Арзан ойыншық қымбат дерт

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Арзан ойыншық қымбат дерт

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жүмыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп









Тақырыбы: «Арзан ойыншық-қымбат дерт»


Секциясы: Экология



Авторы:

 сынып оқушысы


Ғылыми жетекшісі:

Бастауыш сынып мұғалімі























қаласы-2025 жыл





МАЗМҰНЫ

  1. Аннотация..........................................................................................

  2. Пікір....................................................................................................

  3. Кіріспе................................................................................................

  4. Негізгі бөлім

І. Қытай ойыншықтары Қазақстанда...............................................

ІІ.Қытай ойыншықтарының құрамындағы

зиянды химиялық заттар.................................................................

ІІІ.Отандық ойыншықтар зауытын ашу-өзекті мәселе..................

  1. Қорытынды ........................................................................................

  2. Ұсыныстар..........................................................................................

  3. Қосымша беттер.................................................................................

  4. Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................

















































Аңдатпа

Ойын бала үшін — нағыз өмір.Ойын арқылы бала өмірге әзірленеді. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Ал ойыншықтар баланы жан-жақты тәрбиелеу құралы. Бала ойыншықпен ойнай отырып, дүниетанымы қалыптасады. Қимылы дамиды. Қолдарымен, саусақтарымен жұмыс істеу барысында баланың миы да дамиды. Ойыншық баланың ойлау қабілетін дамытып, оның шеберлігін, дағдысын қалыптастыруға көмектеседі. Ертеректе, заманның қызылтаяң кезеңінде аталарымыз ағаштан жасалған әр түрлі жануарлармен, ал әжелеріміз малдың сүйегінен жасалған ойыншықтармен ойнаған.

Аннотация

Игра – это настоящая жизнь для ребёнка. Через игру ребёнок готовится к жизни. Как сказал великий казахский мыслитель Абай Кунанбаев: «Разве может ребёнок вырасти без игр и пения?» Игра занимает особое место в жизни ребёнка. А игрушки – это средство всестороннего воспитания ребёнка. Играя с игрушками, ребёнок формирует мировоззрение. Развивается его моторика. Работая руками и пальцами, ребёнок развивает и мозг. Игрушки развивают мышление ребёнка, помогают ему формировать свои навыки и умения. В древности, в золотой век, наши дедушки играли с различными деревянными зверьками, а наши бабушки – с игрушками из костей животных.

Abstract

A game is a real life for a child. Through a game, a child prepares for life. As the great Kazakh thinker Abai Kunanbayev said: "Can a child grow up without games and singing?" A game occupies a special place in a child's life. And toys are a means of comprehensive education of a child. Playing with toys, a child forms a worldview. His motor skills develop. Working with his hands and fingers, a child also develops his brain. Toys develop a child's thinking, help him form his skills and abilities. In ancient times, in the golden age, our grandfathers played with various wooden animals, and our grandmothers - with toys made of animal bones.















Зерттеу мақсаты:

  • Қытайдан әкелініп жатырған ойыншықтардың жас ұрпақтың ағзасына тигізетін зиянын түсіндіру;

  • Ойыншықтардың құрамы туралы түсінік беру;

  • Зиянды ойыншықтар әсерінен балалардың зардап шекпеуін қамтамассыз ету;

  • Қытай ойыншықтарының құрамындағы зиянды қосылыстардың мөлшерін анықтау;

  • Қазақстанда ойыншық индустриясын дамытудың қажеттілігін айқындау;

Өзектілігі:

Қазіргі таңда әрбір ата-ана өз баласына қуаныш сыйлау үшін ештеңеден аянбайды. Өкінішке қарай, көздің жауын алатын ойыншықтың барлығы Қытайдан әкелінеді. Алайда, ата-ана ойыншықтардың қаншалықты бала ағзасына қауіпті екенін біле бермейді. Соның салдарынан бала азап шегеді.

Сондықтан біз өз құрбыларымызды, ата-аналарды ойыншық таңдауда абай болуға шақыра отырып, қазақ елінің болашағы сәби денсаулығын қорғауда аз да болса өз үлесімізді қосқымыз келеді.

Қорытынды:

Ойыншықтар баланың мінез-құлқын, жас ерекшелігін ғана көрсетпейді, сонымен қатар болашақта жеке тұлға болып қалыптасуына психологиялық рөл атқаратындығы дәлелденді.



Ұсыныс:

  • Елімізге әкелінетін Қытай ойыншықтарының химиялық бактериологиялық сараптамалардан өткізілуін қатаң қадағалау;

  • Қазақстанда ойыншық шығаратын зауыттар ашу;

  • Қытайдан келетін құжаты жоқ ойыншықтарға тосқауыл қою жұмыстары күшейтілсе;

  • Бала дәрігерлері тарапынан ата-аналарға ойыншықтар, олардың құрамындағы улы заттар туралы үнемі ақыл-кеңес жүргізіліп отырса;

  • Зиянды ойыншықтар туралы телеарна, ақпарат беттерінен жарнамалар көрсетілсе;

  • Келешекте Қыдырәлі Болмановтың «Бал-бала» жобасы сияқты, Отандық ойыншық өндіретін зауаттар ашылып, ойыншықтың бағасы барлық балалар сатып алатындай қол жетімді болса екен.



3

«Арзан ойыншық-қымбат дерт» тақырыбындағы ғылыми жобасына

ПІКІР

ғылыми зерттеу жұмысының тақырыбы қазіргі таңда өзекті мәселелердің біріне айналып отырған Қытай ойыншықтарының зияны туралы таңдалған.

Әрбір ата-ана өз баласына қуаныш сыйлау үшін ештеңеден аябайтыны белгілі. Ал баланың серігі де, ермегі де ойыншық болғандықтан, баласына оның түр-түрін әперуден ата-ана әсте  тартынып қалмайды. Өкінішке орай, көздің жауын алатын ойыншықтың барлығы да көршілес жатқан Қытайдан әкелінеді.

Алайда, ата-ана ойыншықтардың қаншалықты бала ағзасына зияны барынан хабарсыз болғандықтан, осы жансыз заттың балаға қаншалықты қатерлі екендігіне мән бере бермейді.Дегенмен де, баланың қауіпсіздігі үшін қара базардағы қаптаған арзан ойыншықтардан гөрі, дүкендерден сертификаты бар ойыншықтарды алу керек екендігі туралы мәселелерді қозғап, сырттан келетін ойыншықтың сапасына тиісті орындар үшін қатаң қадағау жұмыстарының күшейтілу керек екенін, әсіресе, сырттан әкелінетін ойыншықтың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлу, қатердің алдын алу туралы ақпараттар талқыланған.

Жұмыстың тілі жатық, баяндауы анық, жүйелі баяндалған. Ғылыми жоба авторлары ойыншықтар туралы әр түрлі деректермен танысып, оларды талдап, талқылап жинастырған. Болашақта осы жұмыстарын жалғастыра береді деп сенемін.

Оқушыларды көп ізденуге, зерделенуге тәрбиеледім.

















І.Кіріспе.

Қазіргі таңда әрбір ата-ана өз баласына қуаныш сыйлау үшін ештеңеден аянбайды. Ал баланың серігі де, ермегі де ойыншық болғандықтан, баласына оның түр-түрін әперуден ата-ана жалықпайды. Өкінішке қарай, көздің жауын алатын ойыншықтың барлығы да көршілес жатқан Қытайдан әкелінеді. Алайда кейбір ата-ана осы ойыншықтардың қаншалықты бала ағзасына қауіпті екенінен хабарсыз болғандықтан, осы жансыз заттың балаға қаншалықты қатерлі екендігін біле бермейді  немесе білсе де немқұрайлық танытады. Соның салдарынан бала азап шегеді.

Сондықтан мен өз құрбыларымды, ата-аналарды ойыншық таңдауда абай болуға шақыра отырып, қазақ елінің болашағы балалардың денсаулықтарын қорғауда аз да болса өз үлесімді қосқым келеді. Техниканың дамыған уақытында бір ойыншық жасау үшін бірнеше қала жұмылдырылады. Біреуі жұмсақ ойыншық жасаса, енді біреулері олардың дыбыс шығаратын динамиктерін жасайды, біреулері киімін тігеді, тағы бірі қосымша бөлшектерін жасайды. Қажетті шикізатпен, технологиямен толық жабдықталған. Әлем ойыншықтарының 95%-ы Қытайда құрастырылады.

Қазірде тәуелсіздігін алған Қазақстан ұрпақтары үшін ойыншық қол жетімді дүние. Қазіргі таңда, базарлар мен дүкендерде бала көңілін аулайтын саналуан ойыншықтар бар. Әдемі қуыршақтары түрлі-түсті жұмсақ материалдан тігілген, қабырғасын бассаңыз, әндететін қуыршақтар мен үлкен машиналар, тіпті, атыс-шабыс қаруларынан тұратын ойыншықтар жиынтығын да кездестіруге болады. Дегенмен бүгінде сауда айналымында ойыншықтардың саны көп болғанымен, сапасы сын көтермейді. Қыруар қаржыға сатып алынған ойыншық бала ойынына шыдас бермей, әп-сәтте «істен» шығады. Сондай-ақ Қытайдан жеткізілген қауіпті ойыншықтардың қауіп-қатерге толы, құрамында адам ағзасына зиянды улы химиялық заттардың бар екенін айтып, бүкіл әлем дабыл қағуда. Дабыл қағып қана қойған жоқ, оған қарсы шаралар қолданылып жатыр. Мәселен, бүгінде аспан асты елінде шығарылған ойыншықтардың Солтүстік Америка мен Австралияның дүкендерінде сатылуына тыйым салынған. Сол сияқты, Ресей Қытай ойыншықтарын зерттеу нәтижесінде оның құрамында улы химиялық заттардың көптігін анықтаған соң, дайын өнімдерді кері қайтарып, тіпті осыған байланысты арнайы заң қабылдаған. Өкінішке қарай, басқаларға керексіз болып қалған осы ойыншықтар біздің елімізге еш кедергісіз, тексерусіз ағылып жатыр. Қолда бар деректерге сүйенсек, сауда нүктелеріне шығатын ойыншықтардың 80-90 пайызы қытайдікі көрінеді.

7

ІІ.Негізгі бөлім.

1. Қытай ойыншықтары Қазақстанда

Қазақстанға қырық мемлекеттен ойыншық келеді. Олардың ішіндегі ең алпауыттары, былтырғы есеп бойынша, Америкадан – 74 млн, Қытайдан – 50 млн, Ресейден – 12 млн долларға ойыншық сатып алынады екен.. Қып-қызыл қаржы сыртқа сыңсып кетіп барады. Ал, ұсақтары қаншама. Осыншама қаржы шығарып сатылып алынған ойыншықтар қаншалықты сапалы, қаншалықты қауіпсіз, баланың дамуына, ақылды болып өсуіне қаншалықты пайдалы? Жауабы қиын сұрақ.

Ата-ана шіркін, шетелден ағылып жатқан ойыншықтарды аларда сертификат сұрап,сапасын тексермейді, баласының санасын емен ластанып жатқанына мән бермейді. Кейін опынады. Қазір еліміздегі базар, дүкен сөрелерін қытай тауарларының жаулап алғанына біраз уақыт болды. Ол тек ойыншыққа ғана қатысты емес. Бұл елдің азық-түлігі, жеміс-жидегі, киім-кешегі де мемлекетімізге еш кедергісіз, тексерусіз ағылып жатыр. Отандық мамандар қытайдың тек ойыншығы ғана емес, тамағы, тіпті балалардың киім-кешегіне дейін қауіп-қатерге толы, құрамында адам ағзасына кері әсерін тигізетін улы химиялық заттардың бар екенін айтып келеді. Әлемдік брендтердің өнімдерін «көшірумен» белсенді түрде айналысып отырған қытай кәсіпорындары ақшаға құныққандықтан, сапаға емес, санға мән береді. Сырт көзге сүп-сүйкімді көрінетін өнімдерге алданып, онда қандай қатер бұғып жатқанына мән бере бермейміз.

Қытай тауарлары тек Қазақстан нарығын ғана емес, бүкіл әлем елдерін жаулап алғаны аян. Бірақ та кейінгі жылдары Америка, Ресей елдері қытай ойыншықтарын зерттеу нәтижесінде оның құрамында улы химиялық заттардың көптігін анықтаған соң ойыншықтарды кері қайтарып, тіпті, осыған байланысты арнайы заң қабылдаған болатын. Мәселен, жақында Ресейде «Балалар ойыншықтарын шығару және тарату өндірісінде бақылау мен қадағалау тиімділігін арттыру туралы» жаңа заң қабылданып, күшіне енді. Яғни, бұл құжат бойынша ойыншықтар нарығындағы қауіпсіздік ережелерін нығайтуға күш салынады. Қытайдан келетін тауардың, соның ішінде ойыншықтардың бәрі қауіпті деп айта алмаймын. Қытай ойыншықтарының екі түрі бар. Біріншісі — зауытта жасалып, елімізге ресми түрде әкелініп, тексеруден өтіп, сапасы жөнінде сертификаты бар тауар.



8

Олар негізінен жүк түрінде әкелініп, сертификация органына зерттеуге жіберіледі. Бұл ойыншықтардың құжаты болғандықтан кез-келген дүкенге қиындықсыз алады. Ал заңсыз әкелінген ойыншықтардың сапасы жайлы сертификаты болмағандықтан, оларды ешқандай дүкен алмайды. Сондықтан ондай тауарлар базарда сатылады. Ал әрбір өнімнің сапасы, қауіпсіздігі жайлы сертификаты не болмаса санитарлық қорытындысы болуы қажет. Бірақ та қара базардағы өнімдерде ондай сертификат болмайды. Арзан болғасын сапасы да нашар. Әрбір ойыншықта маркасы, шығарған зауыт аты, ел коды, мекенжайы туралы ақпарат болу керек. Ал базардағы ойыншықтарда ондай құжат жоқ.

2. Қытай ойыншықтарының құрамындағы зиянды химиялық заттар

Ересектер балаларға жылтыраған қытай ойыншықтарын әперуге құштар. Бірақ та оның негізі химиялық өндірістің қалдықтарынан жасалынатындықтан баланың миын зақымдап, көру қабілетін төмендетіп, кемтарлыққа ұшырататынынан көп жағдайда хабарсыз.

Енді белгілі деректерге сүйенсек, осыдан екі жыл бұрын америкалық «Mattel» компаниясы өздерінің Қытайда жасатқан 18 миллионға жуық ойыншығын дүкен сөрелерінен сыпырып алып тастады. Себебіне келсек, америкалық кәсіпорынның тапсырысын орындаған қытайлық «Dong Lian» және «Yip Sing» компаниялары ойыншықтар өндірісінде құрамына белгіленген мөлшерден бірнеше есе көп мырыш бар бояуларды қосып, пайдаланғаны анықталды. Міне сондықтан да «Mattel» компаниясы әлемдік деңгейдегі шуға қалып, Таяу Шығыс пен Африкаға жөнелтілген тауарларын кері қайтарып, тұтынушыларға өтемақы төлеп, құтылған. Ал мырыш әсіресе нәрестелер үшін аса қауіпті. Яғни, ағзаға түскен мырыш миды зақымдап, сәбиді мүгедек қылады. Ал кішкентай бүлдіршіндердің кез келген затты ауызға салып, иіскеуге құштар екендігі ешкімге де жасырын емес. Осылай зиянды, улы заттар бала ағзасына түсіп, түрлі ауруға ұшыратады. Қытайдан келген ойыншықтар құрамындағы формальдегид әдеттегіден 10-15 есе көп екен. Сонымен қатар қытайлық ойыншықтар құрамында аса зиянды улы зат — фенолдың көрсеткіші де бірнеше есе көп екендігі және шығатын дыбыстардың талаптан асып түсетіні де белгілі болды. Тіпті нәрестелерге арналған сыңғырлақтардың келешекте баланы керең, саңырау қылатыны да анықталып отыр. Жұмсақ резеңке ойыншықтарын бояйтын заттар құрамындағы кадмий мен қорғасын мөлшері де қалыпты деңгейден әлдеқайда асып түскен.



9

Ал,осындағы фенолды алайық. ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 27 ақпандағы №201 қаулысымен бекітілген «Балаларға арналған өнімдер мен бұйымдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінде фенолдың мөлшері 0,05-тен аспауы керек деп нақты көрсетілген. Формальдегид 0,003-тен артық болмауы тиіс. Кадмий қаулы-қарармен бекітілген тізімде атымен жоқ. Өйткені ол – жоғары улы металл, батарейкаға пайдаланылады. Алайда тізімде болмаса да, ол ойыншықтардың құрамында бар. Формальдегид те жетісіп тұрған жоқ, өте улы зат, өлі денелерді сақтауға пайдаланылады. Бірақ сөйте тұра, осындай улы заттардың жиынтығымен сәбилер күнде ойнайды. Дәрігерлер сәбилер арасында бұл күнде әртүрлі аллергия ауруының да күрт көбейіп отырғанын жасырмайды. Оның бір себебін қытайлық ойыншықтардан іздесек, адаспаймыз.

Қытай ойыншық өндірісі қауымдастығының дерегіне қарағанда, онда 30 мыңға жуық әртүрлі ойыншық шығарылады. Қазіргі таңда балаларға арналған Қытай экспортын, негізінен, Орталық Азия елдері мен АҚШ және Еуроодаққа кіретін мемлекеттер тұтынатын болып отыр. Еуроодақ елдері Қытайға қатаң талап қойған. Онда олар қытайлық өндірушілер ойыншықтардың қауіпсіздігіне назар аударуы тиіс деген талапты ұстаныпты. Ал біз ше? Біздің ұстанғанымыз қандай? Қытайдың айтулы фирма-компаниялары емес, кооперативтері шығарған ойыншықтарының сырт келбеті, сықпытының өзі бала түгіл, үлкен адамды шошытқандай. Басы үлкен, көзі дәу. Аяқ-қолы мен денесінің пропорциясы сақталмаған мүгедек, жарымжан ойыншықтар.

Мұндай улы ойыншықтар баланы тек қана аллергиялық ауруға ұшыратып қоймайды, онымен қоса асқазан, ішек дерттеріне де ұшыратады екен.

3. Отандық ойыншықтар зауытын ашу — өзекті мәселе.

Еліміздегі базарлар мен дүкен сөрелерін арзан әрі сапасыз ойыншықтардың жаулап алуының нәтижесінде омыртқасы қисық, керең, иіс сезу мүшесі әлсіз ауру буын өсіп келеді. Әрине, жас балғын сәби мына әлемді ойыншық арқылы таниды. Осы жансыз бейнемен сырласады. Қазіргі уақытта еліміздің нарығындағы киетін киім-кешек те, күнделікті тұтынатын тағам, сусындарымыздың, тіпті балалар ойнайтын ойыншықтардың өзі шетелден әкелінеді. Мамандардың айтуынша, Қазақстанда ойыншық өндіретін отандық зауыт ашқанның өзінде көп ұзамай ол өзін ақтай алмай жабылып қалады. Қытайдан ағылған арзан ойыншықтар отандық өнімді дамытуға мүмкіндік бермейді. Ал балалардың күнделікті құшақтап, тіпті бірге ұйықтайтын серігі — ойыншықтың берер тәрбиесі де зор. Балалардың ертегілерді ұйып тыңдайтыны

10

белгілі. Ондай болса, қазақ ертегілерінің желісімен Алдар көсе, Тазша бала, батырлар тәрізді ұлттық кейіпкерлер бейнесінде ойыншықтар жасалса, бұл бала үшін баға жетпес сый болар еді. Әрине, бұл — отандық кәсіпкерлерге қатысты мәселе. Тек қалтасын толтырумен ғана айналыспай, жас ұрпақтың дені сау да, ақылды, өз елінің патриот азаматы болып өсуі үшін қамқорлық көрсетіп, ойыншықтар өндірісін қолға алуға болады емес пе?

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті мамандарының мәліметіне жүгінсек, өткен жылы сауда орындарында токсикологиялық зерттеуге алынған ойыншықтардың көпшілігі талапқа сай келмей, сауда айналымынан шығарылды. Ойыншықтардың құрамындағы формальдегид қосындысы мен толуол сұйықтығы мөлшерден артық.

Ойыншық баланың тек ермегі ғана емес. Әрбір ата-ана өз баласына қуаныш сыйлау үшін ештеңеден аябайтыны белгілі. Ал баланың серігі де, ермегі де ойыншық болғандықтан, баласына оның түр-түрін әперуден ата-ана әсте  тартынып қалмайды. Өкінішке орай, көздің жауын алатын ойыншықтың барлығы да көршілес жатқан Қытайдан әкелінеді. Алайда, ата-ана ойыншықтардың қаншалықты бала ағзасына зияны барынан хабарсыз болғандықтан, осы жансыз заттың балаға қаншалықты қатерлі екендігіне бас ауыртпайды.Шындығына келгенде, сол балалардың ойыншықтарының барлығы да – шетелдің мультфильм, ертегілерінің кейіпкерлері. Міне, мұнда да өзге елдің идеологиясы жүруде деген сөз. Онсыз да телеэкрандарымызды шетелдің мультфильмдері жаулап алып, сәбилеріміз өзге елдің идеологиясымен өсіп жатқаны аздай, олардың күнделікті қолынан тастамайтын ойыншықтары да Қытайдікі. Себебі, аспанасты елі бір ғана ойыншық экспортының өзінен жылына қыруар қаржы тауып отыр. Әрі кең-байтақ жері бар қазақ елінің ұрпағы, келешекте мемлекеттің тұтқасын ұстайтын бүгінгі кішкентай жеткіншектердің әлжуаз да ауру болып, жат елдің боданында өсуі үшін әдейі жасалып жатқан қитұрқы саясат болуы әбден мүмкін.

Базарлар мен дүкендерде бала көңілін аулайтын саналуан ойыншықтар бар. Әдемі қуыршақтары түрлі-түсті жұмсақ материалдан тігілген, қабырғасын бассаңыз, әндететін қуыршақтар мен үлкен машиналар, тіпті, атыс-шабыс қаруларынан тұратын ойыншықтар жиынтығы ересектердің де жанарын өзіне еріксіз аудартады. Бірақ бүгінгі тауар сатылымындағы ойыншықтар тек батыстық үлгіде шығарылған. Бүлдіршіндеріміздің ойыншықтары – шетелдің мултьфильмдері мен киноларының кейіпкерлері. Егер қазақ ертегі-аңыздарындағы ұлттық кейіпкерлер бейнесінде ойыншықтар жасалса, бұл бала

11

үшін баға жетпес сый болар еді. Елімізге белгілі әнші, продюсер Қыдырәлі Болмановтың «Бал Бала» жобасымен бүлдіршіндер үшін ұсынылған қазақша ән айтып, би билейтін ойыншықтар шығарып жүргеніне көп уақыт болды. Бұл – ұлтымыздың ұлылығын ұлықтайтын жақсы бастама. Алайда, ол ойыншықтардың бағасының қымбаттығы көп ата-ананың қалтасына салмақ түсіретінін де жасыра алмаймыз.

Балаларға арналған өнімдер мен бұйымдар

XXI- ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой- өрісі жоғары, жан- жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр.

Балаларға арналған тауарлар: ойындар мен ойыншықтар, төсек әбзелдері, киім, аяқ киім, жиһаз, арба, сөмкелер (арқаға асатын сөмке, рюкзактар, портфельдер және), күнделіктер мен соған ұқсас бұйымдар, дәптерлер, басқа да қағаздан және картоннан жасалған кеңсе тауарлары, кеңсе құралдары немесе балалар ассортименті тауарларын дайындауға арналған жасанды полимер және синтетикалық мектеп материалдары.

Ойыншықтардың шығу тарихы

Баланың ең алғашқы ойыншығы-сылдырмақ. Ежелгі Грецияда және Римде сылдырмақты жаңа туған балаға сыйлаған. Осындай сылдырмақпен анасы және күтушісі бесік жырын айтқан. Сонымен бірге ежелгі наным сенімдер бойынша сылдырмақты сылдырлату арқылы жын-шайтандарды үркітеді деп сенген.

Бізге белгіле ең ежелгі ойыншық біздің заманымызға дейінгі ІІІ ғасырда пайда болған.Өкінке орай, көптеген ежелгі ойыншықтар біздің заманымызға дейін жетпеді.Ежелгі ойыншықтарды ағаштан,саздан,сүйектен және металдардан жасаған .

Ойыншық – баланы жан-жақты тәрбиелеу мақсатына пайдаланылады. Баланың дүниетанымын кеңейтуге көмектеседі,белгілі бір мақсаттағы, ойластырылған әрекетке үйретеді, қиялын дамытып, еңбекке сүйіспеншілігін, техникаға қызығушылығын, білуге құмарлығын, аңғарғыштығын қалыптастырады, талғампаздыққа тәрбиелейді, өнерге ынталандырады. Ойыншықпен ойнауға белгілі жағдайда педагогикалық, эстетикалық, гигиеналық, техникалық талап қойылады,сондай-ақ ол баланың жас ерекшілігіне қарай өзгеріп отырады.

Әрі арзан әрі пайдалы ойыншық

Бала ойыншықпен өседі. Сондықтан, балаларымыздың қандай ойыншықпен, нендей ойын ойнап жүргеніне мән бергеніміз жөн.
Жан-жағындағыны енді ғана көріп-біліп жатқан баланың психикасына, ойлау қабілетіне ең алдымен әсер ететіні – қолындағы ойыншығы. Бүгінгі нарықта ойыншықтың түрі көп, кез келгенін табасыз. Түрі, түсі, көлемі, бағасы да әрқалай. Балаңыз үшін осылардың ішінен пайдалысын, сапалы әрі қалтаңызды қақпайтын арзандауын қалай таңдауға болады? 3-5 жас аралығындағы балалар үшін пайдалы ойыншықтардың ондығымен таныс болыңыздар.
Құрастырмақтар
Егер балаңыз 3-5 жас аралығында болса, онда бұл ойыншықтың сізге керек түрін дұрыс таңдаңыз. Тым ұсақтары қажет емес: біріншіден, балаңыз оны аузына салып, жұтып қоюы мүмкін; екіншіден өте кішкентай бөлшектерді құрастыруға баланың қабілеті жете қоймайды, әрі олар тез жалықтырып жібереді. Сондықтан құрстырмақтардың құлақ, мұрын қуысына сыймайтындай үлкенірек және баланы қызықтыратын түрлі-түсті болғаны абзал. Құрастырмақтар баланың ақыл-ойын дамытуға өте қажет. Түрлі фигуралармен кез келген форманы құрастыру кішкентайыңыздың ой-өрісін, есте сақтау қабілетін арттырып, саусақтарын дұрыс жұмыс істеуге икемдейді. Бір ғана құрастырмақ ойыншығынан балаңыз бірде зәулім сарай жасап ойнаса, енді бірде көлік, құс-жануарлар, т.б. құрастыратын болады. Бағалары шамамен 800-ден басталып, 10 000 теңгеге дейін барады. Бұл ойыншық қорабындағы құрастырмақтардың санына және ондағы бөлшектердің әртүрлігіне байланысты.


Пазлдар
Бұлар да құрастырмақтардың бір түрі деуге болады. Баланың ойлау қабілетін, есте сақтауын арттырады. Тек пазлдар алдын ала дайындалған бір ғана жүйе бойынша, яғни бір сурет, жануар-құстың бейнесі, т.б. құрастырылады. Мұнда да баланың жасына қарай таңдау керек екенін ұмытпаңыз. Тым ұсақ пазлдар балаңызды тез жалықтырады. Бағалары 200-2000 теңге аралығында.
Ақыл-ойды дамытушы ойыншықтар
Олардың түрі көп: санамақтар, ойыншық жұмсақ-кітаптар, түрлі пішіндер, тағысын тағы. Түстер мен пішіндерді ажыратуға, санауды, әріптерді үйренуге, белгілі бір тапсырмаларды орындауға құрылған мұндай ойыншықтар балалардың ақыл-ойын дамытып, есте сақтау қабілетін арттырады. Ойын барысында әр кезеңнен өте отырып, кішкентайлар жеңіске, алға ұмтылатын болады. Мұндай ойыншықтардың бағасы ондағы тапсырмалардың әртүрлігіне байланысты. Шамамен 800-ден 10 000 теңге көлемінде.
Белгілі бір кәсіпке байланысты ойыншықтар
Ғалымдардың зерттеуінше, біздің не нәрсеге икемді боларымыз кішкентайымызда ойнаған ойыншықтарымызға да байланысты көрінеді. Ендеше, баламыздың болашақта кім боларын ойнайтын ойыншықтарына қарап, болжап көруімізге болады. Дәрігердің аспаптарын, бағбанның, құрылысшының, ұстаның құрал-саймандарын, аспаздың ыдыс-аяғын және т.б. алып беріңіз. Бұл ойыншықтармен балаңызды ойнатып қана қоймай, еңбекке де баулисыз. Бағасы 2 000-15 000 теңге аралығында.
Құмда ойнайтын ойыншықтар
Яғни кішкентай шелек, күрек, тырма, сүзгі сияқты түрлі саймандар мен құм таситын көліктер. Күн жылыда балаңыз бұл ойыншықтармен есік алдындағы құмда ойнаса, қыстыкүні қар күреп, сізге «қолғабыс» жасамақ. Бұл да – еркеңізді еңбекке баулитын ойыншықтың бірі. Бағасы 500-2500 теңге аралығында.
Ойыншық көліктер мен қуыршақтар
Қыздар үшін қуыршақтар мен ұл балалардың сүйікті ойыншығы – көліктер әркез бірінші орында. Алайда кейбір ата-аналар қызына тек қуыршақ, ұлына тек көлік алып беру керек деп ойлайды. Бұл – үлкен қателік. Бірыңғай ойыншықтан бала тез жалығады. Сондықтан қазақша сөйлейтін, ән, ертегі айтатын қуыршақтардың (қуыршақтан бөлек, сөйлейтін мысықтар) көп шығып жатқанын ескеріп, балаңызға сондай түрлерін алып беріңіз. Мұндай ойыншықпен ойнаған еркеңіздің тілі тез шығып, ән айтып, билеп өспек. Бағалары 2500-8000 теңге аралығында.
Дыбыс шығаратын ойыншықтар
Сөйлейтін, әуені бар, қандай да бір дыбыс шығаратын ойыншықтар балалардың көңілін бірден аулайды. Ал егер олар қандай да бір аң-құстың дыбысын шығарса, тіпті жақсы. Мысалы, сиыр мөңірейді немесе бұлбұл сайрайды. Мұндай ойыншықтармен балалар ненің нендей дыбыс шығаратынын және аң-құстың түр-түсін да ажыратуды үйренеді. Бағалары 500-5000 тыңге аралығында.
Жануарлар, құстар
Ненің не екенін танып білуде мұндай ойыншықтардың маңызы зор. Жан-жануар, аң-құс, төрт түлік, төлдерімен болса, тіпті жақсы. Бағалары 100-5000 теңге аралығында.
Түрлі-түсті доптар
Балаңыздың қауіпсіздігі үшін доптардың өте ұсақтарын алмағаныңыз жөн. Түрлі-түсті доптармен балаларға түстерді ажыратуды үйретіңіз. Белгілі бір шеңберге лақтыртып, тепкізіп, доптармен түрлі ойындар ұйымдастыруға болады. Бағалары әрқалай.
Жұмсақ ойыншықтар
Бұлардың түрі көп. Әсіресе, қыздар жақсы көретін бұл жұмсақ ойыншықтар балалар үшін, ең алдымен, қауіпсіз болып саналады. Қуыршақтардікіндей қол-аяғы бөлек алынып қалмайды, кір болса, жуа саласыз. Бағалары әрқалай.

Қорытынды

Осы күні қазақ баласы ойнап жүрген қытай ойыншықтарының қауіп-қатерге толы екені ақиқат. Көбінде ата-ана баласына бір сәттік қуаныш сыйлау үшін оның сапасының сын көтермейтінін біле тұра, мән бермейді. Әрине, дүкендердегі бағасы шарықтаған ойыншықтарды сәбиіне алып беруге бәрінің қалтасы көтере бермейді. Дегенмен де баланың қауіпсіздігі үшін қара базардағы қаптаған арзан ойыншықтардан гөрі, дүкендерден сертификаты бар ойыншықтарды алған жөн. Осы мәселелерді қолға алып, сырттан келетін ойыншықтың сапасына тиісті орындар үшін қатаң қадағаланатын мәселе. Өйткені ойыншық – ұлттық қауіпсіздіктің басты мәселесі. Ойыншық мәселесіне жеңіл-желпі қарауға болмайды. Ойыншық арқылы баланың ойлау қабілеті артады, сол арқылы өмірге бейімделеді. Сондықтан ұлт боламын деген, ұрпағын ойлаған ел балалар ойыншығына, әсіресе, сырттан әкелінетін ойыншықтың сапасына, зиянсыздығына ерекше көңіл бөлуге, қатердің алдын алуға міндетті.
Қазақтың баласы тамырынан қол үзіп қалмасын десек, ұлттық нақыштағы, бүлдіршіндерді қызықтыра білетін, бір көргенде елітіп әкететін ойыншықтарды, мультфильмдерді түсіру керек. Өскелең ұрпақтың қоғамның толыққанды, парасатты тұлға болып қалыптасуына оның қолындағы ойыншықтары мен көгілдір экранның тигізетін әсері мол. Ойыншықтар баланың мінез-құлқын, жас ерекшелігін ғана көрсетпейді, сонымен қатар болашақта жеке тұлға болып қалыптасуына психологиялық рөл атқаратындығы дәлелденді.







Ұсыныс:

Тіпті, базардың да, сауда үйінің де ойыншықтары екіге бөлінеді екен. Базарда бір ойыншық көзіме оттай басылды. Қанық түсі де, бас айналдырарлық иісі де тым əсерлі көрінді. Содан «Апа, мына ойыншығыңыз қанша?» деп сатушыдан сұрай қалсам, «Бұл Ресейден келген, бағасы сəл қымбаттау, «китайский» емес, мықты» деп тауарларын мақтай жөнелді. Сөйтіп, жол-жөнекей тағы бір-екі жерден сұрап шықтым. Шынында да, Ресейде жасалған ойыншықтың сапасы тəуірлеу, Қытайдың заты сапасыз, ақысы да қалта көтерерліктей. Продюсер əрі əнші Қыдырəлі Болманов білімге шақыратын қаламсап тəріздес сөйлейтін қуыршақтар шығарған еді. Оның «Бал-бала» атты брендті өнімдері таза шикізаттан жасалады. Бала денсаулығына залалсыз, халықаралық стандартқа сай. «Алдар көсе», «Тазша бала», «Ер Төстік» секілді ойыншықтарының берері мол. Ұлттық нақыштағы қуыршақтарды ұсынып отырған «Бал-бала» компаниясы ойыншықтардың сапасы, тəрбиелік мəні жəне қауіпсіздігіне баса назар аударған. Олар ана тілімізде əн салып, би билейді. Дегенмен де қуыршақтары 7-9 мың теңгені шамалайды. Оны екінің- бірі ала алмайды. Кейбір бала ата-анасының етегіне жабысып, «Ханзада Жумонг» пен «Бэтмен» секілді ойыншықтарды алып беруді сұрайды. Базарға барсаң да, сауда үйлерін араласаң да, Қытайдың ойыншығы мен қуыршағы алдыңнан шығады. Ал олардың сапасы белгілі. Жағымсыз иісі Қытай тауары екенін дəлелдеп береді. Қытайдікі емес шығар деп, қымбатын алуға тырысасың. Алай-да, ол да Қытайда жасалған болып шығады. Ал, өзіміздің отандық өнімдеріміз шамадан тыс қымбат. Амал жоқтан арзанқол тауарларды алуға мəжбүр боламыз. «Арзанның құны татымас» демекші, ол заттың сертификаты да болмайды. Арзан ойыншықтың денсаулыққа зияны өз алдына, бұл – ұлттық идеологияға төнер нағыз улы зат. Өкініштісі, біз мұны сезініп отырған жоқпыз. Кезіндегі ойыншықтар керемет еді, темір, ағаштан жасалған, сынбайтын сапалы болатын. Жалпы, балаларға жас шамасына қарай түрлі ойыншықтар алуға тура келеді. Мысалы, шығармашылық қиялы мен қабілетін ашуға көмектесетін ойыншықтар: конструктор, əліпби, үстел ойындары, қиылған суреттер, бояу, мо- заика, жіп, мата кескіндері, желім, тағы сол сияқты ортаңғы топ бүлдіршіндеріне ұсынамыз да, 1-2 жастағы балаларға пластмассалық пирамидаларды аламыз. Ол ойыншықтар арқылы балалардың ойлау қабілеті дамиды. Ал ересектер тобының қызығушылығы төсек орындар мен шкафтарға ауысады. Олар сюжеттік ойындар ойнағанды қалайды. Бұл жастағы балалардың ойлау, қиялдау қабілеті жақсы дамиды. Өз қолдарымен жасаған ойыншықтарды сүйеді. Жыл сайын сырттан əкелетін тауар құнын өз елімізде отандық ойыншықтар дайындауға жұмсасақ нұр үстіне нұр болар еді.

 

  • Елімізге әкелінетін Қытай ойыншықтарының химиялық бактериологиялық сараптамалардан өткізілуін қатаң қадағалау;

  • Қазақстанда ойыншық шығаратын зауыттар ашу;

  • Қытайдан келетін құжаты жоқ ойыншықтарға тосқауыл қою жұмыстары күшейтілсе;

  • Бала дәрігерлері тарапынан ата-аналарға ойыншықтар, олардың құрамындағы улы заттар туралы үнемі ақыл-кеңес жүргізіліп отырса;

  • Зиянды ойыншықтар туралы телеарна, ақпарат беттерінен жарнамалар көрсетілсе;

  • Келешекте Қыдырәлі Болмановтың «Бал-бала» жобасы сияқты, Отандық ойыншық өндіретін зауыттар ашылып, ойыншықтың бағасы барлық балалар сатып алатындай қол жетімді болса екен.

























13

Қосымша

Бүгінгі күні бала тәрбиесіндегі бірден-бір құрал – ойыншықтар. Бір өкініштісі, қазақ балаларына ермек болар ұлттық ойыншықтарымыз көп емес. Бүлдіршіндеріміз түр-сипаты түсініксіз Шрек, Бэтмен, Спанч Боб, Өрмекші-адам, вампир-қанішерлер, түрлі роботтарды жандарына серік етуде. Мұндай шетелдік мультфильмдердің кейіпкерлері ұрпақ санасын улап қана қоймай, баланың ұлтжанды, адамгершілігі мол азамат болып ер жетуіне кедергі болады. Ал бұған тосқауыл қоятын ата-аналар да тым бейқам. Ойыншық тәрбиенің бастауы болса да, үлкендер оны баланы жұбату мен алдап, көңілін аулаудың құралы ретінде пайдаланып, «ойыншық қой» деп немқұрайлы қарауын жалғастырып келеді.

Қазақ баласына қазақы ойыншықтың қажеті екендігін түсінетін уақыт әлдеқашан жеткен. Бірақ бұған үкімет те, ата-ана да, кәсіпкерлер де назар аударар емес. Әрине, отандық ойыншықтарды өндіретіндер мүлдем жоқ деп аузымызды құр шөппен сүрте алмаспыз. Алайда олардың арасынан Қыдырәлі Болмановтың «Бал-бала» ойыншықтарынан өзгесінің атын ести бермейміз. Мәселен, 2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында тұңғыш рет бүлдіршіндерге арналған ойыншық шығаратын цех іске қосылғанын да айта кету керек. Бүгінде «Пластик Наурыз» кәсіпорнында түрлі өлшемдегі америкалық «МАК» ауыр жүк көліктерінің модельдік ойыншықтары, баланың өзі де отырып айдай алатын «Талакар» ойыншық көлігі, құрастырмалы ойыншықтар және құм жинайтын қалыптар шығарылады.

«Айгөлек», «Тазша бала», «Алдар көсе» сияқты отандық өнімдердің өзі кем дегенде 7-8 мың теңге тұрады. Бұл қарапайым отбасы үшін аз ақша емес.

Десек те, кез келген бала сәби күнінен ұлттық құндылықтарды көзбен көріп, қолмен ұстап өсуге тиіс. Бұл орайда, ұлттық идеологиямызды насихаттап, балғындарымыздың бойына ұлттық болмысты сіңіру қажет. Алайда қазақтың ертегілері мен батырлар жырының кейіпкерлерін бейнелейтін отандық ойыншықтар шығару өндірісін қолға алуға  асығар емеспіз. Дүкендерде еліміздің ертеңі болар бөбектеріміздің таңдауын көргенде, көңілің қалады. Барлығы бірдей шетелдік мультфильмдердің кейіпкерлеріне құмар. Ал шетелдік ойыншықтар балаларды мәдениетке, өнегелі дүниеге үйретері күмәнді. Сондықтан, қазақы ойыншықтың қаншалықты қажет екенін айтпай-ақ түсінуге болар.

Қазақ бүлдіршіндері аңызға айналған қазақ ертегілеріндегі қазақы мінезді кейіпкерлерді танымайтын да тәрізді. Себебі олардың санасын шетелдік мультфильм кейіпкерлері жаулап алған. Оның үстіне, қазақ мультфильмдері мен ойыншықтар арасында өзара сабақтастық жоқ. Осының салдарынан ұлттық тәрбиенің иісін де сезбеген бүлдіршіндер өсіп келеді. Содан кейін Батыстың ойыншығымен ойнап, мультфильмімен өскен баладан қазақылықты талап етуге құқымыз бар ма екен?! Ұлттық ойыншықтар арқылы жас буын алдындағы тіл мен діл мәселесін де жеңілдетуге, жеделдетуге әбден болады. Балалар ұлттық ойыншықтармен ойнай отырып ойлайды, ойыншық бөлшектерінің атауын білу арқылы қазақы танымы толыса түседі. Қазіргі жастарымыз көз ашқаннан өзгенің ойыншығымен  ойнап, өзге атауларды жаттап өскендіктен, кейін өз тіліне шорқақ болмағанда қайтсін?

Ұлттық ойыншықтарға бизнес ретінде емес, ұлттық идеология ретінде қарау қажет. Ұлттық болмысқа тұнып тұрған қазақы ойыншықтарды дамыту, жетілдіру арқылы бүлдіршіндердің бойына қазақылық болмыстың дәнін егер едік. Алайда бізде балаларымыздың көз қуанышына айналған өнімдерді өндіру үшін мемлекеттің қолдауы аз болып тұр. Кеңес үкіметі кезінде Алматыда пластмасса өңдейтін «Қызыл Ту» зауыты жұмыс істеген. Сол зауыт жанынан бүлдіршіндерге арналған ойыншықтар шығарылатын. Бірақ нарықтың тар соқпағынан өте алмаған бұл өндіріс орны 90-жылдары құрдымға кетті. Бірақ кейінірек  оның орнын «Сұңқар» атты қазақстандық ойыншық зауыты алмастырды. Бұл да өз кезінде елдегі жалғыз ойыншық шығаратын кәсіпорын болған еді. Бірақ өзімізде өндірілді деген аты болмаса, ойыншыққа керекті заттардың бәрін көрші мемлекеттерден тасу зауытқа еш табыс әкелмегендіктен, өз жұмысын тоқтатты. Содан бері отандық ойыншықтарды өндіру ісі елімізде күрмеуі шешілмеген мәселе болып келеді.

Жұлдызды жұп Қыдырәлі мен Қарақат 2010 жылы ұлттық нақыштағы «Бал-бала» ойыншықтарын шығаруды бастады. Әрине, бүгінде қазақы нақыштағы ойыншықтар әр қазақтың үйінде бар деуге келмес. Десе де, отандық өнім өз тұтунышыларын әлдеқашан тапқан.

















Белгілі әнші, Қазақстанға еңбегі сіңген мәдениет қызметкері Қ.Болмановтың «Бал-Бала» жобасы бойынша жасалған ұлттық нақыштағы ойыншықтары.



















Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ол кім, бұл не?
2. Қытайдың зиянды ойыншықтарына қашан тосқауыл қойылады? - Ж. Сүлейменов АСТАНА.
3. «Арзан ойыншық – қымбат дерт» Автор: Сандуғаш Әлімжанова
4. «Сапасыз ойыншықтар бала болашағын бұлыңғырлатады» мақала 14.09 2013
5. Балаларды арбаған «Сиқыр ойыншықтар» оның денсаулыққа зияны қандай? Мақала 04.2012
6. «Қуыршақтарды күлімдетіп, сәбилерді сергелдеңге түсірген қайран Қытай» мақала 29 шілде, 2011
7. «4 миллион баламыз Қытай тауарына телміріп отыр» Автор: Жанар Келменбетова, Қарағанды

































14















-


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.00.2025
49
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі