400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Армысың Әз Наурыз

Материал туралы қысқаша түсінік
4-5 жастағы балаларға арналған мерекелік сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Армысың, әз Наурыз

Мақсаты: Балаларға Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін тойлау туралы халқымыздың салт-дәстүрін, әдет- ғұрпын үйрете отырып, «Наурыз» қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету, балаларға патриоттық тәрбие беру.

Жүргізуші: Армысыздар, қадірменді халайық! «Айналайын» балабақшасының ұжымы, ата-аналар, сүйікті кішкентай бүлдіршіндер. Ақ көңілмен, адал жүрекпен дос құшақтарды айқастырып, табысатын қасиетті күн – Наурыз мерекесі құтты болсын! Наурыз баршамызға жаңа бақыт , жаңа табыс, денсаулық әкелсін!

Жарқырап тұр күніміз,

Жайқалсын жас гүліміз,

Бақта бұлбұл сайрасын

Мерейін төксін көкте күн,

Мерекесін көктемнің

Бүкіл әлем тойласын.

Жүргізуші:

Құлақтан кіріп бойды алар ,

Әсем әнмен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй-деп Абай атамыз айтқандай

Келесі кезекті әнге береміз. «Наурыз,келді»

Жүргізуші: Кезекті тақпақтарға береміз.

Аян:

Наурыз келді құт болып,

Мына бізге сүт болып.

Аққа аузымыз толады,

Бар жақсылық болады.

Алмас:

Осыншама жақсылық,

Алып келген наурызым,

Төрлет бізге нұр беріп.

Шуақ шашып ақ жүзің.



Әміре:

Көктем келді балақай,

Жасарды жер алақай.

Наурыз тойын тойлайық,

Әсем әнге салайық.

Санжар:

Көлде аққу,көкте қаз,

Орманда бұлбұл сайраған.

Көптен күткен көктем кеп

Құлпырды дала жайнаған.

Балжан:

Келе жатыр жылымыз

Мейрамдаймыз мұны біз

Халқы сүйген мейрамды

Қарсы алайық Наурызды.



Жүргізуші: Балаларымыздың дайындаған айтысын көрейік.

Көрініс «Күн мен Түн»







Айша:

Наурызым тойлы нұрлы күн,

Мерейің асып тұр бүгін.

Жерімнің жүзін жылыттың

Елімнің сақта бірлігін.

Кәусар:

Әнім де маған биім де ,

Құт қонақ өзім үйімде.

Қуаныш сыйлар еліме.

Күлімде, Наурыз күлімде.

Айкүнім:

Қыстың қалың киімін,

Шешіп өзіміз тастаймыз.

Наурыз болып еліме,

Жаңа жылын бастаймыз.

Турабай:

Домбырадай мұраны,

Қастерлеуге тұрады.

Сонда жатыр даланың,

Үні менен бар әні.

Жүргізуші:

Қыздарым сұлу өнері асқан,

Билейді мың бұралып, сәби жастан.

Қайда біздің өнерпаз қыздарымыз,

Ортаға шығыңдаршы тартынбастан.

Би: «Қыздар »

Айша Т:

Наурыз тойы әдейі,

Әжем еске түсірді.

Бізге арнап әдейі,

Наурыз көже пісірді.

Ислам:

Наурыз келді алақай,

Біз билейміз балақай.

Көже ішіп шаттанып,

Теңеледі күн мен ай.

Сағыныш:

Жылдың басы Наурыз,

Жердің басы Наурыз.

Мерекеге арналсын.

Бүгінгі жыр әніміз.

Самғат:

Біз көңілді көктембіз,

Былтыр келіп кеткенбіз.

Көзін ашып бұлақтың,

Түбіне тал еккенбіз.

Жүргізуші: Халқымыздың ұлттық ойыны- «Ханталапай» ойнын ойнату.

Ән: «Қош, келдің төрлет Наурызым!»

Жүргізуші:

«Жаңбырменен жер көгерер,бата менен ел көгерер»- дегендей бата алайық.

Санжар

Ардақтадың атаңды,

Мен берейін батаңды.

Сыйлап ата-ананы,

Азамат бол саналы.

Уа, құдайым оңдасын,

Жаманшылық болмасын.

Наурыз тойы құтты болсын!

Ақ мол болсын!

Халық тоқ болсын!

Уайым қайғы жоқ болсын!

Жүргізуші: Наурыз тойы құтты болсын! Келесі Наурыз тойына аман-есен жетейік –дей келе «Әз, Наурыз» атты ертенгілігімізді аяқтаймыз. Сау сәлемат болыңыздар.





















Қызылқайын орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар Каммуналдық мемлекеттік мекемесі







«Балдырған» Ш\О

«Айналайын» тобы



Тақрыбы: «Армысың ,әз Наурыз!»

/ертенгілік/



















Өткізген : Г.Ережепбаева







2024-оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.02.2025
187
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі