400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Армысың, әз-Наурыз!" мерекелік шара бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық мерекені ұлықтау арқылы жастарға салт-дәстүрімізді насихаттау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

22 –наурыз Ұлыстың Ұлы күніне арналған «Армысың әз – Наурыз!» мерекелік шара бағдарлама


(Фанфар. Сахнаға жүргізушілер шығады)

1 – жүргізуші: 
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен, 
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем. 
Жарығыңмен, шуағыңмен Күн-Ана, 
Алып келдің жер бетіне гүл көктем. 
2 – жүргізуші: 
Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,
 
Қастерледік, қадіріңді білдік те. 
Құтты болсын, жұмылдырған Ұлыс күн, 
Бәрімізді Ынтымақ пен бірлікке. 
1-жүргізуші:

Армысыздар, ағайын!

2-жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ауыл тұрғындары!

1- жүргізуші:

Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше, Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты тойымыз құтты болсын ағайын!

1-жүргізуші: Ұлыстың ұлы күнгі мерекесімен құттықтау үшін сөз - Қаратөбе колледжінің директоры Салахаден Маулен Аманшаұлына беріледі.

2-ж: Наурыз тепе-теңдік мерекенің негізгі арқауы, мәні. 1-ж: Наурыз- жаңарудың,өсудің, түлеудің басы. 2 ж: Наурыз - имандылық мереке, ырыс пен мошылықтың бастауы.

1-ж: Наурыз - көктем мерекесі,еңбек тойы. 2 ж: Наурыз - мейірімділік,қайырымдылық мейрамы.

1-ж: Ақзат апа, қараңызшы, біздің ауылымызға той тойлауға Наурыз мейрамының белгісін айқындайтын өзіндік белгісі бар «Наурыз көші» келе жатыр!

2-ж: Иә, Мейіржан ауылымызға келе жатқан қонақтарымызды қарсы алайық.

1-2 ж: Наурыз көші қош келдіңіздер!

1-ж: Көшімізді ақ баталы, аузы дуалы ауыл ақсақалдары бастап келе жатыр.

2 ж: Халқымыздың салт-дәстүрін,әдет-ғұрпын насихаттаушы асыл әжелеріміз көштің сәнін келтіруде.

1-ж:Біржан мен Ақанның,сал Мұхиттың өнерін жалғастырушы ізбасарлары, қара күш иелері,палуандар мен сал-серілер тобы да көшпен бірге.

2 ж: Көштің көркін қыздыратын ер жігіт пен қылықты қыздарымыздан құралған «Қыз-жігіттер» ауылы да бүгін бізде қонақта.

1-ж: Аттары аңызға айналған, халқымыздың ауыз әдебиеті өкілдері «Ертегілер ауылының» өкілдері де келіп жетті.

(көш тротуармен келіп,фонтанның алдына тұрады )

(Ортаға екі жақтан жарапазан айтқан бозбала мен қыз шығады)

1 жарапазан айтушы:
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! 
Босқа қарап тұрмаңыздар,
 
Наурыз тойы басталды. 
Қызықтан тыс қалмаңыздар! 
Жаңарғаны сананың,
Ұмытады мұны кім. 
Ата салтын бабамның, 
Алып келіп Ұлыс күн. 

2 жарапазан айтушы:
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! 
Ұлыс тойы басталды. 
Наурыз туын көтеріп, 
Жар салайық әлемге. 
Көрмегендер көріңдер, 
Естімегендер естіңдер, 
Дабылын оның қағайық, 
Шақырамыз бәріңді 
Ұлыстың ұлы күніне !

1 жарапазан айтушы:
Бір анадан туғандай, 
Бір ұядан ұшқандай, 
Бір аспанның астында, 
Бір дастархан басында, 
Береке-бірлік болсын, - деп 
Көпкөжеден дәм татып, 
Күшейтейік бірлікті. 
Еңбек пенен тірлікті. 
Жарыса өнер көрсетіп, 
Той тойлайық тамаша! 

2 жарапазан айтушы:
Күміс көмей әншілер, 
Құдіретті күйшілер, 
Мың бұралған бишілер, 
Балтыры жуан палуандар, 
Бәрің де сынға түсіңдер! 
Жүзден жүйрік тұлпарлар, 
Озып шыққан дүлдүлге 
Үлкен-үлкен сыйлар бар! 

Қанекей, бәріміз ортаға шығып, қара жорға билейік!

2-жүргізуші:

Наурыз шаттық әніміз,

Салтанатты сәніміз.

Ән салып жас-кәріміз.

Би билейміз бәріміз.

Би: «Қара жорға»


2-жүргізуші:

Тойла бүгін, тауларым мен кең далам,

Тойла бүгін, қарттарым мен бозбалам.

Қайта оралған намысымдай халқымның,

Жаңа жыл боп қош келіпсің, Наурызым.

1-жүргізуші :

Арда өсіп, адал емген уызын,

Қалдырған ғасырларға нәрлі ізін.

Көк бөрілі байрағын желбіретіп,

Көк түріктер тойлаған бұл - Наурызым!


2-жүргізуші: Құрметті қонақтар, ауыл жастары! Бүгінгі мерекеде аудандық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен қазақтың ұлттық ойындарына арналған спорттық сайыстар өткізіледі.

1-жүргізуші :

Ұлттық ойын түрлері:

1. Қазақша күрес.

2. Арқан тарту.

3. Қол күресі.

Жеңімпаздарға орталықтың бағалы сыйлықтары бар! Қатысыңыздар! Жеңімпаз болыңыздар!


1-жүргізуші:

Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,

Жап-жасыл боп кетті дүние жаңғырып.

Жақсылыққа жаршы болған Наурызым,

Сен өмірдің көктемісің мәңгілік.

Ән: Наурыз –көктем. Орындайтын: Нығыметова Ақгүл.


2-жүргізуші:

Жаңа жыл, кел, төрлет,

Ел достығын өркендет.

Мол болсын ырыс,құт,

Болсын елде тыныштық.

Құтты болсын Наруыз той,

Құлпырып тұр қыр мен ой.

Күн мен түні теңелді,

Жер шуаққа кенелді.


2-жүргізуші: Мержан қарашы, Наурыз тойды тойлауға әжелер де келіп қалыпты.


1-жүргізуші: Ия.Қош келдіңіздер әжелер! Төрлетіңіздер!


( Әжелер көрінісі )

1 әже Эльмира апа: Армысыз, әлемнің алтын шырағы,

Күн Ана! Төрлетіңіз! Тәу-тәу!

Армысыз, халқымның асыл пырағы,

Доңыз жылы төрлетіңіз! тәу-тәу!

Атар таңға,батар күнге тәу-тәу!

Зарыға күткен жаңа жыл ,

Әз - Наурызым тәу-тәу!



2-әже Ғалия апа, Гүлжиян апа:

Алас, алас, алас!

Әр пәлеңнен қалас!

Көзі жаманның көзінен алас!

Тілі жаманның тілінен алас!

Уы жаманның уынан алас!

Қырық қабырғасынан алас!

Отыз омыртқасынан алас!

Елімнен алас, жерімнен алас!

Алас, алас, алас!

Қыла гөр Алла мың пәлеңнен қалас! - деп әжелер жүн тұтатып, айналаны аластайды.


3 – әже Зәуреш апа:

Малдар төлдеп, қой қоздап,

Сүттен бұлақ ағызған.

Жаңа жылдың сипаты

Молшылыққа аңыз боп,

Басталыпты Наурыздан - деп, ағашқа ақ құяды.


4-әже Шарбану апа, Әсел:

Наурыз келсе, құт келгені, халайық!

Есік ашып,шашу шашып,тойлайық.

Әз Наурызым құт боп елге дарысын,

Ел болып, барша жұртпен қарсы алайық-деп, келген қонақтарға шелпек-бауырсақтан ауыз тигізеді.


5- Бахыт, Гаухар:

Шапағатын аямай бұл жақта аспан,

Жадырайды әр адам мұң шақпастан.

Уа, ағайын, келіңдер!

Бүгін бізде – Наурыз көже,

Құрт - қатық, бұршақ қосқан - деп наурыз көже ұсынады.


6 - Гүлжазира, Гүлсезім, Ақбөбек:

Наурыз тойын жұп жазбай,

Қошеметпен қарсы алайық.

Досқа құшақ ашайық,

Өлең-жырға басайық.

Қазақтың бір салты деп,

Тойға шашу шашайық.

Шашу! Шашу! Көп шашайық шашуды, 
 Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр. 
 Уа, жамағат, жинап ал несібеңді, 
 Ризығың болсын көл-көсір! 





(Бесікке салу көрінісі) Ортаға Рима шығады, әжелерге:

-Армысыздар, әжелер! Наурыз құтты болсын! Ақ мол болсын! Осы Наурыз айында дүниеге келген қызым Наурызгүлді бесікке салып берулеріңізді сұраймын.

- Эльмира апа: - Әрине салып береміз. Қане, жүріңдер әжелер кішкентайымызды әлдилейтін бесігіне салайық.

(Зәуреш апа рәсімін жасап баланы бесікке салады. Барлығы қосылып бесік жырын айтады)


1-жүргізуші : Қазақ биі.

1-жүргізуші:

Қырдан бүгін бу ықты,

Қуды жерден суықты.

Құтты болсын мерекең,

Наурыз айы туыпты,

Әне, Наурыз келеді.

Құлпырады жер енді.


(Наурыз қыз шығады. Қасында гүл шашатын қыздар бар.)

Наурыз қыз:
Ақ қар кетіп, қыс өтіп,
Шырайлы шуақ жаз жетіп,
Шаруаның бұл кенелген
Күн мейрамы ежелден,
Құтты болсын, бұл Наурыз!


Сәлден соң Қызыр ата мен 4 мезгіл келеді.


Қызыр ата:

Уа, аман ба ,жарандар!

Алтын таңға қараңдар!

Ерте жайнап атты таң,

Естіліп тұр шаттық ән.

Наурыз келді жеріме,

Нұр себеле еліме.

Құт – береке дарытып,

Ырыс-баққа кенелте.


Көктем:(Фатима) - Наурыз құтты болсын қазақ елі! Жер көгеріп, ырысымыз көбейсін. Өрісіміз малға толып, даламыз егінмен жайқалсын (Бидай шашып жүреді)

Жаз: (Каусар) – Жаз келіп, көңілің жәй болсын, Көргенің шаттық той болсын! (Гүл шашады)

Күз: (Данагүл) – Күзде егініміз бітік шығып, қамбамыз астыққа толсын! (Корзинаға нан, бауырсақ толтырып шығады).

Қыс:(Айсымбат) – Қысымыз қарлы болсын, келер жыл майлы болсын ! (Қар)





Наурыз қыз:

Сәлем, анам ― алтын күн!

Сәлем, қарты халқымның!

Уақытыма риза боп,

Бақытыма шалқыдым!

Күн мен түнді теңелте,

Келіп жетті Әз-Наурыз.

Қош келдің, Қызыр атамыз,

Айтылсын бізге батаңыз.


Қызыр ата:

Ал, берейін батамды:

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт – түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін,

Бәле – жала жерге енсін.

Ұлы халқым тоқ болсын,

Көйлектерің көк болсын!

Қайғы – уайым жоқ болсын!

Қуаныштарың көп болсын!

(Әумин)

2-жүргізуші : Ән-Ақжайнақ. Орындайтын: Дует.


1-жүргізуші:

Наурыз құтты болсын,

Дендеріміз сау мықты болсын!

Наурыз тойы келе берсін,

Барлық халық бақытты бола берсін!


2-жүргізуші:

Еліміздің несібесі көп болсын.

Халқымыз көбейіп тоқ болсын!

Қош сау болыңыздар халайық,

Көріскенше күн жарық болсын.


1-жүргізуші: Ұлыс бақты болсын !
2-жүргізуші: Әр күніміз жақсы болсын !
1-жүргізуші: Достығымыз берік болсын !
2-жүргізуші: Еліміз аман, жеріміз тыныш болсын!
1-жүргізуші: Келер жылға дейін сау болыңыздар!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
12.01.2020
1249
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі