400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«АРДАГЕРЛЕР – АСЫЛ ЕРЛЕР» АТТЫ АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ӘЗІРЛЕМЕСІ

Материал туралы қысқаша түсінік
АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ӘЗІРЛЕМЕСІ
Материалдың қысқаша нұсқасы













Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі









«АРДАГЕРЛЕР – АСЫЛ ЕРЛЕР»

АТТЫ АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ӘЗІРЛЕМЕСІ





















Әзірлеген: Темірғалы Д.Н.

Тексерген: Тайболатов Қ.М.







Павлодар – 2020

Мақсаты: Ауған соғысының тарихи мағынасын ашып, түсіндіру.

Міндеттері:

  1. Білімділік: «Ауған соғысы» жайлы тереңірек біліп таныту, соғыс ардагерлері туралы мәлімет беру.

  2. Дамытушылық: тарихи деректердің маңыздысын аша білуге және материалдарды диалектикалық тұрғыдан талдай білуге дағдыландыру.

  3. Тәрбиелік: Ауған соғысының ардагерлерін құрметтеу, жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін ояту.

Өткізу формасы: мерекелік тәрбие сағаты.

Көрнекілігі: Ардагерлерге арналған өлең шумақтар, әсем әуен мен

би, суреттер көрмесі.

Барысы:

1-жүргізуші: Армысыздар ұлағатты ұстаздар, ардагерлер және де оқушылар!

2-жүргізуші: Соғыс- жан алып, жан беру

1-жүргізуші: Соғыс- халықтың басына келген қасірет, жұт

2-жүргізуші: Ауғаныстан – бұл ертеден қалыптасқан мұсылман мемлекеті. Бірақ бұл ел бізге ұмытылмас қайғы мен қасірет әкеледі деп ешқашан ойлаған емеспіз. Біреудің жүрек жарар ұлын, біреудің арқа сүйер бауырын жұлып әкетерін кім білген.

1-жүргізуші: Осы қиын- қыстау кезде біз үшін, елі үшін аянбай күрескен ардагерлерімізге, батырларымызға арнап, 1 минут үнсіздік

2-жүргізуші: Кезекті, сыйлы, құрметті, « » ардагерге сөз береміз.

Әдеби монтаж:

1-оқушы:

Не болды екен көңілім тыншымайды,

Кім болды екен басатын гүл шырайды.

Енді ғана нұрланған бұл өмірдің

Ақ жолынан алыста жүрші, қайғы...

Үзілді гүл бүршік атқан жаңадан,

Қиылды өмір, енді ғана жаңарған.

Наз көңілдер су сепкендей басылды,

Төгілді жас жабырқаулы жанардан.

Соғып өтті тіршіліктің ызғары

Болғаны ғой... осы өмірді бұзғаны.

Суық лебі жүрекке кеп орнады,

Бірақ бұл сәт уақытынан озбады.

Әлемге ортақ аспан да, жұлдыз да, Ай да, Күн...

Қуаныш та көп, қайғымызда көп айтатын.

Бәрі де ортақ, тек шекаралар арада

Әттең, тек содан көңілім қайтатын.

Талассын таңы, күнменен бірге шағылсын,

Бейбітшіліктің жұлдызы көктен жағылсын.

Жұдырықтай боп жұмылған жұмыр жерімнің

Басынан тайсын бар жамандығы арылсын.

Әлемнің жаны, бір болма екен, тілегі,

Тек бейбітшілік деп соқса екен жүрегі.

Қиыншылықты біріне-бірі сүйеніш,

Болса екен деймін қолдаушы әрі тірегі.

Қазақстаным, көгерсін, гүл боп жайнасын,

Ел-жұрттың күнін бейбітшіліктің тойласын.

2030, одан да әрі мәңгілік

Басыңнан бағың, қасыңнан құтың таймасын.


2-оқушы:

Ұмытпайды артта қалған ұрпағың

Еске алады жыл сайын

Өмір үшін өртеніп кеткендерді.

Ал бүгін де мақсат етер ұрпақтары

Жеңіс алып еліне жеткендерді.

Тыныштық боп мәңгі тұрса осылай күн,

Жас бүлдіршін жаға берер жыр шамын.

Сүйем сені, қасиетті мекенім,

Мәңгі сені әнмен желпіп өтемін.

Сенде ғана көтерілем биікке,

Сенде ғана арманыма жетемін.

1-жүргізуші: 1979 жылы Ауғанстан жерінде болған зұлмат соғыста Кеңес әскерлері қайталанбас қаһармандық танытты. Мейлі өзге елде болсын, халықтың тыныштығын қалаған батырларымыздың басым бөлігі сол бір сұм жылдарда майдан даласында қаза тапса, тағы бірі із-түссіз жоғалып кетті.

2-жүргізуші: 1979 жылдың 25 желтоқсанынан 1989 жылдың 15 ақпанына дейін, яғни 9 жылдан аса уақыт бойы Кеңес әскерлерінің шектеулі құрамы Ауған жерінде ұрыс жүргізді. Соғыс деген қаралы ұғым. Ауған соғысында мерт болғандар мен ардагерлердің алдында қашанда бас иеміз. Ауған соғысына КСРО құрамына 22 000 қазақстандық қатысты. 2 238 күнге созылған соғыста 924 қазақстандық мерт болып, 1015 жауынгер мүгедек болып қайтты. 26 адам хабар – ошарсыз кетті.

Қазақ биі «Қамажай»

1-жүргізуші: 1979 жылы 25 желтоқсанда КСРО басшысы Брежнев КОКП орталық комитетінің саяси бюро мүшелері Андропов, Громыко, Суслов және Устиновтың келісімімен Ауғанстанға әскер кіргізу жөнінде шешім қабылдайды.Бұл шешімнің салдары 9 жыл, 1 ай, 25 күнге созылған соғысқа әкеліп соқтырды.

2-жүргізуші: Бейбіт өмірде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген өрімдей жас жігіттер ауғандағы майдан даласынан бір-ақ шықты. Қаншама жас қыршынынан қиылып, қаншама жас мүгедек болып оралды.

1-жүргізуші: Ананы баладан, баланы әкеден айырған сұм соғыс енді болмасын, аналар ешқашан жыламасын дей отырып, Нұрайдың орындауында «Ана туралы баллада» әнін ұсынамыз.Сіздер ән тыңдай отырып, өздеріңізге берілген тақырып бойынша постер жасауға кірісе беріңіздер.

Ән «Ана туралы баллада»

2-жүргізуші: Келесі кезекті күйге береміз

«Адай» күйі

1-жүргізуші: Осымен мерекелік іс- шарамызды аяқтауға рұқсат етіңіздер!!!

Хор «Көк тудың желбірегені».






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
6 мамыр
1168
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі