“Арнайы білім беретін мекемелерде сүйемелдеуді қажет ететін балаларға сөйлеуге ынталандырудың алгоритмдері”

Тақырып бойынша 11 материал табылды

“Арнайы білім беретін мекемелерде сүйемелдеуді қажет ететін балаларға сөйлеуге ынталандырудың алгоритмдері”

Материал туралы қысқаша түсінік
Арнайы мектептерде сүйемелдеуді қажет ететін балалар, қосымша диогнозы бар балалардың алғашқы дыбыстарын шығару, түсінік қалыптастыру т.б.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысының білім басқармасының “№ 3 арнайы мектеп-интернат КММ

Мұғалім- дефектолог: Калшораева М.П.

Дөңгелек үстел

Сабақтың тақырыбы: “Арнайы білім беретін мекемелерде сүйемелдеуді қажет ететін балаларға сөйлеуге ынталандырудың алгоритмдері”

Сабақтың мақсаты: сүйемелдеуді қажет ететін балалармен жұмыс барысында кездесетін қиыншылықтарды жеңудің әдіс- тәсілдерін, әріптестерімізбен бөлісу.

Сабақтың көрнекілігі: Лед экран, дамытушы ойыншықтар.слайдтар,көрнекі құралдар көрмесі.

Ұйымдастыру кезеңі

  • Психологиялық дайындық

  • Қима қағаздардан жүрек құрастыру.

  • Ұстаздар бір-біріне жылы сөздер айтып орындарына отыру.

Мидың қызметі

Мидың екі бөліктеріндегі байланысты жасау нейро жаттығу жасаудан басталады.

Мидың оң жақ бөлігі креативті ойлау мен шығармашылықты дамытса, ал сол жақ ми бөлігі логикалық ойлау, есептеу, оқу, әріп тануға жауап береді. Нейро жаттығу. 1. Екі қолмен қағаз мыжғылау. 2. Саусақ жаттығуы.(музыкамен).

Диогностика және сөйлеуді дамыту.

Баланың сөйлеу қабілетін бағалау, оның даму деңгейін анықтау, сөйлеу процесіндегі бұзылыстарды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Бұл мақсатта диогностика маңызды роль атқарады. Диогностика – баланың тілдік дамуы мен қабылдау деңгейін жүйелі түрде тексеру процесі болып табылады.

Диогностика кезеңдері төмендегідей реттілікпен болады.

  • Түсінік.

  • Қабылдау.

  • Проксис .

  • Сөйлеу.

1. Түсінік

Түсінік деңгейі баланың нұсқауларды қаншалықты түсініп, оларды орындауына негізделеді.

Түсінік 5 деңгейден тұрады.

  • Мүлде түсінбеу: Баланың ешқандай команданы түсінбеуі, ешқандай реакция білдірмеуі.

  • Қайда? деген сұраққа жауап беруі: Баланың “Қайда?” деген сұраққа жауап бере алуы.

  • Заттық түсінік: Баланың нақты әрекеттерді (мысалы: қаламды ал! есікті жап! су құй! ) орындауы.

  • Етістікпен түсіну: Баланың етістікпен байланысты сұрақтарға жауап беруі. Мысалы: ұйықтап жатқан бала қайда?

  • Күрделі түсінік: Бірнеше әрекеттің қатар орналасуы (мысалы: қолыңды көтеріп, рюкзакты асынып, есікті аш!.

2. Қабылдау


Қабылдау. Бұл кезеңде баланың қабылдау қабілеті тексеріледі. Қабылдау дегеніміз – түрлі сезім мүшелері арқылы ақпаратты қабылдау әрекеті ( көріп, естіп, сипап сезіп, және дәмін татып) қабылдау. Бұл қабілеттің дұрыс дамуы баланың сөйлеу қабілетіне тікелей әсер етеді. Қабылдау кезеңінде: ойлау дағдылары, қозғалыс дағдылары, сөздік қор, тапсырманы орындау, змоциялар мен әлеуметтік қарым - қатынас, тіл дағдылары қалыптасады.

Қабылдау жүйелері және олардың қызметі

  • Көру (визуалды қабылдау) – біздің айналамызағы заттарды көру арқылы ақпарат алуымызды қамтамасыз етеді.

  • 2. Есту (аудиолы қабылдау) – сыртқы дыбыстарды қабылдайды, сөйлеу мен коммуникация үшін маңызды.

  • 3. Сипап сезу (тактилді қабылдау) – тері арқылы заттармен немесе қозғалыстар мен байланыс орнатамыз.

  • 4. Дәм сезу – тамақтың дәмін, әртүрлі химиялық заттардың дәмін қабылдаймыз.

  • 5. Тепе-теңдік сақтау ( вестибулярлық қабылдау) – дегеніміз дене қозғалысы мен оның орналасуын сезінуімізді қамтамасыз етеді.

3.Праксис

Праксис. Праксис дегеніміз баланың қозғалыс дағдылыры мен олардың тілдік әрекетке әсерін тексеру. Баланың қозғалысы мен сөйлеуін үйлестіре алу қабілеті маңызды. Бұл кезеңде баланың қозғалыс дағдыларымен сөйлеу әрекеттерінің өзара байланысы бағаланады.

Ойлауды дамыту

Ойдау-баланың дамуындағы маңызды кезеңдердің бірі. Бұл процесс арқылы бала сөйлеуді, түсінуді және қоршаған ортада болып жатқан оқиғаларды бағалауды үйренеді. Ойлау арқылы бала өзінің белсенді әрекеттерін жүзеге асырады және қоршаған әлеммен қарым –қатынасын қалыптастырады.Ойлау баланың псикикалық дамуында басты рөл атқарады.

Ойдау - баланың дамуындағы маңызды кезеңдердің бірі. Бұл процесс арқылы бала сөйлеуді, түсінуді және қоршаған ортада болып жатқан оқиғаларды бағалауды үйренеді. Ойлау арқылы бала өзінің белсенді әрекеттерін жүзеге асырады және қоршаған әлеммен қарым –қатынасын қалыптастырады.Ойлау баланың псикикалық дамуында басты рөл атқарады.

1 сатысы.Ойлау 1-3 жас аралығында затты зерттеу.

2 сатысы. 3-4 жас арасы Ақпаратты жүйелеуү

3 сатысы. Көрнекілік қиалдау, ойлау.

4 сатысы..Логикалық ойлау.

4.Сөйлеу

Сөйлеу. Сөйлеу деңгейі баланың сөздік қорын, сөздерді байланыстырып қолдану қабілетін көрсетеді.

Сөйлеу 3 негізгі кезеңге бөлінеді:

  • Сөйлеуге дайындық. Баланың алғашқы сөздері мен қимылдарын қолдануы.

  • Байланыстырып сөйлеу. Баланың бірнеше сөзді бір –бірімен байланыстыра отырып сөйлеуі.

  • Анық сөйлеу. Баланың сөйлеуінде сөздер дұрыс қолданылады,сөйлемдер толық және түсінікті болады.

Сөйлеуге ынталандыру

Сөйлеуге ынталандыру бұл базалық сөйлеуді дамыту. Базалық сөйлеу дегеніміз; мүлде сөйлей алмайтын немесе қысқа сөйлейтін, еліктей алмайтын балалар

Сөйлеуге ынталандырумен жұмыстанатын маман,өте эмоцаналды болу керек.


Сөйлеуге ынталандырудың 8 (сегіз) алгаритмі бар.


Сөйлеуге ынталандыру

Сөйлеуге ынталандыруда қолданатын әдіс тәсілдер.

1. Дауысты дыбыстар просодикасы:

Ең алғаш баладан шығатын дыбыстар: а, о, у, ы, и, э.

АО,АИ, АУ, ОО, ИО, ИУ, УО.мағынасыз буындар.

Просодика (құрау) дегеніміз-тілдегі сөздің айтылуын реттейтін буын құраушы, сөз сөз құраушы фонетикалық бірлік. Баланы сөйлеуге ынталандыру, яғни сөйлейтін балаға дыбысты шақырумен жұмыс жасаймыз!

Дәл жоғарыдағыдай дауысты дыбыстардың тізбегіне 6 сабақ арнаймыз. Осы 6 сабақан кейін бала осы дыбыстарды меңгеріп шығуы керек.

2.Буындар: БА, -БО,- МА,- МО,- ТА,-ТО,- КА,-КО,-ПА,-ПО– дәл осындай типтегі буындарға 10 сабақ арналады!

Эмоциялар!Баламен бірлесе отырып эмоциялық дағдыларын қалыптастырасыз!

Уааау-таңғалу,таңырқау

Ууфф-шаршау

фии,фуу-жиіркену

Тууфф-ашулану

Іңгә-жылау

Бала осы эмоцияны түсінуі керек және жасағанда осы буындарды айтуы маңызды!Эмоцияны дамытуға 5 немесе 6 сабақ арнайсыз.

4.Келесі алгоритмде сіз жануарлардың дыбыстауына көшесіз!

Ит қалай үреді? –аф ,-аф.

Мысық қалай дыбыстайды? –мияу

Сиыр қалай мөңірейді? –мууу

Дәл осындай реттілікпен алып кетеміз! Әр жануарды бір сабаққа қоямыз.Дәл осылай 6 сабақ арнаймыз!

Баланың деңгейіне қарай,бір сабаққа 2 жануардан алсаңызда болады!

Естеріңізде болсын,баламен жұмысты бастағанда міндетті түрде бірінші пассивті сөздік қорын дамыту жүреді!

Ол қалай? Сұрақ қоясыз? Өзіңіз жауап бересіз!

Мысалы:Ит қалай үреді? Аф ,-аф. деп айтамыз! Одан соң ғана баладан сұраймыз! Пассивті сөздік қор деген осы.

5. Етістіктерді қолдану

Ал. Сал. Бер. Әкел. Аш. Жап. Кет. Қой. Жүр. Отыр. Тұр!

Әр етістікті бір сабаққа арнаймыз, дәл жаңағы жануардың дыбыстары сияқты.Балының деңгейіне қарай сабақты жүргіземіз.

6)Мен,сен ұғымы!

- Кім жасады?Мен.

- Кім салды?Сен.

- Кім отырды?Мен.

Мен және сенді ажыратуды үйретеміз.

7). Бұл этапта біз өткен сабақта өтілген Зат есім+етістікті қосамыз

Мысалы: Мен ашамын! Мен саламын! Сен жап!

Бұл этапта мүлдем сөйлемейтін балаға екі сөзден тұратын сөйлем құрауды үйретеміз

8.Тематикалық тақырыптар:

Көкөністер, жемістер, мамандықтар, көліктер, отбасы – деген сияқты 10 тақырыпты әрбір сөзді үйретеміз.

Әр тақырыпқа 10 тақырып арнаңыз!

Жануарларға-10 сабақ

Жемістерге-10 сабақ

Мысалы: Мен ашамын! Мен саламын! Сен жап!

Бұл этапта мүлдем сөйлемейтін балаға екі сөзден тұратын сөйлем құрауды үйретеміз

Байланыстырып сөйлеу

Баланың тілін дамуының маңызды кезеңдерінің бірі- байла - ныстырып сөйлеу. Бұл сөйлеу процесінің дамуында баланың

логикалық ойлауның ролі зор. Әдетте біз балалардың тек қарапайым сөздермен сөйлеуін байқасақ , байланыстырып сөйлеу дегеніміз –баланың ойларын бір-бірімен жүйелі түрде, байланыс құра отырып жеткізуі, сөздік қоры және граматикалық дағдыларының маңызы зор.

Байланыстырып сөйлеудің негізгі ерекшеліктері.

Байланыстырып сөйлеуді дамыту үшін баланың тілінде келесі элементтер болуы тиіс.

1.Сөздік қор - баланың сөйлеу қабілетіне әсер ететін негізгі фактор. Байланыстырып сөйлеу үшін балада көптеген сөздер мен олардың мағыналарын меңгеру маңызды.

2. Граматикалық байланыс- бала сөйлемдер құра отырып, олардың граматикалық құрылымдарын дұрыс қолдануы керек. Бұл жерде септік жалғаулары, көптік жалғаулары, уақытты білдіретін формалар маңызды.

3. Логикалық құрылым-баланың оқиғаларды немесе жағдайларды ретімен айтып, олардың арасындағы себеп – салдарлар байланысын көрсету қажет.

Байланыстырып сөйлеуді дамыту жолдары

Байланыстырып сөйлеудің даму процесі екі кезеңнен тұрады:

1.Базалық сөйлеу – баланың тілінде қарапайым сөздер мен сөз тіркестерінің құрылуы. Мысалы, “Мен мектепке барамын” деген сияқты қарапайым сөйлемдер.

2.Граматикалық сөйлеу – баланың сөйлеуінде граматикалық құрылымдардың қолданысқа енуі. Бұл кезеңде бала тек сөздерді емес, олардың байланысын дұрыс қолдануды үйренеді. Мысалы,”Мен мектепке бардым” немесе “Мен мектепке барамын”сияқтыдұрыс сөйлемдер айту. Жұрнақ жалғауларды дұрыс қолдану.

Баланы байланыстырып сөйлеуге үйретудің түрлі әдіс - тәсілдері бар.

Сұрақ -жауап әдісі. Балаға сұрақтар қойып, оны әңгімеге тарту.

Әңгімелеу жаттығулары: белгілі бір тақырып бойынша әңгіме құрастыру, мысалы, “Менің күнім” немесе “Менің жануарым” деген тақырыптар бойынша.

Оқиға құрастыру: суреттер бойынша оқиға құрастыру. Мысалы: бір қатар сурет көрсетіліп, бала оларды байланыстырып әңгімелеу керек.

Қорытынды:Қорытындылай келе дыбысы шықпайтын бала болмау керек. Адамзаттың табиғи жаратылысы сөйлеуден тұрады.Ал,іске сәт.Сабақтарыңызда қолданыңыздар!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.11.2025
8
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі