Ересек тобының ашық ұйымдастырылған іс – әрекетінің конспектісі
Тәрбиеші: Ақылтай Қ.Ж.
Білім беру саласы: Таным
Оқу қызметі: Математика негіздері
Тақырыбы: «Қызықты математика».
Міндеттері: 1. «заттар жұбы» туралы түсінік беру; заттарды жұптастырып, оларға сипаттама беруді үйрету; жұп заттың санын білдіретін 2 цифрын жазуды үйрету; «сан» және «цифр» терминдерін ажырата білуге үйрету. Заттарды санау, олардың атаулары мен ретін анықтау, сандарды жазу дағдысын бекіту;
2. Логикалық ойлау және есте сақтау қабілетін дамыту;
3. Бір – бірінің сөзін тыңдай білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойнату.
Көрнекіліктер: атрибуттар, карточкалар, алма ағаштары, сандық, суреттер.
I - кезең мотивациялық – қозғаушы:
Шаттық шеңбер:
Армысың! Алтын күн!
Армысың жер ана!
Армысың достарым!
Жылуыма жылу қос,
Міне менің қолым бос.
II – кезең ұйымдастырушылық:
Балалар шеңберде тұрып көздерін жұмады сол кезде залға Айя келеді. Балалар көздерін ашқанда алдарында ая тұрады. Ол өзінің шатасып балабақшаға түсіп кеткенін айтады. Негізі ол Әлиге бармақшы болады, бірақ сиқырлы таяқшасы оны бізге алып келіпті.
Айя: Балалар мен қайда келдім ? Мен негізі Әлиге барайындеп оған тапсырмалар дайындап едім мүмкін сендермен бірге орындармын.
1 тапсырма: Балалармен интерактивті тақта арқылы жұмыс.
- Мына алма ағашына қараңдаршы, не көріп тұрсыңдар?
- Алмалар.
- Түстері қандай? Атап беріңдерші.
- Түстері әр түрлі. Жасыл және қызыл түсті.
- Жасыл түсті алма нешеу?
- Біреу,
- Қызыл түсті алма ше?
- Көп.
- Күздің салқын желі ағаштардың жапырақтарын ұшырған екен. Олар мына жолдарда жатыр. Санайықшы оң жағында қанша жапырақ жатыр, ал сол жағында ше? (санайды, саны бірдей). Айырмашылығы неде? (түсінде). Яғни түсіне байланысты заттың саны өзгермейді.
Логикалық есеп.
1)Алдарыңдағы жолақшада үстінде 1 алма мен 1 алма тұр. Барлығы неше алма болды?
2) Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады.Ол не? (қоян)
Қоянның суретін тақтаға ілу
Тақтада қоян нешеу?
Тағы бір қоянды қоямын.
Бір қоянның қасына бір қоянды қойдым. Неше қоян болды?
Екі қоян болды.
Ал енді қоянның сүйікті тамағы сәбіз нешеу?
Оған тағы бір сәбіз қоссақ нешеу болады?
Екі сәбіз болды. Өте дұрыс айтасындар сонда барлығы бізде 2 қоян, 2 сәбіз болды.
«1ден 2-ге дейін санаймыз»
Солдан оңға қарай санау – тура,
Оңнан солға қарай санау – кері санау деп аталады.
Жақсы өте жақсы балалар онда біз сендермен мына үстелдің үстінде тұрған тапсырмаларды орындасақ, жүре қойындар барлығымыз үстелге жақындап отырайық. Бұл жерде балалар біз қатты қағаздын үстіне ермексазбен жағылған қағазға бұрыштын көмегімен 2 санын жазып шығайық. Өте жақсы балалар барлықтарын жақсы жазып шықтындар, олай болса біз әрі қарай тапсырмаларымызды орындайық.
2 тапсырма: Балалар енді біз сендермен тақта арқылы жұмыс жасасақ. Мына жерде біз таным болғандықтан уақыттыда бағдарлап кетейік.
Балалар айтындаршы бізде бір күнді нешеге бөлеміз?
Балалар: 4ке бөлеміз
Ал енді балалар шаршаған боларсыңдар, кішкене бойымызды сергітіп сергіту сәтін жасап алайық.
Сергіту жаттығу:
Санамақ 10ға дейін жатқа айта отырып қимылмен көрсетіп отырады.
Ал енді қазір балалар біз сендермен қарама – қарсы сөздерді айтып өтейік.
Ұзын – қысқа, жуан – жіңішке, биік – аласа, алыс – жақын, үлкен – кіші, алды – арты.
3 тапсырма:
«Торсықты» безендіру балаларға кеңістікті бағдарлау арқылы торсыққа оюды қою арқылы астында, үстінде, оң жағында сол жағында деп айта отырып өздері орындау керек.
4 тапсырма: Топтық жұмыс
«Құрастырмалы санды текемет» бұл жерде балалар 3 топқа бөлініп топпен жұмыс жасайды. Балалар текеметті сан ретімен құрай отырып ондағы оюдың аттарында атап өтеді жәнеде оның түстерін ажыратады. Онда тұрған сандарды тура және кері санайды.
Айя: Өте жақсы балалар сендер барлық тапсырмаларды жақсы орындап шықтыңдар, енді мен Әлиге барайын ол мені күтіп қалған болар. Сендермен тапсырмалар орындаған маған өте қызықты болды. Сендерге көп – көп рахмет! Ал мен сендерге келгенде айттым ғой құр қол келмедім өзімнің сыйлығымды беріп кетейін деп өз сыйлықтарын беріп балалармен қоштасып қайтады.
Тәрбиеші: Жақсы онда балалар онда біз өзіміздің ұйымдастырылған іс – әрекетімізді де аяқтайық барлықтарын бүгін өте жақсы қатыстындар. Енді осы бүгінгі өткізген іс – әрекетімізді бағалап өтейік.
III – кезең рефлексиялық : Кигіз үй арқылы домбыра үш түсте болады қызыл, сары, жасыл сол түстер арқылы өздері бағалайды. Егерде ұйымдастырылған іс – әрекет ұнаған болса жасыл домбыра, ал орташа ұнаған болса сары домбыраны алады, ештене түсініксіз болса қызыл түсті домбыраны алып белгілейді.
КМҚК «Айгерім» бөбекжайы
Ашық ұйымдастырылған іс – әрекет
Тақырыбы: «Қызықты математика»
Тәрбиеші: Ақылтай Қ.Ж.
Қарағанды 2024ж
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Әріптер әлеміне саяхат

шағым қалдыра аласыз