400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Арнайы пәндерден білім сапасын көтеруде тест тапсырмаларын қолданудағы әдістемелік ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Арнайы пәндерден білім сапасын көтеруде тест тапсырмаларын қолданудағы әдістемелік ерекшеліктері
Материалдың қысқаша нұсқасы



№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық

педагогтік колледжі дене шынықтыру

пәнінің оқытушысы Жеңісбек А.



Адам неғұрлым идеялық жағынан білімді болса,

соғырлым өз ісінде табанды да мығым болмақ.
Петр Лесгафт.



Арнайы пәндерден білім сапасын көтеруде тест тапсырмаларын қолданудағы әдістемелік ерекшеліктері

Əлемдік білім кеңістігіне ену міндеттеріне қарай болашақ мамандардың бойына қажетті біліммен адами құндылықтарын арттыру, өздігінше əрекет ету қабілеттіліктерінің мүмкіндіктерін мейлінше кеңейту қажеттілігін бүгінгі күннің талабымен сəйкестендіру мəселесін шешу тəсілдерін анықтаудағы негізгі мақсат «білім, білік, дағды» қалыптастыру болып табылады.Сондықтан, жаңа қоғамдық қатынаста құзыреттілігі жоғары, сын тұрғысынан ойлайтын, өзін-өзі жетілдіруге қабілетті, кəсіби біліктілігі жетілген маман дайындау қажеттігілігі туып отыр. Бүгінгі таңда оқытудың педагогикалық жаңа үдерісіндегі оқыту әдіс-тəсілдерін білім алушылардың білімді меңгеру əрекеттерін белсенді ету, олардың кəсіби мүмкіндіктерін ашу, жеке кəсіби тұлғалық қабілетін жетілдіру жəне оны болашақта жүзеге асыруға дайындықты қамтамасыз етуге бағытталған. Сабақ беру барысында білімді меңгеру əрекеттерін белсендендіру үшін оқытудың формасы мен білім алушылардың өз бетімен іс-әрекет түрлерін ұйымдастырудың маңызы зор. Оқытудың формасы мен білім алушылардың өзіндік іс-əрекетін ұйымдастыруды белсендендіруде тест тапсырмаларын дайындау,дайын тапсырмаларға өз бетімен шектелген уақытта жауап беру білім сапасын, білімінің деңгейін және олардың білімді қаншалықты меңгергенін анықтауда ерекше маңыздылығымен айқындалады. Арнайы пәндерді оқытуда тестілеу әдісін пайдалану тақырыпты немесе тарауды зерделеуде қорытынды бақылау кезеңі болып табылады, ол бүкіл зерделенген бағдарлама бойынша білімді тексеруге, сондай-ақ пән бойынша білімді іріктеп тексеруді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Сонымен қатар тест тапсырмалары білім алушылардың білімін, іскерлігі мен дағдысын тексерудің немесе өз білімінің белгілі бір сапалық қасиеті бар-жоғын тексерудің ерекше формасы арқылы анықталады.. Тарихи тұрғыдан қарағанда тест тапсырмаларын орындаудың ең көне түрі білім алушылардың дарындылығы немесе олардың ақыл-ойының жалпылама даму барысын тексеруге қолданылған. Тест тапсырмалары білім алушылардың белгілі бір мәліметті жадында сақтау қабілетін, ынтасын, зеректігін, нақтылы көріністі көз алдына елестету қабілетін тағы басқа маңызды сипаттарды анықтауға көмектеседі деп есептеледі.Бүгінгі таңда оқу үдерісінде тест тапсырмаларын қолдану өте жиі пайдаланылады және нәтижесін беріп келеді. Оларды қолдану аясы да күннен күнге ұлғаюда, пәннің бір тақырыбынан бастап тараудан,пәнді толық қалай меңгергені анықталады. Тест тапсырмаларын білім алушылармен орындау барысында оқу процесінде жаңа педагогикалық және ақпараттық тәсілдер мен технологияларды енгізу білім жүйесін басқаруға ,пәнге деген қызығушылығын арттырады.Аталған факторларды қолдану тест тапсырмаларының сапасын көтерумен қатар, қажетті білім аймағын да анықтау жүйелерін дайындауға көмегін тигізеді.Тест тапсырмаларын даярлаудағы ең негізгі мәселе - кез келген бір тесті тапсырмасын қолдану аясы оның мазмұндық, технологиялық және де басқа ерекшеліктеріне тәуелді болатыны,осыдан барып пайдаланатын тест материалдарын топтарға бөліп классификациялау қажеттілігі туындайды. Тест материалы немесе тест деген түсінік әрбір сұраққа сәйкес оның мүмкін болатын бірнеше жауаптарымен бірге берілген тапсырмалар жиынын білдіреді. Тест материалдары көбінесе бланк түрінде немесе компьютерге арналған бейнелеу формасында беріледі, онда оның дұрыс жауаптарымен бірге келтірілген сұрақтар, оның бағалау критериі немесе нормасы, нәтижелерді есепке алу процедурасы, яғни шкаласы, тест жауаптарын қалай толтыру керектігі жайлы нұсқаулар және т.б. болады. Егер тест алу компьютер арқылы жүргізілсе, онда тест материалдары тест тапсырмаларының арнайы банктерінде жинақталып тұрады да, олардан сұрақтар нұсқасын қандай тәсілмен алуға болатыны жайлы нұсқау беріледі. Тестердің осындай параметрлері оларды жіктеудің белгілі бір критериіне сәйкес оны тесттің қай түріне жатқызуға болатындығының айғағы болып табылады. Екінші жағынан, тест материалын бір топқа кіргізу оны жасаушылардың алдына қойған мақсатына байланысты тесттердің қандай да бір болмасын қасиеттерге, технологияларға қарай реттеуге тура келеді. Реттеліп, мақсат қойылып құрылған тест тапсырмаларын қолдану оқу процесінің сапасына, яғни оқу нәтижесіне әсер етеді.

Оқытушының сабақтар жүйесінде оны дұрыстап ұйымдастыра білуі көптеген жағдайда оқу –тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін оқытушы білім алушының оқу материалының меңгеру деңгейін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта білім алушылардың сабақ жүйесінде білім, біліктілік және дағдыларды есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудің сапасы, біліктілік пен дағдының қалыптасу деңгейі анықталады. Сонымен қатар тестік тапсырмалары дұрыстап, қойылатын мақсатқа сай деңгейлеп дайындалатын болса, онда тестілеуді негізгі тексеру және бақылау қызметімен қатар білім алушы оқыту, үйрету, оның алған білімін бекіту құралы ретінде пайдалануға болады. Тест тапсырмаларын құру шығармашылық ой құрылымы мен мазмұнына сәйкес келуін, логикалық құрылымның дұрыс болуын талап етеді. Тест үлгісіндегі тапсырмалар – педагогикалық өлшемдердің негізгі ұғымы болып саналады. Тест тапсырмалары педагогиқалық құрал ретінде анықтала отырып, әр тапсырманың өзіне тән мақсаты болуы қажет,берілген оқу материалының, қысқа, жинақы болуы ойдың логикалық құрылымының дұрыс жұмыс жасауына жағдай туғызады, жауаптарды бағалаудың теңдігі, жауаптардың анықталған орнының болуы үлкен нәтижелі көрсеткіш береді.Берілген тапсырма белгілі мақсатпен құрылады, басқаша айтқанда әр тапсырманың өзіне тән сипаттамасы болады. Мысалы,білім алушылардың білім деңгейіне қарай интеллектуалды жағынан қабілеттілерге немесе шығармашылығына арналып құрылған, өздік жұмысына, дайындық деңгейін компьютер арқылы тексеру, аттестациялау үшін құрылған тест тапсырмаларын атауға болады.Педагогикалық тапсырмалар оқытушы, үйретуші, әрі бақылаушы функцияларын атқарады. Белгілі бір біліктілік дағдыны қалыптастырып, өзін-өзі дамыту мақсатында білім алушылар тапсырмалар қолданылса, керісінше білім сапасын анықтау үшін оқу жылының соңында колледж ішілік аралық бақылауда тест тапсырмалары беріледі. Тапсырманың мазмұны жағынан жинақы болуы әр сөз, символ-таңбаларды, графиктерді мұқият таңдау арқылы іске асырылады.Тапсырмада мағынасы түсініксіз, сирек кездесетін сөздер, сөз тіркестерінің болмауы, сөздердің қайталанбауы қажет. Бір ғана ойды, не мағынаны білдіретін қысқа тұжырым түрінде болуды талап етеді. Тестілеу үрдісінде техникалық құралдарды қолдану арқылы нақты, үнемді, әрі шапшаң, әрі объективті түрде жүргізілуін технологиялығы деп айтады.Сыналушыға тапсырманың түсінікті тілде жазылуы, компьютерге енгізу мүмкін болуы — технологиялық түрі деп аталады.

Гимнастиканы және оқыту әдістемесі пәні бойынша тест тапсырмаларының үш кезеңін сабақта қолдану дәстүрге айналған.Бірінші кезең бір тапсырмаға бес жауап беріліп,жауаптардың біреуі дұрыс болатын болса, екінші кезеңде бір тапсырмада бірнеше дұрыс жауабы болуы мүмкін,ал үшінші кезеңде тақырыпқа байланысты сурет,кесте,сызбалар т.б қолдана отырып ,мәтін құрастырылады.Берілген тапсырмалар қарапайым,орташа,күрделі түрде дайындалады..

Мысалы:Гимнастиканы оқытудың әдістемелік негіздері тақырыбына берілетін I кезеңдегі тапсырмалар үлгісі:

1. Гимнастика сабағында жаттығу орындаған кезде күрделі бір қате жібергенде қойылатын баға

А)2

Б)6

В)4

Д)3

Е)5

{Дұрыс жауабы}= D.

{Күрделігі }= қарапайым

{Тақырыбы }= Гимнастиканы оқытудың әдістемелік негіздері.

{Оқулық }= М. Л. Журавин, О. В. Загрядская, Н.В. Казакевич. Гимнастика. Москва «Академия», 2001.

2. Жалпы дамыту жаттығуларының жазылу терминологиясы құрылады

А)бастың тұру қалпы.орындалуы

Б)аяқтың тұру қалпы,қайталануы

В)қолдың тұру қалпы,жаттығудың саны

Д)орындалу,қайталану қалпы

Е)жаттығудың тұру қалпынан,орындалу,қайталануы

{Дұрыс жауабы}= Е.

{Күрделігі }=орташа

{Тақырыбы }= Гимнастиканы оқытудың әдістемелік негіздері.

{Оқулық }= М.Л. Журавин,О.В. Загрядская,Н.В.Казакевич. Гимнастика.Москва. «Академия»,2001

3. Гимнастика сабағында қолданылатын жүрудің түрлері

А)аяқтың ішкі және сыртқы қырымен,толық отырып жүру,

Б)аяқтың өкшесі және аяқтың ұшымен,жартылай отырып жүру

В)сызық бойымен жүру, аяқтың өкшесі және аяқтың ұшымен жүру,

Д)кедергілермен жүру,тік жүру,жәй жүру,

Е)аяқтың ішкі, сыртқы қырымен, жартылай ,толық отырып, жәй жүру

{Дұрыс жауабы}= Е.

{Күрделігі }=күрделі

{Тақырыбы }= Гимнастиканы оқытудың әдістемелік негіздері.

{Оқулық }= М.Л. Журавин,О.В. Загрядская,Н.В.Казакевич. Гимнастика.Москва. «Академия»,2001ж.

Тест тапсырмаларының II кезеңі күрделі кезең деп айтуға болды.Бұл кезеңде тапсырманы орындау үшін тестологияның негізгі қағидалары мен ережелеріне сүйене отырып тапсырма күрделенеді және жауаптар бірнеше нұсқадан тұруы мүмкін.

Мысалы:

1.Гимнастика жаттығулары түрлеріне жатады

A) Тіреніп, сүйеніп, тартылып,аунау арқылы орындалатын жаттығулар
B) акробатика,аунау арқылы орындалатын жаттығулар
C) бөренеде орындалатын жаттығулар
D)Гранат лақтыру,секіру жаттығулары.
E) Арқанға тартылу,допты тебу жаттығулары,

{Дұрыс жауабы}=А, B, C

{Күрделігі}=күрделі

{Оқулық}= М.Л. Журавин,О.В. Загрядская,Н.В.Казакевич. Гимнастика.Москва. «Академия»,2001

III кезең Сурет арқылы мәтін құрау


Ернар Ерімбетов (1980 ж. 15 ақпанында Алматы қаласында туған) - Қазақстаннан шыққан гимнаст.Ол алғаш рет 1997 жылы 17 жасында халықаралық жарыстарға қатысты.2001 жылы көркем гимнастикадан әлем чемпионатында ол Floor and Vault-та финалды өткізіп, 6-шы орынға ие болды. Ол сондай-ақ еденге және Vault-қа финалдарды жасады, медальдардан гөрі. Ерімбетов 2002 және 2003 жылдар аралығында көптеген жарыстарға қатысты. Ол 2003 жылғы Универсиада мен Азия чемпионаттарында да алтын жеңіп алды. 2003 жылғы көркем гимнастикадан әлем чемпионатында ол AA рейтингінде 4-орынға ие болды.Ерімбетов 2004 жылғы жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алды, бірақ ерлер арасында жеке көпсайыста 14-ші орынға ие болды, ал ерлер арасындағы көркемдік біліктілікте бесіншіден кейін. Біркелкі емес барлар сайысында ол сегізінші орын алды. 2006 жылы Ерімбетов 2006 жылғы Азия ойындарының секіруден қола медалін жеңіп алып, Гран-при финалына секіруден өтті. Ернардың Қазақстанның Алматы қаласында әйелі мен ұлы бар

Мәтін арқылы тест тапсырмаларын дайындау.

Мысалы:

1. Гимнастика сабағындағы дайындық бөлімінің ұзақтығы

A) 3-5 мин
B) 6-7 мин
C) 8-12 мин
D) 5-6 мин
E) 10-15 мин

{Дұрыс жауабы}=Е

{Күрделігі}=қарапайым

{Тақырыбы}= Гимнастиканы оқытудың әдістемелік негіздері

{Оқулық}= М. Л. Журавин, О. В. Загрядская, Н.В. Казакевич. Гимнастика. Москва «Академия», 2001

2. Гимнастика сабағында музыкамен орындалатын би қадамы

A) жеңіл жүріс
B) аяқты бүгіп жазып жүру
C) аяқты қайшылап қадам басу
D) секіріп жүру
E) полька қадамы

{Дұрыс жауабы}=Е

{Күрделігі}=қарапайым

{Тақырыбы}= Гимнастиканы оқытудың әдістемелік негіздері

{Оқулық}= М. Л. Журавин, О. В. Загрядская, Н.В. Казакевич. Гимнастика. Москва «Академия», 2001

3. Музыкамен орындалатын гимнастиканың түрі

A) дәстүрлі гимнастика
B) гигиеналық гимнастика
C) көркем гимнастика
D) спорттық гимнастика
E) атлетикалық гимнастика

{Дұрыс жауабы}=Е

{Күрделігі}=қарапайым

{Тақырыбы}= Гимнастиканы оқытудың әдістемелік негіздері

{Оқулық}= М. Л. Журавин, О. В. Загрядская, Н.В. Казакевич. Гимнастика. Москва «Академия», 2001

4. Қазақстаннан алғашқы рет халықаралық жарысқа қатысқан гимнастшы

А) Е.Ерімбетов

Б) Ж.Үшкемпіров

В) Б.Саттарханов

Д) С.Сапиев

Е) Е.Ибрагимов

{Дұрыс жауабы}=А

{Күрделігі}=қарапайым

{Тақырыбы}= Гимнастиканы оқытудың әдістемелік негіздері

{Оқулық}="1997 Junior International" . Gymn-Forum.com . Проверено 28 июля 2017 . ^ "Еримбетов" . intlgymnast.com . Архивировано из оригинала на 2007-04-16. внешние ссылки Ернар Еримбетов - https://ru.qaz.wiki/wiki/Yernar_Yerimbetov

