15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Арнау курс-алгебра 11сынып
П
авлодар
қаласы №25 ЖОББ мектебі
Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер.
Құрастырған: Математика пәнінің мұғалімі Жумабаев Серік Хамзинович
Павлодар 2019 жыл
Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер.
Түсінік хат
Ұсынылып отырған бағдарлама төмендегідей бөлімдерден тұрады: 1)Арнаулы курстың мазмұны мен құрылымы
2)Оқу материалдарын тақырыптық жоспарлау
3) Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.
1)«Арнаулы курстың мазмұны мен құрылымы» бөлімінде 11 сыныптың зерделенетін оқу материалдарының тізімі мен көлемі берілген.Оқыту мазмұны алгебра курстарының мазмұндық желілеріне сәйкес бөлінген.Осыған байланысты өтілген оқу материалдары қорытындыланып, теңдеулер жөнінде берілген мәліметтер тереңдетіледі.
2)«Оқу материалдарын тақырыптық жоспарлау» бөлімінде 11 сынып бойынша берілетін курс материалдарының көлемі, реті мен тізбегі, оларды оқытуға жұмсалатын сағат саны көрсетілген.
3)Арнаулы курстың оқыту мақсаты.Қолданбалы есептерді математикалық модельдеудің, оқушылардың функционалдық дайындықтарын жүзеге асырудың негізгі құралдары ретінде пайдалана отырып,көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу аппаратын меңгерту болып табылады.Арнаулы курстың бағдарлама мазмұнының ерекшелігі:1)бірдей негізге келтіру тәсілімен көрсеткіштік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу.2) жаңа айнымалы енгізу әдісі.3) графиктік тәсілді қолдану.4)мүшелеп логарифмдеу тәсілі
Математиканы оқытудың мақсаты міндетті нәтижелерге жету ғана емес. Оқушылардың математикаға деген қызығушылықтарын, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, әрбір оқушының мүмкіндіктері мен қабілеттерін жетілдіру үшін жағдай жасау маңызды міндеттердің бірі.Оқушылардың математикалық дайындықтарының деңгейін бағалау өз бетінше шешім қабылдауға ұмтылдырмайтын деңгейде өтілген материалдарды формальды түрде тексеруге емес, алған білімнің мәнін түсіндіруге, оның функционалдығына, практикадағы қолданымына бағытталуы тиіс.
Мақсаты: Оқушылардың көрсеткіштік,логарифмдік және иррационал теңдеу мен теңсіздіктерді шешу жолдарын тиімді әдіс-тәсілмен меңгеру.
Міндеттері: 1) Көрсеткіштік, логарифмдік және иррационал теңдеу мен теңсіздіктің білім ақпаратын тереңдетіп түрлі алгоритмдерді пайдалану. 2)Теңдеу мен теңсіздікті шығара отырып, оқушының логикалық және санау қабілеттерін дамыту.3) Топпен жұмыс істеуге баулу.
Мерзімі: Оқу жылы (барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат)
Оқу материалдарының мазмұны мен құрылымы
11 сынып (барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат)
Дәреже және түбір (7 сағат)
Көрсеткіштік теңдеулер мен теңсіздіктер(10 сағат)
Сынақ
Логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер(17сағат)
Сынақ
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.
Міндетті деңгей:
Көрсеткіштік, логарифмдік және иррационал теңдеулерді әр түрлі тәсілмен шешу.
Күрделі емес теңдеулерді шығара білу.
Теңсіздікті әр түрлі тәсілдермен есептеп шығару.
Мүмкін деңгей.
Күрделі көрсеткіштік, логарифмдік иррационал теңдеулерді шешу.
Күрделі теңсіздіктерді шешу білу.
Күнтізбелік, тақырыптық жоспар.
№ |
Мазмұны |
мерзімі |
Сағат саны |
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19 20
21 22
|
Дәреже және түбір (7 сағат) Иррационал өрнектерді түрлендіру Иррационал теңдеулер Иррационал теңдеулер жүйелерін шешу. Иррационал теңсіздіктер Иррационал теңсіздіктер жүйесін шешу Көрсеткіштік теңдеулер мен теңсіздіктер(10 сағат) Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар Көрсеткіштік теңдеулер Көрсеткіштік теңдеулер және олардың жүйелері Көрсеткіштік теңсіздіктер Көрсеткіштік теңсіздіктер және олардың жүйелері Практикалық жұмыс №1 Сынақ№1 Логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер (17сағат) Логарифмдік теңдеулер Теңдеуді логарифмдеу және потенциалдау Теңдеуді бөлімдерінен босату Формулаларды қолдану Логарифмдік теңдеулер жүйесі Логарифмдік теңсіздіктер Логарифмдік теңсіздіктер жүйесі Айнымалылары модуль таңбасының ішінде болатын теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу Параметрлері бар теңдеулер мен теңсіздіктер Сынақ
|
|
1 1 2 1 2
1 1 2 1 2 2 1
2 1 1 2 2 2 2 2
2 1 |
Әдістемелік кұрылымы:
Сабақ түрлері: Лекция сабақ, аралас сабақ, жаттықтыру сабақ, сайыс сабақ.
Оқыту әдістемесі:Ривин әдісі, дидактикалық бірлікті біріктіру технологиясы, теңдеулер мен теңсіздіктердің шешу алгоритмдері .
Бақылау түрлері: сынақ, тест.
Литература:
1.Жадрина М.Ж., Муканова С.Д Рекомендации к разработке общеобразовательными учебными заведениями рабочих учебных планов-Алматы, КАО им Ы Алтынсарина,2005г
2.Методические рекомендации по организации учебных планов.
Құрастырушы: Жумабаев Серик Хамзинович дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей мектебінің математика пәнінің мұғалімі.
Рецензияні берген:

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген