жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Артериальды гипертензия
«АРТЕРИЯЛЫҚ ГИПЕРТЕНЗИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ МЕЙІРГЕРЛІК КҮТІМ»
Н.К.Кисанова
«Жоғары медициналық колледж» қ.Алматы
Артериялык гипертензия (АГ) - артериялық қан қысымының мерзімдік немесе тұракты жоғарылауы. Гипертониялық ауру - әлемдегі ең кең таралған аурулардың бірі болып табылады. Артериялық қысымның жоғарылау себебі күрделі және әралуан. Қазіргі кезде бұл сырқаттың себебін дәл анықтау қиын. Әрине, гипертониялық аурудың механизмінде адамның жүйке жүйесінің жағдайы маңызды рөл атқарады. Артериялық қысымды жоғарылататын басқа да ілеспелі аурулар болады, мысалы, пиелонефрит, эндокриндік жүйе аурулары, тамырдың туа біткен ерекшеліктері және т.б. Әр төртінші ересек адамда артериялық қан қысымы жоғары, сонымен қатар негізгі қауіп факторлары - жүрек және бүйрек аурулары, инфаркт пен жүрек кемістігі жиі болатынын байқауға болады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, артериялық қысымның қауіпсіз деңгейі кемінде 140/90 мм с.б., ал қантты диабетпен ауыратындар үшін кемінде - 130/80 мм с.б. Артериялық гипертензия көп жылдарға созылған жағдайда адам ағзасы біртіндеп жоғары артериялық қысымға бейімделеді, жоғарылаған қысым тамырларға және олармен қуаттанатын ағзаларға - ми, жүрек, бүйрекке патологиялық әсер етеді. Ұзаққа созылған артериялық қысым жоғарыда келтірілген патологиялық үрдістер (тіпті шағымдардың болмауы жағдайында да) инсультқа, жүректің ишемиялық ауруына (стенокардия), миокард инфарктісіне, жүрек және бүйрек шамасыздығына әкелуі мүмкін. Артериялық қысымның жоғарылауы кезінде аса жиі болатын белгілердің бірі - бастың ауруы. Бұл жағдайда адам дәрігерге қаралуға мәжбүр. Алайда осы белгі үнемі артериялық қысымның жоғарылауының белгісі бола бермейді, кейде бастың ауырмауы да мүмкін. Гипертониялық аурудың бірнеше кезенде жүретіні бар. Аурудың дамуының ерте кезеңінде артериялық қысым, әдетте, тұрақсыз түрде жоғарылайды және тынығу кезінде, стресс жағдайларын жою және т.б. кезінде өз бетінше калыпқа келуі мүмкін. Осы кезеңде ауру өршу (криздермен) және жақсару кезеңдерінің толқын тәрізді ағымымен сипатталады. Криздер сырқат адам үшін қауіпті, сондықтан мұндай жағдайда оны дәрігер міндетті түрде бақылауы керек.. Дәрілік препараттарды үнемі қабылдау, артериялық қысымды қадағалау жағдайында емделушілердің көп жағдайда инфаркт, миокард инфарктісі, екпенің ісінуі және т.б. сияқты қауіпті асқынулардың алдын алуға болады. Артериялық қысымды өлшемей, ауруды анықтау мүмкін емес!
АРТЕРИЯЛЫҚ ГИПЕРТЕНЗИЯНЫҢ
АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ: адам артериялық қысымды жағдайы нашарлағанда
ғана емес, пациенттерде шағымдар болмаған жағдайда да тұрақты
өлшеуі қажет. Бұл артериялық ипертензияны уақытылы анықтаудың
дәлелді тәсілі болып табылады. Қан айналым жүйесі ауруларын, соның
ішінде артериялық гипертензияны анықтау бойынша. Ұлттық скринингтік
зерттеулер жүргізілуде. Сол себепті әрбір азамат тұрғылықты
мекенжайы бойынша емханада тексерістен өтуі тиіс,егер артериялық
гипертензия диагнозы анықталса, диспансерлік есепке тұруы қажет.
Алдын алудың басты мақсаты – артериялық гипертензияның қауіп
факторларының әсерін жою. Алдын алу шараларына мыналар жатады:
- артық салмақтан арылу (артық салмақтың 4-5 кг томендеуі АҚ-ның 5
мм с.б. темендеуіне алып келетіндігін білу
маңызды)
-
тәулігіне 5-6 грамнан артық тұз тұтынбау;
-
көбірек қимылдау (жүйелі орташа және бәсең жүктемелер АҚ деңгейін тұрақты төмендетеді);
-
стресс жағдайларынан аулақ болу (стресс жағдайларында қанағымға кортизол және адреналин лақтырылады, олар қалыпты артериялық қысымды арттырып, ағзаны қауіпке тойтарыс беруге дайындайды);
-
шылым шегуден бас тарту Нәтижесінде жүректің және бас миының артериялары бітеледі, бұл миокард инфарктісіне және инсультка алып келеді
-
сергітетін ішімдіктер мен алкогольден аулақ болу. Артериялық қысым тыныштық қалпында, ұйқы кезінде төмендейді, таңертеңгілік, қобалжу, дене жүктемелері және баска жүктемелер кезінде, сондай- ақ шылым тарту және алкогольді ішімдіктерді қабылдағанда артады. Артериялық гипертензияның алдын алу әр адамның өз қолында
Артериялық гипертензия кезіндегі мейіргерлік күтімі -
І. Мейіргерлік диагноз: Артериялық қысымның күрт жоғарылауы
ІІ. Мақсат:АҚ-ны біртіндеп төмендету (индивидуалды уақыт).
ІІІ. Мейіргерлік іс-әрекеттер
1. Дереу дәрігерді шақырту (бұл жағдай білікті медициналық көмекті қажет етеді);
2. Бас жағы көтеріңкі, көлденең қалыпты қамтамасыз ету (жүрек бұлшықеттерінің, бүйректің қызметі жеңілденеді);
3. Физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз ету;
4. Таза ауамен қамтамасыз ету;
5. Шүйде аймағына және балтырға қыша қою;
6. Маңдайға суық компресс қою (бас ауру әлсірейді);
7. Қолдарға жылы ванна, аяқтарға жылытқыш қою;
8. Дәрігердің нұсқауларын орындау;
9. Әр 30 мин. сайын пациенттің жағдайын (сырт көрінісін қарау, ТАЖ, АҚ, пульс) АҚ қалпына келгенге дейін қарау.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген