Тақырып бойынша 11 материал табылды

Арша қайда, қалай өседі?

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздар мен оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің "Шелек ауылындағы №1 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Тақырыбы: Арша қайда, қалай өседі?


Ғылыми жетекші: Қырықбай Ардақ Мұхаметжанқызы

Жоба жетекшісі: тарих және география пәнінің мұғалімі

Демеева Анар Бериковна

Ізденуші: Манатбек Елина

2017-2018 оқу жылы



Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің "Шелек ауылындағы №1 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі



«Бекітемін»

Мектеп директоры: А.М.Қырықбай





Тақырыбы: Арша қайда, қалай өседі?















Ғылыми жетекші: Қырықбай Ардақ Мұхаметжанқызы

Жоба жетекшісі: тарих және география пәнінің мұғалімі

Демеева Анар Бериковна

Ізденуші: Манатбек Елина

2017-2018 оқу жылы



Тақырыбы: Арша қайда, қалай өседі?

Зерттеу мақсаты: Тау беткейлерінде, орман арасында, құмды жерлерде, далалы аймақтарда өсетін арша өсімдігінің біздің өңірде қалай өсетіндігін анықтау.

Зерттеу нысаны: Арша өсетін аймақтарды аралау.

Ғылыми болжамы: Арша өсімдігін көбейту мақсатында біздің аймаққа өсірудің жолдарын қарастыру.

Өзектілігі: Аршаның пайдалы тұстарын анықтай отырып, тұрмыста қолданудың жолдарын іздену.


Зерттеу кезеңдері: Отырғызылуы, суғару кезеңдері, жерсіндірілуі, күздегі көрінісі.


І.Ізденіс. Өзіміздің өңірдегі аршаның өсірілуі туралы мәлімет жинап, ғылыми әдебиеттерден, газет - журналдардан, ғаламтордан іздедім.


ІІ.Мәлімет жинау. Арша тұқымдасы туралы мәліметтерге шолу.


ІІІ.Зертханалық бақылау. Жетекшімен біргеарша қскен аймақтарға саяхат жасау, кітапхана, ақпарат орталықтары, интернет мәліметтерін жинақтау.


ІV.Талдау жасау. Құнды мәліметтерді анықтау, зерттеу.


Зерттеу тәсілдері: Мәліметтер мен деректер жинап, танысу, жоспарлау, талдау, салыстыру, іздену, зерттеу.


І. Кіріспе бөлім

Біздің аймақта арша қалай өсіріледі?

ІІ. Негізгі бөлім

1. Арша өсімдігі туралы ізденіс жұмыстары

2.1. Қазақстандағы арша тұқымдасы

2.2 Аршаның пайдалы тұстары

2.3 Арша қалай қорғалуда?

2.4 Аршадан дәріні дайындау және қолдану тәсілі ІІ. Қорытынды.











Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің «Шелек ауылындағы №1 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 9 "Ә" сынып оқушысы Манатбек Елинаның «Арша қайда, қалай өседі?» деген тақырыбында жазылған ғылыми жобасына




Пікір


Манатбек Елинаның «Арша қайда, қалай өседі?» тақырыбына жазылған зерттеу жұмында арша өсімдігінің біздің өңірде өсуі, емдік қасиеті мен халықтың қүнделікті өмірде пайдалануы  туралы оқушының ізденіс жұмысы баяндалады. Манатбек Елина ғылыми жұмыс жазуға, ізденуге ғылыми пайымдаулар жасауға қабілеті мол екенін байқатты. Ол бұл жобасымен басқа оқушылардың қызығушылығын оята түсті. Ізденушінің ізденіс жұмыстары ғылыми дәлдікке негізделіп, көңілге қонымды жазылған. Зерттеу ғылыми жұмыстардың талабына сай орындалған. Елинаның ғылыми жобасы келешекте ізденіс жұмыстармен толықтырылады деген сенімдемін.







Ғылыми жетекші: Қырықбай Ардақ Мұхаметжанқызы

Жоба жетекшісі: тарих және география пәндерінің мұғалімі

Демеева Анар Бериковна

2017-2018 оқу жылы
















Арша өсімдігіне қызығушылығым, оның қалай, қайда өсетіндігін анықтау мақсатында басталды. Зерттеу жұмыстары нәтижесінен менің аңғарғаным, аршаның кез келген жерде немесе кез келген өңірде өсе бермейтіндігінде болып тұр. Аршаны өсірудің өзіндік әдіс-тәсілдері бар сияқты. Себебі менің көрген, мәлімет жинақтаған аршаларым туралы ой жинақтарымды ұсынып отырмын.

  • Аршаны біздің өңірге өсірудің бірінші тәсілі, өсімдікті өз топырығымен бірге отырғызу. Ол дегеніміз, таулы аймақтың қарашірікті құнарлы қара топырағы қажет.

  • Екіншіден оның тұқымына баса мән де берген жөн. Мен жинақтаған мәліметтер бойынша аршаның бірнеше түрінің болуы. Бірі күнді сүйсе, енді бірі күнді қажет етпейді. Керісінше, таса жерде, көлеңкеде өскенді қалайды екен.

  • Үшінші білгенім, күнді қалайтын аршамызды күн аралатып суғарып отырған абзал. Ал көлеңкені сүйгіш аршамыз суды онша қажетсінбейді.

  • Содан соң, арша өсімдігі баяу көтеріледі және бала сияқты күтіп-баптауды қажет етеді.

Мен өз жобамда әртірлі өңірлерде, әр аймақтарда өскен арша тұқымдасының түрлерін байқап, зерттеу жұмысын орындадым.

Сол ізденіс жұмыстардың нәтижесінде аршаның өсіру жолдарын ғана біліп қана қоймай, емдікке де қолдануға болатындығын да аңғардым.

Менің осы уақытқа дейін естіп - көргенім, аршанымен балаларды және үйді аластауға қолдануы еді. Ізденіс барысында аршаның басқада керемет қолданысқа қажетті өсімдік екендігіне көз жеткіздім.

Сонымен қатар, медицинада баға жетпес дәрілік өсімдік ретінде танылғаны белгілі болды.

Арша кипарис \тұқымдасына жататын мәңгі жасыл қылқан жапырақты бұталардың немесе ағаштардың тұқымдас тармағы.



1

Арша ағашы Солтүстік жарты шардың тасты топырақтарында өседі, Испания мен Португалияда өсетін аршаның түрлері, сондай - ақ қызыл жемісті арша хош иістендіргіш ретінде қолданады.

Тұқымдас тармағының уәкілдері Солтүстік жарты шарда Арктикадан субтропиктік таулы аймақтарға дейін кең таралған. Тау беткейінде де құмды жерлерде де жақсы өседі.

Ұзындығы биік \10-15 м\ аршалар Ортажер теңізі аймағында, Орта Азия да, Мексика мен Солтүстік Американың құрғақшыл аймақтарында арша талдары орман болып топтасып өседі.

Биіктігі кішірек бұталар таудың тасты жарларында, ормандардың үшінші ярусында өседі.
Ал бізде арша республикамыздың солтүстік облыстарында өседі. Ол тау беткейлерінде, орман арасында, құмды жерлерде, далалы аймақтарда жиі кездеседі. Орал облысының далалы, құмдауыт жерлерінен де табылады. Дәрілік шикізат ретінде қара күзде өсімдіктің піскен жемісі \қаракөк түстілері\ жиналып алынып, ашық жерде ептеп кептіріледі. Ол үшін ағашты қолмен сілкіп, жерге түскен жемісін жинап алады да, тазалап, сорттап, кептіреді. Кептірілген жемісті кардон, фанерь жәшіктерге салып \бетін жауып \, құрғақ бөлмелерде үш жылға дейін сақтауға болады.

Қазақстанда аршанын үш түрі кездеседі:

Оңтүстік оңірінде "Сайрам-огем" ұлттық паркінде осы аршанын үш түрі де кездеседі.

Өсу тұрғысына қарай арша:

  • жайыла өсетін және

  • тік өсетін болып екіге бөлінеді.

Табиғаттағы тік өсетін түрлерінің биіктігі 20 - 30 метрге жетеді.

Арша 300 жылға дейін өмір сүреді. Табиғатта Гиннестің рекордтар кітабына кірген 800 жыл жасаған кәрі аршалар да бар. Биіктігі 1 - 3,5 метр, қысы-жазы көгеріп тұратын, бұталы өсімдік. Қара күзде өсімдіктің піскен жемісі \қаракөк түстілері\ жинап алынып, ашық жерде ептеп кептіреді.

Қазақстанда 10 жабайы түрі бар. Табиғи жағдайда көбірек кездесетін түрлеріне

  • Түркістан аршасы 

  • Талас аршасы - кәдімгі арша, ем арша деп те айтады

  • Сібір Аршасы

  • Кәдімгі арша

  • Зеравшан аршасы жатады.

Олардың биіктігі 1-2 м-ге жетеді.



2

Арша қылқаны

Бұтағы тік немесе жерге жайыла өседі. Қылқаны қабыршақты, тікенекті келеді, үш-үштен шоқтанып не екі - екіден қарама - қарсы орналасады. Жеміс бүрі жидек пішіндес не шар тәрізді, түсі көкшілдеу болады.



Арша жемісі



3

Тұқымынан және өсімді жолмен көбейтіледі.

  • Сәуір - мамыр айларында гүлдейді, тұқымы жаздың аяғында, кейде күзде піседі.

  • Тұқымынан шыққан жас өскіндер бір жылдан кейін тез өсіп, жақсы жетілген соң топырақты қатайтады.

  • Арша 300 жылдай өседі. Сондықтан қазақ халқының ұғымында қасиетті, киелі ағаш саналады.

  • Бұтақтарынан эфир майы, қант, шайыр, балауыз және органик. қышқылдар алынады.

  • Аршаны орман шаруышылығында, таулы аймақтарда топырақтың опырылып кетуін болдырмау үшін отырғызады. Қазақстанда аршаны АлматыАлтайҚарағанды қалаларының ботаника бақтарында қолдан да өсіреді.

Арша жемісінің құрамында 35 - 40 пайыз шамасында қантты заттар, смолалар, балауыз, сірке, құмырсқа, алма аскорбин қышқылы және фитонцидтер бар.

Халық емінде арша жемісі ежелден-ақ несеп айдайтын және

қуықтың қабынуын басатын дәрі ретінде қолданылып келеді. Бойында зиянды бактериаларды жойғыш және емдік қасиеті бар.  Өкпетері 

және астмаауруларын емдеген. Ежелгі Рим мен Грекияда жылан шаққан кезде пайдаланған. Аршаның тік өсетін түрлерінен қарындаш жасайды. Діңінің қабығын ыдыс жасауда, басқа да өндірісте шикізат есебінде және құрылыс материалы ретінде кеңінен қолданады. Музыкалық аспаптар жасауға пайдаланады.



Аршамен тіс тазалау пайдалы.

Көгалдандыруда аршаның тек шет елден әкелініп, жерсіндірілген түрлері ғана қолданылады. Қылқандарының түсі, түріне қарай: сары, ашық жасыл, қою жасыл, көк, көкшіл болып келеді. Сабақ бойына тығыз орналасқан қылқандары әдемі хош иіс шығарады.
Мал дәрігерлігі практикасында арша жемісі несеп айдайтын, асқазан - ішек жұмысын жақсартатын және өңеш бездерінің қызметін арттыратын дәрі ретінде қолданылады. Арша жемісі малдың асқазанына түскеннен кейін оның құрамындағы эфир майлары асқазан - ішектің кілегейлі қабығын тітіркендіріп, олардың жиырылып - созылуын үдетеді, ішектегі зиянды газдардың тез шығуына ықпал етеді. Организмнен эфир майлары бүйрек және өңеш бездері арқылы шығады. Осы эфирмайлары бүйрек пен өңеш бездерінен қатты әсер етіп, олардың жұмысын жақсартады. Халық емінде арша жемісі ежелден - ақ несеп айдайтын және қуықтың қабынуын басатын дәрі ретінде қолданылып келген.



4

Мал дәрігерлігі практикасында аршаның жемісі ауру малға тұнба, ботқа және болюс түрінде беріледі.

Ауру малға берілу мөлшері :

  • жылқыға 25 - 50 грамм

  • ірі қараға 50 - 100 грамм

  • қойға 5 - 10грамм

  • тауыққа 0,2 - 0,5 грамм

Аршаның барлық түрі ашық күнді қажет етеді. Кез келген топырақта өсе береді. Бұтағының ұшын қырқып - пішіндеп өсірген дұрыс. Қылқанының түсі қанық болуы үшін жылына бір рет көктемде толық минералды тыңайтқыштармен қоректендірген жөн.

Қалемшелеу және тұқымы арқылы көбейтіледі. Қалемшелеп көбейткен жөн. Тұқымы арқылы көбейту жұмыстары арнайы жылыжайларда жүргізіледі

Тұқымдас тармағында жалпы 71 түрі бар.



Жарлы арша

Бермуд аршасы

5

Виржиния аршасы



Негізінен тау ағашы болып есептелетін аршаны бүгінде ірі қалаларымызды көркейту үшін де егетін болды. Яғни, ауылдық ағаш, қалалық атанып, жерсіндірілуде. Оның үстіне шетелден будандастыру амалымен өндірілген нешеме түрі егіліп жатыр. Оны жаңа жылдың ажарын ашатын бір күндік ағаш деп есептейтіндер қатты қателеседі.

Қысы жазы бір түсте болатын арша мен шыршаның қоршаған ортаға тигізер пайдасы мол.

Мәселен, ғалымдардың мәліметіне сүйенсек арша жылына орта есеппен 1 тоннадан аса шаңды жұтып, айналасына 1,5 мың литр оттегі бөліп шығарады екен.

Ал, ғылыми зерттеулерге сүйенсек арша орманының 1 гектары жылына 18 миллион.м 3\куб\ ауаны көміртегі газынан тазартып, 50 - ден 65 тоннаға дейін шаң тозаңнан зиянды газдардан арылтып, сүзіп отыратын көрінеді.

Осыдан - ақ арша ағашының адамзатқа тигізер пайдасын бағамдай беруге болар. Одан бөлек дәл осы арша ағашынан тұрмысқа қажетті нешетүрлі бұйымдар жасалынады. Музыкалық аспап жасалса, дауысы әуезді болып шығады. Қолөнер бұйымдарын жасауда да кеңінен пайдаланылады. Әсіресе таулы ауданның тұрғындарының арша ағашына деген «махаббаттарында» тіптен шек жоқ. Оның себебі төрт түлік малмен күнін көріп отырған халық сол төрт тұяқтыларының сүтін, айранға айналдырып, пісу үшін арша ағашынан күбі жасайды. Бұл ағаштың беріктігі сонша аптап ыстықта да арасы ашылып, қаңсып кетпейді. Иісі көпке дейін сақталады. Дәл осы аршадан жасалған күбіде пісілген қымыз бал татиды.

Сондай-ақ, арша бөліп шығаратын шайырды жоғары технологиялық өңдеуден өткізіп, лак жасап шығарады.



6

Медицинада да кеңінен қолданылады. Арша орманы орналасқан аймақ түрлі қауіп қатерден аулақ болады дейді мамандар. Себебі әртүрлі витаминдер, химия үшін шикізат, емге лайық таза ауамен қамтамасыз ететін оның пайдасы шашетектен десе де болады. Оның тау беткейіндегі топырақты тұрақтандырып, ылғалды сақтап қалуға да тигізер септігі мол. Арша ағашы ауаға оттегімен қоса ұшпалы заттар - фитиноцидтер бөліп шығарады. Олар айналасындағы ауру тудыратын микробтарды жойып жібереді. Яғни, бактериялар мен саңырауқұлақтарды өлтіретін фитиноцидтік қасиеті бары дәлелденді. Сондықтан да биолог - ғалымдардың арша ағашы өскен жерді нағыз жұмақ деп санауы тегін емес. Тянь - Шянь тауларының беткейінде тұтаса өскен Іле Алатауының шыршалы, аршалы ормандарын ғылыми тілде шөлдегі оазис деп атайды...

 Бүгінде елімізде тұтастай арша ағашынан тұратын мұндай ормандар аз. Оңтүстіктегі Сайрам - Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аймағына кіретін Төле би, Түлкібас, Қазығұрт аудандарының таулы аумақтарының аумағында 4934,0 гектар тек арша ағашынан ғана тұратын орман бар. Қазіргі таңда парктегі тұқымбақта арша көшеттерін көбейтіп, өсіру қолға алынған. Осы мақсатта парктің Сайрамсу шатқалында аршаның тұқым учаскесі ашылған. Бұл өз кезегінде арша ағашының көбеюіне кепілдік береді. Алайда арша ағашына ынтық жандардың қатары азаймай отыр. Әсіресе жаз бен қыс маусымында аршаны арқалап кететіндер көп. Ара мен балтадан арашалау үшін әр аршаның түбіне қарауыл қоюға мүмкіндік жоқ. Маман жетіспейді.

Бұған аз ғана айыппұлмен бөгет бола алмасымыз тағы анық. Мәселен, Швецияда бір арша мен шыршаны кескені үшін 5 000 доллар айыппұл салады екен.

Осыдан кейін аршаны кеспек түгілі көргеннің өзінде айналып қашатыны анық. Көрші Ресей елінде де орман туралы заңы қатал. Бүгінде орман-тоғай мәселесі ғаламдық проблемаға айналып отыр. Сондықтан да аршаны аман сақтап қалу үшін қазірден қам жасау қажет - ақ. 2004 жылдары орман комитетінің маманы  жылына 100 мың түптей арша мен шырша жаңажылдың сәнін кіргізу үшін қырқылады деген дерек келтіргені бар еді. Бүгінде қаншасы жаңа жылдың құрбандығына шалынатындығы туралы нақты дерек жоқ. Яғни, ешкім де есепке алып, санаққа іліктіріп жатқан жоқ деген сөз. «Қызыл кітаптың» төрінен орын алуы керек  демегенмен де аршаға араша керек - ақ. Табиғатқа да, адамзатқа да тигізер пайдасы шаш етектен болатын арша ағашына қамқорлық қажет. Ол үшін нақты бағдарлама дайындалып, мемлекет тарапынан қамқорлыққа алынуы тиіс...  

 

Мамандар пікірі:

«Бүгінде арша ағашының өте сирек кездесетін бір түрі «Қызыл кітапқа» енгізілген.  Өсіп-өнуі қиындау ағашқа қамқорлық қажет - ақ. Оны одан ары дамыту үшін бірқатар шаруалар қолға алынуда.



7

Дегенмен әлі де атқарылар шаруалар баршылық.

Арша ағашын кесуге құмбыл «қарақшылармен» күрес тоқтамайды.

Парктің аумағына жақын маңдағы елді-мекен тұрғындарымен түсінік жұмыстарын жүргізіп тұрамыз»

 

Арша туралы ақпарат көздерінен:

Бүгінде тау аршаларының ТМД елдері аймағында 20-дан астам түрі, Қазақстанда 10 түрі өседі. Олардың арасында Қызыл, сауыр, Дробов, Талас және Сібір атты түрлері бар.

  Аршаны арашалау жолдары:

Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінің талаптарына сай тауда өсетін аршаны заңсыз кескені үшін мемлекеттік қызметкерлер мен жеке кәсіпкерлерге 50 - 70, ал, жеке тұлғаларға 25 - 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.  

Баспа беттерінен:

Алматы ақшамы» газетінің 18 наурыздағы №32 санында жарияланған «Арша егіп, қаланың тынысын аш!» деген мақала өте орынды жазылған. Арша ағашын халқымыздың «киелі ағаш» деп атауында үлкен мән бар. Соған орай, арша туралы ізденіп, өз ойымды жазсам деп едім.

Алаштың арыстаны Шерхан Мұртазаның «Әуелі тәрбиенің анасы бесік, әрі-беріден кейін бесік ананың құрсағынан басталады… Мұқаң айтқан «Бесігіңді түзе» деген сөзде терең мағына бар. Соның бірі - бесік ағашының таза сапалы болуы. Ал, сапалы бесік – арша ағашынан  жасалған бесік. Арша - аса қасиетті ағаш. Қасиетті болатыны - оған анау - мынау ауру -сырқау жоламайды. Түрлі микробтарды, құбыжықтарды өлтіретін күші бар.

Арша бесікке қызамық, қара шешек сияқты бәлелі аурулар дарымайды… Шамаң жетсе, арша бесік тап. Аршаны көп өсір. Тұқымын құрта берме. Арша бесікке құт құйылады. Шіркін, сол бесікке бөленетін нәресте көп болса ғой…» деп жазғаны бар еді.

Ардақты да атпал ағамыздың жоғарыда келтірілген тұжырымды толғауы ұлтымыз бен арша ағашының арасындағы ажырамас байыпты байланыстың бар екендігін бүкіл әлемге паш етіп тұрғандығын байқататын ұлт пен табиғатқа деген жанашырлық сезімнің жанайқайы екенін бірден аңғаруға болады.

Халқымыздың “Ағаштардың анасы - арша” деген теңеу сөзінде қаншама ұлағатты ұғым жатыр десеңізші! Ертеде небір асыл азамат­тарымыз тағдыр тәлкегімен елден жырақ кеткенде бойтұмар ретінде арша ағашының кесінді жаңқасын өзімен бірге алып жүріп, елді, туған жерді сағынған кезде ауық-ауық сол арша ағашының жаңқасын мейірлене иіскеп, мауқын басады екен.

8

Дәл осындай сәтті өз жырына арқау еткен халқымыздың абыз ақсақалы Мұзафар Әлімбаев былай деп жырға қосқан:

Не саған бойтұмардың көмегі бар?

Иіскесем, ем - дарулық себебі бар.

Тұмарда дұға орнында - жаңқа арша -

Туған жер аршасы бұл! - деген бар.

Қылқан жапырақты \ашық тұқымдылар\ ағаштардың ішінде арша - кипаристер тұқым­дасына жататын мәңгі жасыл бұта. Ағаш түрінде Жерорта теңізі, Солтүстік Америка, Мексикада өседі, биіктігі 10 - 15 метрге жетеді. Қазақстанда арша туысының 10 түрі өседі \кәдімгі арша, сауыр арша, дәрілік немесе сібір аршасы, зеравшан аршасы \қара арша\, түркістан аршасы \балғын арша\, қызыл арша, талас аршасы және т.б.\.  “Арша - орман анасы” деген қазақ мәтелі бостан - босқа айтылмаған.

Аршаның басқа қылқан жапырақтылардан айырмашылығы:

  • көбінесе бұта түрінде өседі;

  • бүрі \шишка\ шырынды, сырттай қарағанда жүзімнің жидегі сияқты, білмегендер оны “жидек”- деп қалады.

Ашық тұқымдыларда жидек түзілмейді - “бүржидек” \шишка - ягода\ деп атайды. Шын мәнінде, ол жидек емес, әрі жидекке ешқандай да қатысы жоқ, тек шартты түрде берілген атау. Қарағай, шырша, балқарағайлардың бүрлері \шишкасы\ құрғақ, кебу болады, ал шыршаның бүрі жұмсақ болған соң оны “бүржидек” деп атаған. Бүрлері екінші немесе үшінші жылы жетіледі. Әрбір бүрде 1 - ден 12 - ге дейін тұқымы болады. Аршаның қылқан жапырақтары жас кезінде ине тәрізді болса, біртіндеп қатайып қабыршақ тәрізді болып өзгереді. Инетәрізді қылқандары үшкір тікенекті. Қабыршақты қылқандары ұсақ, өркенге жабысып тұрады, өркенге 2 - 3-тен топтанып орналасады. Қылқандары бұтағында 8 - 10 жылға дейін түспей сақталады.

Қырым, Кавказ, Орта Азия және Қиыр Шығыстың таулы аудан­дарында биіктігі 4 - 12 м. жетеді.

Қазақстанның таулы жерінде жан-жағына жайылып төселіп өсетін - кәдімгі арша. Арша - екі үйлі, бір үйлісі өте сирек кездеседі. “Бүржидегі” - бірінші жылы жасыл, екінші жылы жұмсақ, көкшіл-қара немесе күрең-қызыл түсті болады.

Әбден пісіп жетілген тұқымы қатты, қоңыр, бүрдің шайырлы жұмсағынан тез ажырайды, жаздың аяғы мен суық күзге дейін жерге шашылады. Тұқымдары құстар мен түрлі жануарлар арқылы таралады, себебі “бүр - жидегі” тәтті, шырынды. Арша жарық сүйгіш, құрғақшылыққа да, суыққа да төзімді, топырақ талғамайды. Жақсы дамыған тамырлары топырақтың терең қабатына еніп тарамдалып, 10 м - дей аумаққа жайылады. Суды еркін сіңіретіндіктен құмның үстінде, сазды жерлерге, әкті топырақта өсе береді.



9

Аршаны теңіз деңгейінен 4000 м. биіктіктегі тау беткейлерінен де кездестіреміз.

Арша баяу өседі, 800, 1000, 2000 жылға дейін тіршілігін жоймады. Өркені баяу өскендіктен тамырлары баяу өседі, әрі мықты болады. Жапырағынан бөлінетін эфир майы ауаны зиянды микробтардан тазартады. Бүрі өте хош иісті, құрамында шайыр, 40 % - ы қант, органикалық қышқылдар \алма, құмырсқа, сірке қышқылдары\, өсімдік балауызы және т.б. бар. Эфир майы жас өркендерінде және бүрлерінде де болады.

Алатау мен Қаратау аралығында ертерек кезде аршаның 6 түрі өскен. Көнекөз қариялардың айтуларына қарағанда, кейінгі 300 жыл ішінде олардың 3 түрі мүлде жойылып кеткен. Ал, қалған 3 түрі - қара арша, балғын арша және сауыр арша қазіргі кезде Талас Алатауында өсіп, кезінде халқымыздың біртуар азаматы Тұрар Рысқұловтың тікелей ұйтқы болуымен 1926 жылы ұйымдас­тырылған Ақсу - Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығында қорғауға алынған.

Жалпы, аршаны қазақ халқы, әрі киелі, әрі қасиетті ағаш деп санаған. Оны беталды кесуге мүлде тыйым салған, тек кейде ғана, бесікке немесе қобызға қажетті ағаш таңдаған кездерде талғаммен, қурай бастаған арша ағаштарын кесіп пайдаланған. Бұл өңірде аршаны жаппай кесу XІX ғасырдың орта тұсынан басталған. Отынға, темір жолға төсеу үшін, шахталар мен жерасты жолдарына тіреу үшін және мыңдаған жауынгерлердің сырт киімдерін бояу үшін арша ағаштары көптеп қырқылғандығы туралы деректер кездеседі.

Белгілі жазушы Мархабат Байғұт арша ағашының қадір-қасиетін және халқымыздың аршаға деген сүйіспеншілік сезімі мен аялы алақанын арнаған адамгершілік қасиетін тебірене отырып өз әңгімесіне арқау еткен. “…Тәңіртаудың төңірегінде, яғни Алатау мен Қаратаудың аралықтарында айналайын аршаның алты түрі болған екен. Кейінгі 300 жыл ішінде оның үш түрі мұқым-мүлде жойылып кетіп, бүгінде қара арша, балғын арша және сауыр арша дейтін ғана қалыпты…



Аршаны алаш баласы, қазақ жұрты беталбаты шығын етпеген, тек кей-кейде бесікке ғана, қобызға ғана, одан да абайлап қана, талғаммен ғана, табиғат ананың талғауымен, таңдауымен ғана, меңзеуімен ғана, мәністеп қиған. Ақсақалдар айтар еді: “Айналайын аршаны ата - бабаларымыз мүлде кеспеген, тіпті тимеген. Ай мен Күнге қалай қараса, аршаға да солай қараған… Қураған аршаға балта көтеру кінә ғана емес, күнә саналған…”

Арша ағашының қасиеті Мұхаммед пайғам­барымыздың \с.ғс.\ хадистерінде де ерекше атап көрсетілген: “Құдайдан қорқып, бай әрі сұлу әйелдердің арбауына берілмей, көрсе-қызарлықтан аулақ болған еркектерге Алла тағала ақырет күні аршаның саясынан орын береді”.

Бабаларымыз бойтұмарындай қастерлеген арша ағашының қадіріне жетіп жүрміз бе, ағайын!



10

Осыны бір сәт ойланып, ұрпақтарымызға өнеге өсиет ретінде үнемі құлақтарына құйып жүруді де ұмытпаған жөн. Бұл арада ардақты ақын ағамыз Қалижан Бекхожиннің мына бір ғана жыр шумағы тұла бойыңды шымырлатып, туған жердің таңға­жайып табиғатына деген жанашырлық, сергек сезіміңді селк еткізетініне сеніміміз мол!

 …Тоқта, кәззап, шаппа жасыл аршаны,

Жас ұрпақтың жан саясы, аңсары.

Балталауға қайтіп оны қиясың,

Бұл ару ғой - көздің көркі, тау сәні.

Туған жердің әрбір бұтасы мен ағашының табиғатта және адам өмірінде алатын маңызды өз орны бар екенін ешуақытта естен шығармай, оларды көздің қарашығындай, тіпті үйіміздегі ұл - қызымыздай аялы алақанымызбен аялауымыз керек, қасиетін қадірлеуіміз керек. Тағы да сол Мұзағаң - Мұзафар Әлімбаев айтқандай:

 Танымай өтеміз бе киелі не,

Қырсығы білместіктің тиерін де…

Ұрпағың дал бола ма ағаш таппай

Кәдімгі домбыраның тиегіне,

- деген күйді кешіп жүрмесек болғаны да.



Аршаның дәрілік қасиеттері:

Арша \Можжевельник обыкновенный\



Арша - биіктігі 4 метрге жуық, қысы-жазы көгеріп тұратын, бұталы өсімдік. Бұталары сұлап та жатады, кейде түзу өседі. Жапырақтары өткір, ине тәрізді қатты, үш - үштен қосақталып тұрады. Гүлдері бір жынысты, екі үйлі. Аталық гүлдері сырға сықылды салбырап тұрады. Оларда тікше және тозаңқап болады. Аналық гүлдері жасыл түсті, шар сияқты. Желмен тозаңданғаннан кейін бірыңғай аналық гүлдердің орнында аршаның жемісі пайда болады.

11

Бұл жемістер тек екінші жылы ғана піседі. Сондықтан кей кездері бір бұтадан жас жемістерді де, піскен жемістерді де көруге болады. Май айында гүлдейді.

Кәдімгі арша:

  • тау беткейлерінде,

  • құмды жерлерде,

  • орман арасында,

  • далалы аймақтарда өседі. Дәрі жасау үшін оның жемісін пайдаланады. Құрамында эфир майлары, қант, сірке, құмырсқа, алма қышқылдары, минералды тұздар бар.

Кәдімгі аршаның жемісінен жасалған дәрілер халықтық және ғылыми медицинада несеп айдайтын, өт айдайтыи дәрі ретінде пайдаланылады. Сонымен қатар кәдімгі аршаның жемісі ас қорыту жұмыстарын жақсартатын және қақырық түсіретін дәрі ретінде қолданылады. Осыған байланысты бүйрекке және қуыққа тас байланғанда, құм пайда болғанда, бауыр ауруларын емдеу үшін пайдаланылады. Бұл өсімдіктен жасалған дәрілерді бүйрек қабынғанда пайдалануға болмайды. Себебі құрамындағы эфир майларының бүйректі тітіркендіруі мүмкін. Ревматизм ауруы кезінде сырқыраған және ісінген буындарды, қабынған бұлшық еттерді емдейді, ревматизм және подагра ауруларымен ауырғанда аршаның 200 грамм кептірілген жемісін 2 литр суға қайнатып алады да, ваннадағы суға қосып пайдаланады. Кейбір ғалымдар кәдімгі арша жемісін өт қалтасына тас байланғанда да ем үшін пайдаланады \Н.Г.Ковалева\. Асқазан қышқылы кемігенде, өт қалтасы қабынғанда кәдімгі арша жемістерімен емдеу жақсы нәтиже береді.

Дәріні дайындау және қолдану тәсілі: 

  • 15 грамм кептірілген аршаның жемісін қайнап тұрған суға салып 20 минут тұндырады;

  • 1 ас қасықтан күніне 3 рет ішеді.

Спиртті тұнба әзірлеудің жолдары: 

  • 15 грамм кептірілген жемісті 100 мл спиртке салып 10 күн тұндырады;

  • 10-15 тамшыдан 3 рет ішеді.

Көктем кезінде қанның құрамын жақсарту үшін кәдімгі аршаның жемістерін күніне аш қарынға 1 жемістен жеп көбейте отырып, 15-күні 15 жемісін жейді. Содан кейін біртіндеп азайтып, 5 жеміске дейін жеткізеді. Бұл емдеудің өте бір тиімді әдісі.

Қара Арша - кипарис тұқымдасы, арша туысына жататын мәңгі жасыл қылқан жапырақты бұта.



12

Алтайдан Батыс Тянь - Шаньға дейін созылған кең алқапта, Батыс және Орталық Қазақстанда таралған. Таулы аймақтардағы тау шатқалдары мен тасты жерлерде өседі.

Биіктігі 1 - 3 м - дей. Қылқан қабыршақты не қысқа инелі, тікенекті болып келеді. Бүрі жидек пішіндес, қара қоңырқай түсті, көкшіл болады. 4 - 6 қауашақтан тұрады. Шілде - тамызда гүлдеп, келесі жылы тамызда жемістенеді. Қара Арша - екі үйлі ағаш. Тұқымы сопақша. Қала ауданының көшеттерін көгалдандыру үшін қолданады. Шөлге төзімді өсімдік. Шөлейт және далалық аудандарда су мен топырақ қорғауда маңызы зор. Жапырағында эфир майы көп. 

Арша - кипарис тұқымдасына жататын мәңгі жасыл қылқан жапырақты бұта немесе ағаш. Тау беткейінде, альпі белдеуінде, құмды жерлерде өседі. Қазақстанда оның жабайы 10 түрі бар. Табиғи жағдайда көбірек кездесетін түрлеріне Түркістан аршасы.

Ал Талас аршаны кәдімгі арша, ем арша деп те айтады.

Биіктігі 1-3,5 метр, қысы-жазы көгеріп тұратын, бұталы өсімдік. Қара күзде өсімдіктің піскен жемісі \қаракөк түстілері\ жинап алынып, ашық жерде ептеп кептіреді.
• Халық емінде арша жемісі ежелден-ақ несеп айдайтын және қуықтың қабынуын басатын дәрі ретінде қолданылып келеді. Аршамен тіс тазалау пайдалы.

Сібір Аршасы, кәдімгі арша, Зеравшан аршасы жатады. Олардың биіктігі 1 - 2 м - ге жетеді. Бұтағы тік немесе жерге жайыла өседі. Қылқаны қабыршақты, тікенекті келеді, үш - үштен шоқтанып не екі - екіден қарама-қарсы орналасады. Жеміс бүрі жидек пішіндес не шар тәрізді, түсі көкшілдеу болады. Тұқымынан және өсімді жолмен көбейтіледі. Сәуір - мамыр айларында гүлдейді, тұқымы жаздың аяғында, кейде күзде піседі. Тұқымынан шыққан жас өскіндер бір жылдан кейін тез өсіп, жақсы жетілген соң топырақты қатайтады. Арша 300 жылдай өседі. Сондықтан қазақ халқының ұғымында қасиетті, киелі ағаш саналады. Бұтақтарынан эфир майы, қант, шайыр, балауыз және органик. қышқылдар алынады. Аршаны орман шаруышылығында, таулы аймақтарда топырақтың опырылып кетуін болдырмау үшін отырғызады. Қазақстанда аршаны Алматы, Алтай, Қарағанды қалаларының ботаника бақтарында қолдан да өсіреді. Оны кәдімгі арша, ем арша деп те айтады. Биіктігі 1 - 3,5 метр, қысы-жазы көгеріп тұратын, бұталы өсімдік. Қара күзде өсімдіктің піскен жемісі \қаракөк түстілері\ жинап алынып, ашық жерде ептеп кептіреді.



13

Халық емінде арша жемісі ежелден - ақ несеп айдайтын және қуықтың қабынуын басатын дәрі ретінде қолданылып келеді. Аршамен тіс тазалау пайдалы.

Өсімдік туралы қысқаша мәліметтер:
Арша - сауырағаштар тұқымдасына жататын бұтақты және қырқып-пішіндеуге ыңғайлы, шымыр ағаш. Өсу тұрғысына қарай арша жайыла өсетін және тік өсетін болып екіге бөлінеді. Табиғаттағы тік өсетін түрлерінің биіктігі – 20 - 30 метрге жетеді. Жалпы 300 жылға дейін өмір сүреді. Табиғатта Гиннестің рекордтар кітабына кірген 800 жыл жасаған кәрі аршалар да бар. Еліміздің табиғатында аршаның зарафшан, түркістан, қазаттық арша деген түрлері бар. Көгалдандыруда аршаның тек шет елден әкелініп, жерсіндірілген түрлері ғана қолданылады. Қылқандарының түсі, түріне қарай: сары, ашық жасыл, қою жасыл, көк, көкшіл болып келеді. Сабақ бойына тығыз орналасқан қылқандары әдемі хош иіс шығарады. Бойында зиянды бактериаларды жойғыш және емдік қасиеті бар. Өкпе, тері және астма ауруларын емдеген. Ежелгі Рим мен Грецияда жылан шаққан кезде пайдаланған. Аршаның тік өсетін түрлерінен қарындаш жасайды. Діңінің қабығын ыдыс жасауда, басқа да өндірісте шикізат есебінде және құрылыс материалы ретінде кеңінен қолданады. Музыкалық аспаптар жасауға пайдаланады.

Аршаның күтімі туралы:
Аршаның барлық түрі ашық күнді қажет етеді. Кез-келген топырақта өсе береді. Бұтағының ұшын қырқып - пішіндеп өсірген дұрыс. Қылқанының түсі қанық болуы үшін жылына бір рет көктемде толық минералды тыңайтқыштармен қоректендірген жөн.

Арша  өсімдігі тұрмыста қолданылған мен, оның көптеген пайдасын, өзіне тән ерекшеліктеріне байланысты Қазақстанда дайындалатын өсімдік-дәрілердің отандық кәсiпорындарда тек 20 тоннадайы ғана өңделеді. Бұл жалпы жиналған дәрілік шөп мөлшерiнiң 3 пайызынан да аз болып отыр. Қалғандары жартылай өңделген немесе өңделмеген түрде экспортқа шығарылыпты. Сондай-ақ 1980 жылдан бері қарайғы біраз уақытта жыл сайын 30 тоннаға дейiн әртүрлi дәрiлiк шөп пен таушымылдық тамырлары тұнба жасау үшiн Батуми зауытына жөнелтiлген. Нәтижесiнде республика экономикалық шығын тартады, өйткенi шеттен өңделіп келген дайын дәрi-дәрмектiң құны бастапқы өсiмдiк шикiзатынан 7 - 10 есе қымбаттап елге импорт ретінде қайта келеді. Ал бұрынғы қазақтың халық емшілері адыраспан, тамыр дәрі, күшәлә, жусан, қарандыз, шайқурай, у қорғасын, арша секілді көптеген шөптерден жұртшылыққа керекті дәрілерді өздері қолдан жасайтын болғаны белгілі.


14

Бұны да жаңғыртып, бүгінгі медицинамен байланыстыра отырып, кеңінен пайдалануға болатын дүние.
Арша – сауырағаштар тұқымдасына жататын бұтақты және қырқып -пішіндеуге ыңғайлы, шымыр ағаш. Өсу тұрғысына қарай арша жайыла өсетін және тік өсетін болып екіге бөлінеді. Табиғаттағы тік өсетін түрлерінің биіктігі – 20 - 30 метрге жетеді. Жалпы 300 жылға дейін өмір сүреді. Табиғатта Гиннестің рекордтар кітабына кірген 800 жыл жасаған кәрі аршалар да бар. Еліміздің табиғатында аршаның зарафшан, түркістан, қазаттық арша деген түрлері бар. Көгалдандыруда аршаның тек шет елден әкелініп, жерсіндірілген түрлері ғана қолданылады. Қылқандарының түсі, түріне қарай: сары, ашық жасыл, қою жасыл, көк, көкшіл болып келеді. Сабақ бойына тығыз орналасқан қылқандары әдемі хош иіс шығарады. Бойында зиянды бактериаларды жойғыш және емдік қасиеті бар. Өкпе, тері және астма ауруларын емдеген. Ежелгі Рим мен Грецияда жылан шаққан кезде пайдаланған. Аршаның тік өсетін түрлерінен қарындаш жасайды. Діңінің қабығын ыдыс жасауда, басқа да өндірісте шикізат есебінде және құрылыс материалы ретінде кеңінен қолданады. Музыкалық аспаптар жасауға пайдаланады.  

Аршаның түрлерін қалай ажыратуға болады? Ол аршаның - емдік қасиетінде. Оны кәдімгі арша, ем арша деп те айтады.
Ел аузынан:

Ауырған адамды, үйді аршаның иісімен аластап, тазалайды.
Етті, қымыз пісетін сабаны аршаның түтініне ыстайды. Құрғақ жөтелге аршаның түтіні бірден бір ем саналады.
Арша жапырақтары - буын аурулары мен бұлшық еттердің шаншып, сырқырап ауруына бірден-бір ем.
Арша дәні гастриттен құтқарады.
Актоғай ауданының тұрғыны Сейіт Бекбота деген кісінің әңгімесінен: 2002 жылы асқазаным қатты ауырып, тамақ ішсем жарты сағат өтпей жатып- ақ аузымнан қара суым ақтарылып, жүрегім айнып,ішкен тамағымды құсып тастайтын болдым. Қиналып жүргенімде әркім әртүрлі емделу жолдарын айтып жатты.аш қарынға капуста шайнап, көк алманың суын жұтып жүрдім. Итмұрынның түйнегін суға қайнатып, күнінен үш мезгіл 1 стаканнан іштім.
Менің жағдайымды байқаған бір таныс кәдімгі аршаның дәнін жеңіз деді. Аршаның түрі көп қой, соның емдік қасиеті бары дәні қара - қоңыр болып, күз аяғында піседі екен. Қысқа қарай дереу көп етіп жинап алдым да, таңертең, түсте, кешке бір уыстан жеп тұрдым. Дәмі кәдімгі қант сияқты тәтті. Көп ұзамай жаздай жанымды қинаған ауру басылып, тамақты тартынбай ішетін болдым. Сөтсем аршаның дәні асқазан бүрі кеткенін қалпына келтіреді, буйрекке, бауырға, өтке де пайдалы екен. Қазір жылына бір рет қысқа қарай арша дәнін жеп тұрамын. Талай құрдастарым менің осы тәсілмен «емделіп», рахметін айтып жүр.

15

Ұлытау, Кішітау тауларының беткейлеріне арша, бөктерлеріне шоғыр-шоғыр қайың-терек шығады Ұлытау, Кішітау тауларының беткейлеріне арша, бөктерлеріне шоғыр-шоғыр қайың-терек шығады..

Бүгінде арша ағашының өте сирек кездесетін бір түрі «Қызыл кітапқа» енгізілген. Өсіп-өнуі қиындау ағашқа қамқорлық қажет - ақ.

Оны одан ары дамыту үшін бірқатар шаралар қолға алынуда. Дегенмен, әлі де атқарылар шаруалар баршылық. Арша ағашын кесуге құмбыл қарақшылармен күрес тоқтамайды.
Қазіргі таңда парктегі тұқымбақта арша көшеттерін көбейтіп өсіру қолға алынғаны жөн. Осы мақсатта  Балқаш  парктің  аршаның тұқым учаскесі ашылған жөн,-  деп отырмын.. Бұл өз кезегінде арша ағашының көбеюіне кепілдік береді. Алайда арша ағашына ынтық жандардың қатары азаймай отыр. Аршаны аман сақтап қалу үшін қазірден қам жасау қажет - ақ. Яғни ешкім де есепке алып, санаққа іліктіріп жатқан жоқ деген сөз. «Қызыл кітаптың» төрінен орын алуы керек демегенмен де, аршаға араша керек-ақ. Табиғатқа да, адамзатқа да тигізер пайдасы өте зор болатын арша ағашына қамқорлық қажет. Ол үшін нақты бағдарлама дайындалып, мемлекет тарапынан қамқорлыққа алынуы тиіс сияқты.

Денсаулық ағашы



Қазақстандағы адам денсаулығына ең пайдалы өсімдіктің бірі -  ағаш тектес немесе бұтақ тұрпатты арша. Арша – ағаш-фармацевт. Осы өсімдік бөлетін фитоноцидтер адам денсаулығына ем болатын таза ауа тудырады. Мәселен, ғалымдардың мәліметіне сүйенсек, арша жылына орта есеппен 1 тоннадан аса шаңды жұтып, айнала­сы­на 1,5 мың литр оттегі бөліп шығарады екен. Арша ор­ма­нының 1 гектары жылына 18 миллион м3 ауа­ны көміртегі газынан тазартып, 50-65 тоннаға де­йін шаң-тозаңды зиянды газдардан арылтып, сүзіп оты­ратын көрінеді.


16

Қазақ халқы аршаны "денсаулық ағашы" деп атайды. Аршалар кейде 4 мың жылға дейін өсе береді. Ал, 500-600 жыл арша үшін қарапайым жастың бірі саналады.

Арша мәңгі жасыл қылқан жапырақты ағаш немесе бұта. Қазақстанда оның   10-ға жуық түрі кездеседі. Тұқымы піскен кезде қаракөк түсті. Қылқандарының түсі, түріне қарай сары, ашық жасыл, қою жасыл, кара көкшіл болып келеді. Сабақ бойына тығыз орналасқан қылқандары әдемі хош иіс шығарады. Бойында зиянды батерияларды жойғыш және емдік қасиеттері бар.Аршаны тұқымынан және өсімді мүшелерінен көбейтеді. Сәуір айларында гүлдейді,тұқымы жаздың аяғында,кейде күзде піседі. Арша қазақ халқының ұғымында қасиетті, киелі ағаш болып саналады. Қасиетті болатыны – оған анау-мынау ауру-сырқау жоламайды. Сондықтан қазақ балаға бесікті арша ағашынан жасаған, бұндай бесікке қызамық, қара шешек, сияқты бәлелі аурулар дарымайды. Бір арша ағашының   шығарған оттегінің мөлшері 25-30 адамның тыныс алуына жетеді екен. Сонымен қатар 20-25 тонна шаң тозаңды залалсыздандырады және де көктемнен күзге дейін микробтарды жояды.

Ал енді аршаның бірнеше түріне тоқталып кетейік:

Сібір аршасы. Жай аршаға ұқсас болып келеді, таудың ең жоғары шыңында өседі. Екі үйлі, мәңгі жасыл өсімдік. Бұл қалың бұталы, аласа бойлы, жерде жайылып айналасын көгалдандырып өсетін ағаш. Инесі мен жидегі кәдімгі аршаға ұқсайды, суыққа өте төзімді, қалыптастыруға өте икемді. Осы қасиетін еске ала отырып көгалдандыруға пайдаланылады. Эрозияға қарсы отырғызады сонымен бірге парк пен скверге жеке-жеке бір талдан отырғызса, кейде оны жасыл қоршау ретінде қолданады.

Түркістан аршасы - таңқаларлық өте әдемі мәңгі жасыл ағаш тектес өсімдік. Оңтүстік Қазақстанда,Орта Азияда өседі. Түркістан аршасы салқын ылғалды жерде және құрғақ, тасты күн көзі шызғырып тұрған жарларда да өсе береді. Бұл арша өзінің ұзақ өмір сүру қасиетімен таң қалдырады. Мың жыл жасаған аршалар кездеседі. Бұл аршаның жайылып өскен тамыры 2 куб метр ылғал жинап, су топыраққа баяу сіңуіне мүмкіндік жасайды.Сондықтан бұл арша өскен жерде. Ешбір  құрғақшылық жағдайда да булақтар мен өзендер суалмайды. Түркістан аршасы көптеген кұстар үшін мекен (кекілік, улар т.б) және оларға тамақтық қор болып табылады, себебі аршаның жемісі көктемге дейін ағашта сақталады.

Зеравшан аршасы. Шу - Іле тауларында,Қаратау,Қырғыз, Түркістан, Зеравшан жоталарында кездеседі Биіктігі 10-20 метрлік екі үйлік өсімдік.Жапырағы қабыршақ тәріздес ұзындығы 1,5-2 мм, ұзынша сопақ.

17

Түйінжемісі дөңгелек немесе жұмыртқа тәрізді, дм 10-13мм. Суыққа төзімді, құрғақ тасты беткейде өсе  береді. Ағашы қатты, күшті. Таулы беткейлерде топырақ эрозиясынан қорғау мақсатында отырғызады.

Қазацкий аршасы - Қазақстанда Сауыр - Тарбағатайында, Жоңғар Алатауында, Зайсан шұңқырында өседі.Бұл арша құмды топырақты бекітуге қолданылады.Құмды төбенің ең биік төбесінде, басқа бұталар өсе алмайтын жерде өседі. Бұл аршаның кейбір түрі ағаш тектес  болып келеді, биіктігі 10 метрге дейін жетсе, негізгі түрі жайылып  өседі, оны кейде жатаған арша деп атайды. Жас өркенімен  қылқанында болатын эфир майы өткір жағымсыз иіс шығаратындықтан  басқа аршалар мен  шатастырмайды. Жарық сүйгіш,суыққа және құрғақшылыққа төзімді топырақ таңдамайды. Негізінен құмды тоқтату мақсатында қолданады. Сонымен бірге жүннен  жасалған заттарды күйеден  қорғауға қолданады.         

Аршаның емдік қасиеттері. Халық емінде арша жемісі ежелден-ақ несеп айдайтын және қуыққабынуын басатын дәрі ретінде қолданылып келеді. Өкпе, тері, астма ауруларын емдеген. Сонымен бірге аршаның жемісі ауыз қуысын дезинфекциялайды.

Қолданылуы. Арша ағашы жұмсақ, одан карандаш, домбыра, бесік жасалады. Қазақтар ас табақтарын арша ағашынан ойып жасаған.арша ағашының иісі қымыз иісіне ұқсас және мұндай табақта микробтар өсіп дамымайды. Сонымен бірге аршаның смоласын техникалық өңдеуден өткізу арқылы – сандарак алынады, ол ағашты лактауға қолданатын зат. Зеравшан аршасының өркенінен арша майы алынады, оның қасиеті әйнекке ұқсайды. Оны үлкен үлкейткішті микроскоптарда қолданылады.  

Көгалдандыруға қолдануАрша өте әдемі ағаш, сондықтан оны қаланы көгалдандыруға қолданады.Бірақ сондай қасиетін біле тұра арша әлі толық елімізді жасыл құрылыс жұмысында көгалдандыруға дұрыс пайдаланбай отырмыз.Аршаны жаңа салынып жатқан шағын мөлтек аудандарда отырғызу жұмысын қолға алған дұрыс деп ойламын. Халқымыздың «Ағаштардың анасы - арша» деген теңеу сөзіңде қаншама ұлағатты ұғым жатыр. Ертеде  елден жырақ  кеткен азаматтар бойтұмар ретінде арша ағашының кесінді жаңқасын мейірлене иіскеп мауқын басады екен.

Дәл осындай сәтті өз жырына арқау еткен Мұзафар Әлімбаев былай деп толғанады :

 Не саған бойтұмардың көмегі бар?

 Иіскесем, ем – дарулық себебі бар

Тұмарда дұға орнында – 

Туған жер аршасы бұл! - дегені бар.


18

Ақсу-Жабағылы Қазақстанның ең көне қорығы, сонымен қатар Орталық Азиядағы ЮНЕСКО биосфера қорығы дәрежесін алған ең алғашқы қорық. Теңіз деңгейінен 1000 м-ден 4280 м аралығындағы биіктікте Тянь-Шань тауларында орналасқан. Негізгі биік аймақтары өзінің таңқаларлық бейнелерімен жартылай шөлейттер ылғалды жазықтармен алмасып аршалы ормандарына өтеді. Ылғалды даладағы бай жазықтар аршалармен астасып жатқан жіңішке бұталардың өсуіне қолайлы жағдай туғызған. 

Осындай мемлекет тарапынан қорғауға алынған аймақтарда өсімдіктер мен ағаштарды отырғызу мен күтіп баптаудың өзіндік ережелері бар екен.

Арша өскен жерінде,
Азамат өскен еліңде.-демекші аршаны да өсірудің енрекшелігі, тіпті сыры бар десек те болады.

Ормандарды молықтыру мен    
орман өсіру үшін тұқымдар мен  
отырғызу материалдарын пайдалану,
олардың орнын ауыстыру қағидаларына
1-қосымша   

19



    Тұқымдарды тегіне байланысты себу алдында өңдеудің ерекшеліктері






1

Виргиния аршасы

Топырақтың қатуына 1,5-2 ай қалғанда себілетін болса, дайындауды қажет етпейді

Үй-жай ішінде 20-300С температурада 30 күн, 150С темпратурада 120 күн стратификациялайды

Тұқымды 30-50 мин. мөлшерінде күкірт қышқылы концентратымен өңдейді, сумен шаяды, содан кейін 0-50С температурада 90-120 күн стратификациялайды

2

Кәдімгі арша

Топырақтың қатуына 1,5-2 ай қалғанда Себілетін болса, дайындауды қажет етпейді

Үй-жай ішінде 20-300С температурада 30 күн, 150С температурада 120 күн стратификациялайды


3

Түркістан аршасы

Жаңа жиналған Тұқымды дайындамай сол күйінде тамыз айы ішінде себеді

Өткен жылғы терең тыныштықтағы тұқымды жазда шілдеде - тамыздың бас кезінде себеді.


4

Жарты шар тәрізді арша

Бұл да қыркүйектің бірінші жартысында себіледі

Бұл да солай














20

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақ энциклопедиясы I том- ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет


2. «Арша егіп, қаланың тынысын аш!» Рысбай Сәтімбеков,

Қазақ мемлекеттік қыздар педагокикалық университетінің

профессоры «Алматы ақшамы», 2014 жыл, 18 наурыз


3. Шәріпбаев Н. Малдың бүйрек және зәрмшығару органдары

ауруларын емдеу үшін қолданылатын дәрілік өсімдіктер. Арша –

"Қайнар", 1988. Б. 161-163


4. 2012 ж Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің

«Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» ШЖҚ РМК -мәліметтері



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
1982
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі