Батыс Қазақстан облысы
Казталов ауданының білім беру
бөлімі
Қайыңды орта жалпы білім беретін
мектебі
Тақырыбы:
«Армысың, әз Наурыз!»
(Мерекелік концерт)
Каким Алпамыс Кенжебекулы
Технология пәнінің II санатты
мұғалімі
Қосымша білім беру педагогы
«Армысың, әз
Наурыз!»
Ұлыстың Ұлы күні наурыз
мейрамына арналған мерекелік концерттің
бағдарламасы.
1.Музыка ойнап тұрады.
Сахнаға Қожанасыр, Алдар көсе, тазша бала шығады. Көрініс 3 – 4
сынып
2.Ән: Оразғалиев Әмірбек
«Ассалаумағалейкум»
1 – жүргізуші:
Айкөркем
Бағыма
көктемменен еніп
едің,
Іздедім
шуағыңнан көңіл емін.
Бір мезгіл
жоғалғаным
табылғандай
Шаттанды
шашуыңнан төңірегім
Көркейтсін
баспасын да даланы
мұң
Тербетсін
табиғатты дана жырың
Қош келдің
төрімізге төрлет
бүгін!
2 – жүргізуші:
Ақтлеу
Армысыздар ұстаздар, ата - аналар, қонақтар!
Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті.Бүгін Ұлыстың
ұлы күні.Ақ түйенің қарны жарылған күн.Наурыз -“Жаңа күн” деген
сөз. Бұл күн - біздің ата-бабаларымыздың,арғы тегіміз мыңдаған
жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі.Олай болса,
наурыз тойымыз құтты болсын!Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда
денсаулықтарыңыз мықты,тілектеріңіз қабыл болсын!Бүгінгі Наурыз
мейрамына арналған “Армысың, әз Наурыз” атты мерекелік кешімізге
қош келдіңіздер!
Құттықтау
сөзді мектеп директоры Сүлейменов Серікжан Бақсиықұлына
береміз.
1 – жүргізуші:
Айкөркем
Енді ортаны
баршыңызға ашайық
Көрерменге
жырдан шашу шашайық
Ән мен
күйді, жыр мен биді
шалқытып
Өнерменен
інжу - маржан жасайық
- дей отырып
ортамызға мың бұралған бишілерімізді
шақырамыз.
3. Қазақ биі 3 – 4
оқушылары
2 –
жүргізуші: Ақтлеу
Наурыз –
көнеден келе жатқан мейрам. Наурыз мерекесін түркі тілдес халықтар
тойлайды. Тәжік халқы бұл мерекені "Бәйшешек", "Гүлгардон" не
"Гүлнавруз", татарлар "Нардуган", бирмалықтар "Су мейрамы",
хорезмдіктер "Наусарджи", буряттар "Сагаан сара", армяндар
"Навасарди", чуваштар "Норис ояхе" деп атаған.
«Наурыз»
сөзі – біріншіден, жыл басында тойланатын думанды халықтық мейрам,
екіншіден, ай аты, үшіншіден, ұлыс күні жасалатын көжеге байланысты
айтылады.
1 – жүргізуші:
Айкөркем
Наурыз
мерекесі 1991 жылы, 15 наурызда Қазақ СР Президентінің қаулысының
негізінде мемлекеттік
мәртебеге ие болды. Елбасы наурыз
айының 22 жұлдызын "Наурыз
мейрамы" деп жариялады. Ал 2009
жылдың 24 сәуірінде ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев наурыз айының 21,
22, 23 күндеріне "Наурыз
мейрамы" деген атақ
берді.
2 –
жүргізуші: Ақтлеу
Наурыз
тойы – мерекесі ұлтымның
Берекелі,
ырысы мен құтымның.
Тәуелсіздік думанымен бірге келген,
Ұлы күні, Ұлыс күні жұртымның – дей отырып
келесі кезекті әнге
береміз.
4.Ән: Бауыржанова
Айзере
2 –
жүргізуші: Ақтлеу
Тәуелсіз биік
халқымның
Желбіреп туы
шалқысын.
Әз Наурыз келіп
еліме
Жер - Ана бойы
балқысын.
Жаңғырар дәстүр -
салтымның
Көзелсін бұлақ
жылғасы
Қастерлі менің
халқымның,
Мереке Наурыз - жыл
басы.
1 – жүргізуші:
Айкөркем
Қош келдің Наурызым
Ардақты,
Халқым саған бар үмітін
арнапты.
Жылда осылай келе бергін
жасарып,
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты. – дей
отырып келесі кезекті бүлдіршіндеріміздің мерекелік құттықтауына
береміз.
5.Тақпақтар 1 –
сынып
6.Би 5 – сынып
«Қазақ биі»
1 – жүргізуші:
Айкөркем
Тойла бүгін тауларым мен боз
далам,
Тойла бүгін қарттарым мен
бозбалам.
Мереке боп келген бүгін
Наурызым!
Береке бол ешқашанда
тозбаған!
2 –
жүргізуші: Ақтлеу
Аспанымда ақша бұлттар
аунайды,
Наурыз тойы көңілімді
баурайды.
Тебіренген табиғат та мәз
мейрам,
Аңқылдаған қазағымнан аумайды. – дей отырып
келесі кезекті әнге береміз.
7. Ән Кенжебаева Альбина»Әдемі –
ай»
8. Би. 4 сынып. «Қазақ
биі»
2 – жүргізуші:
Актлеу
Құрметті
көрермендер! Қазақтың ұлттық ойындарының
терең тәрбиелік, әскери -
спорттық, салт -
дәстүрлік, өзара қарым - қатынастық және көркем
-эстетикалық сипаты бар. Ұлттық
ойындар дене
шынықтыру, жастардың ақыл -
ой қабілетін арттыру сияқты міндеттер
атқарған.
Ұлттық спорттық ойындарды
ұйымдастырушы оқушыларымызды ортаға
шақырамыз.
9.Көрініс(Ұлттық ойындар) 8 - 10 сынып
оқушылары
10. Достық биі 8 - 11 сынып
оқушылары
2 – жүргізуші:
Актлеу
Көргенде
қуанасың таза әуені,
Құлаққа
естілгендей жаз әуені.
Жыл сайын
тойланатын мәңгі – бақи,
Наурызың
құтты болсын, қазақ елі.- дей отырып ортамызға мың бұралған биші –
ұл қыздарымызды шақырамыз.
11. Би: 7 – сынып
«Қаражорға»
12.Ән: Сапарова
Гүлнұр
1 – жүргізуші:
Айкөркем
Құрметті
көрермен! Мектебімізде 13 ақпан – 13 наурыз аралығында «Үздік
сынып» байқауы оздырылған болатын.
2 – жүргізуші:
Актлеу
Ендеше
марапаттау сәтіне кезек келіп тұр. Ортамызға байқау
ұйымдастырушыларын шақырамыз.
13.Марапаттау
1 – жүргізуші:
Айкөркем
Актлеу
сенен ұстаздарымыздың құрметіне, Ұлыстың ұлы күніне арнап бір ән
сұраймыз.
14.Ән: Кенжегалиев
Актлеу
15.Ән:Самат Самал
Ортаға
Тазша бала,Қожанасыр, Алдар көсе шығады.
16. Бата беру 2 -
сынып
1 – жүргізуші:
Айкөркем
Наурыз –
бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған,
сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Ұлыстың ұлы күні
құтты болсын, ағайын!
2 – жүргізуші:
Актлеу
Құрметті,
қонақтар, оқушылар, көктемнің тамаша мерекесі – Ұлыстың Ұлы күні
Наурыз құтты болсын! Әр шаңыраққа береке, бірлік
әкелсін!
Ой қосылсын
ойыңа
Бой қосылсын
бойыңа
Аман-есен
жетейік
Келесі Наурыз
тойына!
Бүгінгі
Ұлыстың Ұлы күні наурыз мейрамына арналған
«Армысың, әз Наурыз!» мерекелік концерттімізді
Оразғалиева Бұлбұлдың орындауында «Наурыз думан» әнімен
аяқтаймыз.
17.Оразғалиев Бұлбұл «Наурыз
думан»
1,
2 – жүргізуші: Қош сау
болыңыздар!
1.
Көрініс 3 – 4 сынып
2. Ән: Оразғалиев Әмірбек
«Ассалаумағалейкум»
3. Қазақ биі 3 – 4
оқушылары
4. Ән: Бауыржанова
Айзере
5. Тақпақтар 1 –
сынып
6. Би 5 – сынып «Қазақ
биі»
7. Ән Кенжебаева Альбина»Әдемі –
ай»
8. Би. 4 сынып. «Қазақ
биі»
9.
Көрініс(Ұлттық ойындар) 8 - 10 сынып
оқушылары
10.
Достық биі 8 - 11 сынып оқушылары
11.
Би: 7 – сынып «Қаражорға»
12.
Ән: Сапарова Гүлнұр
13.
Марапаттау
14.
Ән: Кенжегалиев Актлеу
15.
Ән:Самат Самал
16.
Бата беру 2 - сынып
17.
Оразғалиев Бұлбұл «Наурыз думан»