Армандар Картасы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Армандар Картасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Армандар Картасы орта және жас буынға арналады. Бұл мақалада, болашаққа айқындалған мақсаттарыңызды жүзеге асыруға көмектесетін негіздер жазылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Армандар Картасы



Әрбір адамзат өмірінде бір болсын жасап көруі тиіс - армандар картасы бар.


Армандау - адам бойына ерекше дарыған қасиеттің бірі деп білемін.  «Армандау ойдағы қиялды ұшқырлау,  тек елестетіп қоя салу» , - деп түсінетін жандарға бір ауыз сөзім бар:

Армандау ол «Визуализация» деген терминмен бірдей дүние. Тек армандап қана қоймай, оны негізге ала білгеніңіз жөн.  Мұндағы  «Негіз» әлгі армандаған дүниеніңізді мақсатқа айналдыру!  

Себебі, әрбір адам оны ойша қалап отыра бере алады. Ал, армандап кейіннен ниеттеніп, әрі әрекет етсеңіз,  әрбір арманның орындалу мүмкіндігі жоғары.


Визуализация - армандаудың бір түрі. Ол көрнекілікпен әрі ерекше бейнелеумен көзге айрықша түседі. Арманыңыздағы мысалы үй болсын, қандай-да бір әдемі қуыршақты, ойыншықты айқын түрде бейнелеп, салу. Қысқаша айта кетсек, ойыңыздағы небір дүниені егжей-тегжейлі орындап, суретін салып, әрекетке бейімдеу. Қазіргі таңда, визуалды тұрғы көптеген іс-әрекетке мотивация ретінде қарастырылатын дүние деп білемін. 

Мұндағы мотивация - қалауыңызға үлес қосу деп түсініңіз. Ол шабыттану, сіздің еңбектенуіңізге, орындаймын деп қойған мақсатыңызға айрықша көмек берер - ықпал. Толығырақ айтса кетсем, қандай-да бір дүниенің бастауына себепкер болған, ішкі ынтаңызға әсемдегіш құрал бола алатын, шабыт болып табылады.



Уолт Дисней айтпақшы , «Егер сіз армандай алсаңыз,оны жүзеге асыра да аласыз».



Армандар картасын (Визуалды тақта)жасау үшін нұсқаулық:


  1. Армандарыңызды анықтаңыз: Алдымен, арманыңызды нақты қарастырып алыңыз. Сіз нені қалайсыз, қандай мақсатты көздейсіз.

  2. Суреттерді жинаңыз: Интернет желісінен, сонын ішінде кеңес беретінім  «Pinterest»  бағдарламасынан өзіңіздің арманыңызға ұқсас суреттерді жүктеп алуыңыз қажет. Сонымен қоса, арнайы дәйексөздер мен цитаталар және де мотивациялық сөздерді де жүктеп алыңыз.

  3. Шығарып алу керексіз: Жүктеп алған соң, оларды принтерден шығарып алу маңызды.Әрі, қиып маңызды болатын сөздер мен фотосуреттерді ескеріңіз.

  4. Картаны құрастыру: Ең бастысы,  сізге  «Ватман» не болмаса арнайы «Рамка» қажет болады. Шығарған суреттеріңізді әрі дәйексөздерді осы негізгі қағазға, рамкаға жабыстыратын боласыз.

  5. Картаны көрінетін жерге қойыңыз: Бұл сіздің армандарыңыздың нақты екенінің дәлелі. Сонымен қатар жан-жақтылығынызбен талмай жасаған еңбегіңіздің арқасында осы армандарыңыз жүзеге асады.



Ескеру керек!

Армандар картасы - басты дүние емес!

Басты дүние - сіздің әрекет етіп,  жемістенуге шабыт ала білу. Ешбір бақша, әрекетсіз құлпырмайды. Өзге бақша сізге шабыт сыйлағанмен, сіздің бақша ол бақшаның шабытымен көркейе түспейді. Сізге ұтымсыз әрекет міндетті түрде қажет болады! 

Қазірден нақты айқын мақсат пенен армандай білгеніңіз жөн! Себебі, ертеңгі күні оның сізге берер пайдасы зор. Мұндағы пайда - не себепті қадам жасап, зер салып, алға ұмтылып жатқаныңыз.


Сөз соңын, ерекше өлең шумақтарымен қорытындылағым келеді:


Арман, мақсат ерекше шабыт түрі,

Аялап, жетелейтін бақыт дәні.

Ерінбе, армандай бер, мақсат қойып,

Жеткізер, бәлкім сені биік мәні.


Мақсатың айқын болсын сара жолда,

Биікке жетелейтін мына жолда.

Жемісін , гүлденгенін көрер бәлкім,

Ерен еңбек, әрекет те біраз жолда.




Орашева Саяжан Толегеновна

Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласы, 

Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің, 

11-сынып оқушысы. 


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.08.2024
411
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі