерге талпынған, айтқан тапсырманы тындыратын Жакыпов Нұрбек пен  ісіне сөзі сай, әдемі киім киісі, сыпайы жүріс-тұрысы, артық бір сөзі жоқ, бірақ атқарған ісіне ұстаздардың көңілі тоқ 6 сынып оқушысы Аблахатұлы Аррахманды «Қайдасыңдар, достарым» әнімен қарсы алайық!

ІІ жүргізуші: Осымен қатысып отырған 5 жұбымыз таңдаған әндерін орындап шықты. Кезекті екінші кезеңге береміз.

2 кезеңіміз «Ең танымал ән» деп аталады. Қазіргі таңда ең танымал болып жатқан хит әндерді орындауымыз керек. Ал ендеше бірге тамашалайық!

І жүргізуші: Өнерінің күшімен, микрофонның ұшымен сіздерге әсем әндерін арнайтын  1-жұбымыз Жолдыбай Сержан мен Аманиязов Өміржанды «Билеп билеп » әнімен ортаға шақырамыз.

ІІ жүргізуші:Өнерпаз боп ән айтқан,

Ән айтқанда, таңға айтқан,

Таңға айтқанда, жанды айтқан – демекші, жанды дауысты келесі сахна төріне 2-жұбымыз Ідірісов Әлімжан мен Молдабеков Әнуарды «Балқия» әнімен шақырамыз!

І жүргізуші:Қазақ қонақ келсе төрге,

Әнші келсе өрге,

Аққу келсе, көлге сүйреген, халық қой. Ендеше, келесі жұбымыз Жоламанов Шалқар мен Сырымова Жақсылықты «До ре ми» әнімен сахна төріне шақырамыз

ІІ жүргізуші: Әнмен маржан өретін

Өнерін халқым көретін,

Жұптасып бізге ән айтып беретін, келесі дарынды жұбымыз Маулин Бексұлтан мен Түгел Сұңғатты «Ностальгия» әнімен қарсы алайық.

І жүргізуші: Өнерінің күшімен, микрофонның ұшымен сіздерге әсем әнін арнайтын келесі жұбымыз Нұрбек пен Аблахатұлы Аррахманды «Табиғатым» әнімен сахна төріне шақырамыз!

ІІ жүргізуші: Өнерлеріңіз өрге жүзсін! Ең танымал әндерді орындап шыққан біздің жарық жұлдыздарымызды ортаға шақырайық!

І жүргізуші:Достық жасасыншы мәңгілік
Достықты жүрейік тек ән қылып
Татулық пен достық біздің Отанды
Жарастырсын бейбітшілік сән құрып, дей келе «Екі жұлдыз» кешінің осы дәрежеде өтуіне өз үлестері қосқан 5 жұпқа ризашылығымызды білдіреміз
!

ІІ жүргізуші: Алғаш рет оятқансың санамды,

Алғаш рет ұстатқансың қаламды

Сол үшінде мәңгі сыйлап өтемін

Түсіндірген жақсы менен жаманды – дей келе Көрермендер қалай ойлайсыздар осы әнді жұлдызды жұптарымыз хит қылып айта алар ма екен.

Оны сіздермен бірге тамашалайық. Ортада сөзі Көбегенова Болар әні Еламанов Бақытжанның « Мектебім – мақтанышым» әні қабыл алыңыздар!

І жүргізуші: Бүгінгі жұлдызды кешімізді қорытындылау үшін сахна төріне Мектептің тәрбие жөніндегі орынбасары Айлаева Света апайды қошеметтеп сахнаға шақырамыз.

Қатысушылар жетістіктеріңізбен құттықтаймыз!

ІІ жүргізуші: Осымен бүгінгі «Екі жұлдыз» ән байқауы өз мәресіне жетті

І жүргізуші Келесі кездескенше, қош сау болыңыздар!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!