Арман қуған жастар: Отаннан алыстағы болашаққа
ұмтылыс
Бүгінгі қазақ жастарының санасында
«шетелге кету» ұғымы жай ғана арман емес, нақты мақсатқа айналып
барады. Бірі – сапалы білім іздейді, бірі – лайықты өмір сүру
мүмкіндігін көксейді, енді бірі – өз құқығы қорғалатын, әділ
қоғамда өмір сүргісі келеді. Бұл – заманның шындығы. Бірақ
жастардың елден жаппай кетуі – ұлт болашағына алаңдаушылық
тудыратын қауіпті үрдіс.
Жастар неге кетіп жатыр?
Статистика мәліметіне сүйенсек,
2023 жылы елден кеткендердің 80 пайызы – 18 бен 35 жас аралығындағы
азаматтар. Бұл – қоғамның ең белсенді, креативті бөлігі.
Сарапшылардың айтуынша, жастардың басты көш себептері:
-
• Жоғары білімнің сапасына
күмән
-
• Жұмыссыздық және төмен
жалақы
-
• Әлеуметтік әділетсіздік
-
• Еркін ой айтудың шектеулігі
Әлеуметтанушы Әсия Қуанышбек:
«Жастар тек материалдық жағдай үшін емес, өзін еркін сезіну үшін
кетіп жатыр. Олар жаңаша ойлағысы келеді, бірақ қоғамдағы
қалыптасқан жүйе бұған мүмкіндік бермейді», – дейді.
Ми қашуы – мемлекеттің басты қатері
«Ми қашуы» – тек Қазақстанның ғана
емес, дамушы елдердің ортақ проблемасы. Бүгінде шетелде білім алып
жатқан қазақстандық жастардың 67%-ы елге оралғысы келмейді.
Елімізде мемлекеттің қаражатына оқып, бірақ қайтып келмеген
түлектердің саны артқан. 2022 жылы 'Болашақ' бағдарламасымен оқыған
142 түлек елге қайтпағаны үшін мемлекетке 1,4 млрд теңге қарыз
болған.
Бұл – жай ғана көрсеткіш емес, бұл – еліміздің интеллектуалдық
әлеуетін жоғалтып жатқанымыздың айғағы.
Кеткендер не дейді?
«Мен
Қазақстанды жақсы көремін, бірақ өз елімде өзімді қажетсіз
сезіндім. Мұнда менің білімім мен идеям бағаланбайды» – дейді
Германияда тұратын Айдана, ІТ маманы.
«Ата-анам
мені шетелге жібергісі келмеген. Бірақ өз болашағым үшін дұрыс
шешім қабылдадым деп ойлаймын», – дейді Канадада оқып жүрген
Мейіржан.
Жастар – елдің ертеңі. Олардың
арманын шетелде емес, өз елінде жүзеге асыруына жағдай жасау –
мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті. Әрбір кеткен жас – жоғалған
мүмкіндік. Егер біз бұл үрдісті тоқтатпасақ, ертеңіміз тек сырттан
оралған үмітпен шектеліп қалуы мүмкін.
«Отан – отбасынан басталады» дейді дана халқымыз. Ендеше, жастарды
отанында қалдыру үшін – оларға сенім, мүмкіндік, еркіндік беруіміз
керек. Сонда ғана олар шетелге кетуді емес, елді өркендетуді
армандайтын болады.