Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ару қалам-Балқашым!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ару қала ,жанға сая мекенім!
Менің туып өскен жерім-Балқаш қаласы.Кіндік қаным тамған жерім,қасиетті мекенім. Өзімнің туып өскен шаһарым жайлы сөз шертпекпін. Балқаш қаласының тарихына көз жүгіртейік.Бойында күш-жігері мол,білімді жас инженер-геолог М.П. Русаков басқарған экспедиция Ленинградтан 1928 жылы Балқаш жерінекеледі. Балқаш аймағында бірінші бұрғылау жұмысы 1929 жылы басталып кетті.Үміт алдамады.Кен қазу жұмысы да қолға алынды. Ен байлықтың қоры бар екені анықталған соң,мыс қорыту зауытын салуға болады деген шешімді экспедиция мүшелері шығарды. Содан бері қалам жылдан-жылға көркейіп келеді
Балқаш жерінде киелі жерлер өте көп. Балқаштан70 км жерде сарыарқа жағында орналасқан қасиетті Бектауата үңгірітуралы айтқым келеді. Қасиетті үңгірге ертеден қазақ халқы келіп түнеп, көне заманнан қалыптасқан ескі дәстүрімен жүрген. Табиғаттың өзінің жасаған тарихи ескерткіші тау желісінен жасалған-Әулиеата үңгірі. Қаламыздың оңтүстік-шығысында 60 шақырым жерде орналасқан. Осы тауға «Жерұйықты» іздеп, жаһанды кезген Асан Қайғы келген деген аңыз да бар.Бұл жерде Бекет деген әулие кісі тұрақтап мекендеген деп те ауыл тұрғындары айтады. Сондықтан бұл тауды «Әулиешоқы» деп атаған екен.Бұл жерде «Жас Қанат» жазғы сауықтыру лагері орналасқан.Төрт ауысым бойы оқушылар таза ауада демалады,туған жеріміздің әсем табиғатына саяхатқа шықтық.Бұл жерде атақты жезтаңдай әнші,ақын Шашубай Қошқарбайұлы жерленген.Бұл жерге де тәу етіп қайттық.Маған бұл жер өте қатты ұнайды. Мен де сауықтыру лагерінде демалдым.Бектауата жайлы ақпараттарды ауыл тұрғындарынан жинап,кішігірім саханалық көрініс көрсеттік.
АсылхановаАмина5-сынып оқушысы
Айжан Садыкова
Тасқұдық бастауыш мектебінің
мектепалды даярлық тәрбиешісі
Алматы облысы Сарқан ауданы, Бақалы ауылы
Жан дауасы – табиғат
«Таза болса – табиғат, аман болар – адамзат» дегендей, табиғатпен адам арасындағы байланыс өте маңызды құбылыс . Адам табиғаттың бір бөлшегі. Шаршап- шалдыққан, жүйкесі ауырып, әлсіреген кезде таза ауада, табиғат аясында демалғанға не жетсін . Әсіресе отбасымен, бала- шағамен табиғатқа шығып, суға түсіп серуендеудің адам денсаулығына пайдасы зор.
Қазақстанның табиғаты өте ғажап, тамаша!
Жалаңаш тауына шығып көрсеңіз, қандай керемет,әсем! Биік – биік қарағайлар мен шыршаларға көз тоймайды. Таудың баурайы толған қойбүлдірген. Ал етегіндегі ағып жатқан Жалаңаштың мұздай суы бал татиды, әрі шөліңді қандырады.
Бала – шаға шуылдап, жайқалған бүлдіргендерді теріп жеп, бір серігіп қалады екен.
Нағыз демалыс деген табиғат аясы ғой. Мөлдір бұлақтың басында, қарағай мен шыршалардың арасында , таудың етегінде дәмді дастархан жайып демалып жатқанға не жетсін. Жазғы демалыста табиғат бесігіне бөленіп, саяхат жасаған денсаулықтың басты кепілі. Сондықтан да, табиғатымызды таза ұстап, денімізге саулық тілейік.
Туған өлкенің бейнесі
Мен жаныммен сүйемін осы ауылды,
Мен қаныммен сүйемін осы ауылды.
Қалай ғана сүймейін,
қалай ғана,
Кіндігіммен кессе ол тұсауымды.
