Артикуляциялық
жаттығуларды жасау не себепті керек
1.
Артикуляциялық және тілдік есту
қабілетін дамытатын жаттығуларды
уақытында жасау кейбір балаларға
өздігінен, мамандардың көмегінсіз,
дыбыстарды дұрыс айтуға көмектеседі.
2.
Тілі шорқақ балалар үйде жаттығуларды
жасаса, мамандармен жұмыс істегенде
тезірек жетістіктерге жетеді, себебі
олардың тіл бұлшық еттері дайын болады.
3.
Артикуляциялық жаттығулар барлық
дыбыстарды дұрыс айтатын, бірақ сөйлеу
кезінде тілі күрмеленетін балаларға
да пайдалы.
4.
Артикуляциялық жаттығулар балаларға
да, ересектерге де дұрыс, әдемі және
айқын сөйлеуге көмектеседі. Сонымен
қатар дыбыстарды дұрыс айту жазуға
үйрету кезеңінің негізін құрайды.
Артикуляциялық
жаттығуларды орындау ережелері:
1.
Үлкен адам орындалатын жаттығуды балаға
ойын түрінде түсіндіреді.
2.
Жаттығудың орындалу тәсілін көрсетеді.
3.
Жаттығуды бала жасайды, үлкен оның дұрыс
орындалуын қадағалайды: қимылдың
дәлдігі, темпі, тұрақтылығы, бір жаттығудан
екіншісіне өту ыңғайы. Сонымен қатар
артикуляциялық жаттығулар оң және сол
жақ үшін бірдей, симметрияда орындалуы
керек. Олай болмаған жағдайда артикуляциялық
жаттығуларды орындау өз мақсатына
жетпейді.
4.
Бала белігілі бір жаттығуды орындау
кезінде қиындыққа тап болған жағдайда
оған көмек беріңіз: таза шпатель,
қарындаш, қалам немесе таза саусақпен.
5.
Балаңыздың тілін дұрыс қалыпқа келтіру
мақсатында, мысалы жоғарғы ерінің жалауы
үшін, баланың ернін тосаппен, шоколадпен,
балмұздақпен немесе балаңыз жақсы
көретін басқа да затпен жағып қойыңыз.
Тапсырмаларға шығармашылықпен қараңыз.
Ескерту
Жаттығу
жасай бастағанда тіл бұлшық еттерінің
тарылуы байқалуы мүмкін. Уақыт өте келе
бұлшық еттерінің тарылуы босап,
қимыл-қозғалыстар қиындықсыз және
икемді бола бастайды.
Артикуляциялық
жаттығу –
бұл бұлшық ет пен сөйлеу аппаратын
нығайтуға, сөйлеуге қатысатын ағзалардың
күш, қимыл-қозғалыс және іс-әрекеттің
дифференциациясын нығайтуға арналған
жаттығулар жиыны.
Артикуляциялық
жаттығу дыбысты қою мен машықтандырудың
дайындық кезеңі болып табылады.
Артикуляциялық
жаттығудың мақсаты дыбысты дұрыс
айту үшін сөйлеу аппаратын дұрыс
қозғалысқа келтіру және тілді белгілі
бір қалыпта ұстау, қарапайым қимылды
күрделі қимылдарға айналдыру.
Артикуляциялық
жаттығуларды орындағанда:
1.
Балада дұрыс сөйлеу дағыдысы қалыптасу
үшун артикуляциялық жаттығуларды күнде
жасау керек.
2.
Жаттығуларды күніне 3-4 рет 3-5 минуттан
орындаған жөн.
3.
Әр жаттығу 5-7 рет орындалуы тиіс.
4.
Бір статистикалық жаттығуды 10-15 секунд
ұстап тұру ұсынылады (қимыл-қозғалысты
өзгертпей ұстап тұру).
5.
Артикуляциялық жаттығуларды іріктеу
кезінде қарапайым жаттығудан күрделі
жаттығуларға өту керек. Балаңыз белігі-бір
жаттығуды дұрыс жасай алмай тұрып, одан
күрделі жаттығуға өтудің керегі жоқ.
Жасай алмай жатқан жаттығуды орындату
үшін жаңа ойындар ойлап табуыңыз абзал.
6.
Артикуляциялық жаттығуды отырып
орындаған абзал, себебі отырғанда
баланың арқасы түзу, денесін, аяқ-қолдарын
бос ұстайды.
7. Бала
үлкеннің және өзінің бетін айқын көруі
тиіс, себебі жасап жатқан жаттығудың
сапасын өзі бақылай алуы керек. Сондықтан
жаттығуларды жасап жатқанда үлкен және
бала қабырғадағы айна алдында болуы
керек. Сонымен қатар, баланың қолында
кішкентай айна болуы мүмкін (9х12 см),
бірақ ондай жағдайда үлкен балаға
қарама-қарсы, бетпе-бет отыруы тиіс.
Артикуляциялық
жаттығулар
«Күрекше» –
жалпақ тілді шығарып астыңғы ерінге
ұстап тұру керек.
«Инеше» -ауызды
кең ашып тілді алға қарай жіңішкертіп
шығарып 10-15 секунд ұстап тұру керек.
«Төбешік» –
ауызыңды жартылай ашып, тілдің екі жақ
шетін жоғары азу тістерге жапсырып,
тілдің ұшын астыңғы тіске тіреп ұстау.
«Түтікше» –
жалпақ тілді ауыз қуысына шығарып,
тілдің бүйір жақтарын көтеріп түтікшеге
үрлеу. Жаттығуды жайлап жасау керек.
«Ожау» –
ауызды кең ашып, жалпақ тілді көтеріп
жоғары тістерге созып, бірақ тигізбей
ұстап тұру керек.
«Сағат» –
тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға
жайлап қозғау керек. Осылай санап отырып
15-20 рет қайталау керек.
«Саңырауқұлақ» -ауызды
кең ашып, тілді таңдайға жапсыра ұстап
тұрып төменгі жақты басып ауызды кең
ашып ұстау.
«Алтыбақан» –
жіңішке тілді ауыздан шығарып біресе
мүрынға созып, біресе иекке созу жаттығуды
жасағанда ауыз ашық болу керек. Осылай
10-15 рет қайталау керек.
«Тәтті
тосап» –
жалпақ тілді шығарып жоғары ерінді
жалап, тілді ауыз қуысына тереңірек
апару. /15 рет қайталау/.
«Тоқылдақ» –
ауызды кең ашып тілдің ұшымен жоғарға
альвеолоға немесе таңдайға жиі-жиі
соғылғандай қимыл жасау керек.
«Ат
шауып келеді» –
ауызды кең ашып тілді таңдайға жапсыру
– айыру немесе таңдай қағу. Аталған
жаттығулардан тек әр дыбысқа керекті
жаттығулар алынады.