Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Арифметикалық прогрессия n - мүшесі формуласы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақта "Кім жылдам?" әдісін қолданып оқушылар формулалар құрастырып, есеп шығаруға қажетті ережелерді еске түсірді. "Мозайка әдісі арқылы оқушылар есеп шығара отырып "Білім желкенін" құрастырды. Оқушылар bilimland тапсырмаларын орындады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

Оқу ісі жөніндегі орынбасары ____________

« 28» қараша2018 ж.

Қысқа мерзімді жоспар №35

Сабақ:Арифметикалық прогрессия, п-мүшесі формуласы

Мектеп: №273

Күні: 28.11.2018ж.

Мұғалімнің есімі: Махамбетиярова Ж.Ж.

Сынып: 9 А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты(мақсаттары)

Арифметикалық прогрессия, п-мүшесі формуласы ұғымымен, қасиеттерін қолданып, есеп шығару дағдысы қалыптасады

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Арифметикалық прогрессия, п-мүшесі формуласы ұғымымен есеп шешуді біледі

Оқушылардың басым бөлігі: Арифметикалық прогрессия, п-мүшесі формуласы ұғымын біледі, есеп шығару барысында дұрыс пайдаланады.

Кейбір оқушылар: Арифметикалық прогрессия, п-мүшесі формуласы ұғымын пайдалана отырып, есепті түсіндіріп береді.

Бағалау критерийі

- Арифметикалық прогрессия, п-мүшесі формуласын біледі;

- Формулаларды қолданып есеп шығара алады.

Тілдік мақсат








Оқушылар: Арифметикалық прогрессия, п-мүшесі формуласы ұғымын айта алады,амалдарды орындау алгоритмін түсіндіре алады, есеп шығаруда қолдана алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер: Сандар тізбегі, сандар тізбегінің мүшелері, сандар тізбегінің түрлері, екі санның арифметикалық ортасы, тізбектің

п-мүшесінің формуласы

Дәптермен, оқулықпен жұмыс

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

1.Сіз қалай ойлайсыз : Арифметикалық прогрессия, п-мүшесі формуласын орындау үшін нені білу керек?

2. Арифметикалық прогрессия, п-мүшесі формуласы ұғымы үшін қандай алгоритм құрар едің?

3. Сіз неліктен ережелерді білген маңызды деп ойлайсыз?

4.«Менің ойымша ...» сөз тіркесін пайдаланып, түсіндіреді

Құндылықтарға баулу


Белсенді қарым-қатынас. Бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау

Пәнаралық байланыс

Информатика, тарих

Алдыңғы оқу

мәтін есептерге теңдеу құру, теңдеу,теңсіздік, алмастыру тәсілі, қосу тәсілі, графиктік тәсіл, сандар тізбегі, берілу тәсілдері

Сабақтың жоспары

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басталуы




Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу,түгендеу,сабаққа назарын аудару,психологиялық дайындық жүргізу

1.Сыныпта жағымды атмосфералық жағдай туғызу мақсатында оқушылар бір-біріне күлкі сыйлайды,бір сөзбен бір-бірінің жақсы қасиетін айтады.

Мақсаты:оқушылардың ой-өрісін дамыту, бір-біріне деген жақсы қарым-қатынас орнатуға ықпал ету.

Үй жұмысын тексеру. №172; №176

«Сен маған, мен саған » әдісі бойынша оқушылар бір-бірінің дәптерлерін ауыстырып, бір-бірінің тапсырмаларын

тексереді. Тексеріп болған соң екі оқушы тапсырманы түсіндіреді.

«Кім жылдам?» әдісі

Ережелерді, формулаларды қайталау арқылы негізгі ұғымдарды еске түсіру.

  1. Сандар тізбегі, қандай тәсілдермен беріледі?

  2. Сандар тізбегі түрлері қандай?

  3. Арифметикалық прогрессия анықтамасы

  4. Арифметикалық прогрессия п-мүшесі формуласы

  5. Арифметикалық прогрессия айырымын қалай табады?

Топтарға бөлу.

Оқушыларды арифметикалық прогрессия тақырыбы бойынша қолданылатын формулаларды құрастыру арқылы топтарға бөлу.Мақсаты:оқушылардың формулаларды есте сақтауына көмектеседі.













Презентация








Формула жазылған парақшалар

Сабақтың ортасы

Тақырып бойынша есептер шығару.

Мағынаны тану

Оқулықтан №174; №177(а); №178(а); №179 (а) есептер тақтаға шығарылады.

Сергіту сәті

Bilimland электронды ресурсынан тапсырмалар орындау.

Топтық жұмыс

«Мозайка құрастыру» әдісі.

Әр топқа есептер беріледі,оны шығарып, мозайка құрастырады. Мозайка арқылы «Білім желкенін» құрастыру.

I-топ

1)тізбектің: 6;10;14;18;22...бірінші мүшесі мен айырымын табыңдар.

2)Қанаттың 10 теңгесі бар. Оны күн сайын 2 теңгеге көбейте алады. 20 күннен кейін Қанаттың ақшасының қанша болатынын есептеңдер.

II-топ

1)бірінші мүшесі 3,айырымы 4-ке тең,алтыншы мүшесін табыңдар.

2) Әсемнің 10 теңгесі бар еді. Ол күнде 2 теңгеден қосып отырды. Әсемде неше күннен кейін 90 теңге болады?





III-топ

1)берілген тізбек:7;11;15;19;23... арифметикалық прогрессия бола ма?

2)9 сыныптың оқушысы оқу жылының басында 300 дәптер сатып алды. Ол апта сайын 6 дәптер пайдаланады. 6 апта соңында оқушының қанша дәптері қалды?

Жауабы:

IV-топ

1) 1)тізбектің: 5;7;9;...алтыншы мүшесі мен айырымын табыңдар.

2)Қаланың халқы 2009 жылы 25000 адам болды. Жыл сайын 300 адамға өседі. Қаланың халқы 2013 жылы қанша болды?

Қосымша тапсырмалар

1) ; d болса, жетінші мүшені табыңдар.

2)Дүйсенбі күні Марат машинасының багіне 40 л жанармай құйды. Сейсенбі күні ол 4 л жанармай жұмсады. Келесі күндері 2 л жанармай жұмсап отырды. Аптаның әр күнінде бакта қанша жанармай қалады?

банк қызметшісінің есебі

Салымшыларға банк құйылған соманың 2% ай сайын қосады. Клиент 500 теңге салды. Жарты жылдан соң оның есепшотында қанша сома болады?

Берілгені: а0 = 500, d = 500·2:100 = 10, n = 6 – ай саны

Табу керек: а6

Шешуі: а1 = 500 + 10 = 510;

а6 = а1 + d(6 – 1) = 510 + 10 · 5 = 560 тг

Жауабы: 560 тг

Сабақты бекіту.Тест тапсырмалары

Оқулық, тақта, бор




Интер белсенді тақта, планшеттер

Сабақтың аяқталуы

Рефлексия

«Білім желкені» әдісі. Оқушылар есеп шығару барысында, өздерінің құрастырған желкеніне сабақтың өтуі туралы ойларын жазып, іледі.

Мақсаты: оқушылардың нені түсінгенін, нені түсінбегенін білуге, өз ойын айтуға мүмкіндік беру.

Іс-әрекет: стикерлер таратады.

1)Мен жақсы жұмыс жасадым.Өзіме сеніп, бойымдағы күшімді қолдана алдым.(жасыл стикер)

2)Менің жұмыс жасағым келді, бірақ менің күнім емес екен.

(сары стикер)

3)Мен жақсы жұмыс жасай алмадым, бойымда қорқыныш болды,өзіме сенбедім. .(қызыл стикер)

Үйге тапсырма: №177(ә); №179(ә)

Оқушы білімін бағалау.


Білім желкені,

стикерлер

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз.Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе?

2.Жүргізген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1.

2.


























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.10.2020
494
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12