15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Арнау курс 8 сынып- алгебра
Алгебра пәнінен 8 және11сыныптарға арналған арнаулы курстарыдың бағдарламасы.
Әр түрлі теңдеулер мен теңсіздіктер.
Құрастырған: Математика пәнінің мұғалімі
Жумабаев Серік Хамзинович
Павлодар 2019 жыл
Түсінік хат
Ұсынылып отырған бағдарлама төмендегідей бөлімдерден тұрады: 1)Арнаулы курстың мазмұны мен құрылымы
2)Оқу материалдарын тақырыптық жоспарлау
3) Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.
1)«Арнаулы курстың мазмұны мен құрылымы» бөлімінде 8 сыныптың зерделенетін оқу материалдарының тізімі мен көлемі берілген.Оқыту мазмұны алгебра курстарының мазмұндық желілеріне сәйкес бөлінген.Осыған байланысты өтілген оқу материалдары қорытындыланып, теңдеулер жөнінде берілген мәліметтер тереңдетіледі.
2)«Оқу материалдарын тақырыптық жоспарлау» бөлімінде 8 сынып бойынша берілетін курс материалдарының көлемі, реті мен тізбегі, оларды оқытуға жұмсалатын сағат саны көрсетілген.
3)Арнаулы курстың оқыту мақсаты.Қолданбалы есептерді математикалық модельдеудің, оқушылардың функционалдық дайындықтарын жүзеге асырудың негізгі құралдары ретінде пайдалана отырып теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу аппаратын меңгерту болып табылады.Арнаулы курстың бағдарлама мазмұнының ерекшелігі:1)модуль белгісімен алынған айнымалысы бар теңдеулер мен теңсіздіктер.2) теңсіздіктерді шешудің интервалдар әдісі.3) күрделі түбірлер формуласы.
Математиканы оқытудың мақсаты міндетті нәтижелерге жету ғана емес.Оқушылардың математикаға деген қызығушылықтарын, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, әрбір оқушының мүмкіндіктері мен қабілеттерін жетілдіру үшін жағдай жасау маңызды міндеттердің бірі.Оқушылардың математикалық дайындықтарының деңгейін бағалау өз бетінше шешім қабылдауға ұмтылдырмайтын деңгейде өтілген материалдарды формальды түрде тексеруге емес, алған білімнің мәнін түсіндіруге, оның функционалдығына, практикадағы қолданымына бағытталуы тиіс.
Мақсаты: Оқушылардың теңдеу мен теңсіздікті шешу жолдарын тиімді әдіс-тәсілмен меңгеру.
Міндеттері: 1)Теңдеу мен теңсіздіктің білім ақпаратын тереңдетіп түрлі алгоритмдерді пайдалану.2)Теңдеу мен теңсіздікті шығара отырып, оқушының логикалық және санау қабілеттерін дамыту.3) Топпен жұмыс істеуге баулу.
Мерзімі: Оқу жылы (барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат)
Оқу материалдарының мазмұны мен құрылымы
8 сынып (барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат)
Теңдеулер(20 сағат)
Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру.
Күрделі түбірлер формуласы.
Квадрат теңдеулер.
Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары.
Графиктік тәсілмен теңдеулерді шешу.
Күрделі теңдеулерді шешу.
Рационал теңдеулерді шешу.
Квадрат теңдеу арқылы шығарылатын есептер.
Биквадраттық теңдеулер.
Практикалық жұмыс №
Модуль белгісімен алынған айнымалысы бар теңдеулер.
Зачёт.
Теңсіздік(14 сағат)
Квадраттық теңсіздік.
Квадрат теңсіздікті квадраттық функцияның графигі арқылы шешу.
Интервал әдісі.
Практикалық жұмыс№3.
Модуль белгісімен алынған айнымалысы бар теңсіздік.
Практикалық жұмыс№4.
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.
Міндетті деңгей:
Санды өрнектерді ықшамдау үшін квадрат түбірлердің қасиеттерін қолдану.
Квадрат теңдеулерді әр түрлі тәсілмен шешу.
Күрделі емес рационал теңдеулерді шығара білу.
Биквадраттық теңдеулерді шешу.
Квадраттық теңсіздікті әр түрлі тәсілдермен есептеп шығару.
Модуль белгісі бар теңсіздіктерді шешу.
Мүмкін деңгей.
Күрделі квадраттық және биквадраттық теңдеулерді шешу.
Күрделі квадрат және рационал теңдеулер арқылы шығарылатын есептер.
Күрделі теңсіздіктерді шешу білу.
Күнтізбелік, тақырыптық жоспар.
№ |
Мазмұны |
мерзімі |
Сағат саны |
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
17 18
19 20
21 22 23
24 25 26 |
Теңдеулер(20 сағат) Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру. Күрделі түбірлер формуласы. Күрделі есеп шығару. Квадрат теңдеулер. Келтірілген квадрат теңдеу. Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары. Графиктік тәсілмен теңдеулерді шешу. Күрделі теңдеулерді шешу. Рационал теңдеулерді шешу. Квадрат теңдеу арқылы шығарылатын есептер. Квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулер. Биквадраттық теңдеулер. Рационал теңдеулерді шешу. Есеп шығару Практикалық жұмыс Модуль белгісімен алынған айнымалысы бар теңдеулер. Теңдеулерді шешу Сынақ Теңсіздік(14 сағат) Квадраттық теңсіздік. Квадрат теңсіздікті квадраттық функцияның графигі арқылы шешу. Интервал әдісі. Теңдеулерді шешу Модуль белгісімен алынған айнымалысы бар теңсіздік. Практикалық жұмыс Теңсіздіктерді шешу Тест тапсырмалары
|
|
2 2 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1
1 1
2 2
2 2 2
1 2 1 |
Әдістемелік кұрылымы:
Сабақ турлері: Лекция сабақ, аралас сабақ, жаттықтыру сабак, сайыс сабақ.
Оқуту әдістемесі:Ривин әдісі, дидактикалық бірлікті біріктіру технологиясы, теңдеулер мен теңсіздіктердің шешу алгоритмдары .
Бақлау турлері: сынақ, тест.
Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер.
Түсінік хат
Ұсынылып отырған бағдарлама төмендегідей бөлімдерден тұрады: 1)Арнаулы курстың мазмұны мен құрылымы
2)Оқу материалдарын тақырыптық жоспарлау
3) Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.
1)«Арнаулы курстың мазмұны мен құрылымы» бөлімінде 11 сыныптың зерделенетін оқу материалдарының тізімі мен көлемі берілген.Оқыту мазмұны алгебра курстарының мазмұндық желілеріне сәйкес бөлінген.Осыған байланысты өтілген оқу материалдары қорытындыланып, теңдеулер жөнінде берілген мәліметтер тереңдетіледі.
2)«Оқу материалдарын тақырыптық жоспарлау» бөлімінде 11 сынып бойынша берілетін курс материалдарының көлемі, реті мен тізбегі, оларды оқытуға жұмсалатын сағат саны көрсетілген.
3)Арнаулы курстың оқыту мақсаты.Қолданбалы есептерді математикалық модельдеудің, оқушылардың функционалдық дайындықтарын жүзеге асырудың негізгі құралдары ретінде пайдалана отырып,көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу аппаратын меңгерту болып табылады.Арнаулы курстың бағдарлама мазмұнының ерекшелігі:1)бірдей негізге келтіру тәсілімен көрсеткіштік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу.2) жаңа айнымалы енгізу әдісі.3) графиктік тәсілді қолдану.4)мүшелеп логарифмдеу тәсілі
Математиканы оқытудың мақсаты міндетті нәтижелерге жету ғана емес. Оқушылардың математикаға деген қызығушылықтарын, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, әрбір оқушының мүмкіндіктері мен қабілеттерін жетілдіру үшін жағдай жасау маңызды міндеттердің бірі.Оқушылардың математикалық дайындықтарының деңгейін бағалау өз бетінше шешім қабылдауға ұмтылдырмайтын деңгейде өтілген материалдарды формальды түрде тексеруге емес, алған білімнің мәнін түсіндіруге, оның функционалдығына, практикадағы қолданымына бағытталуы тиіс.
Мақсаты: Оқушылардың көрсеткіштік,логарифмдік және иррационал теңдеу мен теңсіздіктерді шешу жолдарын тиімді әдіс-тәсілмен меңгеру.
Міндеттері: 1) Көрсеткіштік, логарифмдік және иррационал теңдеу мен теңсіздіктің білім ақпаратын тереңдетіп түрлі алгоритмдерді пайдалану. 2)Теңдеу мен теңсіздікті шығара отырып, оқушының логикалық және санау қабілеттерін дамыту.3) Топпен жұмыс істеуге баулу.
Мерзімі: Оқу жылы (барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат)
Оқу материалдарының мазмұны мен құрылымы
11 сынып (барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат)
Дәреже және түбір (7 сағат)
Көрсеткіштік теңдеулер мен теңсіздіктер(10 сағат)
Сынақ
Логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер(17сағат)
Сынақ
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.
Міндетті деңгей:
Көрсеткіштік, логарифмдік және иррационал теңдеулерді әр түрлі тәсілмен шешу.
Күрделі емес теңдеулерді шығара білу.
Теңсіздікті әр түрлі тәсілдермен есептеп шығару.
Мүмкін деңгей.
Күрделі көрсеткіштік, логарифмдік иррационал теңдеулерді шешу.
Күрделі теңсіздіктерді шешу білу.
Күнтізбелік, тақырыптық жоспар.
№ |
Мазмұны |
мерзімі |
Сағат саны |
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19 20
21 22
|
Дәреже және түбір (7 сағат) Иррационал өрнектерді түрлендіру Иррационал теңдеулер Иррационал теңдеулер жүйелерін шешу. Иррационал теңсіздіктер Иррационал теңсіздіктер жүйесін шешу Көрсеткіштік теңдеулер мен теңсіздіктер(10 сағат) Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар Көрсеткіштік теңдеулер Көрсеткіштік теңдеулер және олардың жүйелері Көрсеткіштік теңсіздіктер Көрсеткіштік теңсіздіктер және олардың жүйелері Практикалық жұмыс №1 Сынақ№1 Логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер (17сағат) Логарифмдік теңдеулер Теңдеуді логарифмдеу және потенциалдау Теңдеуді бөлімдерінен босату Формулаларды қолдану Логарифмдік теңдеулер жүйесі Логарифмдік теңсіздіктер Логарифмдік теңсіздіктер жүйесі Айнымалылары модуль таңбасының ішінде болатын теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу Параметрлері бар теңдеулер мен теңсіздіктер Сынақ
|
|
1 1 2 1 2
1 1 2 1 2 2 1
2 1 1 2 2 2 2 2
2 1 |
Әдістемелік кұрылымы:
Сабақ түрлері: Лекция сабақ, аралас сабақ, жаттықтыру сабақ, сайыс сабақ.
Оқыту әдістемесі:Ривин әдісі, дидактикалық бірлікті біріктіру технологиясы, теңдеулер мен теңсіздіктердің шешу алгоритмдері .
Бақылау түрлері: сынақ, тест.
Литература:
1.Жадрина М.Ж., Муканова С.Д Рекомендации к разработке общеобразовательными учебными заведениями рабочих учебных планов-Алматы, КАО им Ы Алтынсарина,2005г
2.Методические рекомендации по организации учебных планов.
Құрастырушы: Жумабаев Серик Хамзинович дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей мектебінің математика пәнінің мұғалімі.
Рецензияні берген:

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген