Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Арш және истиуа».

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысының білім басқармасы

Сарыағаш медресе колледжі




Келісілді


Колледж әдіскері


_______________


«____» _______ 2024__ж.








АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ




Пәні: ОН4.6 Ислам сенім негіздерін меңгеру

Тақырыбы: «Арш және истиуа».

Күні: 17.10.2024ж

Оқытушысы: Аюпова Ф

Тобы: 23-9-25








«Ұстаз арнайы және кәсіптік пәндер»кафедрасының

отырысында қаралған

__ «__» ________20___ ж

___________________

аты-жөні

______________

(қолы)




Сарыағаш

2024 ж





Дәрістің тақырыбы: «Арш және истиуа».

Дәрістің мақсаты: Студенттерге Аллаһ тағаланың мекенсіз екенін әрі ешбір мекенге мұқтажсыз екенін түсіндіру.

Бағалау критерилері:

Білімділік: Бұл өсиетті үйрену арқылы шәкірттер Аллаһтың құдыретінің шексіз екенін әрі Ол бүкіл нәрсенің Жаратушысы екенін нақтылай түседі.

Дамытушылық: Студенттерге тақырыпқа байланысты сұрақтар мен тапсырмалар орындата отырып, олардың ой-өрісін, сөйлеу қабілеттерін дамыту,оқу материалын жеңіл игерулері үшін еркін сұрақ жауап , өзара пікір алмасу атмосферасын қалыптастыру.

Дәрістің түрі: Қайталау ашық сабағы

Оқыту әдісі: Проблемалық баяндау әдісі - ой қозғау, сұрақ-жауап, кітаппен жұмыс

Әдістемелік қамтамасыз етілуі:

Көрнекіліктер: таратпа материалдары, стикерлер, слайд, оқулық, бейне ролик.

ОТҚ: Проектор, компьютер

Пәнаралық байланыс: Фиқһ,Құран, Хадис

Қолданылатын әдебиеттер: " Имам Әбу Ханифа өсиеті Ақида сабақтары Ризабек Баттаұлы

Негізгі: «Усия» Әбу Ханифа


Дәрістің құрылымы мен мазмұны

Сабақ кезеңдері:

І. Ұйымдастыру кезеңі: (5мин)

1. Студенттерді түгелдеу, дәрісхана тазалығын тексеру, студенттердің сабаққа дайындығын бақылай отырып, зейінін сабаққа аудару.

І І. Психологиялық ахуал «Көркем есімдер».Ұйымдастырылуы:Студенттер шеңбер болып тұрады және өз есімдерімен қоса есімдерінің бас әріпінен басталатын жақсы бір сөз айтады.Ал келесі студент осылайша жалғастырады.Осылайша барлық оқушылар өздерінің есімдерін айтып тілек айтып шығады













Т опқа бөліну: Студенттер тақтадағы плакатқа ілінген үш түсті гүлдерді таңдау арқылы үш топқа топтастырылады.Топтар таныстырылады.(топ аттары: 1. Иман. 2. Ислам. 3. Ихсан



ІІІ. Үй тапсырмасы:(50мин)

1) Топтық жұмыс: Сұрақ-Жауап :(25мин)

Иман тобы

1 Аллаһ тағаланың зати сипаттары?

2 Ақиданың маңыздылығы?

3 Иманның түрлері ?

4.Иман мен амал арасындағы айырмашылық

5.Амал иманның бір бөлігі дегендердің дәлелдері

Ислам тобы

1 Аллаһ тағаланың субути сипаттары?

2 Иман мен амалды екеуі екі бөлек дегендердің дәлелдері?

3 Иманның сахих (қабыл) болу шарттары?

4 .Кәпір және күпірліктің түрлері

5.Мунафиқһтар жайындағы аяттар

Ихсан тобы

1 Дін дегеніміз не?

2 Пайғамбарлардың сипаты?

3 Фасық әрекеттің дәрежесі қандай?

4. «Қиямет күні кей беттер ағарып, кей беттер қараяды. Сонда қара беттерге: Иман келтіргеннен кейін қарсы келдіңдер ме? Ендеше қарсы келулерің себепті азапты татыңдар делінеді» осы аят кімдерге қатысты айтылған?

5. Бір ғалымды Аллаһтың бар екендігіне сендірген жеті себептің бірін айтыңыз

2) Сәйкестендіру :(10 мин)

Китабул-жәдәл

Имам Матуриди

әс-Сәуадул-ағзам

Хаким Самарқанди

Мақалатул исламиин

Имам Әшғари

Әл-Фиқһул әкбар

Имам Ағзам

3) Ойлан ізден,тап-өсиетті құрастыру :(15 мин)

Иман тобы:Амал иманнан бөлек, иман да амалдан бөлек. Бұған кей кездері мүміннің мойнынан амал жасау міндетінің түсуі дәлел болмақ. Бұл жағдайда мүміннің мойнынан иман түсті дей алмаймыз. Мәселен, хайыз әйелдің мойнынан Алла Тағала намазды түсірді. Алайда, Алла Тағала оның мойнынан иманды түсіріп, иманды тәрік етуге бұйырды дей алмаймыз. Алла оған оразаны тоқтат, сосын оның қазасын өте дейді. Алла Тағаланың оған иманды тоқтат, сосын оның қазасын өте деуі мүмкін емес. Пақыр-кедейге зекет беру міндет емес деп айтуға болады. Алайда, пақыр-кедейге иман міндет емес деуге болмайды.

Ислам тобы: Иман артпайды және кемімейді. Иманның кемуін тек күпірліктің артуымен ғана елестетуге болады, ал иманның артуын тек күпірдің кемуімен ғана елестете аламыз. Бір адамның бір мезгілде әрі мүмін, әрі кәпір болуы қалайша мүмкін болмақ?

Ихсан тобы: Мүмін шынында мүмін, кәпір де шындығында кәпір болады. Күпірде күдік болмағаны сияқты, иманда да күдік болмайды. Себебі, Алла Тағала былай дейді: «Олар шындығында мүмін» («Әлфал», 4), «Олар шындығында кәпір» («Ниса», 151). Мұхаммет (с.ғ.с.) үмметінің ішіндегі күнәһарлары мүмін болып табылады, кәпір емес.


4.Сергіту сәті: (5мин)

33 ойыны: Студенттер шеңбер құрып тұрады 33 санына дейін әр студентсанайды әр үшке бөлінетін санға келгенде қол соғады,осылай ойын жалғасады дұрыс жауап айта алмаған қыз ойыннан шығып отырады

5. Жаңа тақырыпты түсіндіру: (20 мин)

Біз Алла тағала мұқтажсыз түрде, мекен тұтпай аршыға истиуа етті деп сененміз. Әрі ол аршының қорғаушысы, аршыдан бөлек, оған мұқтаж емес. Егер ол мұқтаж болғанда, құдды басқа жаратылғандар сияқты әлемді жоқтан бар етуге және оны жүргізіп отыруға шамасы жетпейтін еді. Сондай-ақ, ол аршыға отыруға, орналасуға мұқтаж болғанда, аршыны жаратпай тұрып Алла қайда еді? Алла Тағала мұндай кемшілік атаулыдан пәк.

Алла Тағала Құранда: «...содан кейін Алла аршыға истиуа етті...» («Ағраф» сүресі, 54-аят), «Сосын Алла аспанға истиуа етті», – дейді («Бақара» сүресі, 29-аят). Бұл аяттарды ғұламалар екі түрлі түсіндірген:

1) Алланың истиуа етуін қабылдап, мағынасын Аллаға тапсыру (тафуид жасау);

2) Алланың истиуа ету сипатын жоққа шығармай, оны ешнәрсеге ұқсатпай тәуил жасау;

Бұл жорамалдаудың өзі екі түрлі болған:

а) Алланың аршыға истиуа етуін «меңгеру» мағынасында түсіну;

ә) Алланың аршыға истиуа етуін мәртебенің жоғарылауы мағынасында түсіну.



6: Кері байланыс жасау үшін сұрақтар қойылады 5-минут

1.Истиуа сөзін қалай түсінеміз?

2.Муташаббиһ аяттар?

3.Тафуид жасау дегеніміз не?

Күншуақ әдісі бойнша сабақты қортындылау: 5-минут Студенттер тақдада сызылған домалақ шеңберге әр-үрлі стикерлерге өздерінң ашық сабақтан алған әсерлерін,қиын тұстарын жазады

Студенттердің сабақтағы белсенділігі мен жауаптарының дұрыстығына қарап баллдық жүйеде бағаланады. Сөз соңында Ұстаздарға сөз беріліп, сабақ қорытындыланады.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.02.2025
83
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11