Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ас-адамның арқауы" 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Денсаулық адам баласының азбас қазынасы, асқан байлығы, өмірінің тірегі және «Қазақстан-2030» бағдарламасының басты міндеттерінің бірі-салауатты өмір салтын қалыптастыру екенін насихаттау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: №113 Әл-Фараби атындағы жом

Сабақ тақырыбы: Ас-адамның арқауы


Күні

Мұғалімнің есімі : Нарқулова Н

Сынып 5 сынып

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны


Сабаққа негізделген оқу мақсаты


5..1.6.1. Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру. 5.2.5.1 Берілген тапсырмаларды дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу

5.5.1.6.Мезгіл, мекен үстеулерді ауызша және жазбаша жұмыстарда орынды қолдану.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:тыңдалым материалдарындағы тапсырмаларды дұрыс түсінеді, диалогта сұрақтарға еркін жауап береді. Мезгіл, мекен үстеулерді таба біледі.

Оқушылардың басым бөлігі: тақырыпқа байланысты сұрақ қоя алады, диалогтағы сұраққа сенімді жауап бере алады.Мезгіл, мекен үстеулерді ауызша және жазбаша жұмыстарда орынды қолдана алады.

Кейбір оқушылар:тақырып бойынша диалогта өз пікірін білдіреді.Мезгіл, мекен үстеулерді қолданып, өз ойларын жинақтап, дәлелді түрде еркін жеткізе алады.

Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)


  • Мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап береді;

  • Берілген тапсырмаларды дұрыс түсінеді, диалогта қойылған сұрақтарға сенімді және еркін жауап бере алады;

  • Мекен, мезгіл үстеулерді ауызша, жазбаша жұмыстарда орынды қолданады;


Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар:тыңдалым, айтылым, тілдік бағдар;

Терминология:дәрумен, минерал, денсаулық, сүйек қатайту

Сөз тіркестері: жартылай дайын өнімдер, сақталу мерзімі, мерзімі өткен

Құндылықтарды дарыту

Денсаулық адам баласының азбас қазынасы, асқан байлығы, өмірінің тірегі және «Қазақстан-2030» бағдарламасының басты міндеттерінің бірі-салауатты өмір салтын қалыптастыру екенін насихаттау.

Пәнаралық байланыстар

Өзін-өзі тану, дүниетану, жаратылыстану;

АКТ қолдану дағдылары

Бейнебаян, аудиомәтін,интербелсенді тақта;

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Оқушылар тамақтанудың маңызынан хабары бар, жалпы астың қажет екенін біледі, дұрыс тамақтану негізі туралы кейбіреулері естіген;

ЖShape1 Shape2 Shape3 оспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

12 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу, оқушыларды түгендеу.

Ал, балалар көңіл-күйлеріңіз қалай?

  • «Жақсы» дегендеріңіз оң қолды көтереміз,

  • «Өте жақсы» дегеніміз сол қолды көтереміз. Ал, енді өзімізге қол соғып қояйық!

  • Енді топқа бірігейік. Бәріңізді ортаға шақырамыз.Оқушыларды «Молекула» әдісі арқылы 3 топқа біріктіру.

1-топ. Сүт өнімдері

2-топ. Ет өнімдері

3-топ. Ұн өнімдері

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. Алдыңғы тақырыбымыз «Ең үлкен байлық» деген тақырып еді. Ол сабақта біз байлық түрлерімен таныстық.

«Графикалық органайзер» әдісі арқылы алдыңғы сабақты тексеру әрі еске түсіру.Сағат тілі бағытымен бір-бірін жауап парағы арқылы тексеру.

Байлық түрлері












Дескриптор:

  • Графикалық органайзердегі тапсырманы дұрыс орындайды;

  • Графикалық органайзердегі тапсырма туралы дұрыс түсінік береді;

  • Ойларын дәлелді жеткізеді


Кері байланыс беру.

Қалыптастырушы бағалау:

­Өте жеңіл орындадыңдар!

Өте сәтті орындадыңдар!

Дұрыс жолдасыңдар!

Оқулық,

қима қағаздар, Интербелсенді тақта















Семантика лық карта

Ортасы

20 минут

Бейнебаян көрсету арқылы жаңа тақырыпқа ой тастаймын. Оны сұрақ қою арқылы жүзеге асырамын.

-Ұсынылған бейнебаян не туралы болды?

1-топ. Ас -адамның арқауы дегенді қалай түсінесіңдер?

2-топ.Тамақ ішу қажеттілік пе?

3-топ.Күніне неше рет тамақтанған дұрыс екен?

Сонымен өздеріңіз көріп, біліп отырғандай бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ас-адамның арқауы»

Кері байланыс беру.

Қалыптастырушы бағалау: Жауабыңа теңеу жоқ!Таң қаларлық! Өте ғажапсың!

Мәтінді аудиожазба арқылы тыңдату.

Сөздікпен жұмыс. Мәтін тыңдау барысында қандай жаңа сөздерді байқадыңдар?(Жаңа сөздерді тарату, аудармасын табу)

Балалар, қазір сіздер «Телефон» әдісі арқылы 1-топ 2-топқа, 2-топ 3-топқа, 3-топ 1-топқа мәтін бойынша сұрақ қояды, топ мүшелерінің біреуі жауап береді.

Дескриптор

Сұрақ тақырыпқа сай;

Сұрақ нақты , түсінікті

Сұрақ нақты, толық жауапты талап етеді,

Кері байланыс беру

Жақсы! Өте Жақсы! Керемет!

Бағалау


«Көңілді қалпақ» әдісі арқылы ойын ойнату

Мақсаты:Мезгіл, мекен үстеулеріне мысалдар келтіреді.

Шарты: Оқушылар шеңберге тұрады. Музыка әуенімен қалпақты шеңбер бойымен жылжытып, бір – бірінің бастарына кигізеді. Музыка тоқтағанда қалпақ кімнің басында қалса, сол оқушы мезгіл, мекен үстеулеріне мысал келтіреді. Кейін ойын қайталана береді.

Дескрипторлар:

  • Мезгіл, мекен үстеулерге мысал сөздер келтіреді

  • Мезгіл, мекен үстеулерге мысал сөз тіркестерін келтіреді

  • Мезгіл, мекен үстеулерге мысал сөйлем келтіреді, оны

ауызша жұмыстарда қолдана алады


Кері байланыс беру.

Қалыптастырушы бағалау:

Тура энциклопедиялық білім!

Керемет шеберлік!

Осы бағытта жалғастыр!

АКТ

Интербелсенді тақта














Телефон тұтқасы









қалпақ

Аяқталуы

8 минут

Практикалық кезең

ТЖ 8-тапсырма: «Ассонанс» ойынынойнаймыз.Топ болып, тақырыпқа байланысты 5 сөйлем құраймыз.

Дескриптор:

1.Сөйлемде жаңа сөздер болу керек

2.Сөйлемдегі ой түсінікті болу керек

3.Сөйлем құрауда мезгіл, мекен үстеулерін қолдана отырып жазу.

Кері байланыс беру.



Бағалау.


«Арал» әдісімен оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазып, көңіл күйіне байланысты аралдарға жапсырады.



Қосымша ақпарат


Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

«Ассонанс» әдісі арқылы жаңа сөздермен сөйлем құрайды.

Мезгіл, мекен үстеулерді оқушылардың ауызша және жазбаша орынды қолдануына жағдай жасау үшін «Көңілді қалпақ» әдісі арқылы мезгіл, мекен үстеулерді бекітеді.

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?

Оқушыларды топқа бөлу, жаңа тақырыпты түсіндіру үшін аудиооқу мен бейнебаян көрсету, жаңа сөздермен жұмыс жасау үшін «Ассонанс» әдісі арқылы сөйлем құрастыртып, «Көңілді қалпақ» әдісі арқылы мезгіл, мекен үстеулерді бекітемін.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?



Бүгін оқушылар не білді?




Сыныптағы ахуал қандай болды?


Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Сабақтың оқу мақсаты шынайы болды. Себебі, сабақта өткен барлық әдістерсол оқу мақсатына сәйкес өтті.

Оқушылар жаңа сабақтан тамақтың адам ағзасына пайдасы мен дұрыс тамақтану жолдарын түсінді Мезгіл, мекен үстеулердің қолданысын білді.

Түрлі әдістермен тапсырма орындау оқушылардың қызығушылығын арттырды.

Ия, «Телефон» әдісі оқушылардың деңгейінің көтерілуіне әсер етті. Оқушылар бір біріне түсіндіріп жүрді.

Мен жоспарыма түзету енгізбндім, себебі барлық әдістер арқылы мақсатыма жеттім.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.Жаңа тақырыпты бейнебаян арқылы ашу екі жақты маңызды болды: оқушылардың алдыңғы білімін түйінделді және жаңа сөздермен (тақырыптық терминологиямен) таныс болды

2. «Арал» әдісі арқылы оқушылардың сабақтағы ахуалды, саралау шараларының қаншалықты тиімді болғанын,олардың жаңа сабақты қаншалықты меңгергенін білдім.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.әр тапсырманың орындалуын бағалау оқушыларды ынталандыра түсті.

2.Жаңа сөздермен рөлдік диалогқа түсу тыңдалым айтылым дағдыларын дамытты.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Сабақта топтық жұмыстың жүргізілуіненқабілетті оқушылардың өзгелерге түсіндіруі оқушылардың қызығушылығын арттырды.

Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.Оқушылардың үстеудің негізгі қызметінен шатысады ( келесі сабақта постер арқылы үстеудің қызметін қайта нақтылау керек).

2.Қабілетті оқушылар үшін жұптық жұмыс ұйымдастыру



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.02.2019
1275
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12