Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әртүрлі бұйымдарды шалма бізбен тоқу (мойынорағыш,сулық, шұлық.)

Материал туралы қысқаша түсінік
Көркем еңбек пәнінің мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар





Пән: Көркем еңбек

2-бөлім : Сәндік-қолданбалы өнер

Мектеп: Жамбыл атындағы орта мектебі




Күні: .

Мұғалімнің аты-жөні: Примбердиева С.

Сынып: 6


Қатысқандар саны: 11

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Әртүрлі бұйымдарды шалма бізбен тоқу (мойынорағыш,сулық, шұлық.)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.6.4 -Материалдардың қасиеттері жайлы білімін және тәжірибелік жұмыс істеу дағдыларын көрсете отырып техникалар, көркемдік материалдарды қолдану және эксперимент жасау


Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

- шалма бізбен тоқу техникасын меңгереді;

- бұйымға шалма бізбен тоқуда түрлі өрнектер түсіре біледі;

- бұйымның формасын анықтайды;


Бағалау критерийлері

  • Шалу арақашықтығының біркелкілігін сақтайды;

  • Тоқылатын жіптердің түстік шешімін анықтайды;

  • Өрнектерді сәтті орналастырады;

Тілдік мақсаттар


Оқушылар бірірінің жұмыстарын жақын қашықтықта бақылау дағдылары, түстерді араластыру және тиісті түстерді іріктеу дағдыларын талқыға сала алады.

Сыныптастарымен бірге ескерту жасап және бүкіл сынып алдында пікірін білдіріп (сөйлеу, аудирлеу және жазу), өзінің жұмысы және құрдастары жұмыстарының «күшті жақтары» мен «әрекеттің мүмкін нұсқаларын» талқылай алады

Пәндік лексика және терминология:

Шалма біз, иірімжіп, шалу, өрнектер

Құндылықтар

Ашықтық: Оқушы жұмыс орындау барысында бір-бірімен ынтымақтастықпен ашық пікір бөлісіп, шығармашылық көзқараспен еңбектенеді. Өз жұмысына асқан жауапкершілікпен, белсенділікпен қатынасады.

Адалдық: Оқушылар мен ұстаздарға деген құрмет пен мадақтау шынайылық пен айқындылықтың ұстанымына негізделген.

Мектептің дамуы педагогтік үдерістің барлық қатысушыларының жүйелі және айқын кері байланысына негізделген.

Құрмет: Сыныптастардың қабылдаған шешіміне, өзге адамдарға, мәдениетке, пікірге, құндылықтарға деген құрметпен қарауға үйренеді

Пәнаралық байланыстар

Математика: Тоқу барысында шалулар саны есептеу, азайту және ұлғайту, бұйымның мөлшерін анықтау математикамен байланыстыра отырып, жүзеге асырылады.

АКТ қолдану дағдылары

«Шалма бізбен тоқу өнері» презентациясын көрсету, бейнеролик көрсету кезінде сындарлы ізденіс кезінде АКТ қолданылады.

Бастапқы білім


Алдыңғы білім.Әртүрлі бұйымдарды ілмекпен тоқу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


Психологиялық ахуал орнату.

Шаттық шеңберін құру.

Алдыңғы білімді еске түсіру. «Тосып ал» әдісін пайдалану арқылы сұрақтар қойылады.

1Ілмек бізбентоқыған кездеқандай материал,құрал-жабдықтар пайдаланылады? Оларды қалай таңдап алу керек?

2.Тоқыған кезде жіп пен ілмек бізді қалай ұстаукерек?


Оқулық, тоқыма затттары.


«Миға шабуыл» әдісі

Топқа біріктіру








Сабақ тақырыбын анықтау





Сабақтың тақырыбын анықтау үшін шалма біз, тоқыма орамал, жіп орамасы, өрнектің суреттері басылған карточкалар таңдау арқылы сынып үш топқа біріктіріледі. Әр топ өз таңдаған тақырыптарына шолу жасап, талқылайды.

Талқылау критериі:

  1. Түрлері

  2. Қолданылу аясы

Әр топтан бір-бір спикер тағайындалып, үшеуі де бірден ортаға шақырылады және өз бұйымы жөнінде сынып алдында баяндайды.

Баяндап болған соң үшеуіне ортақ жоғары деңгейлі сұрақ беріледі:

Сіздер баяндаған заттарды біріктіретін Осы сіздер біріктіре отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтаңыздар.

Спикерлер түрлі нұсқалар айта келе ортақ шешімдерін шығарады. Немесе сыныптың көмегіне жүгіне отырып, сабақ тақырыбы анықталады.

1топ. Шалма біздер қандай болады? Олардың қандай ерекшелігібар?

2топ. Шалма бізбен тоқыған кезде қандай шалмалар қолданылады?

3топ. Бұйымға қажетті иірім жіпті есептеп шығыңдар.





Презентация


Интербелсенді тақтадан «Шалмабізбен тоқу өнері» атты презентация көрсетіледі.


Презентация «Шалма бізбен тоқу өнері»

Сабақтың ортасы

Әр топқа түрлі ілмек түрлері беріледі.

  1. Беттік шалу

  2. Теріс шалу

  3. Бұрама шалу

  4. Шырмаулы шалу

Және шартты белгілер бойынша суретке қарап шалулардың түрлерін ажыратуға машықтанады.

Зерттеу үшін ресурстар:

Үлестірме материалдар




Бейнеролик көрсету


Шалмабізбен тоқудан интербелсенді тақтадан мастер-класс бейнеролигі көрсетіледі.


Сарамандық жұмыс

Тапсырма: Шалмабізбен қуыршаққа арналған мойынорағыш тоқыңыз. Гүл, түйме т.б. заттармен әсемдеңіз.


Практикалық жұмысты оқушылар бейнероликтен алынған мәліметтер бойынша жаттыққан шалу түрлерін қолдана отырып жеке-жеке орындайды.

Бағалау. «Бағдаршам» әдісімен бір-бірінің жұмыстарын бағалайды.

Критерий:

  • Шалу арақашықтығының біркелкілігін сақтайды;

  • Тоқылатын жіптердің түстік шешімін анықтайды;

  • Өрнектерді сәтті орналастырады;

Сабақтың соңы

Кері байланыс


Оқушыларды топтарға біріктірер кезде таратылған қағаз тілігі сабаққа кері байланыс кезінде қызмет етеді. Оқушылар қағаз тілігінің екі бетін толтырады.


Практикалық ресурстар:

Түрлі-түсті жіптер, қайшы, шалма біз

«Идеялар дәлізі»


«Идеялар дәлізі» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне қарап екі қатарға орналасады. «Сіздердің достарыңыз Халықаралық конференцияға жүргелі тұр. Конференцияда бүгінгі өткен тақырып бойынша баяндама жасамақшы, соған әрқайсымыз бір-бір идея тастап, досымыздың қоржынын толтырып жіберейік» деген сауал тасталады

Оқушы ортамен жүріп отырып, әр оқушының идеяларын тыңдап соңына дейін жүріп өтеді.

Бағалау. «Басбармақ» әдісімен бағаланады


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


1. Жұмыс орны жақсы жарықтандырылған болуы керек.

2. Орындық арқасы сүйеніп, тік отыру қажет.

3. Тоқу кезінде арқасы бар орындықта басты сәл иіп отырады.

4. Шалмабіздің ұшы қауіпсіз, шектелген болуы керек.

5. Тоқып жатқан жайма бүлінбеуі үшін және қолда иірімжіптің қиқымдары қалмас үшін тоқып бастағанда және аяқтағанда қолды жуу керек.

6. Жұмыс соңында барлық құрал-жабдықтар жәшікке жинап салу керек.

7. Шалмабізді қорабымен алып жүру қажет.


Сабақты бекіту


1.Иірімжіптің қандай түрлерін білесіңдер?

2.Салыстырмалы түрде ең берік иірімжіпті атаңдар.

3.Сапасы және түсі әр түрлі талшықтарды араластыру жолымен алынатын қандай иірімжіпті білесіңдер?

4.Иірімжіп зат белгісіне қарап ұсынылған ілмебіздің номерін қалай білуге болады?

5. Шалудың қандай түрлері бар?

6. Классикалық тоқу түрі дегеніміз не?




Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қандай сабақтың мақсаттары / оқыту мақсаттары шынайы?


ОМ барлық оқушылар қол жеткізді ме?


Егер жоқ болса, неге?


Саралау сабақта дұрыс жүргізілді ме?


Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неге?



Мен бүгінгі сабатың мақсатына қол жеткіздім.



Оқушылардабелсенділік танытып,сабақтың мақсатына қол жеткізді.





Сабақтың ұтымды шыққан тұстары:

1.топтық жұмыс жақсы өтті.

2.Берілген сұрақтарға толық жауап берді.

Өзгертуге тиісті дүниелер:

1.Схемасызып, өрнек бойынша жұмыс істеу.

2 .Бұйымға қажетті иірімжіпті есептеу.

Сабақтың сәтсіз шыққан тұстары:

1.Тоқу кезіндегі шатасулар.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2019
1761
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12