Тақырып бойынша 11 материал табылды

Арнайы мектептер жүйесі, даму болашағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Арнайы мектептер жүйесі, даму болашағы
Материалдың қысқаша нұсқасы

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

І. ДАМУЫНДА АУЫТҚУЫ БАР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН АРНАЙЫ МЕКТЕПТЕР

1.1 Дамуында ауытқуы бар балаларға арналған алғашқы арнаулы мекемелер

1.2 Арнайы мектептердегі дамуында ауытқулары бар балалармен атқарылатын жұмыстар


ІІ. АРНАЙЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ БОЛАШАҒЫ


2.1 Арнайы мектептер дамуында ауытқуы бар балалардың дамуы мен емделуінің алғы шарты



2.2 Арнайы мектептер жүйесі дамуының болашағы


ҚОРЫТЫНДЫ


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР



























КІРІСПЕ


Тақырыптың көкейтестілігі. Кез келген мемлекеттің өркендеуі онда өмір сүретін халықтың білім деңгейі және денсаулығымен бағаланады. Қ Р. Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Дені сау ұлт» үшін инфрақұрылымын дамытудың маңызы жоғары екендігін айта отырып, балалық шақтан бастап дене шынықтыру мен спорттық даярлыққа және оған ең қолайлы мүмкіндіктер туғызуға ерекше ден қойылуына аса көңіл бөлді.

Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» заңы дамуында кемістігі бар балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесін жасауға, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсіби даярлау ісімен байланысты проблемаларды шешуге, балалар мүгедегінің алдын алуға бағытталған.

Аномальды балалар – белгіленген тәртіппен расталған, туа біткен, тұқым қуаланған, жүре пайда болған ауруларды немесе жарақаттардың салдарынан тіршілік етуі шектелген, дене немесе психикалық кемістігі бар балалар.

Аномальды балалар тәрбие ісінде, оқытуда көптеген қиындықтар келтіреді. Әдетте, кемістігі бар бала ақыл-ойы мен өсуінің бұзылуы оның организмі жаңадан қалыптаса бастаған кезде пайда болады. Балалардың өсіп-дамуы бұзылған кезде алуан түрлі ауытқушылық болатындықтан, аномальды балаларды зерттеу қиындай түседі. Бұзылудың қандай түрі болмасын баланың өсіп-дамуына өз тарапынан ерекше әсер етеді.

Дефектология курсының мақсаты әр түрлі дәрежедегі дамуында ауытқуы бар балалардың психофизикалық дамуындағы ерекшеліктерін қалыптастыру, осы тұрғыдағы балаларға коррекциялық тәрбиелеу жұмыстарын жүргізуінің бағыты мен оқытудың мазмұны туралы білімді қалыптастыру.

Аномальды балалар біздің елімізде жылдан-жылға азаюда. Жұқпалы ауруларды профилактикалық емдеу әдістерімен жолға қою арқылы елімізде балалардың денсаулығы жақсарып келеді. Біздің елімізде аномальды балаларды тәрбиелеп, оқытудың мемлекеттік негізі құрылған, арнаулы мекемелердің жүйесі бар. Бұл жүйе бойынша бастауыш білім беретін сыныптар ғана жұмыс істеп қоймайды, сонымен қатар орталау және орта білім беретін сыныптар да жұмыс істейді. Дефектологияның зерттеу аймағындағы негізгі мақсаты – аномальды балаларға жалпы білім беру болып табылады.

Зерттеу жұмысының объектісі: Арнаулы мектептер болашағы.

Курстық жұмыстың мақсаты: Аномальды балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін анализдей отырып, оларға коррекциялық көмек көрсетудегі арнайы мектептердің іс-әрекеттеріне тоқталу.

Міндеттері:

1) дамуында ауытқулары бар балалардың тәрбиесіндегі арнайы мектептердің рөліне тоқталу;

2)арнайы мектептердегі атқарылатын психологиялық-педагогикалық жұмыстар ретіне тоқталу;

3) арнайы мектептердің болашағына назар аудару.

Курстық жұмыстың әдіс-тәсілдері. Жинақтау, жүйелеу, ізденіс, сұрыптау, қосымша дереккөздермен жұмыс.

Құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі және қорытынды бөлімсдерден тұрады. Қолданылған әдебиеттер тізімі бар.



































І. ДАМУЫНДА АУЫТҚУЫ БАР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН АРНАЙЫ МЕКТЕПТЕР

1.1 Дамуында ауытқуы бар балаларға арналған алғашқы арнаулы мекемелер

Кемістігі бар балаларға арналған мекемелердің пайда болу тарихы XIX ғасырдың II жартысынан Ұлы Қазан революциясының уақытына дейін созылады. XIX ғасырдың 80 жылдары Ресейде тек соқыр адамдарға арналған Санкт-Петербургтік училище және Петер, Мәскеу, Варшавада құлағы нашар еститіндер мен ақыл-есі кем балаларға арналған приют пен арнайы мектептерде 200-ге жуық балалар ғана тәрбие алатын.

XX ғасырдың басында тек екі қосымша мектептерде ғана балаларға логопедияялық көмек көрсетілді. XIX ғасырдың соңында ғана Ресейде зағип адамдар саны 250 000 жуық, құлағы нашар еститіндер саны 150 000, ақыл-есі кем адамдар саны 200 000 жеткен еді[1].

Ең алғаш аномальды балаларды оқыту мен тәрбиелеу проблемасы 1896 жылы кәсіби-техникалық білімді басқарудың №2 съезінде талқыланған болатын. Сол съезде көзі нашар көретіндер, құлағы нашар еститіндер, ақыл-есі кем балаларды оқыту секциясы құрылды. Бұл жерде талқыланған мәселе – Ресейдегі аномальды балаларға үкімет басшылығының және қоғамның көңілін аударуды және арнайы мекемелер жүйесін ұлғайтып, кеңейтуге ұсыныс етті. Бұл секцияның ең басты жұмысы – Ресейдегі дефектологтардың I съезді болатын. Съезге қатысушылар аномальды балаларға деген қамқорлық – ол қоғамның міндеті екендігін дәлелдеді. Олар балаларға көмектің тек негізгі формасын ғана емес, мектепке дейінгі және мектептегі балаларға арналған мекемелер құрылымын анықтады. Бұл сұрақтардың шешімін тапқан соң шетелдік аномальды балаларға арналған мекемелердің тәжірибесі ескерілді.

Съездің шешімі бойынша осы проблемелар, яғни аномальды балаларға көмек беру, оларды емдеу, оқыту бүкіл ресей қоғамдық бағдарламасының басты міндеті болды.

Ауытқуы бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің даму құрылысы филантропикалық негізде болды. Ал арнайы мекемелер жүйесінің даму проблемасы шешілмей қалды.

Кеңестік революцияға дейін оқу орындары саны өте аз мөлшерде приюттік типте болды.Дене және ақыл -ойы жағынан ақаулығы бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мемлекеттік жүйедегі білім беру саласына енгізілді.Ұлы қазан жеңісінен кейін кеңестік мемлекет ақаулығы бар балаларға аса ерекше түрде көңіл бөлуді қолға алды. 1918 жылы ақаулығы бар балаларға жекелей қайырымдылық сипаттағы балалар мекемесі болып, ол жалпы мемлекеттік жүйедегі білім білім беру саласына қосылды. 1919 жылы Халық комиссариаты кеңесі саңырау, соқыр, ақыл - ойы кеміс, психикалық жағынан ауру балаларды емдеу, оқыту және тәрбиелеу ісі жөнінде жұмысты қолға алды. Сол кезде мүмкіндігі шектелген балаларға көмек ету ісіне мемлекеттік қоғам қайраткерлері А.И.Ульянова –Елизарова, А.В.Луначарский, А.М.Горький араласты. Осыдан бастап біртіндеп ақаулығы бар балаларға оқыту және тәрбиелеу ісі ғылыми негізілікте дами түсті. Психология, медицина, педагогика салаларындағы В.М.Бехтерев, Л.С.Выготский, В.Н.Мясищев, Г.И.Россолимо, Ф.А.Роу, В.М.Кащенко, Н.М.Лаговский, Н.А.Гроборов мүмкіндігі шектелген балаларға өз қызығушылықтарын танытып, өз үлестерін қосты[2].

1920 жылы өткен съезд және конференцияларда «Балаларды қорғау және балалар кемшілігін қорғау» бойынша арнайы білім беру жүйесінде дефектология өздігінен дербес білім аймағына айналды. 1929 жылы елімізде 1-ші рет ақаулығы бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу және оларды еңбекке әзірлеу мәселесін зерттеу жөнінде ғылыми орталықтың құрылуы аса үлкен жаңалық болды. Бұл экспериментальдық дефектологиялық институтқа (ЭДИ) көрнекті кеңес ғалымы И.И.Данюшевский (директор), Л.С.Выготский (ғылыми қызметкер) қызмет етті. Біртіндеп жылдан жылға ақаулығы бар балаларға қоғам, мемлекет тарапынан көмек ету және оларды үйлесімді жағдаймен қамтамасыз ету қарқынды дами түсті. 1971 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымында «Ақыл - ойы кеміс тұлғалар құқығы» Деклорациясы, 1971 жылы «Мүгедектер құқығы» туралы Деклорация қабылданды. Еліміздің ірі қалаларында арнайы мектептер кеңінен ұйымдастырыла түсті Қазіргі кезде де ақаулығы бар балаларға арнайы көмек беру, олардың түзелуіне жағдай жасаумен қамтамасыз ету қоғам және мемлекет тарапынан белсенді түрде іске асырылуда. Әрбір арнайы мектептер жұмысы арнайы бағдарламалар бойынша, әдістемелік бағытта, оқу және көрнекі құралдар арқылы іске асырылды. Көмекші және арнайы мектептер Ғылыми зерттеу институтымен тығыз байланыста жүргізіліп дами түсуде. Балалардың ақаулықтарын дер кезінде анықтау, ерте медициналық зерттеу, психологиялық- педагогикалық диагностика жұмысын жүргізу, олардың ақаулықтарын дұрыс және нақты анықтай отырып медициналық- педагогикалық-психологиялық көмек беру істері де қарастылуда.

Ұлы Қазан революциясынан кейінгі барлық іс-шаралар, яғни ауытқушылықпен күресу және оның профилактикасы жалпы өсіп келе жатқан ұрпақтың саулығын сақтауға бағытталады.

Аномальды балаларды тәрбиелеудегі жабық жүйеге Л.С.Выготский қарсы болды. Аномальды балаларға арналған мекемелер жүйесінің түрлері көбейді, олар: балалар үйі, мектептер, қабылдау мектептері және т.б. мекемелер болды.

Н.К.Крупская аномальды балаларға қамқорлық жасай отырып, ақыл-есінің дамуында және физикалық дамуында ауытқуы бар балаларға арналған мекемелер жүйесін ашудың маңыздылығын атап көрсетті.

Аномальды балаларға арналған арнайы мекемелер жүйесі сол уақытта тек мектеп қана емес, мектепке дейінгі де және көзі көрмейтін, құлағы естімейтін ересектерге арналған кешкі оқыту мекемесі қолға алынды.

Арнайы мекемелер – мектеп-интернаттар, ондағы балалар толығымен мемлекеттің қарамағында қадағаланды. Ондағы балаларда кездесетін қиындықтарға байланысты дефектолог - мұғалімдердің еңбекақысына 20% қосымша төленіп отырды.

Нашар еститіндер, нашар көретіндер, тілінде кемістігі бар және ақыл-есі кем балалар жалпы орта білім беретін мектепте білім алғаннан кейін, өз мүмкіншіліктеріне байланысты арнайы және ЖОО-да оқуға мүмкіндігі болады. Арнайы мектептерде оқу орнын бітіргеннен кейін кәсіби білімді жұмыстан бөлмей оқуға дайындық жүргізілді.

Дамуында ауытқуы бар балаларға «Жалпылама және міндетті оқыту заңы» толық таратылды. Арнайы мектептер жүйесі оқу жоспарымен, оқу бағдарламасымен және арнайы оқулықтармен қамтамасыз етілді. Барлық аномальды балалар жынысына, әлеуметтік статусына қарамастан арнайы мекемелерге оқуға түсуге құқығы болды.

Жас ерекшелігіне байланысты барлық арнайы мекемелер үш типке бөлінді:

  • Мектепке дейінгі мекемелер (балабақша, балалар үйі, арнайы бөлімдер);

  • тМектеп және мектеп-интернаттар (аномальды балалардың категорияларына байланысты);

  • Ересектерге арналған кешкі мектептер.

Аномальды балаларға арналған мекемелердің типтері:

Тілінде кемістігі бар жандарға арналған арнайы мектеп-интернат. Бұл мектептер 1-12 сыныптан тұрады. 1-сыныпқа 7 жастан қабылдайды, дайындық сыныптарында 6 жастан оқытылады[3].

12-сыныптың түлектері емтихан тапсырады, оларға «8 жылдық» білім алды деген куәлік беріледі. Мұнда балалардың сөйлеу және сөздік-логикалық ойлауының қалыптасып, дамуына ерекше назар аударылды. 1 сыныптан 7 сыныпқа дейін балалар арнайы оқу бағдарламасымен және арнайы оқулықтармен оқытылады. Ал, 8-12 сыныпқа дейін жалпы оқу бағдарламасы бойынша оқытылып отырады. Сыныптың құрамы 12 адамнан тұрған. 12 жастан бастап жұмысқа дайындық топтарында 5-7 адамнан оқытылды. Мектеп-интернаттағы алдын алу және қалпына келтіру, гигиеналық және консультациялық жұмыстарды маман-дәрігерлер (оториноларинголог, психоневролог, педиатр) жүргізді.

Нашар көретіндер және зағип жандарға арналған мектеп-интернат. Зағип балалар оқу жұмысында тактильді-кинестикалық және есту құралдарымен оқу материалын қабылдайды. Оқушылар офтальмолог-дәрігер, психоневролог, педиатрдың тұрақты бақылауында болады. Мұндай мектеп-интернаттың екі типі бар: он жылдық; 2) он екі жылдық. Сынып құрамы 12 адамнан тұрады. Зағиптарға арналған мектептерде политехникалық білім беріліп және кәсіби дайындық беріледі. Оқыту процесі жалпы білім беру жүйесіне сәйкес келеді. Оқыту «рельефтік-нүктелік» шрифтке негізделген. Оқыту барысы жоғары деңгейде жарықтандырылған (500 мк жоғары емес), парталардың арнайы конструкциясы жылжымалы қақпағымен, оқулықтар үлкен шрифтпен жазылған, дәптерлері ерекше болады. Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелу арнайы бағдарлама бойынша жүргізіледі. Бұл мекемелердің жұмысы: тәрбиелейді, емдейді, мүмкіндігі бойынша қалпына келтіреді және көру функциясының өзгерісін дамытуға тырысады.

Тілінде кемістігі бар балаларға арналған логопедиялық мекеме. Арнайы сабақтарда әр түрлі тіл кемістіктерін жоюға байланысты жұмыстар енгізіледі. Бұнымен жоғары педагогикалық білімі бар мұғалім-логопед айналысады. Логопедиялық жұмыс психотерапиялық және физиотерапиялық түрде жүргізілген. Мұндай комплекстік-коррекциялық педагогикалық емдеу жұмыстары ұзақ уақыт өтеді, үш айдан бір жылға дейін созылады. Тілінде күрделі ауытқуы бар балалар мектеп-интернатта білім алады. Мәселен алалия, афазия, ауыр дизартрия және дислалия, алексия, аграфия, өткір білінетін дисграфия және ауыр формадағы тұтықпа ауруымен ауыратын балалар оқытылады. Мектеп-интернатта 1-11 сыныпта оқытады. Бірақ «8жылдық» білім алды деген куәлік беріледі[4].

Халықтық білім беру жүйесінде арнайы балабақшалар және арнайы балалар үшін мектепке дейінгі топтар ақыл-есі кем балалар үшін қарастырылады. Мектепке дейінгі мекемелерде келесі диагнозы бойынша балалар қабылданады: дебиль сатысындағы олигофрения. Олардың жастары 4-тен 8-ге дейін болуы қажет. Ақыл-есі кем «өте төмен дәрежедегі» балаларға (имбецил, идиот) әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінде балалар үйі қарастырылады. Онда 4-18 жас аралығындағы балалар тұрады.. «Өте ауыр дәрежедегі» ақыл-есі кем балалар, яғни идиоттар психохроника колониясына жіберіледі. Емдеу, сауықтыру, қалпына келтіру жұмыстарын дәрігер-маман (ортопед, психоневролог, педиатр, физиотерапевт) және инструктор (әдіскер) емдеу физкультурасының әдістерін логопед жүргізеді. Дайындық топтарында сабақ уақыты 30-35 минутқа қарастырылған. Сынып құрамы 16 оқушыдан тұрады.

