Материалдар / Артық, кем, тең
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Артық, кем, тең

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қаңтар 2019
546
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән

Математика

ҰМЖ бөлімі

Математикалық модельдеу

Сынып

1 сынып

Сабақ тақырыбы

Артық, кем, тең

Сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары

1.5.2.3Сандардың қосындысы мен айырмасын, сандарды салыстыру (артық/кем), көршілес сандарды, сандық аралықтарды, сандар қатарын көрсету үшін сан сәулесін қолдану

Ойлау деңгейі

Орта (қолдану)

Сабақ мақсаттары

А. Барлық оқушылар бір таңбалы сандарды оқиды,жазады және салыстыру


В.Көптеген оқушылар сандарды сандық сәуле көмегімен салыстыру,талқылау


С.Кейбір оқушылар өздігінен есептер шығаруда артық,кем, тең ұғымдарын қолдану


Бағалау критерийлері

1.Бір таңбалы сандарды оқиды,жазады және салыстырады


2.Сандық сәуле көмегімен сандарды салыстырады, дәлелдейді


3.Өздігінен күрделі тапсырмалар орындауда жаңа ұғымды қолданады


Тілдік мақсаттар

Қосынды, айырма,артық, кем, тең ұғымы(диалогтік әңгіме, әңгімелеу)

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық, коммуникативтік

Пәнаралық байланыстар

Әдебиеттік оқу,жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары


Бастапқы білім

+, - ,= таңбалары мен цифрларды ажырата білу, белгісіз санды белгілеу


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Уақыт

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин








10 мин

Ширатпа жаттыгулар

«Көрші»

Көршіңді оң жақтан құшақта,

Көршіңді сол жақтан құшақта.

Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,

Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,

Бір біріңе жақсылық сыйла.

«Миға шабуыл» әдісі

1.(Ұ) «Өз орнынды тез тап» ойыны

Сынып бөлмесінің әр бөлігіне сандар жазылған карталар ілінеді,әр топтан өздеріне тиесілі сандарды алып, сап түзейді.

  • 2 санынан кіші немесе үлкен санды ата?

  • 3 санының көршілерін ата?

  • Барлық сандарды өсу ретімен сана?

  • Не байқадың?

Сабақ мақсатын ашу

«Кубизм»әдісі. Жұптық жұмыс

Текшелерді кезекпен лақтыра отырып,сандарды салыстырады

Топқа бөлу

«Менің сүйікті жемісім» ойыны арқылы үш топқа бөлу

І топ: Сандар

ІІ топ: Цифрлар

ІІІ топ:Таңбалар


1-10 ға сандар жазылған карталар (формат А4)




Сызғыш, метр, қолдан жасалған сандық сәуленің үлгілері


Сандық сәуле, сыныптағы қыздар мен ұлдар санын, сынып бөлмесіндегі заттар т.с.с

Сабақтың ортасы


20 мин

1 тапсырма

Оқулықпен жұмыс. Топтық жұмыс

Сандық сәулені қолданып,сандарды салыстыру

І топ: 9 саны 2-ден артық па?

ІІ топ: 1 саны 5-тен артық па?

ІІІ топ: 9 саны 7-ден кем бе?

Бағалау критериилері

Дескриптор


1. Бір таңбалы сандарды оқиды,жазады және салыстырады

1.Сандарды салыстырады

2.Сандарды сандық сәуледе белгілейді

2 тапсырма Топтық жұмыс

І топ: Өрнектердің мәнін тап.Сан сәулесінде бейнелеп көрсет.

ІІ топ: Сандарды салыстыр.Сан сәулесін пайдалан.


ІІІ топ: Сандар қатарын жалғастыр.6санының көршілерін белгіле.



Бағалау критериилері

Дескриптор


Сандық сәуле көмегімен сандарды салыстырады, дәлелдейді

1.Қосынды мен айырманың мәнін тауып, мәнін сан сәулесінде белгілейді.

2.Берілген сандарды салыстырып,сан сәулесіндегі орнын анықтайды.

3.Сан сәулесіне сандар қатарын толықтырады,6 санының көршілерін белгілейді.


ҚБ. «Оқушылардың бағалауы» әдісі/ынталандыру, өз жұмысын және сыныптастарының жүмысын бағалайды/

Сергіту.

Жеке жұмыс.Дәптермен жұмыс

9,10-жұмыс парағын орындату.

Өзін өзі бағалау

3 тапсырма.Үш топқа бірдей беріледі.

Оқушы үйінен қанша қадамға алыстады?

Ол мектепке дейін қанша қадам жүреді?



Шыршалардың санын цифрмен жаз.Олардың сан сәулесіндегі орнын тауып,байланыстырып сыз.



Бағалау критериилері

Дескриптор


Өздігінен күрделі тапсырмалар орындауда жаңа ұғымды қолданады

1.Оқушы мен үйдің және оқушы мен мектептің арасын анықтайды.

2.Шаршылардың санын сәйкес цифрмен жазады,сан сәулесіндегі орнын сәйкестендіреді

Тапсырмалар арқылы саралау:

А.Сандық сәуледе қадамдарды көрсетеді;

В. Оқушы үйінен канша қадамға алыстағанын,мектепке дейін қанша қадам жүретінінсандық сәуледен табады;

С. Шаршылардың санын сәйкес цифрмен жазады,сан сәулесіндегі орнын сәйкестендіреді.

Бағалау

Кері байланыс «Көңіл күй» әдісі

Әр топ смайликтер арқылы көңіл күйлерін көрсетеді.

Кеспе суреттер,

сандық сәуле,

оқулық








































суреттер

Сабақтың соңы

5мин

Рефлексия: «Білім ағашы»

Жеміс ағашына «Білдім», «Қызықты болды», «Білгім келеді» деген сөздерді стикерлерге жазып,білім ағашына жабыстырады


Қосымша ақпарат

Саралау- сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жосапарлайсыз?Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау- оқушылардың үйренгенін қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

1.Топтық,жұптық жұмыстар.

Оқушылардың бірін-бірі білуі,басқаларды тыңдап,диологқа қатыса отырып бүгінгі өткен тақырыпты өмірмен байланыстыра отырып ,өз ойларын анық жеткізе алады.

Бағалау критерилеріне құрылған дескрипторлар арқылы бағалау


-мектептегі қауіпсіздік ережелерін сақтау;

-оқу құралдарын дұрыс қолдану.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!