жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Арқаның ақиық тұлғалары
Қарағанды облысы, Балқаш қаласы жалпы
білім беретін типтік мектеп – интернаты» КММ
тарих пәні мұғалімі: Бимбетова Баян Султанбековна
Туған жер бағдарламасы бойынша факультатив сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Арқаның ақиық тұлғалары
(Шашубай Қошқарбайұлы, Манарбек Ержанов, Күләш Байсейітова туралы)
Сабақтың мақсаты: Шашубай Қошқарбайұлы, Манарбек Ержанов, қазақтың атақты әншісі Күләш Байсейітова туралы толық мағлұмат беру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға осы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы жайлы мәлімет беру.
Дамытушылық: Оқушылардың сөз байлығын, сөздік қорын, көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларға өнерді сүюге, әнге құштарлық, өнер адамдарына деген көзқарасты қалыптастыру, олардың бойында қазақ халқына, қазақ тіліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, оларға эстетикалық, патриоттық тәрбие беру.
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, Күләш Байсейітованың, Манарбек Ержановтың, Шашубай Қошқарбайұлы жайлы бүктеме суреттері, ватман қағазы.
Сабақтың түрі: Ізденіс сабағы
Пәнаралық байланыс: Тарих, өнер, әдебиет.
Сабақтың формасы: топпен
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Құрметті мұғалімдер, және оқушылар!
Біздің бүгінгі «Тарихи тұлғалар» атты факультативіне қош келдіңіздер!
Бүгін біз, Шашубай Қошқарбайұлы, Манарбек Ержанов, қазақтың атақты әншісі Күләш Байсейітова біртуар талантты тұлғалардың өмірде қандай адам болғанын, өнерде қандай із қалдырып, қай тұрғыда ерекшеленгенін көптеген ұрпақ біле бермейді. Бүгінгі сабақтан осы тұлғалар жайлы мәлімет алатын боламыз. Бүгінгі біздің сабағымызға қалалық білім бөлімінен эксперттік комиссия қонақтары келіп отыр. Біздің шығармашылық жұмысымызға бағасын береді. Оқушылар әкелген шығармашылық жұмыстарыңызды сабақтың соңында маған берулеріңізді сұраймын. Ол жұмыстарды мен шағын кітапша қылып шығарамын. Ол жұмысты мектеп кітапханасынан алып қолдануларыңызға болады
Оқушылар топқа бөлініп отырады. Әр топқа тапсырмалар берілген. Слайд жасау
1- топ. Тұла бойы тұнған өнер.
Бүктеме арқылы Ш. Қошқарбайұлын қорғайды. 6-7 мин
2 - топ. Сарыарқа саңлағы.
Манарбек Ержановты слайд арқылы қорғайды. 6-7 мин
3 - топ. Қазақтың бұлбұлы.
Күләш Байсейітова. Визуалды айғақтар. 6-7 мин
Оқушылар тақырыпты ашып, осы қойылған аттарына байланысты қорғап шығады.
1 топ. Жезтаңдай мен қазақтың Шашубайы,
Кіреді сөйлеп кетсем сөз шырайы.
Жамбылмен үзеңгілес сұңғыламын,
Саңлақ деп үкілеген ел шынайы.
дей келе Дүбірлетіп өткен Шашубай Қошқарбайұлы - ән мен жырдың еркесі Біржан сал, Ақан сері, Шөже, Кемпірбай, Жаяу Мұса,
Балуан Шолақ, Жарылғапберді, Ғазиз, Мәди сынды ақындық, әншілік,
орындаушылық яки синкретикалық өнердің иесі. Қазақ елінің көшпелі театры, дала циркі, қазақ эпосының архиві болған өнерпаз деуге әбден саяды. Тақтада Шашубай Қошқарбайұлының өмірі мен шығармашылығына байланысты кезеңдер берілген.
І кезең 1865 – 1909 жылдарға көз жіберейік.
ІІ кезең 1936 – 1945 жылдарды қамтитын ақын өмірі қандай із қалдырды.
Бірінші кезең
1865 жылы Балқаш көлінің маңындағы «Қызылшоқы» деген жерде туған. Әкесі ерте дүниеден өтіп, жасынан жетім қалған Шашубай жарым-жан шешесіне қолқанат болып, бар қиыншылықты басынан өткереді. Анасы Күнбала: «Атаң Жандабай сынды аузынан жыры ақтарылған, бұлбұл көмей ақын болар ма екенсің?» - деп армандайды екен. Ананың арманының ақиқатқа айналғаны ғой. Шашубай он екі жасында сол маңдағы байлардың шашбауын көтеріп жүрген әлде бір ақынсымақ шалмен, он үшінде Жақай, Кенжебала сияқты осы елдің ақын қыздарымен айтысып, ел көзіне ерте түседі. Жасынан домбыра, сырнай, гармон тартып, ән салған, өлең шығарып айтуға, серілік құруға әуестенеді. Біржан сал, Ақан сері, Балуан Шолақ, Мәди, Ғазиз тәрізді Арқаның ардагері әнші, сал-серілерімен кездесіп, тәлім алады. 1909 жылы Шашубай Жетісуға келіп Жамбылмен айтысқан.
1928 жылы Қуандық ақынмен айтысқан. Жетісу елінде Шөжеге жолығып, онымен бірге қазақ, қырғыз елін аралады. Осы бір өнер сапарында, Шөженің айтуынан, оның Кемпірбай ақынмен айтысын жаттап алған. Қояндыда Біржан салмен кездесіп, одан мынадай бата алған:
«Арқада кім тумаған, өнер кернеп,
Сайрадың сырнайыңды көкке сермеп.
Тартынба, талабыңды тарықтырма,
Айта бер өрістетіп әннен өрнек». – деп бата беріпті.
Шашубай Шөже, Кемпірбай, Біржан салдарды өзіне ұстаз, замандастары – Жамбыл, Әсет, Нұрпейіс, Ажар, Қақпан, Естай, Доскейдің де ықпалы аз болмаған. Нартай, Кенендер болса, өздерін Шашубайдың шәкіртіміз деп есептеген.
Шашубай Қошқарбайұлының « Ақ қайың» әні туралы мәлімет бере кетейін . Ұлттық мәдениеттің шалқарында жүзіп, сан қырлы өнерді бойына сіңірген ол бірнеше ән шығарған. Соның ішінде шоқтығы биігі, халқымен бірге жасап келе жатқаны – «Ақ қайың». Шашекең «Ақ қайың» әнімен өнер әлемінің төріне шықты. «Ақ қайың» әнімен о дүниеге аттанды.
Иісі қазақ жұрты ат ауызды орақ тілді, сан қырлы өнерпазды «Алмас тілді Шашубай», «Жорға Шашубай», «Жүйрік Шашубай», «жыр – думанының дию – перісі» деп те атапты.
Ал екінші кезеңі қандай оқиғалармен сипатталған екен. 1936 жылы Шашубайды Алматыға шақырылады. Халық ішінен суырылып шыққан өнерпаздардың бас қосуында Шашекең «Үш шыбық», «Тақия тайтаңы» ойындарын көрсетеді. Жамбыл, Орынбай, Доскейлермен кездеседі. Қазақ халқының ғасырлар бойы жасаған мәдени-рухани байлығын емін-еркін игерген, халық жырының мұхитында өскен жел жетпес жүйрік халық әндері мен қисса-дастандарды және толғауларды жатқа білген. «Тоты», «Қамбар батыр», «Ақтанберді», «Сұраншы Бөкей» дастандарын ел ішінде айтып жүрген. Шашубай Қошқарбайұлының айтуынан Сәбит Мұқанов жазып алған екен. Шашубайдың «Майда қоңыр», «Ырғыма –сырғымы», «Мамық қызға», «Ақ қайың», «Сырлы қайың», «Жамалға», «Кербез кер» және тағы басқа әндері көпшілікке мәлім. Бұл әндерінде махаббат, өнер, табиғат туралы ой шертеді. Қай әні болмасын, адам жанын шуаққа, мөлдір сезімге бөлеп айтады.
1941 жылы Шашубайға «Қазақ ССР-ның еңбек сіңірген өнер қайраткері» атағын берді. 1942 жылы Сағынғали Сейітовтың құрастыруымен «Сөйле, Шашеке!» атты жинағы шықты. 1945 жылы Шашубайға «Құрмет белгісі» орденімен наградталды. Дүлдүл әнші дарынды ақын асқан ойыншы, айтулы композитор Шашекең 1952 жылы 4 мамырда 87 жасында дүние салды. Аяулы, ардақты ақын қасиетті киелі әулие тау Бектауатаның бауырына жерленеді. 1966 жылы Шашубайдың шығармалары ақындардың жалпы жинақтарында, «Айтыстың» 3 томында жариялады. 1984 жылы Ақ қайың. Өлеңдер, толғаулар, дастандар,айтыстар, әндер шығармалары Алматы «Жазушы» баспасы.
Шашубай шағын ауданындағы мемориалдық тақта. Ал, мына ескерткіштер Шашубай қонысында орналасқан.
Балалар ақынның еңбегі ешқашан өлмейді. Артында өшпес өнері, ағыл-тегіл әншілік, ақындық мұрасы қалды.
Қорытынды: Шашубай өзі сауатсыз болғаны мен бірақ, өте өнерлі болған екен. Ол жайлы бізге ғажайып өнерінің ұшқындары Сәбит Мұқанов, Әбжан Омарбаев, Ахмет Жұбанов, Әубәкір Әлімжанов, Әбілда Тәжібаев, Кенен Әзірбаев, Сапарғали Бегалин, Жанболат Башардың еңбектерінен көреміз.
2 – топ. Балалар бүгінгі біз Сарыарқа саңлағы дегенде біз бүгін Манарбек Ержановтың өмірі мен шығармашылығы туралы толық мағлұмат аламыз деген ойдамын.
Бір сәтке біз де сахна саңлағы жөнінде сыр шертіп көрмекпіз.
...Ата-анасынан жастай жетім қалып, өмірдің тауқыметін ерте тартқан Манарбек музыкалық арнайы білім түгіл, мектеп есігін де ашып көрмеген. Сөйте тұра, тумысынан зерек, дарынды ол ауыл-аймағына әуелден-ақ «әнші бала» ретінде танылады. Алайда қолының қысқалығынан алысқа ұзап шыға алмай, жасы жиырмадан асқанша бір жағынан мал бағып тамағын асырап, екінші жағынан, өнерді кәсіп етіп күнелтеді. Жаңа заман келіп, уақыт өзгерген тұста өнерге біржола ден қойып, болашақтағы үлкен мәдениет орталығы Алматыны бетке алады. 1928 жылы Қызылордадан Алматыға қоныс аударып келген қазақ драма театрына қабылданғаннан бастап, Манарбектің бірыңғай өсу, өрлеу кезеңі басталады. Алғашқы кездерде театрдың ұйымдастыруымен өткен концерттерге шығып жүреді де, кейіннен әртүрлі рөлдерде ойнай бастайды. Бұл туралы әншінің өзі: «Театр менің өміріме үлкен өзгерістер жасап, қайнаған өмірдің ішіне араластырды. …Өз басым орта немесе жоғары дәрежедегі мектеп бітірген адам емеспін. Маған мектеп болған – осы актерлік өнер», – десе керек. Ал орындаушылығы жөнінде: «Алматыға келіп, Әміремен кездескеннен кейін менің ән айтуымда үлкен өзгерістер болды. Өйткені оның асқан орындаушылық өнері маған ерекше әсер етіп, содан былай әнді Әміренің үлгісімен айтуға талаптандым», – дейді. Сондай-ақ ол «Ардақ», «Ағаш аяқ», «Сімет», «Келіншек», «Топай көк» сияқты халық әндерін, сонымен қатар Біржанның «Жанботасы», Ақан серінің «Балқадишасы», «Толыбайы», Естайдың «Қорланы», Жаяу Мұсаның «Ақ сисасы» сияқты көптеген әндерді Әміренің өз аузынан естіп, үйренгенін айтқан екен.