Соқыр-мылқау балаларды оқыту арнайы мекеме – Загорск қаласындағы балалар үйінде қарастырылып, іске асырылды. Дүниежүзінде мұндай мекемелер көп емес. Мұнда 50 бала оқытылады. Олар: соқыр-мылқаулар, нашар көретін керең-мылқаулар, нашар еститін соқырлар (интелектісі нормада) болып табылады. Бұл балаларды тифло-сурдопедагогтар және әр түрлі маман-педагогтар зерттейді. Балалар үйінде сабақ сыныпта 3-4 оқушымен өтеді. Әр топта үш педагог ауысып отырады, яғни әр оқушыға бір педагогтан болады. Тәрбиелеуші педагогтармен әрдайым тығыз байланыста болады. Сонымен қатар педиатр, офтальмолог, оториноларинголог, невропатолог жұмыс істейді. Оқуды балалар 3 жастан бастап 19-20 жаста аяқтап отырған. Себебі, олар 12 жылдық жүйе бойынша оқиды. Одан бөлек 16 жастан бастап балалар үйінде оқу-еңбек топтары жұмыс істейді. Мұндағы балалар оқып бітіргеннен кейін «Бүкілресейлік соқырлар қоғамы» мекемелерінде жұмыс істейді. Сол мекеменің жатақханасында өмір сүреді.

Арнаулы мекемелердің құрылуымен бірге кеңес дефектологиясы дами берді. Кеңес дефектологтары алдында аномальды балаларға кімдерді жатқызуға болады? – деген басты проблема тұрды.

Аномальды балаларды тәрбиелеу және оқыту олардың физикалық дамуына және ақыл-ой дамуына қарай ұйымдастырылады. Кейбір балалардың кемістіктерін түзегеннен кейін, оларды кәдімгі мектептерде оқытуға болады. Ал кейбіреулері арнаулы мектептерде оқытылады және сонда тәрбиеленеді. Аномальды балалардың білім алу қабілеті әр түрлі болады. Кейбір балалардың білімді меңгеру дәрежесі кәдімгі жалпы білім беретін мектептердің жай ғана оқу бағдарламасын игерумен шектеледі. Ал кейбіреулердің мүмкіндіктері шексіз болады. Әрбір категориядағы балаларға біздің елімізде белгілі оқу орындары белгіленген:

  1. Керең, нашар еститіндерге арналған мектептер;

  2. Соқыр және нашар көретіндерге арналған мектептер;

  3. Қосалқы мектептер (ақыл-есі нашар дамыған балаларға арналған);

  4. Логопед пунктері (тіл кемістіктері бар балаларға арналған);

  5. Сөйлеу қабілетін түзету мектептері (күрделі тіл кемістіктері бар балаларға арналған);

  6. Барлық топтағы балалар үшін бала-бақшалар;

  7. Мемлекет тарапынан жәрдем беретін арнаулы орындар[5]

Аномальды балаларды тәрбиелеу және оқыту бұл күрделі педагогикалық жұмыс болып есептелінеді.

Ақыл-ойы кем балалар қосалқы мектептерде оқытылады. Қосалқы мектепте оқушыларға жалпы және арнайы еңбек тәрбиесі беріледі.

Жалпы – әр адамға тән еңбектің негізгі түрлері бойынша бағыт беріледі.

Арнайы – оқушыларды кәсіптік жағынан дайындауға бағытталады. Арнайы кәсіптік еңбекке баулу 3 кезеңнен тұрады:

  1. еңбек пропедевтикасы;

  2. кәсіптік бағдар;

  3. кәсіптік еңбекке баулу[6].

Еңбек пропедевтикасы – (1-3 сыныпты қамтиды). Негізгі мақсаты – оқушылардың еңбекке деген жалпы дайындығын қалыптастыру. Еңбек әрекетінің негізгі формасы – еңбек сабағы. Балалар қағазбен, картонмен, ағашпен, матамен, пластилинмен жұмыс орындаудың алғашқы ептілігін, дағдысын меңгере бастайды.

Кәсіптік бағдар – (4 сыныпты қамтиды). Оқу шеберханаларында қол еңбегін қолдану ретінде қалыптасады. Балалар шеберханаларда еңбек жағдайларымен, құралдармен, станоктармен танысады. Материалдарды (қағаз, картон, сымдар) өңдеудегі қарапайым дағды мен ептілікті меңгереді.

Кәсіптік еңбекке баулу – (5-8 сыныпты қамтиды). Мақсат – оқушыларды өнеркәсіп орындарында, еңбек құрылыстарында, халыққа қызмет көрсету орындарында жұмыс істеуге үйрету, яғни арнайы мамандық беру. Қыздар киім тігу, ер балалар аяқ киім жөндеу, маляр, штукатур, обой жапсыру, картонды түптеу мамандықтарын алады.

Ақыл-ойы кем балалар қосалқы мектептерде тәрбиеленді. Бастауыш сыныптарда ерекше назар сөз-сөйлемді қалыптастыру ерекшелігіне аударылады, яғни сөз-сөйлемді дұрыс түсініп қабылдау, сұрақты дұрыс түсіну, дұрыс сұрақ бере алу, өзінің іс-әрекеті туралы ойын дұрыс жеткізе білу, тапсыраны дұрыс орындау т.б. Сурет салу, пластилинмен жұмыс орындау, дене шынықтыру, өлең айту сабақтары ақыл - есі кем балаларды дамытуда, олармен коррекциялық жұмыстар өткізуде ерекше рөль атқарады.

Жоғары сыныптарда (5-8 сынып) ақыл есі кем балаларды арнайы мамандықтарға үйрету, оқыту жұмыстары басталады. Оқу шеберханаларында оқушылар жүйелі дайындық арқылы арнайы мамандықтарды игере бастайды (ағаш өңдеу, темір өңдеу, тігін шебері, қағаз-картонды түптеу жұмыстары, ауыл шаруашылық мамандықтардың кейбір түрлері т.б.)[7].

Еңбек тәрбиесі ақыл-ойы кем балалардың жан-жақты, интеллектуалдық жағынан дамуына, сонымен қатар баланың бойында өнегелі қасиеттерді қалыптастыруға ерекше ықпал етеді. Сондықтан ақыл-ойы кем балалармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысында еңбек-оқытудың ең негізгі әдісі болып саналады. Өнегелі қасиеттерді қалыптастыру, яғни ұжым арқылы, ұжым үшін тәрбиелеу, мадақтау, ұялту, түсіндіру, үйрету әдістерін қолдану ақыл-ойы кем балалар үшін өте қажет.

Қосалқы мектептерде ұйымдастырылған оқыту және тәрбие процестері, ақыл-ой кемістігін дұрыс коррекциялау және емдеу әдістерін қолдану баланың қалыптасуына ерекше әсер етеді. Қосалқы мектептердің тәрбиеленушілері мектепті бітіргеннен кейін, нәтижелі түрде өндірістік еңбекпен айналысып, өздерінің міндеттеріне жауапкершілікпен қарай отырып қоғамға пайда келтіре алады.


1.2 Арнайы мектептердегі дамуында ауытқулары бар балалармен атқарылатын жұмыстар


Аса білім беруді қажет ететін мектеп кезеңіндегі балалар арнайы білім беру мекемелер жүйесіне мектеп –интернаттарда екеуі мүмкін балалрдың әртүрлі бұзылысын дамытуға арналған.Қазіргі кезде 8 негізгі арнайы түрдегі мектептер қызмет істейді .Бұрынғы ақыл-ойы (болу) қалыс, соқыраулар мектебі т.б. диагностық сипаттарын айтпай қатардан шығару .Арнайы мектептер түріне қарай реттін қатар (номір) бойынша нормативтік-құқықтық және арнайы құжат бойынша олар былай аталады. Мұндай мекемелердің қызметі Ресей Федерациясында Үкіметінің 1997 ж. 12.03 \288 қаулысында арнайы білім беру түзету мекемелерінде оқытуға арналған тәрбиеленушілердің ақаулығын дамытуға арналған типтік жағдайын бектту туралы және Р.Ф.білім беру министр бойынша арнайы б\б мекемелерінің 1-8 түрінің өзіндік қызметі туралы тіркелді. Соңғы жылдары арнайы білім беру мекемелерінде басқа түрлі ақаулығы денсаулығы және өмір сүру жағдайы дәйектелген балалармен және тұлғасында аутистикалық белгісі бар. Дауна белгісі балаларда осы категорияға қамтылады. Сонымен жиі созылмалы және әлсізделген балаларға арналған санаториялық (тоғайда) мектептер қызмет етуде .Барлық балаларға оқуға,тәрбиелеуге емдеуге, әлеуметтік тұрғыдан бейімделуге қоғамға екуіне жағдай жасалуда.

Принциптер - бұл ерекше білім беру қажеттіліктері бар танымдық әрекетін басқару мен түзету –білім беру процесін ұйымдастырудың ерешеліктер мен мазмұнын анықтайтын жалпы ,мәнді және тұрақты талаптардың жүйесі.

1.Педагогикалық оптимизм принциптері -әр адамның ерекшелігіне және өмірлік әрекеттік шектелген мүмкіндіктеріне қарамай білім процессіне қосылу құқығын мойындайтын қазіргі гуманистік көзқарасқа негізделеді .

2.Ерте педагогикалық көмек принципі-баланың дамуындағы ерте (диагностика )аутқу диагностикасымен және ерте анықтауды оның ероекше білім қажеттілігін байқау үшін қамтамасыз ету .

3.Білімнің түзету –толықтырылу бағыттылық принципі –баланың сау күшіне тірек болады және сақталған анализаторларды ,организмнің жүйесі мен қызметін қолданып, білім процесін құрады .

4.Білімнің әлеуметтік –бейімделу бағытталық принципі-өзбеттілік мүмкіндіктерінің және әлеуметтің көмегімен белгілі бір мөлшерде «әлеуметтік төмендеуді» азайтуға (көмек ) мүмкіндік береді .

5.Әлеуметтік білім тәсілі ретінде ойлаудық,тілдің және қарым-қатынастың дамуы принципі –ойлаудың,сөйлеудің ,қар-қатынастың дамуындағы спецификалық мәселелер шектелген мүмкіндіктегі категориялардың барлығында кездеседі : арнайы білім және әлеуметтік мәдени бейімделу реализациялық жағдай қажет .

6.Оқыту мен тәрбиедегі қызметтік жол принципі – арнайы білімдегі пәндеп –практикалық әрекет баланың дамуындағы компенсаториық қамтамасыз етілудің арнайы тәсілі болып табылады және ол сабақта ,тәрбие процестерінде жүзеге асады.

7.Жекелей және салыстырмалы жол принципі-оқытуда баланың жеке ерешелігін есте алып жағымды жағдайларды құруға бағытталған .

8.Арнайы педагогикалық басшылықтың қажеттілік принципі түзету педагогикалық бағытында дамыту және түзету құралдары мен қызметін үйлесімді таңдап алу қажеттілігіне негізделеді[8].

Қазіргі кезде Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалар көбіне арнайы мектеп-интернаттарда білім алады. Жалпы мектептердегі мұғалімдер кемтар бала сыныпқа келген кезде оны қандай оқулықтармен оқытап, қандай әдістемелік құралдарды пайдалану керектігін білмейді. Бұл мәселенің артынан туындайтын мәселе - кадр жеткіліксіздігі. Шындығында олар оқшауланған қоғамдық өмірге аса бейім емес, қысылады, ұялады.
Өйткені біз мүмкіндігі шектеулі жандарға мүсіркей қараудан арыла алмай келеміз. Жалпы білім беретін орта мектептерде олардың оқып, білім алуына жағдай жасау қазіргі кезде қолға алына бастады. Арнайы білім беру орнында мүмкіншіліктері шектеулі балалардың толықтай дамуына, өзгерістерді түсінуіне, өз бетімен білімін жетілдіруіне барлық жағдай жасалған, мұнда балалар тікелей дәрігерлердің бақылауында болады. 

Біздің елімізде ақаулығы бар балаларды есепке алу және оларды қамтамасыз ету денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік мекемелер қызмет етеді.

Денсаулық сақтау мекемесі:

-әр түрлі ақаулық дамуына қарай оларды жаппай белсенді түрде зерттеу;

нәрестелік, сәби, мектепке дейінгі, кіші шәкірттік, жасөспірім шактардағы дамудың түрлі бұзылыстарын ерте анықтау;

- жүйелі түрде дәрігерлік бақылау, қажетті әдістер негізінде терең түрде диагностика жүргізу, бұған психолог, дефектолог және медициналық мамандарді тарту;

-арнайы емделу орындарында және емхана жағдайларында ауруды емдеу;

медициналық іс-шараларды жүйелі жүргізу;

-ақаулықтың алдын алу бойынша санитарлық-ағарту жұмыстарын ата-аналармен бірлесе жүргізу; бала дамуының әр кезені бойынша мәселелерді шешу;

- ақаулықтың ауыр түрлеріне дәрігерлік-еңбектік жедел комиссия мен әлеуметтік қорғау мекемелеріне жолдама беру;

-ақаулығы бар балаларды есепке ала отырып оларға көмек беру;

  • ақаулық сипаты жөнінде статистикалық мәліметтер жинақтау және іс -қағаздар жүргізу[9].

Білім беру мекемесі:

Ақаулығы бар балалар мен жасөспірімдердің дамуына педагогикалық түзету жолында 3 жастан 18 жасқа дейінгі аралықта оларды оқыту мен тәрбиелеу және оларды еңбек пен кәсіби даярлауды қамтиды.

  • ақаулығы бар балаларға психологиялық- педагогикалық диагностика жүргізу;

  • психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру;

  • ақаулығы бар балаларға арналған статистикалық есеп жүргізу;

  • арнайы және көмекші оқу орындарында оларды топтастыру;

Әлеуметтік қорғау мекемесі:

Мүгедек балаларға арналған есеп әлеуметтік қорғау мекемесінде қаралады. Әлеуметтік қорғау мекемесі комиссиясының шешімі негізінде мүгедектік зейнетақымен (төлем ақы) қамтамасыз етіліп, мүгедектерге арналған интернаттарға жолдама беріледі.Интернаттарға 3 жасқа толғаннан кейін, кезекті қозғалыс тәртібімен қамтамасыз етіледі.

Ақыл –ой кемістігі бар балалар сәбилік шақтаөз отбасында немесе денсаулық сақтау жүйесіндегі арнайы яслилерде тәрбиенеледі.

Балалар үйінде тәрбиелеу және түзету жұмыстары сәбилік шақ кезенінде жүзеге асырылады:

-балалардың эмоционалдық және жеке тұлғалық қасиеттерін кеңейту; үлкендермен және құрбыларымен қарым-қатынас жасауға үйрету;

- заттар әлемін тануға және психомоторлық дамуын ілгерілетуге бағыттау;

Ал арнайы балалабақшаларда мұндай балаларға кешеді жағдайда көмек көрсетіледі . Балаларды тәрбиелеу, емдеу –сауықтыру шараларымен қамту және психолог, логопед, топ тәрбиешілері, музыка жетекшілері, олигофренопедагогтармен бірлесе ұйымдастырылған түзету бағытындағы педагогикалық шаралар жүзеге асырылады. Арнайы мектепке дейінгі мекемелерде ерекше болып табылатын негізгі міндет бала денсаулығын қорғау және күн тәртібін сақтау, жылы тыныс жағдайдағы атмосфераны жасау, конфликтілік жағдайларды болдырмау, әр баланың ерекшілігін есепке алуболып табылады. Балабақшадағы барлық жылда баланы тәрбиелеуде және оқытуда, оны мектепке әзірлеп даярлауда үш бағыт қамтылады:

баланың денелік дамуын қалыптастыру;

қарапайым түрдегі танымдық қызығушылығын қалыптастыру;

танымдық белсенділігін және білім және іскерлігін жинақтау;

адамгершілік-ерік әзірлігін қалыптастыру[10];

Мектепке дейінгі кезеңде ақыл-ойы баяу балаларға қолайлы жағдай көрсетілсе, олардың дамуында алға басушылық болады, бұл олардың арнайы мектептің оқу бағдарламасын меңгеруіне көмегін тигізеді. Мектепке дейінгі кезеңде мұндай балалар жалпылама балаларға арналған балалар бақшасындағы арнайы топтарда білім алып тәрбиенеледі.Мектеп жасына жеткен кезден бастап, арнайы мектептерде арнайы білім стандартна сай арнайы бағдарлама бойынша оқытылад. Сонымен бірге оларға әлеуметтік еңбекке бейімдеу орталығыгынан көмек көрсетіліп отырылады. Ал арнайы мектептердің негізгі міндеті мынадай:

- ақыл-ойы баяу мектеп оқушыларының танымдық қызметтерінің және эмоционалдық ерік сфераларының,кемшіліктерінің алдын-алу;

- өнімді еңбекке қатысуға, қазіргі қоғам жағдайына әлеуметтік тұрғыдан бейімдеуге бағыттау болып саналады

Арнайы мектептің төменгі кластарында тіл дамыту бойынша (қоршаған дуниемен айналамен таныстыру ,заттармен таныстыру), арнайы ритмика сабақтары өтіледі. Жоғарғы кластарда әлеуметтік (тұрмыстық шаруашылығы) бағдарлау сабақтары өткізіледі. Оқыту жұмысын ұйымдастыруда топтық және жекелей логопедиялық сабақтар, психомоторика және сенсорлық қабілеттерін дамыту, емдеу-сауықтыру комплекстері өткізіледі. Арнайы мектептерде тәрбие жұмысына да үлкен мән беріледі. Мұндағы негізгі мақсат - тәрбиенушілерді әлеуметтендіру болып табылады. Ал негізгі міндет - балалардың бойында жағымды сапаларды айқындау, өзін және қоршаған ортаны дұрыс бағалай білуін қалыптастыру, айналасындағыларға деген адамгершілік қарым-қатынас сезімдерін қалыптастыру. Арнайы мектептегі тәрбие жұмысының арнайы міндеттері әртүрлі іс- әрекеттер негізінде жүзеге асырылады.





ІІ. АРНАЙЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ БОЛАШАҒЫ


2.1 Арнайы мектептер дамуында ауытқуы бар балалардың дамуы мен емделуінің алғышарты


Көмекші мектептер – органикалық орта мектептің бөлшегі болып табылады. Емдік педагогика жалпы педагогиканың жүйесіне кіреді, сондықтан ұжымның қажеттілігі мұнда да өте қажет. Шынында да балалардың ұжымдағы қарым-қатынасы мінездеріне де байланысты. Мінезі ауыр балалардың тұлға болып қалыптасуына ұжымның ықпалы зор.

Ұжымдағы өмір мен еңбек ету шарты, іс-жүзінде балалардың бойындағы кемшіліктерді жоя білуге, әсіресе жалғызілікті балаларға тән қасиет. Олар ұжым-жолдастарының әр түрлі тұлғалық қабілеттерімен ұшыраса отырып, олардың өздеріне қойған талап-тілектері мен міндеттерін ұштастырады.

Арнайы мектеп тәрбиесі қайнар көзі, оның қоғам өмірімен тығыз байланысы. Арнайы мектеп балалары шын мәнінде тату-тәтті болса, одан, адамгершілік пен әділеттіліктің көрінісі туады. Ұжымның бірлігі мен ынтымақтастығы оның құрамындағы адамдардың адамгершілік талаптарынан, өзара көмек қарым-қатынасынан, бір-бірін терең түсіне білулерінен көрінеді. Арнайы мектептің негізгі міндеті – баланы еңбекке, адамдар арасында өмір сүре білуге үйрету. Осы айтылған анықтамаларға сүйене отырып, біз арнайы мектеп тәрбиесіне былай анықтама бердік: «Арнайы мектеп тәрбиесі-ата-ананың жас ұрпаққа рухани-адамгершілікті тәрбие беріп, бір-бірімен адал достай сырласып, үлгілі тәрбиесімен ерекшеленіп, жан дүниесі таза, тек қана жақсылыққа ұмтылып, кез-келген адамға көмектесіп, еліне, жеріне қызмет жасауды үйрету» [11].

Арнайы мектеп тәрбиесі мәселелері бойынша тәрбиешілердің білім қоры мен қабілеттері әр түрлі болып кездеседі.

Мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін Қазақстан Республикасының реабилитациялық орталықтарында мынадай міндеттер шешіледі:

- отбасылық қатынас үйлесімділігін нығайту;

- мүмкіндіктері шектеулі балалардың потенциалды мүмкіндіктері туралы ата-аналарды ақпараттандыруды кеңейту;

- психотерапевтік амалдармен таныстыру және басқалары;

Мүмкіндігі шектеулі балалардың мектеп жасына дейінгі кезеңдерінде сыртқы әсердің әсерінен тигізген залалынан миларына зақым келіп ақыл-ойларының процестері бұзылып, жетілмей қалған балалар да кездеседі

Психологиялық бөгелуі бар балалардың арнайы пеагогикалық тәсілдердің жеңілдетілген әдістерімен оқытып-тәрбелеу және гимнастикалық түзету жұмыстарын жүргізен кезде ғана өздеріне тән кемістіктердің ерекшеліктері айрықша ескеріледі. Педагог-психолог бұл топтағы балалардың дене құрылыстарындағы жалпы қимыл-қозғалыстарының әсіздігін ескере отырып, олармен емдік гимнастикасын, яғни, шынықтырып жетілдіру жұмысын жүргізеді және оған қоса сөйлеу тілдерінің мүкістіктерін түзетіп, қалпына келтірумен айналысады. Балаларға арналған мекемелерде істейтін ұстаздар психологиялық бөгелуі бар балалармен жұмыс ретін жақсы білгені жөн. Ал психологиялық дамуы артта қалған балалармен қарым-қатынас жасайтын ұстаздар бұл әдістерді тіпті екі есе артық білгені жөн. Олар түрлі ғалымдар мен зерттеушілердің еңбегін жиі оқып тұруы қажет. Психологиялық бөгелуі бар балалармен жұмыс жасайтын мамандардың өздері ең алдымен олардың ерік - күшінің бекем болуына қатысты жұмыстарды жалғастыруы керек. Баламен жұмыс жүргізетін маманның өзінің ерік күші әлсіз болса, онда ешқандай нәтиже шықпайды. Себебі, түрлі қарым-қатынас негізінде бір адамның ерік күші екінші адамға беріледі

Жалпы баланың қорқынышын жою үшін күштің қажеті жоқ, тек қана көндіру арқылы нәтижеге жетуге болады. Психологиялық бөгелуі бар балалардың арнайы ереже кестесінің шеңберінде оқып және үнемі дәрігер мен педагогтардың бақылауында болуы керек. Жетілдірілген бағдарламалармен оқығандары нұр үстіне нұр болады. Таза ауада көбірек жүріп серуендеудің және үй шаруашылығындағы жұмыстарда ата-аналарына болысып, қолғабыстарын тигізудің және дене шынықтырудың, қолөнермен айналысудың нрвтік-психикалық даму процесінің жалпы әлсіздігін қалпына келтіруге септігін тигізетін үрдістер болатыны белгілі. Балалармен әңгімелескен кезде олардың айығып кететіндеріне көздерін жеткізіп үміттендіруге және келешектеріне сенімдерін арттырып ынталандыруға ұмтылады, «жақсы сөз жан сауықтырады» дегендей, көңілдіріп сөйлегеннің шипасы тиеді. Балалардың да танымдық қызметінің күрделі түрі жетілмей қалған. Сонымен қатар бұл балалардың есту қабілеттері мен сөйлеу тілдерінің де бұзылғандығы байқалады [12].


2.2 Арнайы мектептер жүйесі дамуының болашағы


Балалардың дамуында ауытқушылығы болуына жүйке жүйесінің қызметінің ықпалы зор. Балалардың жүйке жүйесінің мәселелерін туындататын жағдайлар:

- қорқыныш, қауіптілік сезімінің жоғары болуы;

- үнемі шаршаңқылық жағдайында орын алу;

- кез келген әрекетке, өмірде орын алатын кейбір оқиғаларға күйгелектік таныту, аргессия жасаушылық;

- өмірге деген қызығушылықтың туындауы;

- кешкі уақытта ұйықтай алмаушылық және күндізгі уақытта ұйқының басуы;

- өзіне деген сенімсіздіктің орын алуы мен өздігінен шешімге келе алмауы;

- жиі ашулану, ұсақ-түйектің барлығына алаңдаушылық денсаулыққа кері ықпалын тигізіп, көптеген сырқаттарды туындатады.

Осындай жүйке жүйесінің ауырлауы жағдайында арнайы мектептерде мынадай әрекеттер жасау арқылы жүйке жүйесінің қызметін жақсартуға болады:

- арман-мақсаттарды айқындап, болашақ өмір туралы жақсы ойларды ойлау; Өмірде айқын мақсат, үлкен келелі міндеттердің болуы жағдайында жігер, қажыр-қайрат, күш пайда болып, алға ұмтылыс пайда болады, энергия молаяды;

- ұйқыны дұрыс ұйымдастыру; Белсенді және сергек болу үшін, достарымен жақсы қарым-қатынаста болуы және оқуға деген құлшыныс жақсы болуы үшін ұйқының қануы өзекті мәселе;

- тамақ мәселесін дұрыс молшерлей алу; ұйықтар алдында 3 сағат бұрын кешкі асты ішіп тынығатын болса, ағза да жақсы дем алады, зат алмасу процестері де жақсы жолға қойылады. Сол сияқты тағамның құрамында дәрумендердің, микро және макроэлементтердің мол болуы назарда болуы шарт. Әсіресе кальций кез келген тұлға үшін маңызды элемент болып саналатындықтан, құрамында кальциі бар азық-түлікті мол тұтынған жөн. Қарақұмық, бұршақ тағамдарын мол тұтынудың жүйке жүйесінің қызметіне зор пайдасы бар[13].

Кальций элементі жүйке жүйесінің қызметін де лайықты дәрежеде реттейді. С дәрумені күйзеліске төтеп беруге итермелейді, сол себепті дәріханадан аталмыш дәруменді алып тұтынып, не болмаса аталмыш дәрумені бар тағамдарды пайдаланған дұрыс.

Арнайы мектептерде дамуында ауытқуы бар балалармендың қимыл-әрекеті функцияларын қалыптастыру жоғары жүйке қызметін, жүйке-бұлшық ет аппаратын және олардың функцияларын, ішкі органдарын ретке келтіріп тұрады. Балалар дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Жақсы денсаулық –а дамның еңбек және қоғамның іс-әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі. Балалардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет. Табиғи қозғалыстың түрлері жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки, велосипед тебу, акробатика өмірге қажетті дағды және іскерліктерді қалыптастырады. Балалардың денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам қабілетін дамыту балалардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене қозғалысын үйлестіреді, жүйке жүйелерінің қалыпты жұмыс атқаруына қолайлы ахуалдарды туындатады.

Арнайы мектептерде жүйке жүйесі әлсіз болып келетін оқушылар қандай жағдайларда қиналады?

- күш-қайратты талап ететін жұмыстар (жылдам шаршайды, жұмыс қабілетін жоғалтады, қателіктер жібереді, баяу игереді);

- эмоционалды қажыр-қайратты қажет ететін жұмыстар (бақылау, өздік жұмыстары, әсіресе егер оларға шектеулі ғана уақыт ұсынылса);

- қолма-қол жауап беру қажеттілігі туындау жағдайларында және сұрақтардың қойылуының жоғары қарқынында;

- күтпеген, тосын сұрақтар мен ауызша жауапты талап ететін талаптар;

- кері бағасын алған сәтсіз жауаптан кейінгі ахуалдар;

- ерекше назар аударуды қажет ететін жағдайлардағы жұмыстар (бір уақытта жазу, кітап қарау, оқулық бойынша жұмыстар);

- шулы, тынышсыз ортада жұмыс жасау;

- шұғыл ескертуден кейінгі жұмыс жасау, жолдастарымен келіспей қалушылық;

-көлемі жағынан зор болып келетін материалдарды игеру мен материалдардың мазмұнының ауқымдылығы.

Ата-аналарды оқушылармен бірге әрекетке қатыстыру. Мұнда тәрбиелеу ортасын кеңейту, оқушы тұлғасының дамуына ықпал ету өрісін арттыру, сабақтан тыс тәрбие әрекетін ұйымдастыру, осы әрекеттер барысында мұғалімдер, ата-аналар мен балалардың өзара қарым-қатынасын жақсартуды көздейді.

Арнайы мектептердің тәжірибесінде ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстырудың әр түрлі формаларын қолданылады

- сабақтан тыс әр түрлі тәрбиелік шараларға қатыстыру (мәдени жорық, саяхат, кеш, спорттық жарыстар, т.с.с.);

-жалпы мектеп көлемінде өткізілетін дәстүрлі шараларға қатыстыру(мектеп бітірушілермен кездесу, соңғы қоңырау, жаңа жыл шыршасы, халықаралық әйелдер мейрамы, наурыз, оқушылардың жазғы демалысы өткізу т.б.);

- балалардың сабақтарына, кештерге, ата-аналардың ашық есік күніне т.б;

- мектептің кәсіптік бағдар жұмыстарына қатысу (еңбек адамдарымен кездесу, өндіріске саяхат, кәсіби бағдар бөлмесін жабдықтау жұмыстары);

-өздерінің мамандықтарына сай факультативтік және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру;

- балалардың аула клубтарын құруға;

- мектептің және сынып кеңестерінің жұмыстарына;

- мектептің немесе сыныптың жөндеу жұмыстарына, ауланы көгаландыру қатысу, кітапхана қорын молайтуға, көрмелер ұйымдастыруға;

- мектептің немесе сыныптың әр түрлі шараларын ұйымдастыру[14].

Арнайы мектеп жас ұрпақтың рухани-адамгершілікке тәрбиеленуіне жан- жақты әсер етеді. Әлеуметтік және белгілі бір мақсатқа бағытталған әсер арқылы.

Арнайы мектеп тәрбиесі қайнар көзі, оның қоғам өмірімен тығыз байланысы. Арнайы мектеп балалары шын мәнінде тату-тәтті болса, одан, адамгершілік пен әділеттіліктің көрінісі туады. Ұжымның бірлігі мен ынтымақтастығы оның құрамындағы адамдардың адамгершілік талаптарынан, өзара көмек қарым-қатынасынан, бір-бірін терең түсіне білулерінен көрінеді. Арнайы мектептің негізгі міндеті – баланы еңбекке, адамдар арасында өмір сүре білуге үйрету. Осы айтылған анықтамаларға сүйене отырып, біз арнайы мектеп тәрбиесіне былай анықтама бердік: «Арнайы мектеп тәрбиесі-ата-ананың жас ұрпаққа рухани-адамгершілікті тәрбие беріп, бір-бірімен адал достай сырласып, үлгілі тәрбиесімен ерекшеленіп, жан дүниесі таза, тек қана жақсылыққа ұмтылып, кез-келген адамға көмектесіп, еліне, жеріне қызмет жасауды үйрету» [15].

Арнайы мектеп тәрбиесі мәселелері бойынша тәрбиешілердің білім қоры мен қабілеттері әр түрлі болып кездеседі. Арнайы мектептер мүмкіндігі шектеулі, дамуында ауытқулары бар балалар үшін көптеген өзекті жұмыстар ретін іске асырады:

-балалардың өсіп, жетілуіне қолайлы жағдай тудыру;

-балаларды әлеуметтік –психологиялық қорғау жасау;

-арнайы мектепте тәрбиелік тәжірибені сақтау, болашақ отбасылық өмірге даярлау, үлкендерді ауыл адамдарын құрметтеп, көмек көрсетуге тәрбиелеу;

-өзіне, басқа кез-келген үлкен-кішіге көмек көрсету, қызмет жасауға іскерлік дағдысын қалыптастыру;

-өзін-өзі бағалауға, өзіндік позицияның қалыптасуына тәрбиелеу. Бұл міндеттерді орындауда арнаулы мектеп ұжымы мүшелері мына принциптерге сүйеніп, басшылыққа алуы қажет:

-балаларға адамгершілік, имандылық, қайырымдылық қатынас жасау;

-балаларға ашықтылық, сенімділік таныту;

-балаларға талап қоюда бірізділік пен жүйелілікті сақтау;

-балалардың сұрақтарымен қызығушылығын, өнерін бағалап, жауапсыз қалдырмау;

-балаларға ретсіз ақыл айтып жалықтырмау;

-тәрбиешілер өзінің білімін жетілдіріп, өзін-өзі танып, өзі қателік жібермеу.

Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы тұрақтылығы ұйымдастырып бағыт беруші сынып жетекшісі болғандықтан, ең алдымен оның өзі отбасы тәрбиесі мәселелері саласынан жан-жақты білімді болуы тиіс.

Психологиялық бөгелуі бар балалардың жағдайлары эксперименттік зерттеулер және бақылаулар арқылы дәлеледенеді. Психологиялық ауытқуы бар балалардың дамуы аномальды негізде жүзеге асырылады; ол оның қалыпты дамуынан баяулық, нақты ауытқушылықтар, өзіндік белгілері анық білінеді. Коррекциялық мектептердің өзекті мәселелерінің бірі – арнайы мектептерде оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру.

Таным үрдістерінің бірі – байланыстырып жазбаша сөйлеудің психологиялық бөгелуі бар балаларда қандай қиындықта және қандай деңгейде жүретінін зерттеген ғалымдар К. К. Өмірбекова, К. Ж. Бектаева т.б. ғалымдар. Бірқатар психологтар: Ж. И. Шиф, И.М. Соловьев, В. Г. Петрова, Н. М. Стадненко, Ю.Т. Матасов т.б. ғалымдар психологиялық бөгелуі бар балаларда арнайы ұйымдастырылған коррекциялық оқытудың әсерінен ойлаудың дамуында жағымды динамика байқалатынын көрсеткен.

Арнайы мектептегі дамуында психологиялық бөгелуі бар балалардың мінез-құлқында түрлі өзгеше ерекшеліктер болады. Айналасындағы болып жатқан құбылыстарға немқұрайлылықпен жатырқап енжар қарайды, адамдардың жүріс-тұрыстарына және сөйлеген сөздеріне көңіл аударып қызықпайды. Балалармен қосылып ойнауға көбінесе көңілі соқпайды, томаға-тұйық, олпы-солпы болбырап жүретін, яғни, баланың даму процесі тежеліп ауытқыған кәнаратты дімкәстігі әсіресе жүйке жүйесі бұзылған балаларға арналған арнайы орындарға көрсеткенде аңғарылады. Тұла-бойды ұйқылы мең-зеңдік басып, үнемі маужырап жүретін болады, сөзге сараң, баяу ғана булығып сөйлейтіндері де кездеседі[16].

Психологиялық бөгелісі бар балалардың дене құрылыстарындағы қимыл-қозғалыстарының өрескел бұзылғандығы білінбейді. Олар көрсетілген қимыл-қозғалыстарды қайталап бере алады. Сөйлеу тілдері де онша бұзылмаған, тек кейбіреулерінде ғана тіл мүкістіктері кездеседі, екіншілерінде сөздік қоры кедей, ал үшіншілерінде сөйлеу тілдерінің грамматикалық құрылысының қалыптаспағандығы байқалады. Олар өздерінің ұғымдарына түсінікті оңтайлы істерге бар ықыластарын салып мұқият кіріседі. Ақыл-ойдың танымдық қызметінің күрделі түрі толық жетілмеген балалардың нерв жүйелерінің негізгі процестерінің, яғни мінез-құлықтарының айтарлықтай бір қалыпты байсалды және салмақты болатындығын көрсетсе, екінші түріне жататын балаларда бұл процесс керісінше, өрескел бұзылғандығы байқалады. Олардың кейбіреулері дамыл таппайтын тынымсыз, ұшқалақ, жеңілтек, алаңғасар, алданғыш, қызба, ал енді біреулері олпы-солпысы шыққан солбыр, титықтап тез жүйкелейтін әлсіз және айналасына немқұрайлы қарайтын самарқау болады. Бұл топтағы балалардың танымдық қызметінің күрделі түрлерінің жетілмеуі нерв жүйелерінің қозу мен тежелу процестерінің араларындағы байланыстардың тұрақтылығы бұзылған жағдайда болады.

Осындай дамуында ауытқуы бар әр түрлі дәрежедегі сырқаттары бар балалармен жұмыс жүргізетін аранйы мектептердің болашағы зор.














ҚОРЫТЫНДЫ


Қазіргі таңда, еліміздегі мүмкіншілігі шектеулі балалар санының көбеюі деңсаулық сақтау, білім және әлеуметтік қорғау салаларының осы мәселеге көңіл бөлуін талап етіп отыр.Жылдан жылға мүмкіншілігі шектеулі балаларға деген қоғамның көзқарасы өзгеріп, оларды қоғамның бір мүшесі ретінде қарауға бет бұрып келеді. Үкіметіміздің мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған көптеген көмектерінің ішінде үйде әлеуметтік көмек беру ерекше орын алады. Үйде әлеуметтік көмек беру барлық мүгедек балаларға емес, олардың ішінде өз-өзіне қызмет етуі төмен, қозғалысы нашар, үйде оқитын, үйде тәрбиеленетін және ешқандай бағдарламамен оқуға жарамсыз балалар мен жасөпірімдерге көрсетіледі. Осы орайда педагог-психологтың міндеті мүмкіндігі шектеулі балалардың жан айқайын қоғамға жеткізу, яғни бала ағзасындағы ауытқулар мен бөгеттердің себеп-салдарын анықтап, олардың отбасындағы қарым-қатынастарын дамытып, дені сау баламен араласауына жағдай туғызу болып табылады. Тәрбиелеу барысында, жас ерекшеліктерін ескере отырып, балаларды шешім қабылдай алуға, өзін-өзі қамтамасыз етуге, еңбекке, тәртіп мәдениетіне, ұжымда еңбек ете алатындай деңгейге бейімдеу қажет. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қазіргі кезде арнайы білім беру ұйымдарында мүмкіндігі шектеулі 16664 бала, жалпы мектептердегі арнайы сыныптардың саны 762 болса, сол сыныптарда – 7582 бала оқып жатыр, ал жалпы мектептерде ешқандай әлеуметтік− психологиялық қолдаусыз оқып жатқан мүмкіндігі шектеулі балалардың саны 65 мыннан асты. Бұл ҚР білім беру саласындағы ауыр мәселенің бірі болып отырғаны ақиқат. Арнайы білім беру жүйесінің қазіргі даму кезеңінде балалалық мүгедектің алдын алу, өзекті мәселесі ретінде қарастырылады. Бүкіл әлемдік деңсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау ұйымдардың қызметінде кемтар балалар мен отбасына ерте жастан қолдау көрсету жетекші беталыс болып саналады. Отандық Ерсарина А.Қ, Жалмұхамедова А.Қ, Сүлейменова Р.А т.б.ғалымдардың ғылыми зерттеулері бойынша ерте жастан кемістікті анықтау және дәл сол кезден кешенді түзету жұмысын бастау, кейіннен бала дамуында басқа ауытқушылықтарды алдын алуға жол ашады. Қазіргі уақытта біріктірудің жетекші мезгілі ретінде жалпы сыныбында пән мұғаліммен қатар екінші арнайы педагогты қосу ерекше оқу орнын ұйымдастыру кең тараған дәстүр. «Шағын−мектеп» сынып құрамы ашылады.

Мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс жеке білім беру және түзету−дамыту бағдарламамен жүргізіледі. Әр жалпы мектептерде білімді, тәжірбиелі арнайы педагог балаларға арнайы көмек көрсету мен мұғалімдерге кеңес беру қызметін атқарады. Осы атқарылып жатқан игі істердің барлығы мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамда өз орынын табуға, дені сау балалар тәрізді білім алуына мүмкіндік жасайды.

Мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдер – күрделі және сан алуан ерекшелікке ие топ. Олардың дамуындағы түрлі ақаулары әлеуметтік байланыстарының қалыптасуларынан аңғарылады, танымдық мүмкіндіктерінен, еңбек әрекеттерінен байқалады. Мүмкіндіктің шектеулі ерекшелігіне қарай бір ақаулар баланың даму үрдісінде байқалады, басқаларында – біртіндеп дамиды. Ақаудың туындау пішіні сан қилы, дамуы салдарынан тұлғаның жаңаша өзгерістері туындайды, жекелеген күрделі мәселелер байқалады. Мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдердің дамуында түрлі ерекшеліктер байқалады, соның бірі олардың өз мүмкіндіктерін жете бағалай алмауы. Өз күшін, қабілетін бағалай алмау, қате бағалау қалыпты балалардың жағдайына қарағанда жиі кездеседі.

Ойымды қорытындылай келе, қоғамда тек дені сау балалар дүниеге келуі керек. Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік психологиялық бейімдеу арқылы заман талабына сай білім беріп қана қоймай, тәрбиелеп, оларды қоғам өміріне өз пайдасын тигізуге қабілетті тұлға ретінде қалыптастыру.





























ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


1.Думбаев А. Е. Социальная защита инвалидов и лиц с психическими расстройствами. – Алматы: Жан, 2003. -264с.

2. Мастюкова Е. М., Московкина А.Г. Семейное воспитание детей с отклонениями в развитии: Учебное пособие для студ. Высш. Учеб. Заведений / Под ред. В. И. Селиверстова. – М., 2003. -408 с.

3. Левченко И.Ю., Приходько О. Г. Технология обучения и воспитания детей с нарушениями опорно-двигательного аппарата: Учеб. пособие для студ. Сред. Пед. Учеб. Заведений. –М.: Издательский центр «Академия», 2001. – 192с.

4. Сулейменова Р. А. Система ранней коррекционной помощи детям с ограниченными возможностями в Казахстане: проблемы создания и развития. – Алматы, 2001. -320 с.

5. Акатов Л.И. Социальная реабилитация детей с органиченными возможностями здоровья. Психологические основы: Учеб. пособие для студ. высш. усеб. завед. – М.: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2003. – 368с.

6. Гордеева А.В. Реабилитационная педагогика: Учеб. пособие для студ. педагог. вузов и колледжей. М.: Академический проект; Королев: Парадигма, 2005. – 320с.

7. Никитина В.Б. Практическая психология в работе с детьми с задержкой психического развития: Пособие для психологов и педагогов. – М.: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2003. – 128с.

8. Думбаев А.Е. Социальная защита инвалидов и лиц с психическими расстройствами. – Алматы: Жан, 2003. – 264с.

9. Оразбекова А. Отбасы психологиясы. Алматы: РБК 1997, 247-бет.

10..Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. Алматы: Ана тілі, 1995, 89-бет.

11. Азарян Р.Н. Физическое воспитание слепых и слабовидящих школьников в режиме дня. – Москва: Знание, 2008. Стр. 180.

12. Волкова Л.С. Выявление и коррекция нарушений устной речи у слепых и слабовидящих детей. – Ленинград, 2004 год. Стр. 18 – 23.

13. Сашина Е. А. Развитие творческого воображения глухих школьников. Автореф.дисс...канд. пед. нак. – Москва: Радион, 2012 год. Стр. 42- 46. .

14. Фомичева Л. И. Развитие воображения у детей с нарушением слуха // Коррекционное образование и воспитание детей с нарушением слуа и речи. – Киев, 2004г. Стр. 240.

15. Тілеуова С. Жеке тұлғаның құндылық бағдар жүйесінің танымдық мәні //Ізденіс,1998.-№3.-156-160б.

16. Төлембеков М. Н. Нерв жүйесінің физиологиясы. Алматы : Рух, 2010 жыл. – 200 бет.

17.Бекетаев С. Ш. Жасөспірімдердің анатомиясы, физиологиясы, гигиенасы. –Алматы: Паритет, 2009. – 18 -22 беттер.

18.Раис Ф. Психология подросткового и юношеского возраста: Учебное пособие / Под ред. Реана А.А. - СПб.: Питер. 2010. – 616С.

19.Сайлаубек Ш. Жасөспірімдердің дамуындағы ерекшеліктер. Алматы: ҚазУҰ Хабаршысы, 2011 жыл. Жаратылыстану сериясы. 22 – 26 беттер.

20.Намазбаева Ж. И. Психология. Оқулық. – Алматы: Print –S, 2015. – 296 б. .

21.Сәмет Бап-Баба. Жалпы психология. Оқулық. – Алматы : Дарын, 2010. – 352 бет.

22.Анарбекова А. Жасөспірімдердің жеке тұлға болып қалыптасуына өзара қақтығыстардың әсері // ПМУ Хабаршысы, 2013 жыл. -№4. –126-131б.




































ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ. ҚОСЫМША 1

Арнайы мектепте өтілетін сауалнама түрі.

Г. Айзенктің психологиялық сауалнамасы. Мақсаты – 13 – 14 жастағы жасөпірімдердің қорқыныш, агрессиясын айқындау. Нұсқау: Әр жауаптың жанына 3 сан қойылады: 2, 1, 0. Егер бұл пікір сізге лайықты деп танылса, 2 санымен қоршалады; егер аса келмесі – 1 саны қойылады; егер мүлдем лайықты болмаса – 0 қойылады.

1. Мен көбінесе өзімен сенімді емеспін.

2. Тығырықтан шығу жолы жоқ сияқты болып көрінеді.

3. Мен көбінесе соңғы сөзді өзіме қалдырғанды ұнатамын.

4. Маған әдеттерімді өзгерту өте қиын.

5. Мен болмашы нәрселер үшін қызарып кетемін.

6. Сәтсіздіктер мені қатты алаңдатады, сол себепті мен қатты күйзелемін.

7. Өзіммен әңгімелесіп отырған жандарды үнемі бөліп, бөгет жасаймын.

8. Бір істен келесі іске көшу мен үшін қиындық туындатады.

9. Түн ортасында үнемі оянып кетемін.

10. Көлемді келеңсіздіктерде әдетте өзімді кінәлаймын.

11. Мені ренжіту оңай.

12. Мен өмірдегі өзгерістерге қауіппен қараймын.

13. Сәтсіздіктер мен келеңсіздіктер мені ештеңеге үйрете аламйды.

14.Басқаларға үнемі ескерту жасауға тура келеді.

15. Дауласу жағдайында мені көндіру қиын.

16. Мен көбінесе күрестен қорқамын, оны беталды әреект деп түсінемін.

17. Қоршаған орта үшін абыройлы тұлға болғым келеді.

18. Ойдан шығарып тастағым келетін ойлар санамнан шықпайды.

19. Өмірде кездесуі ықтимал қиындықтар мені қорқытады.

20. Мен өзімді қорғанышсыз деп санаймын.

21. Кез келген істе менің көңілім толмайды, жоғары дәрежедегі табысқа қол жеткізгім келеді.

22. Мен адамдармен тез тіл табысамын.

23. Мен өзімнің кемшілік жақтарыма назар аудара беремін.

24. Кей уақытта менде күйзелу жағдайлары болып тұрады.

25. Ашуланғанда өзіме ие болуым қиын.

26.Менің өмірімде бір жағдай өзгерсе, мен қатты уайымдаймын.

27. Мені сендіру оңай.

28. Бағынышты болған ұнамайды, өзім басқарғым келеді.

29. Тік мінез көрсететін уақыттар болады.

30. Мені денсаулығым алаңдатады.

Кілті

1. Қауіптілік, қорқыныш шкаласы : 1, 5, 9, 13, 17, 21, 25, 29, , 3

2. Фрустрация шкаласы: 2, 6, 10, 14, 18, 22, 26, 30, 3

3. Агрессия шкаласы: 3, 7, 11, 15, 19, 23, 27.

Ұпайлар бойынша тұлғаның бойындағы психологиялық ерек белгілер анықталады.

ҚОСЫМША 2. Арнайы мектептерде қолданылатын педагогикалық-психологиялықәдістер. Түрлері:

I. Жалпы педагогикалық әсер ету жолдары. Мінездің барлық кемшіліктерімен жанасатын емдік-педагогикалық нұсқаулар. Оған мына түрлер жатады:

1. Белсенді-еріктік кемістіктерді түзету.

2. Қорқыныш сезімін түзету.

3. Елемеушілікт жолдары.

4. Сау күлкінің мәдениет жолдары.

5. Баланың қатты қызуын тоқтату іс-әрекеттері.

6. Алаңғасарлықты түзету.

7. Ұялшақтықты түзету.

8. Байланшақ ойлар мен істерді түзету.

9. Профессор Л.Г.Бельскийдің әдістері.

10. Қыдырымпаздықты түзету.

11. Өздік түзету.


II. АРНАЙЫ НЕМЕСЕ БӨЛІНДІ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОЛДАР. Мінез кемшіліктерінің айқын әшкереленген немесе нақтылы түрде анықталған делқұлылықтарын түзетуге арналған жолдар.

  1. Тикті түзету.

  2. Балалық тез піскіштігін түзету.

  3. Тарихи мінезді түзету.

  4. Жалғыз балалардың жүріс-тұрыс кемшіліктерін түзету.

  5. Ашушаң мінезді түзету.

  6. Қалыпсыз оқуды емдеу жолдары.

III. ЕҢБЕК АРҚЫЛЫ ТҮЗЕТУ ЖОЛДАРЫ.

IV . БАЛАЛАР ҰЖЫМЫН ТИІМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ АРҚЫЛЫ ТҮЗЕТУ ЖОЛДАРЫ.

Психотерапевтік емдеу жолдары. Мына негізгі түрлерге бөлінеді:

I. Иландыру және өздік иландыру.

II. Гипноз.

III. Сендіру әдістері.

IV. Психосараптама.


























23



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
8852
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12