жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Әркімнің өз дара жолы бар
«Әркімнің өз дара жолы бар»
(Дара жол бағдарламасы дөңгелек үстел)
Мақсаты:
Кейінгі ұрпақ бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай, жадында сақтау және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Өткізілетін мерзімі:15 ақпан , 2019 жыл, сағат 12:00
Қатысушылар: ардагер-ұстаздар, мектеп мұғалімдері, оқушылар
Безендірілуі: тақырыпқа сай интерактивті тақтада слайд, шарлар, гүл кестелер.
Фанфар
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, мектеп ұжымы! Бүгінгі шуағын шашқан мереке қарсаңында мектебімізде ұйымдастырылып отырған «Әркімнің өз дара жолы бар»атты дара жол бағдарламасына қош келдіңіздер!
Бүгінгі кешті ұйымдастырудағы мақсатымыз «әркімнің өз дара жолы бар» екенін, оны кәсіби шеберлікті шыңдауда ойы мен сөзі бір жерден шығып және ісінен айқын көрініп тұратынын, өзі үшін емес өзгелер үшін, жас ұрпаққа және әріптестеріне, еліне, ұлтына берер пайдасы туралы дәріптеу. Ұстаздар бойындағы мүмкіндіктің ашыла түсуіне, шабытына шабыт қосуға, өзіне ғана тән адами қасиеттерін өздерінен кейінгі жас мамандарға айта отырып бөлісу.
Армысыз, ауылымның асылдары
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би
Сіздер
үшін мереке шашулары
Жүргізуші:Ұзақ
жол жүріп келе жатқан адам қиядан қиялап,
ойдан ойыстап, тау-дөңестен тауқымет
тартып өтіп келе жатып бір бекетке өкше
тірегенде артта қаншама із қалды, енді
алдымда не қарасын бар демей ме? Дәл осы
сияқты аман-есен тіршілік кешетін
адамның белгілі бір уақытта кемел жасқа
толған сәтінде осындай ой сезінетіні
бар. Ендеше бүгінгі дара жолдың қонақтары
, қадірлі , ұлағатты, ардагер ұстаздарымызды
, ортаға шақырайық.
Жүргізуші: Саржанова Құрманкүл Бескемпировна
Демеуова Ғалия Уалихановна
Одаманова Жұпар Мунсызбаевна
Карибаева Мираш
Сартаева Жанат
Махатаева Алтынай
Балғабаева Сәрсенкүл
Оспанова Сәуле
1-жүргізуші
Құрметті ардагер ұстаздар, бүгінгі мерекелік кеш тек, Сіздердің, құрметтеріңізге арналады.
Ән: «Ұстаз» Қабыл алыңыздар! 6 «Б» сынып оқушысы Пернеханның орындауында Ұстазым әнін қабыл алыңыздар
- Ұстаз есімі әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі - ұстаз. Ұстаз деген сөз қазақ баласы үшін қасиетті де қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «Ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.
Сіздер осы ұстаздық жолды таңдадыңыздар. Ұстаздық, мұғалімдік, бұл - ең қиын әрі қызықты мамандық. Сіздер осы мамандықтың майын ішіп, жілігін шақтыңыздар. Қазіргі таңда сол бейнетіңіздің зейнетін көріп отырсыздар,
Осы мамандықты таңдау сыры туралы айтып берсеңіздер.(Жұпар апай,Ғалия апай )
Осы мектепке алғаш келген жылдарыңыз туралы айтып берсеңіздер.(Мираш апай,Жанат апай)
Шынайы көшбасшының бойында қандай қасиеттер көрініп тұрады? (директор)
Сіз үшін өмірде қымбат сөз және арзан сөз қандай? (Алтынай апай, Сәрсенкүл апай)
Жеке басыңызға қатысты – әрбір таңды қандай сөзбен бастайсыз?( Сәуле апай)
Өзіңізге өзіңіз жиі қоятын сұрақ?(Құрманкүл апай )
Бүгінгі күні ұстаз болмағанда сізден кім шығар еді?( Ғалия апай, Жұпар апай )
Бастауыштың керегесі, босағасы, тұтқасы неде деп ойлайсыз?(Сәрсенкүл апай)
Өмірде адам болып өту оңай ма?(Жанат апай, Алтынай апай)
Бақыт деген не өзі?(Мираш апай )
Бойыңыздағы сабырлық, инабаттылық қасиеттер жайлы не айтасыз?(Құрманкүл апай, Жұпар апай)
Ұстаздық ұстанымыңыз қандай еді . . . ( Сәуле апай)
Қандай ортада өзіңізді бақытты сезінесіз?( )
Жақсы құрметті ұстаздар, осы жерде әңгімеміз әдемі ойысып келе жатыр, сіздерге және осы жердегі көрермендерге арнап бір ән тыңдайық, содан кейін әңгімемізді жалғастырамыз.
Ән
Жүргізуші:
Талай
күндер төккен термен өткен күн,
Қуаныштың нәрі көктен сепкен күн.
Талай
жылдар тағылымы толысып,
Еңбектен
соң зейнет келіп жеткен күн
Ендеше құрметті ардагер ұстаздар өткен күндер іздерінен естелік суреттерге назар аударайық!
Слайд 2 Осыдан 20 жыл бұрын Ғалия апай қандай мұғалім еді?
Слайд 3 ---------------Мына сурет есіңіздеме? Сіз қай класта ашық сабақ беріп тұрсыз және әріптестеріңіз сабағыңыз қандай баға берді?
Слайд 4 -----------------Мына сурет есіңізге түсті ме? Қандай сәт еді?
Осы әдемі кешті пайдалана отырып бәріміз Сіздерден қонақ кәде сүраймыз!
Сіздерден, ауылдың алты ауызын, бір екі шумақ өлең сұраймыз!
Осы
жасқа жеткен де бар, жетпеген…
Жаратқанның
нұры сізде көктеген.
Зейнет жастың
бар қызығын көрсетсін,
Көңіл деген
көркем кейіп көк дөнен.
Әркім
дара жолды өзі салады, ал оны сала білу
әркімнің өз қолында деп кешті аяқтағым
келеді.
Зейнетке
шығумен құттықтау тілектер
Зейнет
жасқа жетіп кепсіз зымырап,
Бірақ
қимыл әлі жастай шымыр - ақ.
Еңбегіңіз
зейнет болсын ендігі
Күндеріңіз
мұң салмасын қырындап.
Талай
күндер төккен термен өткен күн,
Қуаныштың
нәрі көктен сепкен күн.
Талай
жылдар тағылымы толысып,
Еңбектен
соң зейнет келіп жеткен күн.
Еленді
еңбек қуанышты бәріміз,
Зейнет
жаспен құлпырады сәніңіз.
Жалынды
жас кейпін әлі сақтапсыз,
Қуанышқа
ортақ кіші - кәріміз.
Осы
жасқа жеткен де бар, жетпеген…
Жаратқанның
нұры сізде көктеген.
Зейнет
жастың бар қызығын көрсетсін,
Көңіл
деген көркем кейіп көк дөнен.
Зейнет
жас та құтты болсын, Ағайым,
Мына
өмірде көрдің қиын талайын.
Қиын
белдер артта қалып бақ келсін,
Қара
шаштың ақ шалмасын самайын.
Еңбегіңіз
еленіп құрметті демалысқа шыққан
қуанышты күніңіз құтты болсын! Еткен
еңбегіңіз бен төккен теріңіз аз емес.
Ендігі сол еңбектің зейнетін көріп,
ауырмай - сырқамай немере, шөберенің
ортасында аяулы әже деген атты иеленіп
жүре беріңіз! Құрметті демалысыңыз 100
жасқа дейін ұлассын!
Еткен
еңбектің еленгені кімге де болса қуаныш,
көңілге үлкен медет! Қуанышыңыз құтты
болсын! Еңбек демалысыңыздың әр күні
шалқыған шаттыққа, отбасы - Отанда, ұл
- қыздардың ортасында балқыған бақытқа
толсын! Өмір жолыңыз ұзақ болып, көрген
бейнетіңіздің зейнеті 100 есе, 1000 есе
болып денсаулық, бақыт, байлық алып
келсін! Жапырағын жайған мәуелі
бәйтеректей ғұмыр тілеймін!
Қызмет
деген бір белестен өтіп, құрметті демалыс
деген кезеңге жеттіңіз! Қуанышыңыз
ұзағынан болсын! Ағайын - туыстың
құрметіне, қосағыңыздың үлдесі мен
бүлдесіне, немере мен шөберелердің шу
- күлкісіне, ұл - қыздарыңыздың жеңісті
шақтарын көрген шаттықтың бақытты
сәттеріне бөленген әдемі ғұмыр кешіңіз!
Сізді өз жасынан жас дейді. Сәуле апай
Үәдеден тайған кезіңіз болды ма? Ғалия апай
Бүгінгі күні ұстаз болмағанда сізден кім шығар еді? Жанат апай
Шынайы көшбасшының бойында қандай қасиеттер көрініп тұрады? Құрманкүл апай
Өмірде адам болып өту оңай ма? Мираш апай
Бойыңыздағы сабырлық, инабаттылық қасиеттер жайлы не айтасыз? Жұпар апай
Ұстаздық ұстанымыңыз . . . Алтынай апай
Студент Сәрсенкүл қандай еді? Сәрсенкүл апай
Мінезіңіздегі жақсы қасиеттер? Алтынай апай
Бүгінгі күні беделді ұстаздың бірісіз, осыған не себеп болды? Жанат апай
Басшы ретінде қазіргі уақытта жас мамандардың бойында кездесіп жүрген кемшіліктерді айтып өтесіз бе? Құрманкүл апай
Басшы ретінде жас мамандардың қандай жақсы қасиеттерін және ерекшеліктерін атап өте аласыз? Ғалия апай
Сіз үшін өмірде қымбат сөз және арзан сөз қандай?
Жеке басыңызға қатысты – әрбір таңды қандай сөзбен бастайсыз?
Өзіңізге өзіңіз жиі қоятын сұрақ?
Жүрек пен жүректің айырмашылығы неде?
Сізді өз жасынан жас дейді. Сәуле апай
Үәдеден тайған кезіңіз болды ма? Ғалия апай
Бүгінгі күні ұстаз болмағанда сізден кім шығар еді? Жанат апай
Шынайы көшбасшының бойында қандай қасиеттер көрініп тұрады?
Бастауыштың керегесі, босағасы, тұтқасы неде деп ойлайсыз?
Өмірде адам болып өту оңай ма? Мираш апай
Бақыт деген не өзі?
Бойыңыздағы сабырлық, инабаттылық қасиеттер жайлы не айтасыз? Жұпар апай
Ұстаздық ұстанымыңыз . . . Алтынай апай
Қандай ортада өзіңізді бақытты сезінесіз?
Студент Асель қандай еді? Сәрсенкүл апай
Мінезіңіздегі жақсы қасиеттер?
Бүгінгі күні беделді ұстаздың бірісіз, осыған не себеп болды?
Басшы ретінде қазіргі уақытта жасмамандардың бойында кездесіп жүрген кемшіліктерді айтып өтесіз бе? Құрманкүл апай
Басшы ретінде жас мамандардың қандай жақсы қасиеттерін және ерекшеліктерін атап өте аласыз? Ғалия апай
Ахмет Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназия
«Әркімнің өз дара жолы бар»
Дара жол бағдарламасы дөңгелек үстел
Педагог-психолог: Бекжігітова А
2018-2019 оқу жылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген