жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ардақтайық қазақтың ата салтын
Ардақтайық қазақтың ата-салтын.
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет – ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың
бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету;
Ата-аналармен тығыз байланыс жасау арқылы ортақ тәрбиеге жұмылдыру.
Көрнекілігі: Суреттер, ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, ұлттық бұйым көрмелері.
Өту барысы:Қайырлы күн қадірменді қонақтар, оқушылар! Балалар өздерің көріп отырғандай, біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз ерекше, өйткені бізге көптеген қонақтар келіп отыр. «Сәлем -сөздің анасы, сөз - сарасы» - Қазақ халқының ұғымы бойынша сәлем беру- тәрбиелік пен адамгершілік белгісі. «Әдепті елдің баласы, Алыстан сәлем береді» дегендей сәлем беру қалыптасқан ұлттық дәстүріміз.
Көрініс:
Бала: Сүйінші, Сүйінші дүниеге сәби келді!
Әжелер: Ой айналайын балам, бұл қуанышты хабар ғой. Сүйінші сұрау – шын қуаныштың белгісі. Қазақ сүйіншіден нені аяған. Мінекей сүйіншіңді ала ғой.
Бала: Рахмет.
Хор: Бөпешім
1 жүргізуші: Дильназ
Күннің көзі
ашылып,
Көкке шуақ
шашылып,
Құтты қонақ
келіпті.
Төріме міне еніпті
!
Амандасу
үлкенге,
Тәрбиенің басы
ғой!
Ал, қанекей
бәріміз,
«Сәлем» дейік
үлкенге.
Сәлеметсіздерме
апайлар!
2
жүргізуші: Арухан
Жиналыппыз сәтті күні
бәрімізде,
Үлкен,
кіші, жасымызда, кәрімізде.
Төрлетіңіз қадірменді
қонақтар,
Гүл-гүл
жайнап мына біздің төрімізге!
Музыкалық сәлем: Досымжан
Мұғалім:
Балалар, атадан балаға мұра болып қалатын үйді не деп
атайды?
Қарашаңырақ (дәстүр, ұғым) атадан балаға мұра
болып қалған үй «киелі үй» деп саналады. Оны ел, ағайын-туыстары «
қарашаңырақ» деп құрмет тұтады. Міне, алтын орда, білім мекені
біздің қасиетті қарашаңырағымызда ұлттық салт-дәстүрге байланысты
өтетін «Ардақтайық қазақтың ата салтын » атты тәрбие сағатына қош
келдіңіздер!
1 жүргізуші:
Дильназ
Бала тәрбиесі тек мектеп қабырғасында ғана
берілмейтіні анық. Біздің тәрбиеміз ананың ақ сүтінен, ана
әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. Біздің
халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері өте
көп.
2 жүргізуші:
Арухан
Қазағымның салт - дәстүрі
жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі
қалдырған.
Салт - дәстүрді ардақтайық
ағайын
Қазақ атты үлкен, кіші
балдырған.
Оқушылар тақпақтарын айтады.
Қуандық Мансұр
Армысыңдар аңсаған дана халқым
Сәлем беру ежелгі ата - салтым.
Әр елдерде жүрсе де қалың қазақ
Бір мақсатқа арналған арман талап.
Жанболат:
Танымасаң танып ал мен қазақпын
Жаным жайлау, көңілім кең қазақпын.
Ұлысым бай нұр жері кең қазақпын
Ырысым бай нұр жері кең қазақпын.
Ерсұлтан:
Мен қазақ, қазақпын
деп мақтанамын
Ұранға «Алаш» деген атты аламын.
Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ
Мен неге қазақтықтан сақтанамын.
Мұғалім:
Өте
тамаша! Қане балалар, сендер бізде қандай салт-дәстүрлер бар екенін
білгілерің келеме? Ендеше мен сендерге қысқаша мәлімет
берейін.(Слайд)
Міне
бүгін, салт-дәстүрлерінің ішіндегі бала тәрбиесіне байланысты
Тәрбие дәстүріне тоқталсақ.
Күні
бүгінге дейін тәрбиелік мәнін жоймаған халқымыздың кейбір
тәрбиесін, тыйым мен ырым сөздерін алып қарасақ, көтерген мәселесі
бала жанына, зердесіне ізгілік, инабаттылық дәнін себу. «Бала –
біздің болашағымыз» дейді еліміз. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең,
ұшқанда соны ілесің» деген дана мақал бар. Сондықтанда отбасы
тәрбиесіне, бала тәрбиесіне ерекше мән
берген.
1 жүргізуші: Дильназ
Қазақтың бірнеше салт
дәстүрлерін атап өтсек.
Шілдехана (салт)
Асылайым:
Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-сауық той.
Кіндік кесер (салт) Гүлбақыт:
Нәресте туған сәтте оның кіндігін кесетін әйелдер (Кіндік шешесі) дайын тұрады. Кіндік кесу – мәртебелі, абыройлы іс.
Бесікке салу (салт)Самал:
Жаңа туған баланы бесікке салу. Бесік қасиетті, киелі, қуатты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.
Қырқынан шығару (салт) Дильназ
Баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық қасық су құйып шомылдырады. Ол сәбидің жан жүйесінің қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан.
Тыштырма (дәстүр) Гүлсая
Сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбегітұратын тесіктен құрт, ірімшік, тәттілер өткізіп «тыштыма, тыштыма» деп ырым жасайды және оны «тыштырма» деп атайды.
Базарлық (дәстүр) Ақжан
Алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына (жерлес, көрші – көлем, жас балаларға, сыйлас адамдарына) әкелген сыйлығы.
Байғазы (дәстүр) Құралай
Балалардың, жастардың жаңа киімі үшін берілетін ақшалай, заттай сый.
Асату (дәстүр) Жүсіп
Ет желініп болған соң төрде отырған ақсақал, табақта қалған етті жас балалар мен жігіттерге асатады.
Би. Қара жорға Сұлтан
2 жүргізуші: Арухан
(Ырым-тыйымдар).
Мансур:
Отқа су құйма, түкірме. Себебі кезінде
ата-аналарымыз отқа табынған. От өмір, тіршілік көзі
саналған.
Гүлсая:
Мал сүйегін отқа жақпа, ақты
төкпе
Құралай:
Жағыңды, беліңді таянба, тізеңді құшақтама. Тек қаралы адамдар ғана
осылай отырады.
Аяулым:
Өсек, өтірік айтып, жағымпаз, мақтаншақ
болма.
1 жүргізуші:
Дильназ
Шашу, шашу, шашайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойда
Керемет рәсім жасайық!
Мұғалім: Бүгінгі кешіміз қызықты өту үшін келесі кезекті ойынға берейік. Мына қоржында асықтар салынған. Ол асықтардың бетінде сан жазылған. Қоржынна кез-келген бір асықты аласыздар. Шыққан сол санға байланысты сұрақ қоямыз. Кім көп жауап береді екен? Олар құпия асықтар.
1-сұрақ Құралай
Он атаны таратып беріңіз
(Әке, Бала,Немере,Шөбере,Шөпшек,Немене,Туажат, Жегжат, Жұрағат,Жамағат)
3-сұрақ Әлімжан
Үш биді атаңыз
(Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)
9-сұрақ Гүлбақыт
Бес дұшпан
(Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
10-сұрақ: Гүлсая
Бес асыл
(Талап, еңбек терең ой, қанағат, рақым)
12-сұрақ: Ақжан
Бес қаруға нелер жатады?
(Мылтық, садақ, найза, қылыш, айбалта)
1 -жүргізуші: Дильназ
Өте білімді, өнерлі, алғыр балалар екенсіңдер!
2 -жүргізуші: Арухан
Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқтауға тәмәм қалды. Келгендеріңізге көп көп рахмет.
Мұғалімнің сөзі:
Құрметті көрермен қонақтар, Қазақта қонақ кәде деген бар. «Қуыс үйден құр шықпа» дегендей қазақ үйіне қонақ келсе, нанынан ауыз тигізіп, ағын ұсынған. Олай болса дәмнен ауыз тиіңіздер.
Қонақтарға бауырсақ пен ақтан дәм тигізіледі.
Музыкалық сәлем: Ақжан. Шілдехана
Қорытынды
Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты – заман өзгерсе де ұлттық салт-дәстүрлерімізді көнермейтіндігін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту. Бүгінгі тәрбие сағатымызда өздеріңіз куә болған дәстүрлерді көкейлеріңізге тоқып, саналарыңызға сіңіріп алсаңыздар артық болмас.
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдімін.
Еліміздің жарқын болашағы сіздердің қолдарыңызда құрметті оқушылар!
1-сұрақ
Он атаны таратып беріңіз
(Әке, Бала,Немере,Шөбере,Шөпшек,Немене,Туажат, Жегжат, Жұрағат,Жамағат)
2-сұрақ
Үш алыс
(Кәрі мен жас, жақсы мен жаман, алыс пен жақын)
3-сұрақ
Үш биді атаңыз
(Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)
4-сұрақ
Үш жүзді атаңыз
(Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз)
5-сұрақ
Үш байлық
(Денсаулық, ақ жаулық, он саулық)
6-сұрақ
Үш тәтті
(Жан тәтті, мал тәтті, жар тәтті)
7-сұрақ
Төрт қонақ
(Арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдырма қонақ, қылғыма қонақ)
8 сұрақ
Бес дұшпан
(Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
9 -сұрақ
Бес асыл
(Талап, еңбек терең ой, қанағат, рақым)
10-сұрақ
Бес қаруға нелер жатады?
(Мылтық, садақ, найза, қылыш, айбалта)
Екі оқушы ортаға шығады?
-
Ассалаумағалейкүм, қарсыласым. «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді » деген, сәлем беруге келдім.
-
Амансың ба, достым? «Қуыс үйден құр шықпа» деген, тізеңді бүгіп дәм ауыз ти.
-
«Сыйлап берген су сатып алған балдан артық» дегендей жайғассақ жайғасайық.
-
«Сыйға сый, сыраға бал» демекші өткенде өздеріңізге риза болып қайттық қой.
-
«Аз да бітер, көп те бітер, татулыққа не жетер» демекші татулық пен ауызбірлікке не жетсін.
-
«Төртеу түгел болса алар, алтау ала болса алдырар» деген ғой, о не дегеніңіз.
-
«Бірлік түбі — тірлік» деген ғой бабаларымыз, бірлік болсын.
-
«Биік төбеге шықсаң көзің ашылады, жақсымен сөйлессең көңілің ашылады» дегендей көңіліміз марқайып қалды ғой.
-
«Әңгіме әңгіме дегізер, әңгіме бұзау емізер» демекші қой қайтайын, мал келетін уақыт болды.
-
«Тау тауға қосылмас, адам адамға қосылар» деген, әлі кездесерміз, сау бол!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген