Тақырып бойынша 28 материал табылды

"Архимед күші"

Материал туралы қысқаша түсінік
жаңартылған білім бағдарламасы бойынша ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:

Практикалық жұмыс: есептер шығару

Мектеп:

Күні:


Мұғалімнің аты-жөні:


СЫНЫП: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

7.3.1.13 есептер шығаруда Архимед заңын қолдану

Сабақ мақсаттары

  • Архимед заңын есеп шығару барысында қолданып, түрлендіре алады.

Бағалау критерийі

-Кері итеруші күш ұғымын түсінеді

-Архимед заңын түсінеді

-Архимед заңын түсіне отырып есептер шығара алады

- формуланы есеп шығару барысында түрлендіре алады

Тілдік құзіреттілік

Архимед заңы –закон Архимеда-Archimedes principle

Судың тығыздығы – плотность воды - density of water

Кері итеруші күш – Выталкивающая сила - buoyant force

Дененің көлемі – Обхем тела - volume of the body

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, «Галерея»

Құндылықтарды дарыту


Ынтымақтастық

Құрмет

Функционалды сауаттылық

Есептер шығару барысында функционалды сауаттылықтары қалыптасады. Ойды, пәндік білім мен дағдыларды құру мен дамытуға ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік және жеке бастың маңызды тапсырмалары контексінде ғылыми мәселелерді ойлауға қабілетті ақпараттандырылған және сындарлы ойлай білетін азаматтар тәрбиеленеді.

Пәнаралық байланыс

Техникамен күнделікті тұрмыстан мысалдар келтіру арқылы байланысады. Электронды кітап арқылы немесе интернет желісі арқылы интерактивті тақтадан мини-видеолар тамашалау барысында информатика пәнімен байланысады. Тақырыпқа байланысты есептер шығару және өлшем бірліктерді ХБЖ-не келтіру арқылы математика пәнімен тығыз байланысады.


Алдыңғы тақырып

Кері итеруші күш

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде

жоспарланған жаттығулармен қатар,

ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы 5 минут


Ұйымдастыру кезеңі:

І Үй жұмысын тексеру, өткен тақырыпқа қорытынды жасау.

Миға шабуыл

  1. Сұйық өзіне батырылған денеге неліктен төменнен жоғары қарай бағытталған қысым түсіреді?

  2. Архимед күшінің әрекеті қалай байқалады?

  3. Архимед күші қандай шамаларға тәуелді?

  4. Архимед заңын пайдалана отырып, дененің тығыздығын қалай анықтауға болады?

Сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушыларға жетон беріледі.

Судағы денеге әсер ететін кері итеруші күш Архимед күшін және кері итеруші күш қандай физикалық шамаларға тәуелді екенін анықтау үшін оқушылар пазл арқылы үш топқа бөлінеді. (Видеоролик көрсетіледі)





Ортасы

15 минут

Білу және түсіну 10 минут

«Физикалық диктант»


Сапалық есептер:

1 Неге өзен суына қарағанда ,теңіз суына жүзген жеңілірек?

Жауабы: теңіз суы тұзды , тұзы неғұрлым көп болған сайын тығызырақ келеді.Архимед күші көбірек болады.

2 Сүңгуір үйрек су бетінде қамыстың сабағынан ұя жасайды.Ұя су бетінде жел қалай соқса ,солай қарай жүзеді.Құстың ұясын су бетінде қандай күш ұстап тұрады.Ұяның пішіні мен көлемі туралы не айтуға болады?

Жауабы: судың бетінде ұяға Архимед күші әсер етеді. Ұя пішіні ұяның салмағымен оған әсер ететін ығыстырушы күштен бірнеше есе аз болуы керек.

3. Сүңгуір үйрек суда жақсы сүңгиді. Судың тарапынан әсер ететін ығыстырушы күшті ол қалай азайтады?

Жауабы: Сүңгуір үйрек өзінің көлемін азайтуға тырысады , яғни қанаттарын денесіне қысып алады.

4.Арқаңмен жүзгенде суда өзіңді жеңіл ұстайсың. Неге?

Жауабы: Арқаңмен жүзген жеңіл , өйткені арқаның көп бөлігі суға батады да кері итеруші күшті көбейтеді.

1. Архимед заңын түсіндір. 
Сұйыққа батырылған денеге оның сұйыққа батқан бөлігі көлеміндегі сұйықтың салмағына тең ығыстырушы күш әрекет етеді 
2. Архимед күші қандай шамаларға тәуелді? 
FA архимед күші – сұйықтың тығыздығына, дененің көлеміне,еркін түсу үдеуіне 
3. Архимед күші қандай күш? 
Архимед күші кері итеруші күш 
4. Дененің тығыздығы сұйықтың тығыздығынан артық болса, дене сұйықта жүзіп жүре ме , әлде батып кете ме? 
Дененің тығыздығы сұйықтың тығыздығынан артық болса , , дене батады 
6. Дененің тығыздығы сұйықтың тығыздығынан кем болса, дене сұйықта жүзіп жүре ме , әлде батып кете ме? 
Дененің тығыздығы сұйықтың тығыздығынан кем болса , , дене қалқиды 




Сергіту сәті

2 минут

Жүргізуші сұқ саусағымен біресе төбені, біресе еденді, біресе мұрнын көрсетеді және «төбе» , «еден», «мұрын» деп айтып тұрады. Жүргізуші кейде айтқан сөзі мен қимылын керісінше жасап, қатысушыларды жаңылыстыруға тырысады. Кім қателессе, орнына отырады. Соңында қалған үш адам жеңімпаз деп танылады.


«Еден-төбе-мұрын» әдісі

Аяқталуы 20 минут

Синтез

1-есеп

Суға көлемі 100см3 болатын дене батырылған. Осы денеге әсер ететін ығыстырушы күшті анықтаңдар. Судың тығыздығы-1000кг/м3.

2-есеп.

3 түрлі кубтар берілген осылардың қайсысына көбірек ығыстырушы күш әсер етеді? Егер керосинге батырсақ ығыстырушы күштің шамасы өзгере ме?

Жауабы: денелердің көлемдері әртүрлі болғандықтан оларға әсер етуші ығыстырушы күш те әртүрлі. Көлемі көп денеге ығыстырушы күш көп болады. Керосинге батырсақ ығыстырушы күштің шамасы кемиді, себебі, керосиннің тығыздығы судың тығыздығынан кем.

3- есеп

Керосинге массасы 500г темір кесегі батырылған. Ығыстырушы күшті анықтаңдар. Темірдің тығыздығы -7900кг/м3, ал керосиннің тығыздығы -820кг/м3.

4-есеп.

Суға батырылған тығынға әрекет ететін кері итеруші күш 49Н.Тығынның көлемі қандай, егерρтығын=240кг/м3 болса.

5-есеп.

Массасы 100 кг , көлемі 0,2 м3 дене суат бетінде жүзіп жүре ме, әлде батып кете ме?

6-есеп.

Массасы 500 г капрон білеушеге су тарапынан қандай Архимед күші әсер етеді? 
7-есеп.

Көлемі екінші есептегі дененің көлеміне тең денеге

5,6 Н кері итеруші күш әсер етсе , ол дененің қандай сұйықта тұрғаны?

Оқушылар тапсырмамен жұмыс жасайды

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?

«Менің көңіл-күйім баспалдағы»

Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.06.2021
413
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11