Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әрекеттесуші заттардың массасы мен жылу эффектісі бойынша реакцияның термохимиялық теңдеуін құру

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал 8-сыныпқа сабақ беретін мұғалімдер үшін қажет. "Әрекеттесуші заттардың массасы мен жылу эффектісі бойынша реакцияның термохимиялық теңдеуін құру" тақырыбында сабақ жоспары болып табылады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Күні:

24.01.2018

Пәні:

Химия есептері мен жаттығулары

Cынып:

8 Б

Мұғалімнің есімі:

Зиябек Карлыга Мұратқызы

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы:

Әрекеттесуші заттардың массасы мен жылу эффектісі бойынша реакцияның термохимиялық теңдеуін құру.

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

  • химиялық реакциялардың жылу эффектісі

  • термохимиялық теңдеулер туралы түсінік беру

  • эндотермиялық, экзотермиялық реакциялар жайлы ұғым қалыптастыру

  • термохимиялық реакция теңдеулері бойынша есептер шығара білуге дағдыландыру. 

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Химиялық реакцияның жылу эффектісін

  • Эндотермиялық және экзотермиялық реакциялар

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Жылу эффектісін есептеуді

  • Жылу эффектісінің таңбасына қарап, жылу бөліне немесе сіңіре жүретін реакцияны анықтай алады.

Кейбір оқушылар:

  • Термохимиялық реакция теңдеулерін құрып, есеп шығару

  • Екі түрлі реакцияның жылу эффектісін салыстыра алады

  • бірінші реакцияның жылу эффектісін қолдана отырып екінші реакцияның жылу эффектісін таба алады.

Бағалау критерийлері

  • Химиялық реакцияның жылу эффектісін

  • Эндотермиялық және экзотермиялық реакциялар

  • Жылу эффектісін есептеуді

  • Жылу эффектісінің таңбасына қарап, жылу бөліне немесе сіңіре жүретін реакцияны анықтай алады.

  • Термохимиялық реакция теңдеулерін құрып, есеп шығару

  • Екі түрлі реакцияның жылу эффектісін салыстыра алады

  • бірінші реакцияның жылу эффектісін қолдана отырып екінші реакцияның жылу эффектісін таба алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар: Термохимиялық теңдеуді сипаттай алады.


Негізгі сөздер мен тіркестер:

жылу эффектісі, экзотермия, эндотермия, оттек, жану


Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:


Талқылауға арналған тармақтар:

Жазылым бойынша ұсыныстар: Термохимиялық теңдеулер құрастыра отырып, есептер шығару.

Алдыңғы оқу

Әрекеттесуші заттардың біреуінің массасы арқылы жылу эффектісін табу

Күтілетін нәтиже:

Жану реакциясын, эндотермиялық және экзотермиялық реакцияларды, термохимиялық теңдеуді біледі.

Сабақтың типі:

Жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі:

Сұрақ-жауап, топтық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі мен жабдықталуы:

Периодтық жүйе, интерактивті тақта, мырыш, тұз қышқылы, көрнекілік құралдар

Пәнаралық байланыс:


Сілтеме:

https://kk.wikipedia.org/wiki/


Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Іс-әрекеттері

Уақыты

Атауы

Мұғалімнің іс-әрекеттері

Сабақтың мазмұны

Оқушының іс-әрекеттері


2 мин

Ұйымдастыру кезеңі

- сәлемдесу;

- келмеген оқушыларды анықтау;

- оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау;

- сынып бөлмесінің сабаққа дайындығын тексеру.



Сабаққа әзірленеді. Сәлемдесіп, бір-біріне жақсы тілектерін тілейді

12 мин

Танысу


Тест тапсырмаларын береді

Жаңа тақырыпты түсіндіреді.




1.     Жылу  бөле  жүретін  реакцияны  қалай  атайды.

а)  эндотермиялық реакция.

ә) экзотермиялық  реакция.

б)  қайтымды  реакция.

в)  химиялық  реакция.

г)термохимиялық  реакция.


2. 32 г күкірт толық жанғанда жұмсалатын оттектің массасы: 
A) 28 г. 
B) 48 г. 
C) 22 г. 
D) 32 г. 
E) 16 г.  

3.  Оксидтер  дегеніміз  не?

а)  Металдардың  оттегімен  қосылысы.

ә) Бейметалдардың  оттегімен  қосылысы.

б)  Екі  элементтен тұратын,  оның  біреуі  міндетті  түрде  оттегі  болып  келетін күрделі  зат.

в) Екі  металдан  тұратын,  оның  біреуі оттегі  болып  келетін  күрделі  зат.

г)Валенттілікті  анықтайтын  заттар.


4. Зертханада оттекті қандай ыдыста сақтайды?

А) Колба

Ә) газометр

Б) бюретка

В) Зертханада сақтамайды


5. 0,1 моль фосфор (V) оксидін алу үшін қажет фосфордың 
массасы:
A) 3,1 г
B) 6,2 г
C) 0,2 г
D) 62 г 
E) 31 г

6. Оттек жай зат түрінде ... құрамында кездеседі. 
A) гранит
B) атмосфера
C) әктас
D) құм
E) дистилденген су

7. Оттекте жанбайды:
A) CO2
B) NH3
C) CH4
D) H2
E) CO

  Реакцияның жылу эффектісі көрсетілген химиялық реакциялар термохимиялық теңдеу деп аталады. Мысалы: C + O2 = CO2 – Q N2 + O2 = 2NO +Q 
Химиялық реакциялардың жылу эффектісінің шамасы бірнеше факторларға тәуелді болады: 
• 1. Әрекеттесуші заттардың табиғатына; 
• 2. Температураға; 
• 3. Реагенттердің мөлшеріне; 
• 4. Реагенттер мен алынатын өнімнің агрегаттық күйіне. 

Алдында өтілген тақырып бойынша еске түсіре отырып, тест сұрақтарына жауап береді және бір-бірін бағалайды

Жаңа сабақты түсінеді.

4 мин

Салыстыру 1

Салыстыру 2


Тапсырма орындауға нұсқаулық береді





А деңгей

Төменде келтірілген термохимиялық теңдеулердің қайсысы экзотермиялық, қайсысы эндотермиялық екенін көрсетіңдер:

  1. N2 + 3H2 = 2NH3 + 92кДж

  2. Ca(OH)2 = CaO + H2O -67кДж

  3. H2 + Cl2 – 185кДж = 2HCl

  4. 2HgO + 180кДж = 2Hg + O2

  5. N2 + O2 +180кДж =2NO

Берілген термохимиялық теңдеулерді пайдаланып :

  1. 2H2S + 3O2 = 2H2O + 2SO2 + 1060 кДж

  2. S + O2 = SO2 + 297 кДж

Қай теңдеу бойынша күкірттің бірдей массасында жылу көбірек бөлінетінін есептеңдер.

Оқушылар жұп болып жұмыс жасайды.

5 мин




















3 мин










6 мин

Зерттеу

Түсіндірілген жаңа сабақ бойынша тапсырмаларды орындау.





Сергіту сәті 1,2

  В деңгей

S + O2 = SO2 +297 кДж

0,1кг күкіртті жаққанда, қанша жылу бөлінетінін есептеңдер.

C + O2 = CO2 + 393 кДж

Құрамында 10% жанбайтын қоспасы бар 2,5кг көмірді жаққанда, қанша энергия бөлінетінін табыңдар.

«Поезд» тәсілі

Оқушылар жанында тұрған адамның атының бас әріпінен келетін жақсы сөз айтып бастайды.

С деңгей

Реакциялардың термохимиялық теңдеулері арқылы

  1. CaCO3 = CaO + CO2 -180 кДж

  2. CH4 + 2O2 = CO2 + 2H2O +890 кДж

0,5кг әктасты CaCO3 айыруға қажетті энергияны метанның қандай көлемін жағып алуға болатынын есептеңдер.


Берілген термохимиялық теңдеулер бойынша :

S + O2 = SO2 + 297 кДж

2S + 3O2 = 2SO3 + 790 кДж

Күкірт (IV) оксидінің күкірт (VI) оксидіне айналу жылуды табыңдар.

Оқушылар топ болып жұмыс жасайды.

5 мин

Жалпылау

Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды және бағалау жүргізеді




Метасызба

Оқушылар сұрақтарға жауап береді

1 мин

Үйге тапсырма

Оқушыларға нұсқаулық береді

Ә.Темірболатова 61бет

Әр оқушы үй тапсырмасын дәптерлеріне жазып алады.

2 мин

Кері байланыс



Оқушылардан бүгінгі сабақтан алған әсерлерін сұрайды

Рефлекция

Мен білемін...

Мен білдім...

Мен білгім келеді...

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін жазады.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.06.2018
699
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12