Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Артық», «кем», «тең» ұғымдарымен таныстыру, санау және заттардың бір- бір-біріне қатынасы негізінде салыстыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды сыныбының Математика негіздері оқу қызметінің қысқамерзімді жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепалды сыныбының Математика негіздері оқу қызметінің

қысқамерзімді жоспары

(аудандық «Үздік шеберлік сынып» сырттай бейнеролик байқауы)


Күні:

Педагогтың аты –жөні: В.М.Аубакова

Оқу қызметтің міндеті:

«Артық», «кем», «тең» ұғымдарымен таныстыру, санау және заттардың бір- бір-біріне қатынасы негізінде салыстыру, саны кем затқа бір зат қосу арқылы теңсіздіктен тең немесе көп заттан бірнеше заттан алып тастау арқылы тең өзгертуге үйрету. Санды цифрмен сәйкестендіруге жаттықтыру. Зейін, есте сақтау, сөйлеу, қолдың шағын моторикасын дамыту. Дербестікке, табандылыққа тәрбиелеу.

жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

ресурстар

І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату

0-2 мин.

(Ұ) Оқу қызметіне балалардың назарын тарту үшін педагог жағымды атмосфера құру үшін балалармен әуенмен амандасады.

Қайырлы таң, досым,

Қайырлы күн болсын!

Жеті күннің әр кезі

Сәттілікке толы болсын!



Аудиожазба,

смайликтер

Мақсатты болжам

3-5 мин

«Санамақ» айту

Мақсаты: 10 көлемінде санау дағдысын жетілдіру.











«Сұрақ-бізден, жауап -сізден» әдісі арқылы өткенді қайталау.

* тура\кері сана;

* 3,4,5,6,7,8,9 сандарының көршілерін ата.

* бір жылда неше жыл мезгілі бар? Ата.

* бір аптада неше күн? Ата.

* бөлмеден аз,көп заттар ата.


ТОПТЫҚ ЖҰМЫС 1 ТОП 2 ТОП

«Көңілді текше» ойыны

Мақсаты: санау дағдысын жетілдіру


«Санамақ»

1 дегенім – білім, 6 дегенің – арман,
Білім – жарық күнің. Атар таңың алдан.
2 дегенім– еңбек, 7 дегенің – жігер,
Еңбек бәрін жеңбек. Жетер жерін білер.
3 дегенің – үміт, 8 дегенің – сенім,
Үмітсіз жоқ жігіт. Сүйенішің сенің.
4 дегенің – талап, 9 дегенің– талғам,
Талмайтұғын қанат. Тура жолды салған.
5 дегенің – бірлік, 10 дегенің – Отан,
Бірліксіз жоқ тірлік. Отанды сүй, ботам.

https://ru.piliapp.com/random/wheel/







https://ru.piliapp.com/random/dice/


ІІІ. Тақырып бойынша жұмыс.

6-20 мин

«Артық, кем, тең» ұғымдарымен таныстыру

Практикалық бөлім:

Мақсаты: таңбаларды есте сақтау қабілетін арттыру.

Шығармашылық тапсырма

құралдармен таңбаларды пайдалану

Мақсаты: балалардың қиялын, шығармашылық қабілетін дамыту.

Сергіту сәті (дене белсенділігін арттыру)

«Артық, кем, тең» ұғымдары

(Іmektep.kz платформасынан)



Ойыншықтар, суреттер, «артық, кем, тең» таңбалары,

санау таяқшалары,

мозайкалар, т.б.



«Биле, биле» аудио жазбасы


Саралау тапсырмалары:

«Көңілді тақтайша» ойыны

Мақсаты: санау дағдыларын дамыту

«Қарбыз бөліктері» ойыны(қарбыз суретіндегі санға сәйкес ермексаздан дән жабыстыру )

Мақсаты: санау дағдыларын дамыту.

Үлестірмелі материалмен жұмыс

Мақсаты: таңбаларды пайдалану арқылы тақырыпты бекіту, жазу дағдыларын дамыту.







ІV.Оқу қызмет

қорытындысы.

Рефлексия.

20-25 мин.


Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды.

Қай тапсырма орындау қызықты болды?

(Ұ,Ө)Рефлексивтік бағалау.

Жасыл асық- бәрін түсіндім, басқаларына да түсіндіріп бере аламын.

Сары асық – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын.

Қызыл асық - ештеңе түсінбедім.







Кері байланыс бұрышы.

«Үш түсті қоржын»

Асықтар.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.02.2025
145
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11