Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Арфа аспабы қайдан келді ?

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге сабаққа қолдануға әзір сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Арфа аспабы қайдан келді?

Сабақтың мақсаты: Арфа аспабының шығу тарихымен танысу және ерекшелігіне тоқталу. Жаңа жылдық тақпақтар әндер арқылы қызығушылықтарын ояту. Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін дамыту.Ән айту ережелерін сақтау. Ән иірімдерін дұрыс ести білу. Мелодиялық ерекшеліктерді сезіну қабілеттерін дамыту. Аспаптарды ұқыпты ұстай білуге, өнерді бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі : әңгіме әдісі, топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: карточкалар, арфа аспабының суреттері, үнтаспа, әнжинақ.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру.

Амандасу. Оқушылардың құралдарын түгендеп, назарын сабаққа аудару.

Үй жұмысы.

Сұрақ – жауап.

1.Симфониялық оркестр құрамына қандай үрлемелі жез аспаптар кіреді?

2. Трубаны ерте замандарда не үшін қолданған?

3. Валторна аспабының тегі қандай?

4. Валторна аспабын оркестрге қай ғасырда енгізді?

5. Оркестр үшін 19 ғасырда қай аспап ойлап табылды?

6. Жез аспаптардың түрлерін атап шық.

Жаңа сабақ. Арфаның тарихы

Арфа аспабы Ирландия елінің ұлттық символы саналады. Бұрындары осы елдерде арфашылар өте сыйлы адамдар саналған. Олардың әлеуметтік дәрежелері де қара халықтан не басқа да өнер иелерінен жоғары болған. Соғыс басталған тұста арфашылар шайқасқа қатысатын ерлердің рухын көтеру мақсатында арфа аспабында ойнаған. Құнды арфалардың бетінде өзгеше асыл тастары мен қымбат бұйымдары болған. Тіпті кейбірі оны алтын жалатып та жасаған. Кельт арфалары ирландық ұлтшылдықты танытатын символ есебінде болған. 19 ғасырдың алты жүзінші жылдары ағылшын патшасы Генри VIII Жаңа Жердің ресми символына арфаның бейнесін жасатты. Сол уақытта шыққан тиындарға да осы бейнені орнатты. Кейінірек жергілікті арфашылар ирландықтардың бас бостандығын көздеген ел ішіндегі «революциялық» қақтығыстарға қатыса бастады. Содан бастап британ ел басқарушылары тез арада кельт арфаларының дәрежесін бұрынғыдан түсіріп тастада да, арфистерге өлім жазасын бұйыруды талап етті. Міне, осы кез арфа аспабы үшін қаралы жылдар еді. Осындай жағдайлардан кейін, кельт ұлтының музыкасы да құрдымға кете бастады. Бірақ 1792 жылдан бастап, арфа өз іргесін қайта көтере бастады. Сол жылы жоғалған дәстүрді қайта жаңғырту үшін Белфаст жерінде байқау өткізілмек болды. Шақырулар мен хабарландырулар жергілікті газет беттерінде жариялана бастады. Кең түрде өткізілетін жиынға арфашыларды да шақырды. Жеңімпаздарға қаржылай сыйлық тағайындалды. Бірақ та қорқынышқа бой алдырған 15 жастан 97 жасқа дейінгі арфистерден тек оны ғана жиналды. Бүкіл Ирландия жерінен осынша ғана арфашының жиналуы түсінікті де еді. Өйткені бағзыдан бері арфадан көңілін басқаға аударып көрмеген өнерлі халықтың мысын британ үкіметі басып тастап еді. Бірақ байқауды ұйымдастыруға кеткен қаражат өзін-өзі ақтай алмай қалмады. Байқауға ағылшын органшысы Эдвард Бантинг арфада ойнайтын арфашылардың туындыларының нотасын жазып алу үшін арнайы шақырылған болатын. Бантинг 1797, 1809 және 1840 жылдары жазып алған ноталарын жинақ етіп шығарды. Осы арқылы ол арфа аспабына байланысты түрлі теориялық және техникалық білім алып үлгерді. Мұнан кейін Бантинг арфа аспабын өзі де қолға алып көргісі келді. Бантингтың жинақтарына негізгі дәйектемелерді дарынды кәрі арфашы Торла О’Каролане (1670-1738) берді. Ол өз саналы ғұмырында жүзге жуық шығарманы өмірге әкелген. Олардың кейбірі қазір де кездеседі. Осыншама уақыт өте келе, арфа аспабы қайта азаттық алып, қайта жаңғыра бастады. 

Музыкалық жаттығулар.

Ма,Ме,Ми,Мо,Му 2 рет

До,Ре,Ми,Фа,Соль,Ля,Си,До 2 рет

До, Ре,Ми,Фа,Соль,Соль,Соль

Соль,Ля,Си,До,До,До,До 2рет

Үнтаспа тыңдау.

Сабақты қорыту.

Сұрақ – жауап.

1. Арфа тектес аспаптар қалай пайда болды?

2.Арфа аспабының үнін қандай құдіретті күшке балаған? 
3.Жетіген аспабы туралы қандай аңыз сақталған? 
4.Қытайдың цинь аспабының әрбір ішегі нені білдіреді? 

Үйге тапсырма.

«Жаңа жыл!» жаттау.

Бағалау.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.01.2019
682
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12