5. Е.Ерімбетов Бельгияның Гент қаласында өткен Гран-приде жеңіп алған жылы

А) 1999ж

Б) 2005 ж

В) 2000 ж

Д) 1994 ж

Е) 1997ж

{Дұрыс жауабы}=Б

{Күрделігі}=қарапайым

{Тақырыбы}= Гимнастиканы оқытудың әдістемелік негіздері

{Оқулық}="1997 Junior International" . Gymn-Forum.com . Проверено 28 июля 2017 . ^ "Еримбетов" . intlgymnast.com . Архивировано из оригинала на 2007-04-16. внешние ссылки Ернар Еримбетов - https://ru.qaz.wiki/wiki/Yernar_Yerimbetov

Тестік жүйенің беретін нәтижелері өте ауқымды берілген тарау немесе тақырып бойынша білім мазмұнын қалай меңгергенін өтілетін тақырыптардың қандай бөліктерінің күрделілігі анықталады.Білім алушылардың өз бетімен жұмыс істеуге талпындырады,оқытушы еңбегін жеңілдетуге мүмкіндік береді.Жүйелі жүргізілген тест жұмысы, білім алушының білімін, біліктілігін дұрыс бағалауға мүмкіндік туғызады. Білім алушы өз білімі мониторингісін өзі қарап басқара алатын жағдайға жетеді. Ғылыми негізделіп, дұрыс құрастырылған тестік тапсырмаларды жүйелі пайдалану оқыту сапасын жақсартуға, білім алушының бойында уақытты үнемдей білу, тез ойлау, жинақты болу және ұтымды шешім қабылдау, ойын дұрыс тиянақтау, өз бетінше жұмыс істей білу қасиеттерін қалыптастыруға және дамытуға мүмкіндік береді. Әрине, тест арқылы бақылауды мамандық және пәннің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес басқа да дәстүрлі (ауызша, жазбаша, т.б.) бақылау жұмыстарымен үйлестіре (ұштастыра) жүргізу қажет болады. Сонда ғана тестілеу әдісінің оқытудағы тиімділігі арта түседі. Пән, нақты тарау және модуль,тақырып ерекшеліктеріне және студенттердің бүгінгі білім деңгейіне сәйкес тестілеудің әртүрлі формаларын пайдаланылатын болсақ, соғұрлым оның оқыту және білім алу сапасына тигізетін оң нәтижелерінің қомақтылығы көріне бастайды. Сонда ғана тестілеудің артықшылықтары, тиімді мүмкіндіктері ашыла түсетін болады, бақылау және бағалаудың обьективтілігі міндетті түрде қамтамасыз етіледі. Нәтижесінде оқыту және білім алу сапасының деңгейі едәуір жақсара түсетіндігі сөзсіз.

Пайдаланған әдебиеттер:

Сағымбаева А. «Білім берудің тестілік әдістемесі»Әдістемелк құралы.

Каланова Ш.М.,Усенбаева М.А. «Разработка тестовых заданий для контроля знаний студента» – Тараз,1998г

Русаков С.В.,Русакова О.Л.,Шестакова Л.В. «Тестовая форма контроля для базового курса ОИВТ» - Информатика и образованиу №6-7, 1997г

Ропопорт И.,Сельг Р., Соттер Тесты для обучении в средней школе. – Таллин – 1987г↑ “Қазақ Энциклопедиясы”

М. Л. Журавин, О. В. Загрядская, Н.В. Казакевич. Гимнастика. Москва «Академия», 2001

https://www.google.com/url?sa=i&url=https%3A%2F%2Fwww.sports.kz%2Fnews%2Fernar-erimbetov-rabotayu-s-optimizmom&psig=AOvVaw2ZRbQspvOTZup6Z3DxdXcw&ust=1608619449111000&source=images&cd=vfe&ved=0CAMQjB1qFwoTCPDojNf-4O0CFQAAAAAdAAAAABAD

































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 желтоқсан
559
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі