Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

"Армысың Әз -Наурыз" атты ертеңгілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
наурыз мейрамы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жүргізуші: Қүрметті қонақтар, балалар, балабақша ұжымы, сендерді бүгінгі көктемнің алғашқы мерекесі Наурыз мейрамы мен құттықтаймыз. Наурыз тек қуаныш, бақыт, жылылық пен молшылық әкелсін.

Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем

Жарығымен шуағымен күн ана,

Алып келдің жер бетіне гүл көктем.

Тақпақтар:

Гаухар: Қар еріп, су көбейіп,

Сай салаға ағады .

Бүршік шашып, жапырақ ашып,

Әп-әдемі болады.

Әлихан: Құтты болсын Наурыз той,

Қүлпырып тұр қыр мен ой .

Күн мен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді.

Гүлсезім: Пришла красавица весна,

Природу пробудила от сна

Накррыла все зеленый одеялом,

И стразу все прекрасней стала.

Нұрбек: Көктем күні күркіреп,

Жаңбыр жауды сіркіреп.

Бәйшешектер дүркіреп,

Шыға келді қыр түлеп.

Мунира: Күн мен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді.

Көңілді әуенмен Наурыз аруы кіреді. (Жаңылсын)

Наурыз аруы: сәлеметсіздер ме? қонақтар , наурыз мерекесі құтты болсын. Осы мерекені бірге тойлайық.

Би: « Гүлдер»

Тақпақтар:

Мыңбай: Где весна ты зимовала?

Где так долго ты была?

По тебе я так скучала

Хорошо, что ты пришла.

Каусар: Уа құдайым оңдасын

Жаманшылық болмасын

Қыдыр баба қолдасын

Аман сақтап мал басын

Еккен егін солмасын

Фариза: Көлде аққу, көкте қаз,

Орманда бұлбұл сайраған.

Көптен күткен көктем кеп,

Құлпырады дала жайнаған.

Ақнұр: Тыныш болсын даламыз

Таза болсын ауамыз

Қатігездік жоқ болсын

Ырысымыз көп болсын.

Ырысымыз көп болсын.

Абдірахман: Құтты болсын мерекең

Наурыз тойы туыпты.

Әне наурыз келеді,

Әсемденіп жер енді.

Ата мен әже көңілді әуенмен кіреді. (Ата- Жұпар, Әже-Жадыра)

Ата : Сәлеметсіндер ме, балалар, көктемнің алғашқы мерекесі наурыз мейрамы құтты болсын

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, ата, әже, мереке сіздерге де құтты болсын .келіңіз жайғасыңыз, балалардың өнерін тамашалаңыз.

Ән: «Қош келдің, төрлет Наурызым »

Көрініс

(Шал- Жансұлу, Мыстан- Гүлшат, бала –Мыңбай, қыздар- Айзере, Жәния)

(Шал қолында қамшысы бар, қой жайып жүреді)

Шал: Шек, шеку, ей кебенек! Мына ешкілер әбден мазамды алды. «Қой бақтым, қоңырыу тақтым. Ешкі бақтым, еңіреп бақтым» деген осы екен ғой.Уh, әбден шаршадым, дем алайыншы.(Малдас құрып отыра кетеді.) Сол кезде артынан Мыстан кемпір келіп шалды қылғындыра бастайды.

Мыстан: Уh, бәлем, қолыма түстің бе?

Шал: Ойбай, ойбай, жіберші, қылғынып барамын.

Мыстан: Сен маған не бересің?

Шал: Бір отар қой беремін.

Мыстан: Жоқ, маған қой керек емес. Балаңды бер, әйтпесе жібермеймін.

Шал: Жарайды, жалғыз Мыңбай деген ұлым бар еді, соны ал.

Мыстан: Онда келісемін, оны қалай бересің?

Шал: Баламның жақсы көретін сақасы бар. Соны саған берейін, балам алтын сақасын іздеп келгенде өзің ұстап ал.

Міне, алтын сақа.(Қалтасынан алтын сақасын алып береді, өзі кетіп қалады).

Мыстан алтын сақаның жанында отырады.(бала сақасын іздеп келеді).

Бала: Апа, апа, анау сақамды алып беріңізші!

Мыстан:Ой мен отырсам тұра алмаймын, тұрсам отыра алмаймын, өзің ал.

Бала еңкейіп сақаны ала бергенде мыстан оны шап беріп ұстап алады. Осы кезде қыздар Мыңбайды іздеп шығады.

Қыздар: Мыңбай, Мыңбай қайдасын? Біз сені іздеп жүрміз.

Осы кезде ортаға Мыстан шығып қыздарды қорқытады. Қыздар қорқып бірінің артына бірі тығылады.

Мыстан: Сендерге Мыңбай керек болса, менің шартымды орындаңдар.

Қыздар: Орындаймыз, апа, орындаймыз.

Мыстан: Онда маған Наурыз туралы тақпақ айтып беріңде?

Тақпақтар:

Айзере: С нам весна шагает

Быстрыми шагами.

И гугробы тают,

Под е нагами.

Жәния: Көктем болды алақай,

Қуанар барлық балақай.

Көктемде жаңбыр болады,

Бақшаға гүлдер толады.

Сержан: Уа, ағайын халайық,

Мында назар салайық.

Мерекесі халықтың,

Наурыз тойын бастайық.

Нұрбақыт: Осыншама жақсылық,

Алып келген Наурызым.

Төрлет бізге нұр беріп,

Шуақ шашып ақ жүзің.

Аянат: Возвращайся, Ласточка!

Только не одна.

Пусть с тобью, Ласточка,

Прилетит Весна.

Әсем : Наурыз айы –гүл айы,

Наурыз айы – нұр айы.

Мыстан:Жарайсындар!

Қыздар: Апа енді Мыңбайды жібересіз бе?

Мыстан: Жоқ, маған енді өнерлеріңді көрсетіңдер:

Ән: «Жау, жау жаңбыр.»

Би: « Батырлар»

Мыстан: Ой, рахмет, көңілім көтеріліп қалдығой.

Қыздар: Енді жібересіз бе?

Мыстан: Жоқ, жібермеймін.(Ойланып тұрып) Қане Ұлдардың күшін сынап көрейік (арқан тартыс)

Мыстан: Қандай күшті балалар! Бірақ мен Мыңбайды жібере алмаймын, менің қарным ашты.

( Қыздар жиналысып ақылдасады.)

Қыздар:Апа мыныу –ұялы телефон. Мынаны барлық жермен сөйлесе аласыз, өлең тыңдайсыз, ойын ойнайсыз, суретке түсесіз

Мыстан: Қане, әкел бері, көрейін.

Мыстан телефонды алып бұрышқа қарай барғанда қыздар Мыңбайды алып қашады.

Мыстан: Әй, әй тоқтаңдар...

-Алло, Таусоғар, Желаяқ, ұстаңдар аналарды.(сахнадан шығып кетеді.)

Би: « Көңілді күн»

Тақпақтар:

Батырбек: Армысыздар, халайық,

Бармысыздар, халайық.

Наурыз тойын жұп жазбай,

Жылды қарсы алайық.

Айзере: Кел балалар ойнайық,

Наурыз тойын тойлайық.

Баянды болып мереке

Жұлдыз: Наурыз келді тағыда,

Жасыл желек тағыда.

Құтты болсын мереке,

Жаңа жылға береке.

Гүлназым: Көктем келді бүгін,

Күнде төкті нұрын.

Сайрап барлық құстар,

Ән салуға құштар.

Ұлағат: Наурыз келді құт болып

Мына бізге сүт болып

Аққа аузымыз толады

Бар жақсылық болады.

Жүргізуші: Балалар, Наурыз мерекесі күні әр үйде қонақтар жиналып, күмбірлеген домбыра сазы, балалардың көңілді дыбыстары естіліп, таныштымыз, бүгін бізде ырымға сай мына кішкентай Мунираның құлағына сырға салайық деп едік, сол салтты өткізуді өзіңізге тапсырайын

Әже: әрине, сал-дәстүрді ұмытпай сақтап жүргендерің өте жақсы.әкеле ғой Мунираны, ырымдап сырғасын салып берейін.

Әже «сырға салу» салты туралы балаларға түсінік айтып береді.

Әже: Ай мен күндей бол қызым,

Құлаққа сырға сал қызым .

Ибалы ,сәнді бол қызым.

Бойыңды сәнде жан қызым,

Сырғаны құлағыңа салайын,

Денің сау болсын

Сырғаң сыңғырлап,

Сұлу қыз бол жаным, сырғаны салып бетінен сүйіп, тілегін айтады.

Айналайын құлыным, үлкен азамат бол, сырғаң құтты болсын, сырғаңа сай болсын деп мына сәукелені де ала келдім, кел өзім кигізейін.

Әже шашуын шашады.

Әже бата береді.

Жарқын болсын көңілің,

Ашық болсын өмірің.

Наурыз құтты болсын,

Бәріңізге денсаулық ашық аспан тілеймін.

Жүрг: Рахмет, әже қолыңыз құтты болсын, тілегіңіз қабыл болсын! Енді мына ән шашуды қабыл алыңыз.

Ән: «Наурыз көктем»

Жүрг: Балалар, бүгінгі мейрамға бізге бата беруге арнайы Қыдыр атамыз да келіпті. Келіңіз ата, төрлетіңіз.

Ата батасын береді.

Жүргізуші:

Наурыз құтты болсын!

Дендеріміз сау, мықты болсын!

Наурыз тойы келе берсін!

Барлық халық бақытты болсын!

Қош, сау болыңыздар, халайық

Барлығыңызды Наурыз дастарханына шақырамыз. Көжеден дәм татыңыздар.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2019
488
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12