Манарбек Ержанов 8 наурыз 1901 жылы Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында, кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Әншінің ата-анасы да табиғатынан тума талантты жандар болатын. Әкесі қол өнерінің асқан шебері темірден түйме түйетін іскер-ұста әрі майталман күйші-домбырашы болса, шешесі әнді жақсы салған.Таланты ерте ашылып, өз еліндегі домбырашы Күсенбайдан күй үйренген, ән салып, ауыл арасындағы айтыстарға қатысқан. 16-17 жасында-ақ Біржан сал, Ақан сері, Жарылғапберді, Естай, Шашубайдың әндерін айтып, елаузына іліккен. Тақтадан жеке-жеке суреттермен таныстыру және оқыту.
Манарбек Ержанов Қарағанды облысы Қарабұлақ деген жерде Қарқаралы маңында дүниеге келді.
Манарбек Ержанов-Арқа өңірінің әншілік дәстүрін жалғастырып жеткізуші.Манарбектің дауысы өте әдемі жоғары тенорда,қазақтар мұндай дауысқа «қаз дауысты» деп теңеу айтқан.Әншінің репертуары өте мол болған.Манарбек білмейтін ән кемде-кем.Манарбек Ақан сері,Біржан сал,Мәди,Әсет,Жаяу Мұса сынды көптеген әнші-композиторлардың әндерін орындап жеткізді. Манарбек тек ән айтып қана қойған жоқ,ол театр актері ретінде де халыққа танымал бола білді. Манарбек ескіден жеткен өнерді үлкен сахынаға алып шығып,оларды кәсіби денгейде көтерді.Қазақ операларының барлық ариялары қазақ әндерінің негізінде жазылып,оркестір сүйемелдеуімен жаңа заманға лайық жаңғыра түсті.
1928 жылы қазақ драма театрының құрамына қабылданып, алғашқы актерлерінің бірі болды.Осы театрда қойылған спектакельдерде ойнап, сан қырлы бейнелер жасады. Айта кететін жай Күләш Байсейітова да осы Ақтоғай ауданының тумасы.Ал, Ғарифолла Құрманғалиев болса, Манарбек Ержанов пен бірге бір рөлді ойнайтын, екеуінің дауыстары тенор дауысты болған. 1934 жылы Алматы музыкалық театрында М.Ержанов әнші- артист болып еңбек етті. “Айман-Шолпан”, “Қыз Жібек”, “Ер Тарғын”, “Біржан - Сара” операларында Сақан, Шеге, Елемес, Естай рөлдерін сомдап шығарған. 1936 жылы 17 –мамырында қазақ өнерінің Мәскеуде өткен онкүндігіннің бірінші тобында Манарбек те, Ғарифолла да болды. «Қыз Жібекпен» ашылатын опера шымылдығында Шегенің рөлін ойнауға екі жампоздың қайсысы шығатыны үлкен жауапты мәселе болды. Ақыры таңдау Манарбек Ержановқа түсті. Ақын Шеге бейнесін айқара ашып көрсететін көтеріңкі көңілдегі музыкалық беташарды Манарбектің өзі тауып қосқан еді.
Манарбек өнердегі шоқтығы биік орынды оның өз шығармалары алады. Әнші-композитор 1942 жылы Қазақ КСР-ы композиторлар Одағының алғашқы мүшелерінің бірі болып қабылданды. Арқаның ән дәстүрінің ай мүйізді ақ серке әншісі өз туындыларында халқымыздың ән дәстүрін ерекше шабыттана дамытып жаңаша түрлендіріп өрістетуге мол үлесін қосты. Ұлттық музыка өнеріміздің дәстүрлі мінез-құлқын жоғалтпай дамытып жалғастырды. Ал енді балалар тақтада М.Ержановтың әндері, күйлерін көрсетілген. Ал, енді М. Ержановтың отбасымен танысайық. Мына тақтада М.Ержановтың отбасы, туыстары, көрсетіледі. Табиғаттың шынайы тұнбасыдай әндер мен күйлердің иесі опера театрының маңдай алды ән саңлағының туғанына жүз жылдық торқалы тойы 2002 жылы Ақтоғай ауданы, Нарманбет селосында аталып өтті. Селодағы мектеп осы кісінің атына берілген. Сонымен қатар осы қаламызда М. Ержанов атында көше бар. Қарағанды қаласындада М.Ержанов құрметіне көше берілген. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақтың дәстүрлі 1000 әні» антологиясына кіріспе сөзі: Ұлтымыздың аса бай ән өнерін дамытуға Абай бастаған, Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Әсет, Естай, Нартай, Кенен сияқты халық композиторлары өлшеусіз үлес қосып, оны сапалық жаңа биікке көтерді. Олардың мол шығармашылық мұрасы қазақ операсы мен балетінде және классикалық музыка туындыларында кеңінен пайдаланылып, әлемнің ең әйгілі музыкатанушылары тарапынан жоғары бағаға ие болды. Жобада Арқа, Жетісу, Маңғыстау, Сыр өңірі, Батыс Қазақстанның дәстүрлі ән мектептерімен қатар, Қытай мен Моңғолияда тұратын қандастарымыздың шығармашылығының көрініс тапқаны антологияда халқымыздың дәстүрлі ән өнерінің мейлінше мол қамтылғанының белгісі деп білемін. Жинаққа енген халық әндерін К.Байсейітова, Ж.Елебеков, Ғ.Құрманғалиев, Қ.Жандарбеков, Е.Өмірзақов, М.Ержанов, Е.Серкебаев, Р.Бағланова, Б.Төлегенова сияқты саңлақ әншілерімізден бастап, Ж.Кәрменов, Қ.Байбосынов, Б.Тілеухан, Р.Стамғазиев және А.Қосанова сияқты кейінгі буын топжарғандарының нақышына келтіре орындауы жобаның құнын да, маңызын да арттыра түсетіні анық. «Аспандағы аққуға үнін қосқан Біржан сал, әннің кені Кенен, Балуан Шолақ, Қаракесек Мәдидің, бертіндегі Жәнібек Кәрменов, Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержанов, Ғарифолла Құрманғалиевтердің «самородок сом алтын» мұралары тұңғыш рет «Қазақтың 1000 дәстүрлі әні» атты антологияға топтастырылып отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша қолға алынып, Мәдениет министрлігі жүзеге асырған «Мәңгілік сарын: қазақтың 1000 күйі, 1000 әні» жобасы ұлттық музыкалық мәдениетіміз үшін теңдессіз орны бар үлкен жоба екендігі даусыз.
«Ел іші – өнер кеніші» дейді дана халқымыз. Әрине, қазақтың дәстүрлі әндері мың әнмен шектелмесі анық. Ендеше, жаңа жоба алдағы уақытта тың туындылармен толысып, бүгінгі ұрпақты халқымыздың баға жеткісіз мол музыкалық мұрасымен сусындата береді деп сенемін. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев
Бабалардан қалған баға жетпес мұра - Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай бабалардың еңбектерін әрқашан бағалай жүрейік .
Қорытынды сөз мұғалімнің: М.Ержановтың кеңестік қазақ музыка мәдениетіне қосқан үлесін үкімет жоғары бағалады. Оған Қазақ КСР-ң Халық әртісі құрметті атағы берілді, Қызыл жұлдыз және «Құрмет белгісі» ордендерімен, үкіметтің мақтау қағаздарымен марапатталды. Алайда оған берілген ең зор да үлкен атақ – ел құрметі, халқының махаббатымен зор сүйіспеншілігі, ұлы дарын заңғар әншіге деген ыстық ықласы оның әншілік азаматтық қасиетін асқақтата, сәулелендіре, арттыра түсері сөзсіз. М.Ержанов. қазақтың бұлбұл әншісі К. Бәйсейітованың немере ағасы, әрі досы болған.
3- топ. Қазақтың әншісі, қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі Күләш Байсейітова өмірі мен шығармашылығымен танысамыз. Байсейітова Күләш (Гүлбаһрам) Жасынқызы.
1912 жылы Қарағанды облысы , Ақтоғай ауданында дүниеге келген.
Күләш Байсейітова (Гүлбаһрам) Жасынқызы әнші (лирика-колоратуралық сопрано), қазақ опера өнерінің негізін қалаушылардың бірі, қоғам қайраткері. Күләштің әншілік өнерге бейімділігін жас кезінен – ақ байқала бастаған. Оның бойындағы қабілеттің ұшталуына ән мен күйге жүйрік әкесі Жасынның да әсері зор болды. Ақтоғайдың түлегі. 1928 жылы Алматы педагогика техникумын бітірді. 1930 ж. Қазақтың тұңғыш драма театрының группасына қабылданды. Күләш сахна өнерінің қыр – сырына қызыға ден қойып, кешікпей – ақ театрдың белді артистерінің қатарынан көріне бастайды. Ол аз уақыттың ішінде Бимбет Майлиннің «Майдан» пьесасында Пүліштің, Н.В. Гогольдің «Үйлену тойындағы» Агафия Тихонованың, М. Тригердің «Сүңгуір қайығындағы» Клавдияның, Қанабек Байсейітов пен А Шаниннің «Зәуресіндегі» Зәуре, Мұхтар Әуезовтің «Еңлік - Кебегіндегі» Еңліктің рольдерін ойнап, сахнада тамаша қабілетімен танылды.
Күләш 1933 жылы жаңадан ашылған музыка студиясына қабылданды.
Алғаш рет қазақ музыка театрының шымылдығын 1934 жылы « Айман – Шолпан» (М. Әуезов, И.В. Коцых) музыкалық комедиясымен ашылғанда, Күләш басты рольді үлкен шеберлікпен ойнады. Сонымен қатар Күләш Б.Майлин мен И.В. Коцыхтың « Шұғасындағы» - Шұға,
Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсындағы - Жібек образын жарқын ашып көрсетті.
Небәрі 24 жасында сол кездегі ең жоғарғы марапат – Еңбек Қызыл Ту орденін алды. Тіпті, «КСРО Халық әртісі» деген жоғары атаққа ие болды. Бұл – 1936 жыл еді. Яғни, Мәскеуде өткен қазақ өнерінің алғашқы Онкүндігінде ол бұлбұлша сайрады. Бүткіл Кеңестер Одағының құлағы Күләшта-тын. Өйткені, Күләш Байсейітованың дауысы – құйқылжыған, қайталанбас керемет үн. Бүгінде бұл сөзімізге дәлел жетерлік. Қазақ радиосының «Алтын қорында» оның шебер орындауындағы 65 әні қалды.
4 музыкалық хабар және бар. Тыңдап отырып, қайран қаласыз. Солардың ішінде, әсіресе, Үкілі Ыбырайдың «Гәккуі» – Күләш Байсейітованың өз үні, мәңгілік дауысы сияқты.
1943 ж. бастап Қазақ музыка театрының солисі (Қазактың Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театры). Б. Жібек, Хадиша, Акжүніс (Е. Г. Брусиловскийдің «Қыз Жібек», «Жалбыр» және «Ер Тарғын» опералары), Сара (М. Төлебаев, «Біржан мен Сара»), Ажар (А. Жұбанов пен Л. Хамиди, «Абай»), Татьяна (П. И. Чайковский, «Евгений Онегин»), Баттерфляй (Дж. Пуччини, «Чио-Чио-сан») және басқа көптеген образдар жасады.
Күләш Байсейітова өзінің соңына не қалдырды? “Гәкку”, “Қазақ вальсі” сонау 40-шы жылдан күні-бүгінге дейінгі ұрпақтың құлағынан кеткен жоқ. Дегенмен біртуар әншінің ғұмыры қысқа болды. 45 жылдық өмірінде өшпес із қалдырды.
Оқушы: Күләш Байсейітова атындағы Шың (Алатауда, биіктігі 3450 м);
Алматы, Қарағанды , Талдықорған, т.б. қалаларда, Ақтоғай ауданындаКүләш Байсейітова есімімен аталған көшелер, кітапханалар берілген. Сонымен қатар Балқаш қаласында да көше бар.
Күләш Байсейітова туралы Шара Жиенқұлова, Сара Латиева, Қанабек Байсейітов, Қарлығаш, Раушан Байсейітовалар, С.Исаев, т.б. көптеген зиялылар жазған естелік-кітаптар;
Күләштің орындаған әндері.
1. Е. Брусиловский. “Қыз Жібек” операсынан Жібектің әні “Гәкку”.
2. Е. Брусиловский. “Қыз Жібек” операсынан Жібектің жылауы.
3. Е. Брусиловский. “Қыз Жібек” операсынан Жібектің ариясы.
