Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Артық, кем, тең

Материал туралы қысқаша түсінік
1.5.2.3. Сандардың қосындысы мен айырмасын, сандарды салыстыру (артық/кем) көршілес сандарды ,сандық аралықтарды, сандар қатарын көрсету үшін сан сәулесін
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақ:Артық, кем, тең.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты жөні:

Сынып: 1

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1.5.2.3. Сандардың қосындысы мен айырмасын, сандарды салыстыру (артық/кем) көршілес сандарды ,сандық аралықтарды, сандар қатарын көрсету үшін сан сәулесін пайдалану.



Барлық оқушылар орындай алады:Екі жиынды элементтерінің санына қарай салыстыру дағдысын үйренеді және салыстыру нәтижелерін «артық», «кем», «тең» сөздерін қолдану арқылы өрнектейді

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Сандық сәуле бойында сандардың орналасуы бойынша салыстырады

Кейбір оқушылар орындай алады:Салыстыру нәтижелерін мына белгілерді «≤», «≥», «═» қолданып жазуды үйренеді

Тілдік мақсат:

Оқушылар орындай алады: таңбалап жаза алады, пайдалануын біледі.

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: «артық ≥», «кем≤».

Сыныптағы диалог (жазылым үшін) сай келеді:

Талқылауға арналған сұрақтар:1.Екі жиынды элементтердің санын қалай салыстырамыз? 2.Артық, кем, тең сөздерін қалай өрнектейміз?3. Сандарды сандық сәуле бойында қалай салыстырамыз ?


Бағалау критерилері

-Сандық сәуле көмегімен 10 көлеміндегі сандарды салыстыру;

-Екі жиындағы нысандар санын салыстыруды және нәтижесін «≥», «≤», «═» белгілерінің көмегімен жазып көрсету

Құндылықтар

Жылдамдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Пән аралық байланыс

Сауат ашу, көркем еңбек.

Алдыңғы оқу:

Сандық сәуле, сандарды салыстыруды біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

Сабақтың ортасы

Оқу құралдарын түгелдеу. Топқа топтастыру «5≤...», «5≥...», «5 5» жазылған үлестірмелі қағаздар арқылы.


5 минут

























Ойын текшелерімен жаттығу жасаймыз. Текшелерді кезекпен лақтыра отырып, түскен сандарды салыстырады, яғни текшелердің жоғарғы жағында түскен нүктелердің санын салыстырады.Оқушылар салыстыру нәтижелерін айтқанда «тең» немесе «тең емес» сөздерін қолданып, ал жазу кезінде» «═», «≠» белгілерін қолданады.Ойыннан кейін оқушыларға «≠» белгісімен жазылған салыстыру нәтижелеріне қарауды ұсынамыз.Олардан «салыстыру нәтижесін нақтылауға бола ма?» деп сұраймыз.Оқушылар салыстыру нәтижесін «артық» және «кем» сөздерімен нақтылауы мүмкін.Салыстыру нәтижелерін «≤», «≥» таңбаларының көмегімен жазуға болатынын

айтамыз.Содан кейін осы сандар сандық сәуленің бойында қалай орналасатынына бақылау жүргіземіз.Оқушылар сандардың сандық сәуле бойында орналасуы бойынша салыстыруды үйренеді,үлкен сан оңға қарай, кіші сан солға қарай орналасады.

Мақсаты: салыстыру нәтижелерін айтқанда «тең», «артық», «кем» сөздерімен нақтылай түседі.

Екі ойын текшесі. Жіпке тізілген сандар.


































Бұршақтар.














Жіпке тізілген сандар.







Қимыл- қозғалыс арқылы.







Оқулық

Критерилер:

1.Бір таңбалы сандарды салыстырады;

2.Салыстыру нәтижесін «артық», «кем», «тең» сөздерімен нақтылайды.

Дескриптор:

1.Бір таңбалы сандарды салыстырады

2.Сандардың үлкен, кішісін таниды

3.Салыстыру нәтижесінде «═», «≠», «≤», «≥» таңбаларын пайдалана алады

5минут





Жұппен жұмыс.Шығарып көр.Оқулықтағы иллюстрация бойынша оқушылар оң қол мен сол қолдағы бұршақтар санын салыстырады.

Оқулықпен жұмыс.Екі себеттегі азық түліктің санын санау арқылы салыстырады, талдайды.

Мақсаты:Заттың «артық» не «кем» екенін анықтайды.

Критерилер:

Екі жиынды элементтер санын салыстырады;

Дескриптор:

1.Бұршақтар санының артық не кем екенін анықтайды.

2.Азық түлікті санайды, салыстырады.

3.Артық не кем екенін айтады.

4 минут




Жалпылама жұмыс. Сандық сәулені қолданып, берілген сандарды салыстыр.

Мақсаты: сандық сәуледе орналасқан 10 көлеміндегі сандарды салыстыру

Критерилер:

Сандық сәулені қолданып, сандарды салыстырады;

Дескриптор:

Сандық сәуледе 10 көлеміндегі сандардың орналасу ретін біледі;

Сандықсәуледеорналасқан 10 көлеміндегісандардысалыстырады.

1 минут

Сергіту сәті

7 минут






Дәптермен жұмыс. Қай топтағы заттар артық?Оқушылар жоғарғы және төменгі қатарлардағы бірдей заттарды санайды да, қай топта заттар көп болса, сол топты айналдыра қоршап сызады. Қай топтағы фигуралардың саны кем?



2 минут


Қатені тап.Тақтаға бірнеше оқушы шығады. Қолдарына «910», «69», «5≥6», «75» салыстырулары жазылған парақшаларды таратамын.Оқушылар қатесін табады.

Критерилер:

Сандарды салыстырып, қатесін табу.

Дескриптор:

1.Сандарды салыстырады.

2.Қатесін табады





6минут

Топтық жұмыс. «Кім жылдам?» ойыны.Әр топқа суреттер бейнеленген плакаттар таратылады. Бірінші топ суреттегі заттар санының қайсысы артық екенін табады.

Екінші топ суреттегі заттар санының қайсысы кем екенін табады.

Үшінші топ суреттердегі тең түскен заттар санын табады

Сурет бейнеленген плакаттар.Маркерлер

Критерилері:

1.Саны артық затты көрсетеді;

2. Саны кем затты көрсетеді;

3.Саны тең түскен затты көрсетеді;

Дескриптор:

1.Саны артық затты табады және «≥» таңбасын қояды

2.Саны кем затты табады және «≤» таңбасын қояды

3.Саны тең түскен затты табады және «═» таңбасын қояды


Сабақтың соңы 3минут

Қорытындылау.Сұрақтар:

1. -5 артық 10-нан?

2. -7 кем 3-тен?

3. -10 кем 8-ден?

-5 немесе 8 санының қайсысы сандық сәуледе солға қарай орналасады?Қайсысы оңға қарай?Неге?

Дананың үш кәмпиті бар.Ал Маратта біреу, кімнің кәмпиті артық,кімнің кәмпиті кем?


Қосымша мәліметтер:


Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлаймыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау

Техника қауіпсіздігі.

Оқушы тапсырманы орындау барысында сандық сәуледе салыстыруды үйренді. Салыстыру нәтижесінде қабілетті оқушы «артық», «кем» , сөздерін нақтылап, «≥», «≤», «═» таңбаларын жаза алды.

Критериалды бағалау.Қалыптастырушы бағалау: «Бағдаршам»әдісі» және смайликтер арқылы.

Оқушылар тапсырмалардыорындау барысында ұшы үшкір оқу құралдарынан абай болу керек.

Кері байланыс:

1.Сабақтың мақсатына түзету енгізілді.

2.Екі тапсырманы біріктіріп бір критерий қою туралы пікір айтылды

.3.Қауіпсіздік ережелерін сақтауға толықтырулар енгізу керектігі айтылды.




Бағалау критерилері:


Дескриптор:


Сандық сәуле көмегімен 10 саны көлеміндегі сандарды салыстыру;


Сандық сәуле көмегімен 10 көлеміндегі сандарды салыстырады


Екі жиындағы нысандар санын салыстыру;


1.Екі жиындағы нысандар санын салыстырады

2.Артық некем екенін анықтайды.

Салыстыру нәтижесін «≤», «≥», «═» белгілерінің көмегімен жазуды үйренеді.


Салыстыру нәтижесін «≥», «≤», «═» таңбаларының көмегімен таңбалап жаза алады.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
597
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12