Мен қолыма қалам алып осы тақырыпты жазар алдында менің ойыма Жүсіпбек Аймауытовтың «Қартқожа» шығармасындағы бала Қартқожаның туған жер туралы мына тебіреністі жолдары есіме түсті.
«Туған жердің қадірін туғалы түзге шықпаған елдегі адам қайдан білсін?
Туған жердің қадірін алыс жерге ұзатқан, ұзатқанына әлде талай жыл өткен қыз білмесе, кім білсін?
Туған жердің қадірін қымбатын ғылым іздеп, шет жа йлап, кітап қарап сарылып, көзінің майын тауысқан, көшенің шаңын көп жұтқан шәкірт білмесе кім білсін?
Ыстық қой , шіркін туған жер!»
Шынымен де "Туған жер", "Туған ел" осынау екі сөзде ыстық махаббат, ұлан -ғайыр сезім, өлшеуге келмейтін көңіл жатыр. Сіз білесіз бе? "Туған" деген сөздің өзінде ненің болса да жіпсіз байланатыны көрініп- ақ тұр. Енді ойлана беріңіз, туған жерге деген құдіреті - шексіз махаббаты. Күнделікті бір ырғақпен өрілген тіршілігімізде көбіне айналамыздағы әсем көріністерге көп мән бере бермейміз. Бірақ, мөлдіреген көзіңді қайда тастасаң да, мейлі өсімдік болсын, мейлі жануар болсын, тау-тас болсын, сынаптай сусыған құм болсын бәрі - бәрі өзінше бір ерекше , өзіне лайықты сұлулығымен ерекшеленеді. Көңіл -күйің болмаған кезде табиғаттың үніне құлақ түріп, миллиондаған сөздермен жеткізе алмас сұлулыққа қарасаң, жаныңа нұр себеді, саған жайлы жұбаныш болады. Таңның қызарып атуы мен Жер-Ананы қимай батуының өзі не деген керемет?!
Бұл жарыққа аяқ басып туған
жер,
Кіндік кесіп, кірім сенде жуған жер.
Жастық - алтын, қайтып келмес күнімде
Ойын ойнап, шыбын-шіркей қуған жер, - деп сыршыл ақын Мағжан
жырлағандай, туған жерім -аялы алтын бесігім. Туған жердің
табиғатына, бұлбұлдай сыңғырлаған әсем үніне құлақ түрсең жаныңды
бір құпия, тылсым, бір сезім билейді. Тау –тасында, өзен -көліндегі
сұлулықта мән-мағына тереңдей бойлап жатыр. Осындай ғажап елде
туған жанның бәрі, сірә, бақытты
шығар?!
Менің туған өлкем
Тәңірім Табиғат-анаға сұлулықты аямай берген-ау!Бір жағын тау,бір жағын құм алып жатқан ауылымның Баутин аталуының өзі, көңілімнен шықпайды.Қазақ ”Отан отбасынан басталады” деген сөзді тегін айтпаған.Біз қазақ жерінің киелі топырағының қадірін білетін,қазақтың кең пейіліндей салт-дәстүрін сіңіріп өсіп жатқан ұрпақпыз.Мен Қазақстанымның кең-байтақ даласын,бақытты ұрпағын көріп,шексіз қуанышқа кенелемін.Туып-өскен өлкемді құрметтеу-менің азаматтық борышым.Сеннен асқан ыстық,қымбат ештеңе жоқ...Кұлан жортып,бөкен мекендеген иен далаң да,аспанмен астасып,төбесін мұнар шалған тауың да,ананың аялы алақанындай маңдайымнан еркелете сипайтын,самал желің де,көгілдір көгің,алтын шапағатты күніңде...бәрі-бәрі мен үшін қымбат.Мен туып-өскен өлкем Баутин ауылымда туғанымды мақтан етемін.Атамекеніміз жылдан-жылға дамып келеді.Мәдениет үйі,орта мектеп,дәрігерлік мекемелер,балабақшалар күрделі жөндеулерден өтті.Биыл балалардың көптен аңсаған балабақшасы ашылды.Туған жерімнің күннен-күнге көркейген келбетіне қуанамын.Балалық балдәуренім өтіп жатқан Баутин аулы жүрегіме шуақ құяды.Туған өлкем кішкентай болғанымен,маған өте ыстық тартып тұрады.Ауасы кең,суы мол,жері майса өлкемнің болашағына үлкен сеніммен қараймын.Құмы құт,суы мөлдір туған өлкемнің болашағы білімді іскер жастарымыздың қолында.Біз тәуелсіз қазақ елінде шат-шадыман өмір сүрудеміз.Бейбіт өмірді жалғастырушы азат елдің ұрпағымыз.Мен халықтың болашағы зор,мәдениетті болуын тілеймін.Ол үшін өзім сынды жастардың оқыған,білімді,өз еліне шын жаны ашитын ұлтжанды болуларын қалаймын.Және бұл біздің қолымыздан келетініне сенемін.
Туған жерім,кең далам,
Қандай ыстықсың сен маған.
Туған елім – Қазақстан,
Әнге қосамын әрқашан.
Тарих куә, не көрмеді бұл қазақ,
Сұрқиялық саясат пен сан азап.
Батырлар мен шешендерім тумаса
Болар ма едік,бүгінгі ұрпақ біз азат
Менің ойымша,бүгінгі Қазақстан халқы-тәуелсіз елінде,тыныштықта,бостандықта өмір сүруге әбден лайық.Ата-бабаларымыз арманы тәуелсіз ел болу еді.Біз тәуелсіз ел болуға қол жеткіздік.Барлық ұрпақтың болашағы баянды болуы,бірлігі берік,дүние жүзінің қай елімен болса да терезесі тең өмір сүруі жаңа мемлекеттің іргетасын бекітіп,қабырғасын қалап,шаңырағын тіктеген біздің буын үшін аса жауапты,тағдырлық міндет.”Менің туған өлкем”атты ой толғауымды аяқтай келе,Қазақстанымның елі аман,абыройы асқақ,жақсы атағы мыңдаған жылдарға ұлассын деп айтқым келеді.
Ару қала ,жанға сая мекенім
Менің туып-өскен
жерім – Қазақстан. Қазақстан – Еуразия құрлығындағы ең үлкен
мемлекеттердің бірі. Қазақстан Республикасы - өз аумағында тұратын
барлық азаматтардың ортақ Отаны. Отаншылдық өз үйіңнен басталады.
Кімде-кім ата-анасын ардақтаса, бірге тұрған бауырларымен тату
болса, өзінің өскен ауыл, қаласын, туған ұлтын сыйлап, қадірлесе,
сол адам отаншыл болады.
Қазақстанның кең даласын, биік тауларын, ормандары мен көлдерін
көрген адам оны еш уақытта ұмыта алмайды. Біз жер шарының осындай
сұлу, бай өлкесінде тұрамыз. Ол – біздің
Отанымыз.
Мен бүгін өзімнңі туып өскен шаһарым жайлы сөз шертпекпін.Тарих беттеріне үңілсек 1917 жылы қазан төңкерісіне дейін ешбір географиялық карталарда Балқаш не қала ретінде, не тұрғылықты жер ретінде белгіленбеген, жай ғана Балқаш көлі деп аталады. Ал Балқаш өңірін игеру былай басталған еді.... 1928 жылы осы маңайға Ленинградтан инженер – геолог М.П. Русаков басқарған экспедиция келді. 1929 жылы маусымда Балқаш аймағында бірінші бұрғылау жұмысы басталды. Нәтиже үміттенерліктей болып шықты. Кен іздеу жұмыстары жалғаса берді. Экспедиция бұл жерде аса бай кен қоры бар, сондықтан оның негізінде мыс қорыту заводын салуға болады деген тұжырымға келді. Содан бері қалам жылдан-жылға көркейіп келеді.
Балқаш қаласына 80 жыл яғни
бір кісінің ғұмыры десекте болады. Балқаш табиғаттың аса күрделі
жағдайында іргесі қаланған қала. Балқаш, мыңдаған адамдардың ерен
еңбегінің арқасында бой көтерді.Балқаш тұрғындарының көпшілігінің
тағдыры мыс комбинатымен тығыз байланысты, біреулер осыныда жұмыс
істесе, біреулердің туысы осында. Қала мен завод егіз ұғым, көл
жағасындағы мыс отаны бірнеше ұрпақтардың жемісі , оны қалалықтар
мақтан тұтады.
Сәулетшілер мен қүрылысшылар бар өнерін сала
отырып, шаһардың көрікті келбетін жасады, енді, Балқашты өзге
қалалармен шатастыра
алмайсың.
Балқаш мыс алыбының даңқы жер жүзіне тарады,
1967 жылы Лондондағы түсті металл биржасында Балхаш мыс эталонына
ие болды.
90-жылдарлағы дағдарысқа байланысты алып
комбинат тығырыққа тірелген еді, елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың
айырықша көңіл аударып араласуы нәтижесінде завод аман
қалды.
Көкше көлдің теріскейінде тербелген Балқаш қай уақытты болмасын еңбек бақытына бөленген жандар мен мыс бұлағын ағызған металлургтерге куш-қуатын беріп келеді. Қазіргі күнде біз сол еңбек майталмандарымен мақтанамыз. Олар көкше көлдің толқынымен кең тыныстап, өндіріспен өңірімізді өрге сүйреуде. Солардың арқасында қаламыз күн санап көз алдымызда көркейе түскенін байқаймыз.
Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мен жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым.
Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық-деп Елбасы өзінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасында баса айтып кетті.Жаһандану заманында біз өзіміздің салт-дәстүрімізбен,әдет ғұрпымызбен,тарихымызбен,тілімізбен мәңгі жасаймыз.Қаламызда аты мәңгі өшпейтін есімдер бар.Олар тарих беттерінен ойып тұрып орын алған аға-апаларымыз.Орақ тілді ,әділ би Нарманбет ақын, Арқа даласының ақ иық ақыны есімі үш жүзеге мәшһүр бол ған өр Шашубайдың,шертпе күйдің шебері Магауия Хамзиннің, белгілі батыр, әрі би, әрі шешенЖидебай батыр,бұлбұл дауысты Күләш туған өлке.Мектебіміздегі «Туған өлке» атты қосымша сабақта атақты адамдар өміріммен танысып,өзімізге үлгі алып жүрміз.
Спорт саласында еңбек еткен,төрткүл әлемге Балқаш қаласын танытқан жандар баршылық.Олар: Апачинский Александр Иванович, Жиров Василий Валерьевич , Аринов Сүйіндік Аманжолұлы т.б есімдерді айтуға болады.
Құрылыс,білім,денсаулық саласында да аты аңызға айналған азаматтар баршылық.
Гүлдене бер,көркейе бер,ару қалам-Балқашым.Сексен жылдық торқалы тойың құтты болсын. Балқаш - жастық қаласы. Өнер мен білім отауы. Спорт пен мәдениет ошағы. Мәдениеті гүлденген Көкше теңіздің жағасындағы жасыл желекті қала өнері де шарықтап биікке өрлей бер.
«Балқаш қаласы жалпы білім беретін типтік мектеп-интернаты»КММ
Жакупова Жанайым 9 сынып оқушысы
Сөнбес жұлдыздар
Қаламызда аты мәңгі өшпейтін есімдер бар.Олар тарих беттерінен ойып тұрып орын алған аға-апаларымыз.Орақ тілді ,әділ би Нарманбет ақын, Арқа даласының ақ иық ақыны есімі үш жүзеге мәшһүр бол ған өр Шашубайдың,шертпе күйдің шебері Магауия Хамзиннің, белгілі батыр, әрі би, әрі шешенЖидебай батыр,бұлбұл дауысты Күләш туған өлке.Мектебіміздегі «Туған өлке» атты қосымша сабақта атақты адамдар өмірімен танысып,өзімізге үлгі алып жүрміз.Қаламыздағы өлкетану мұражайына сыныбымызбен барып тұрамыз.
Спорт саласында өзіндік із қалдырған,төрткүл әлемге Балқаш қаласын танытқан жандар баршылық.Олар: Апачинский Александр Иванович, Жиров Василий Валерьевич , Аринов Сүйіндік Аманжолұлы т.б есімдерді айтуға болады.
Хусаинов Руслан
Мысшылар қаласы
Балқаш қаласына биыл 80 жыл толып отыр.
Балқаш табиғаттың аса күрделі жағдайында іргесі қаланған қала.
Балқаш, мыңдаған адамдардың қажырлы еңбегінің арқасында бой
көтерді.Балқаш тұрғындарының көпшілігінің тағдыры мыс зауытымен
тығыз байланысты.Менің атам да көп жылдар бойы осы зауытта жұмыс
жасап,зейнетке шықты,ағам ,әкем осында жұмыс жасайды. Қала мен
завод егіз ұғым, көл жағасындағы мыс отаны бірнеше ұрпақтардың
жемісі , оны қалалықтар мақтан тұтады.Сәулетшілер мен қүрылысшылар
бар өнерін сала отырып, шаһардың көрікті келбетін жасады,Балқашты
өзге қалалармен шатастыра
алмайсың.
Балқаш мыс алыбының даңқы жер жүзіне тарады,
Лондондағы түсті металл биржасында Балқаш мыс эталонына 1967 жылы
ие болды.Содан бері мысымыз алыс-жақын шетелдерге
жіберіледі.
90-жылдарлағы дағдарысқа байланысты алып
комбинат тығырыққа тірелген еді, елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың
айырықша көңіл бөлу арқасында,зауытымыз тығырықтан
шықты.
Жаһандану заманында біз өзіміздің салт-дәстүрімізбен,әдет ғұрпымызбен,тарихымызбен,тілімізбен мәңгі жасаймыз.Қаламызда аты мәңгі өшпейтін есімдер бар.Олар тарих беттерінен ойып тұрып орын алған аға-апаларымыз.Орақ тілді ,әділ би Нарманбет ақын, Арқа даласының ақ иық ақыны есімі үш жүзеге мәшһүр бол ған өр Шашубайдың,шертпе күйдің шебері Магауия Хамзиннің, белгілі батыр, әрі би, әрі шешенЖидебай батыр,бұлбұл дауысты Күләш туған өлке.Мектебіміздегі «Туған өлке» атты қосымша сабақта атақты адамдар өміріммен танысып,өзімізге үлгі алып жүрміз.
Спорт саласында еңбек еткен,төрткүл әлемге Балқаш қаласын танытқан жандар баршылық.Олар: Апачинский Александр Иванович, Жиров Василий Валерьевич , Аринов Сүйіндік Аманжолұлы т.б есімдерді айтуға болады.
Құрылыс,білім,денсаулық саласында да аты аңызға айналған азаматтар баршылық.
Гүлдене бер,көркейе бер,ару қалам-Балқашым.Сексен жылдық торқалы тойың құтты болсын. Балқаш - жастық қаласы. Өнер мен білім отауы. Спорт пен мәдениет ошағы. Мәдениеті гүлденген Көкше теңіздің жағасындағы жасыл желекті қала өнері де шарықтап биікке өрлей бер.
Сүйемін туған елімді дархан...
Қазақстаным мекені –
Ынтымақ пенен достықтың.
Даламды бабам мұра еткен,
Жайқалтар соны түлек мен.
Қалалар жайып қанатын,
Ауылымды арай, нұр өпкен.
Қазақстанымды қасиетті
Сүйемін алау жүрекпен!
Болат Үсенбаев
Атамекен... Осы сөзде ұлағатты ұғым, адамға өте бір жақын, ауызбен айтып болмайтын түсінік бар. Өйткені ежелден адамзат ата-бабасының қоныстанып, мекендеген жерін, мейлі ол құмды шөл, құрғақ дала, суық Сібір, биік тау болсын, өзінің кіндік кесіп, кірін жуып, өсіп-өнген жерін атамекенім деп жанындай жақсы көреді. Оған деген сүйіспеншілігін халқымыз қыл қаламмен сурет салып, домбырамен күй шертіп, асқақтата ән сала жеткізіп жатады. Мысалы, ақиық ақынымыз М.Мақатаев поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры – туған елі, өскен жері, Отан тағдыры.
Мен оның түнін сүйем, күнін
сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін
сүйем.
Біздің атамекеніміз Қазақ елі – қазір тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды. Мың тоғыз жүз он алтыншы жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық, отызыншы жылдардағы тотолитарлық жүйе, ұлы Отан соғысы, Семей ядролық сынақ алаңы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы жерді дүрсілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды.
Қазақ елі басынан қанша қиыншылық өтсе де мойымады, өткенді ұмытпады, себебі бұл – тарих. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» дейді халық. Сол кездегі қайраткерлеріміз жасыған жанар, жаншылған рух, бодандық қамыты туралы және еңселері түсіп, бір-бірімен өз тілінде сөйлесе алмай, пұшайман болған адамдар жөнінде ашына жазды. Солардың әрқайсысы өз басын қатерге тіге отырып, елді болашаққа жетеледі.
Ұйқы басқан қабағын,
Бастыра киген тымағын,
Жалқаулықты жар көрген.
Жүрген ескі заңымен,
Алдындағы малымен
Бірге жусап, бірге өрген.
Алаш деген елім бар,
Неге екенің білмеймін-
Сол елімді сүйемін!-
деп суреттейді М.Жұмбайұлы сол замандағы ұлтының болмысы мен тұрмыс-тіршілігі туралы. Ақын әлемде не болып жатқанымен шаруасы жоқ, "алдындағы малымен”, "ескі заңымен” қоңырқай тіршілік кешіп жатқан халқын сүйіп қана қоймайды, оның ертеңгі болашағының жарқын болатынына сенеді. Оның сол жарқын болашаққа тезірек жетуі үшін жанын да, қанын да аямайтынын паш етеді.
Қазіргі таңда Қазақстан өркениетті, дамыған елдер қатарында келеді. Еліміз тәуелсіз ел, дербес мемлекет болып, XXI ғасыр табалдырығын сенімді аттадық. Ел өз қалауымен Президентті сайлап, Ата Заңымыз бен мемлекеттік рәміздерді қабылдады. Ана тіліміз – қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. Қазақстанның астанасы – Астана қаласы, ол күннен-күнге жаңарып, жаңа белестерге көтерілуде.
Қазақстан жерін ежелден қоныстанып келе жатқан ел — қазақ халқы. Көптеген ғасырлар бойы ел басқарған дана басшыларымыз, қолбасшы батырларымыз кең-байтақ жерімізді сырттан төнген қауіптен қорғап келді. Қазақ халқы — ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық. Қазақ халқының осы қасиеттерін ақын Қадыр Мырза Әли өзінше бір әсем жырлаған:
Қазақ осы - аңғал-саңғал
жабусыз,
Қазақ осы - ағыл-тегіл,
көл-көсір.
Қазақ осы - дала дейтін, күн
дейтін,
Қазақ осы - «Өнер алды - тіл»
дейтін.
Қазақ осы - қарасың ба, ақсың
ба,
Қоңырсың ба, жатырқауды
білмейтін.
Біздің елімізде жүз отыздан астам ұлт пен ұлыстың ұл-қыздары тату-тәтті өмір сүруде. Біз қандас болмасақ та жандаспыз! Қазақстан Республикасы – біздің сүйікті де ортақ Отанымыз! Отанымызды үлкен бір ақ отау десек, ауылдар – оның уығы, қалалар – керегесі, ал Астана – шаңырағы. Сондықтан бір отаудың ішінде тұратын барлық халық бір-біріне туыс. Олар өз Отанын мақтан етеді, жақсы көреді.
Қорыта келгенде, Отаным — менің мақтанышым, абыройым. Еліміздің ұлан-байтақ жері, бейбітшілік сүйгіш халқы бүкіл әлемге танымал. Бар әлем біздің жеріміздің кеңдігіне, жер қойнауының байлығына, мекен ететін көпұлтты халқымыздың бірлігіне, қонақжайлығына қызыға да қызғана қарайды. Жеріміздің әсем табиғаты, сылдырлаған мөлдір бұлақтары, тұп-тұнық таза көлдері, сарқыраған өзендері, көк тіреген алып таулары — мейірбан халқымыздың байлығы. Осындай бай халықтың ұлы жетістіктерге жетуі — біздің қолымызда!
Қазақ халқы: «Елдің даңқын ер шығарады, ердің даңқын ел шығарады»,- деп бекер айтпаған. Елдің елдігін, адамгершілік асыл қасиетін, халқымызды айдай әлемге жар салуда, жас буын, біз де үлес қосайық! Бізге жол сілтеуші жұлдыз — Елбасымыздың бейбітшілік пен келісімде өмір сүру саясаты. Мен өз Президентіме сенемін! Отанымның жарқын болашағына, жасампаздығына сенемін!