Қосымша
Арыс қаласына жалпы сипаттама.
Арыс ауданы Оңтүстік Қазақстан облысының орталық бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. Жерінің аумағы – 6,3 мың км2 (облыстың аумағының 5,4 %-ы).
Бұл елді мекен Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қаратау мен Сырдария, Арыс өзендерінің өңірін алып жатыр. Мұның оңтүстігі Қазақстан алқабы Қызылқұм кеңістігімен жалғасады да, солтүстік-батысында Қаратау қыраттармен, солтүстік-шығысы Бәйдібек, Ордабасы, Отырар, Қазығұрт аудандарымен шектеседі. Аудан орталығы 1956 жылдан бастап Арыс қаласы болып аталды.
Ол қазір Оңтүстік Қазақстан облысындағы белгілі Ташкент жолы бойындағы ірі қалалардың бірі. Арыс станциясы Ташкент темір жолы салына бастаған кезден пайда болды. Тарихи деректер бойынша бұл қаланың төңірегінде халық ертеден тығыз орналасқан төрт түлікке бай ел болған. Бүгінде халқы ауданда халық саны 67122, қалада 43 777 адам (2017ж)
Қаланың ескі бөлігі I-Арыс станциясымен іргелес, II-Арыс станциясымен байланысады. Қала көлемі жағынан өте үлкен болмаса да, оның маңызы зор. Арыс станциясы Ресей мен Орта Азия, Қазақстан, Батыс Сібір аймақтарын жалғастырып жатыр. Сондықтан оны Орта Азия мен Қазақстан бағытындағы қақпа, яғни «Тоғыз жолдың торабы» деп те атайды.
Дарияның өн бойы тамаша мал жайылымдарына бай. Арыс ауданының кең алқабын жусан шөбі алып жатыр. Осы өңірдің тұрғындары сонау ертеден егістікке суды тиімділікпен пайдаланған. Арыстың Сырдарияға құяр сағасындағы Отырар алқабында ертеде пайдаланылған егістік көлемі қазіргіден көп болған. Біздің ғасырымыздың орта шенінде егістікті, жүзім алқаптарын, бақшаны Арыс өзенінен шыққан каналдар арқылы да суғарған.
Ел аузында Арыс өңірі ертеде «Қазақ қырған», ал Арыс өзені «Үржі» деп аталыпты деген деректер де бар. Арыс өзені туралы айтсақ, ел белгілі жазушы І.Есенберлиннің «Алтын Орда» атты үш томдық тарихи кітабында Арыс өзенінің бұрын «Үржі» болып аталғанын айтқан.
Арыс атауының тағы бір ұғымы бар. Ол: қазақта: «Арыс» деген ежелден келе жатқан көне ұғым бойынша білікті, қадірменді, елеулі адамдарға орай айтылып келген. Бір тайпа елді немесе жеке адамды ерекше көрсету мағынасында да қолданылады. «Арыс» ұғымы мен атауының ерте замандардан бері қарай ру мен жер, су атауларын құрап келгенін аңғартады. Арыс өңірінің алып жатқан орнының өзі де тоғыз жолдың торабына ыңғайласып жатыр. «Жібек жолының» осы өңірден өтуі де бекер емес.
Арыс қаласының басты ерекшеліктерінің бірі – оның экономикасының әртүрлі салалардан құралғандығы. Қала тарихының үлкен белесі сонау ХХ ғасырдың басында салынған Орынбор-Ташкент теміржолы мен тығыз байланысты.
Өткен ғасырдың 30-жылдарында үлкен аудан орталығы болған Арыс поселкелік типтес еді. 1956 жылғы 31шілдеде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының жарлығымен қала мәртебесін алды.
1900-1904 жылдардағы Орынбор-Ташкент теміржолының құрылысы Арыс поселкасының дамуының басты себебі болып табылады. 1904 жылы осы теміржолмен уақытша барлық бағытта поездар жүре бастады. 1906 жылы қыркүйек айында теміржолдың ашылуы болып өтті.
Патша үкіметі оңтүстікпен экономикалық байланысын нығайту үшін 1913 жылы мамырда Шымкент арқылы өтетін Жетісу теміржолын салуға шешім қабылдады. Бұл жұмыс Арыс станциясынан басталып, 3 жылдан соң Бурный станциясына жетеді. Бұл теміржолдағы алғашқы елді-мекен Арыс станциясы болған. 1900-1905 жылдар аралығында тұрғын үйлер мен өндірістік ғимараттар салына бастады. 1912 жылы жолдың оңтүстікке қарай ұзаруына байланысты поселке көлемі ұлғая түсті. Мұнда орталықтар мен кеңселер, құрылыс алаңдарының қоймалары, почта станциясы, ауруханалар мен қызметкерлерге тұрғын үйлер салына бастады. Барлық үйлер бір қабатты болған және кірпіштен салынған. Арыс станциясында кешенді құрылыс 1912-1914 жылдары жүрді. 1915 жылы бұл станцияда айналма паровоз депосы пакгауз және бірнеше тұрғын казармалар салынды. Балаларға білім беру үшін мектептер және ауруханалар ашыла бастады.
1928 жылы 17 қаңтарда аудан болып құрылды. Аудан орталығы Арыс поселкесі болды. 1932 жылы 11 наурызда Арыс поселкесі жұмысшы поселкесі болып қайта құрылды.
Арыс 1956 жылы 31 шілдеде қала статусын алған. Арыс қаласы Ресейдің еуропалық бөлігін, Сібірді Орта Азиямен және Қазақстанмен байланыстыратын үш бағыттағы ірі торабтық станция болып табылады.
Қала құрылысының негізгі факторы дамыған шаруашылығы бар теміржол станциясы болып табылады. Қазіргі таңда жеке секторда қызу құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Арыс өзені
Арыс өзені 378км. Биіктіктегі Талас Алатауы мен Қаратаудың арасындағы ойпатта орналасқан Шақпақ жотасынын бастау алады. Бассейннің ауданы – 14530 км, оның 50% -ы таулы бөлікке кіреді. Бастаудың жоғарғы жағындағы өзен арнасы кең, аңғардың баурайлары тегіс. Ары қарай төменгі ағыста баурайы тік болып келеді, аңғардың ені 1 км және одан да үлкен болады. Балықшы ауылының төменгі жағында өзенге Боралдай (оң жақ), Машат, Ақсу және Бадам (сол жақ) сияқты ірі салалары қосылады.
Ақсу өзені- Арыс өзенінің ең ірі саласы. Мұның бассейні Талас Алатауының батыс бөлігінде орналасқан. Ауданы 750 шақырым, ұзындығы 120 шақырым.
Бадам өзені – Арыс өзенінің ең ірі сол жақ саласы. Мұның бассейні Бадам тауының солтүстік, солтүстік-батысында, Талас Алатауының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Бассейннің ауданы- 4300 шақырым, ұзындығы – 137 шақырым.
Боралдай өзені- арыс өзенінің оң жақтағы ірі саласы. Бассейні Қаратау жотасының оң жақ бөлігінде орналасқан. Ауданы 800 шақырым, ұзындығы- 130 шақырым. Боралдай өзені – кіші Боралдай, үлкен боралдай өзендерінің қосылуымен құралады. Негізінен қар суымен қоректенеді. Арыс өзені өзінің
барлық саларымен Оңтүстік Қазақстан облысының мақта шарруашылығында пайдаланылады.
Машат өзені- Арыс өзенінің сол жақ саласы, бастауын 2500м. биіктіктен алады. Өзеннің ұзындығы 75 км., су жинайтын ауданы 579 км. өзеннің жоғарғы жақ бөлігіндегі аңғары құзды болып келеді. Бастаудан 25 км қашақтықта Y тәріздес өзен аңғары тереңдігі 150-200 м. болатын тік жарасты каньонға айналды. Жартастар желден мүжілген әртүрлі жыныстар мен әк тастардан құралған. Бастаудан 45 км. Оң жақтан Дәубаба өзені қосылғаннан кейін каньон біртіндеп кеңейе бастайды да, төменгі ағыс бөлігінде 100-150 км. болады.
Өзен аңғарының өн бойын үш террасаға бөлуге болады. Олар сарғыш-сұрғылт түсті саздақтан, құмдықтан, малта тастар мен конгломераттардан тұрады.
Жайылма алқабын су тасыған кезеңде су басып қалады. Кейбір жылдары судың деңгейі 1м. және де одан да жоғары биіктікке көтеріледі. Өзен жайылмасы негізінен малта тасты, саздақты және құмайтты болып келеді.
Өсімдігі мен жануары - Оңтүстік қазақстан облысының көпшілік жерін шөлдер алып жатыр. Шөлді жердің ерекшелігі жауын-шашынның өте аз мөлшері (жылына 250-300 мм-ден температурасы +270, +280 жоғары) болып келуі өсімдіктердің өсіп жетілуіне кері әсерін тигізеді. Шөлдік зонада өсімдік дала аймағындай қаулап шықпайды, сирек селдір өседі. Бұл судың тапашы болуына байланысты болады. Шөлді жерлерде өсімдік алдымен құмды төбешіктің арасындағы ойпаттарда, беткейлерде өседі. Шөлде өсетін өсімдіктер табиғаттың қатаң жағдайына бейімделген. Олар өз бойындағы ылғалды тез жоғалтпау үшін жапырақтары тікенді қабыршаққа айналған немесе буланудан сақтайтын түктері болады. Шөлде өсетін өсімдіктердің барлығының тамыры ұзын келеді. Ағаш текті өсімдіктерден ақ және қара сексеуіл өседі. Қара сексеуіл сортаң топырақты жерде өседі. Республикамыздың оңтүстігінде Арыс өзенінің Сырдария құяр жерінде дермене жусаны өседі. Ол өсімдік дүние жүзінің басқа жерінде өспейді.Биіктігі 30-50см, сабағы тік,тамыз,қыркүйек айында гүлдеп, қазан, қараша айында жеміс береді.Дермененің құрамында дәрілік сантонин деген зат бар.
Дермене –қазақстанның «Қызыл кітабына» кірген өсімдік.Шөлде көктемнің аяғы немесе жаздың бас кезінде топырақта әлі ылғал бар кезде өсіп жетіп, аз уақытта гүлдеп,одан жеміс беріп үлгеретін өсімдіктер бар.Ондай осу дәуірі қысқа өсімдіктерді эфемерлер деп атайды.Сабақтарының өмірі қысқа болғанымен өзі көп жылдық өсімдіктер – эфемеройдтар да өседі. Оған жауқазын, жуа, пиязшықты қоңырбас жатады. Эфемерлі өсімдіктерге жусан, бозжусан, боялыш, күйреуік, мия, Сырдарияның жағалауында сирек тоғай, бұталар, құрақ өседі. Шөл зонаның негізгі табиғи қоры мал жайылымы болып табылады.
Облыстың кең - байтақ табиғат аймақтары түрлі жануарларға өте бай. Онда жануарлардың 1400 – ге жуық түлері кездеседі. Ал балықтардың 8 түрі, қосмекенділердің 3 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 9 түрі, құстардың 240 – тан астам түрі, сүтқоректілердің 8 отрядына жататын 50 – ден астам түрлері мекендейді. Жоғарыда айтылғандай, құстардың 128 түрі облыс жерінде ұялайды, ал 38 түрі тұрақты мекендейді., 24 түрі қыстауға келеді, 85 түрі миграция кезінде кездеседі.
Шөлді зонаның жануарлары өзен қоршаған табиғи ортаның қатал жағдайына бейімделген және өздеріне тән ерекшіліктері бар. Шөлді жерде өмір сүргендіктен, жануарлар жаздың ыстық аңызағы мен сусыздығынан қорғану үшін күндіз індеріне кіріп немесе құмда көміліп жатады. Мысалы, құм сарышұнағы мен құм тасбақасы шілденің ыстық күндерінде жазғы ұйқыға кетеді. Шөлдің кейбір жануарлары – құм тышқаны, жіңішке саусақты сарышұнақ, торғайдың кей түрлері ұзақ уақыт сусыз өмір сүре береді.
Арыстан шыққан тұлғалар:
Батырлар
Бейсен Онтаев - Кеңес Одағының батыры
Берген Исаханов – соғыс және еңбек ардагері. Кеңес Одағының Батыры (30.10.1943).
Ақын-жазушылар
Дулат Исабеков (20.12.1942 ж., "Ленин жолы" ауылы, Арыс ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы) — жазушы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері (1992).
Садықбек Адамбеков жазушы
Бекен Әбдіразақов
Әнші-сазгерлер
Ержан Серікбаев әнші –сазгер ОҚО, Арыс ауданында дүниеге келген
Нұрлан Еспанов әнші-сазгер
Ақжол Мейірбеков –әнші-сазгер
Шаһизада Шанасұрова -әнші
Нұржамал Үсенбаева - Қазақстан халық әртісі, опера әншісі.
Жазира Байырбекова –әнші
Спортшылар:
Жақсыбаев Марат- боксшы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері
Жазира Жаппарқұл 1993 жылы
Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс ауданында дүниеге келген. 8
жасынан бастап ауыр атлетикамен айналыса бастаған. Жаттықтырушысы -
Рашит Төлегенов.
1-тапсырманың жауабы
1. Арыс ауданының географиялық орынын анықтау;
Бұл елді мекен Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қаратау мен Сырдария, Арыс өзендерінің өңірін алып жатыр. Мұның оңтүстігі Қазақстан алқабы Қызылқұм кеңістігімен жалғасады да, солтүстік-батысында Қаратау қыраттармен, солтүстік-шығысы Бәйдібек, Ордабасы, Отырар, Қазығұрт аудандарымен шектеседі.
2. Координаталық нүктесін табу;
3. Арыс өзенінің бастауын табу, ұзындығын есептеу;
Арыс өзені 378км. Биіктіктегі Талас Алатауы мен Қаратаудың арасындағы ойпатта орналасқан Шақпақ жотасынын бастау алады. Бассейннің ауданы – 14530 км, оның 50% -ы таулы бөлікке кіреді
4. Арыс қаласының жалпы ауданын табу. Қазақстан және облыс бойынша пайыздық үлесін табу. Қазақстан жер аумағы - 2724,9 мың км² . ОҚО аумағы - 117,3 мың км².
Жерінің аумағы – 6,3 мың км2
облыстың аумағының 5,4 %-ы.
Қазақстан аумағының 2,3 %-ы.
5. Арыс қаласының ылғалдылық коэффициентін анықтау.
Арыс ауданындағы жауын-шашын мөлшері 250-300мм. Буланушылық -1100 мм
Жылдық жауын-шашын мөлшерінің буланушылыққа қатынасын ылғалдану коэффициенті деп атайды. Егер ылғалдану коэффициентін — К әрпімен, жауын-шашынның жылдық мөлшөрін — Ж әрпімен, ал буланушылықты — Б әрпімен белгілесек, онда К = Ж/Б болып шығады. Егер жауын-шашынның жылдық мөлшері буланушылықпен шамалас болса, онда ылғалдану коэффициенті бірге тең болады. Мұндай жағдайда ылғалдану жеткілікті деп есептеледі. Ылғалдану көрсеткіші бірден аз болса, ылғал жеткіліксіз деп есептеледі.
К=250/1100
К=0,2
0,2≤1 яғни ылғал жеткіліксіз.
Кім жылдам?
Сұраққа жауап
1. Арыс өзенінің ұзындығы:
А) 235 км
B) 378 км
C) 520 км
D) 350 км
2. Арыс қаласы қай жылы қала статусын алды:
А) 1956 жылы 31 шілдеде
B) 1954 жылы 31 маусымда
C) 1956 жылы 31 тамызда
D) 1958 жылы 31 шілдеде
3. Арыс өзенінің сол жақ салалары:
А) Боралдай
B) Келес
C) Ақсу, Бадам, Машат
D) Сырдария, Арал
4. Арыс өзенінің ежелгі атауы:
А) Арыстан
B) Үржі
C) Арзу
D) Яксарт
5. Арыс қандай аудандармен шектеседі?
А) Ордабасы, Қазығұрт, Отырар, Шәуілдір, Шардара
B) Түркістан, Бәйдібек, Шәуілдір
C) Түлкібас, Төлеби, Отырар
D) Созақ, Мақтаарал, Ордабасы
6. Арыс өңірінің тұлғалары:
А) М.Шаханов, Р.Рымбаева, Ә.Кекілбаев
B) И.Есенберлин
C) Ш. Мұртаза
D) Д.Исабеков, Е.Серікбаев, Ж. Жаппарқұл
7. Арыс қаласына қарасты ауылдық округтер:
А) Ақдала, Байырқұм, Дермене, Задария, Жиделі, Монтайтас және Қожатоғай.
B) Ақдала, Қожатоғай, Дермене, Талапты, Темір.
C) Байырқұм, Жиделі, Бөген, Қайнар, Қарааспан, Шұбар.
D) Қожатоғай, Қарааспан, Шұбар, Достық, Ұзыната.
8. Арыс өңірінің эндемик өсімдігі:
А) Алтын тамыр
B) Рауғаш
C) Дермене
D) Жусан
9. Арыс қаласының жерінің Қазақстан және облыс бойынша пайыздық үлесі:
А) облыстың аумағының 5,4 %-ы. Қазақстан аумағының 2,3 %-ы.
B) облыстың аумағының 5,7 %-ы. Қазақстан аумағының 3,2 %-ы.
C) облыстың аумағының 6,4 %-ы. Қазақстан аумағының 5,3 %-ы.
D) облыстың аумағының 3,4 %-ы. Қазақстан аумағының 3,3 %-ы.
10. Арыс өзенінің қоректену режимі:
А) тау мұздықтары
B) қар суы және жер асты сулары
C) жаңбыр, жерасты суы
D) жер асты сулары

11. Картада Арыс өзенінің қандай саласы көрсетілген
А) Боралдай
B) Машат
C) Ақсу
D) Бадам
Арыс қаласының координаталық нүктесі:

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Арыс қаласының физикалық-географиясы

шағым қалдыра аласыз