4. Е. Брусиловский. “Жалбыр” операсынан Халдишаның ариясы “Сәулем-ай”.
5. Е. Брусиловский. “Жалбыр” операсынан Халдишаның ариясы “Жай қоныр”.
6.Орыстың халық әні “Қонырау”.
7. Белорустың халық әні “А у поли верба”.
8. Поляктың халық әні “Шла девица”.
9. Чехтың халық әні “Пастушок”.
10. М. Ержанов. “Қуанамын”.
11. Е. Брусиловский. “Қос қарлығаш”.
Тілеуберген: Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен қала күні қарсаңында Алматыда КСРО халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қазақ опералық өнерін қалаушылардың бірі Күләш Байсейітованың 100 жылдық мерейтойына орай бұлбұл әншіге еңселі ескерткіш тұрғызылды. Қорытындылай келе Күләш Байсейітова « Қазақтың бұлбұлы» деген аты ешбір артығы жоқ, дабыры жоқ лайықты алынған. Күләш Байсейітова қазақ еліне емес бүкіл әлемге әйгілі болды. Ұлттық мінез құлықпен әлем өнерінен сусындаған ондай талантар қайталана бермесі хақ. Күләш Байсейітованың әндерін құрметтеп бағалап жүрейік. Қазақ халқының бұлбұлы Күләш Байсейітова Жамбыл ақынға жиі келіп тұрған. Оны қызындай көріп, қызғалдағым деген ақын:
«Қызым келді жаныма қызғалдақтай,
Жүрер ме екен кәрінің сөзі жақпай.
Сені тапқан анаңнан айналайын,
Бір міні жоқ мүсінінде арғымақтай, — деп оған өлең жолдарын да арнаған.
Жамбыл Жабаев қазақтың бұлбұл әншісі Күләш Байсейітованың өнерін көріп « Бұлбұл» атты өлең жолдарын жазады.
Мұғалімнің қорытынды сөзі: Күләш туралы сөз болғанда «тұңғыш» сөзі қоса жүреді. Ол – фортепиано аккомпанементімен және симфониялық оркестр сүйемелдеуімен ән салған тұңғыш қазақ актрисасы, ол қазақ, мәскеу, грузин театрларының сахнасында «Евгений Онегин», «Чио-Чио-Сан», «Абай», «Биржан мен Сара», «Даиси» және т.б. сияқты классикалық опера мен жас музыкалық қазақ театрында барлық спектакльдерде басты рольдерді ойнаған тұңғыш орындаушы. Ол – орыс тіліндегі және әлем халықтарының әндерін орындаған тұңғыш орындаушы, танымал қоғам қайраткері болған Тұңғыш қазақстандық әйел. Ол – Шығыс бұлбұлы!
Топтар бір – біріне сұрақтар қояды.
1. Күләш Байсейітованың
отбасы жөнінде не білдіңіздер?
Күләш Байсейітованың негізі 4 қызы болған
Қазіргі кезде 2 қызы Раушан мен Қарлығаш өмірде бар, Алматы
облысында тұрып жатыр.
2.
Күләш Байсейітованың мінезі қандай болған
екен?
жүзінен күлкі
кетпес
мінезі
ашық
жарқын жан
адам
кек
сақтамайды
көңілді жүретін
адам
реніш көпке
ұзамайды
3. Күләш Байсейітова өзінің соңына не қалдырды?
4. Шашубай Қошқарбайұлының атында біздің аймақта не бар?
5. «Қыз Жібек» операсының басты әуені қай ән?
6. Мәскеуде «Қыз Жібек» операсында М. Ержанов кімнің ролін сомдады?
8. Қаламызда осы саңлақтарға қандай құрмет көрсетті?
9. Казіргі кезде кандай айтыскер ақындарды және опера әншілерді білесіңдер?
Қорытынды. Сарапшыларға сөз кезегін ұсынамын. 2 мин
Бейне таспа көрсету. Рақымжан Қошқарбаев туралы. Әр топқа шығармашылық тапсырма.
Үйге тапсырма: Рақымжан Қошқарбаев туралы мәлімет жинақтау.
1 -топқа. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.
2- топқа. Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев
3 -топқа. Мамандықтың бәрі жақсы, таңдай біл!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген