Ас-адамның арқауы. Дауысты мен дауыссыз дыбыстар.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ас-адамның арқауы. Дауысты мен дауыссыз дыбыстар.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға оқушылармен жұмыс істеу барысында жаңа білімді меңгерту жолдарын үйретеді.. Көп оқушыларды тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылай білуге ійрету. Кейбірі: алған білімді өмірде қолдана білуге баулу. Жаңартылған бағдарлама бойынша көптеген мамандарға жоспарлы түрде жұмыс істеу барысында бұл материал көмектеседі. Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Сауат ашу

Күні:5.04.2018 ж

Сынып: 1 «Ж»

Мұғалім:А.Жасыбаева


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ас-адамның арқауы. Дауысты мен дауыссыз дыбыстар.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту

1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: жаңа білімді меңгереді.

Көбі: тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Ағылшын тілі,орыс тілі,дүниетану,математика,көркем еңбек сабағы.

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Нан-хлеб-bread

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

2 минут

Қайырлы күн,қайырлы күн!

Қайырлы күн сізге,

Қайырлы күн,қайырлы күн!

Қуаныштымын сізге!

Доброго дня,доброго дня!

Доборго дня тебе,

Доброго дня,доброго дня!

Мы рады видеть тебя!

Good morning,good morning!

Good morning to you,

Good morning, good morning!

We are glad to su you!

Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Үстелдің үстінде жатқан жемістер,сусындар,көкөністер,

тәттілер суреттерін таңдап,кәрзеңкеге салу арқылы топқа бөліну. Топтардың атын латын әліпбиімен жаздыру

1-топ «Жемістер» 3-топ «Көкөніс»

2-топ «Сусындар» 4-топ «Тәттілер»





Шаттық шебері









2 минут








3 минут




























8 минут
















1 минут





3 минут

Оқулықпен жұмыс

Әли мен Мерейдің әңгімесін оқу

Диалогтік оқыту

Тыңдалым

1-жаттығу

Мәтінді тыңда.

Нанға бал жағып жеп отырған Асқар әжесіне қарап:

-Әже,бал тәтті ме,әлде нан тәтті ме?-деп сұрады.

-Нан тәтті,-деп жымиды әжесі.

-Жоқ,әже,бал тәтті ғой,-деді Асқар.

-Иә,балам,бал тәтті.Бірақ қанша тәтті болса да,күнде жей алмайсың.Ал нанды күн сайын жейсің.Наннан қасиетті тағам жоқ.Сондықтан нан тәтті десек те болады.

Жұмабай Қайранбай

Сұрақтарға жауап бер

1. Сендер қалай ойлайсыңдар нан тәтті ме,әлде бал тәтті ме?



2.Кімнің жауабына қосыласыңдар?

Әрине,астың ең тәттісі-нан.Нанды қанша жесең де жалықпайсың.Балды көп жей алмайсың.

Топтық жұмыс

Топтарға төмендегідей тапсырма берілді.

1 топ: Мәтіндегі негізгі (тірек) сөздерді табу

2 топ:Мәтіндегі негізгі сөйлемдерді (ой тұжырымды)табу

3 топ: Мәтіндегі кейіпкерлерді анықтау

4-топ Мәтінге тақырып қою

Тақтамен жұмыс

Негізгі сөздермен,сөйлемдерді тақтада жаздырту,дыбыстық талдау жасату.

Дыбыстар 2-ге бөлінеді

Дауысты дыбыстар:А,ә,е,о,ө,ұ,ү,ы,і,и, (у)

Дауысты дыбыстар-дыбыс кедергіге ұшырамай еркін шығады.

Дауыссыз дыбыстар:

б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,ф,х,ц,ч,ш,щ, (у)

Дауыссыз дыбыстар-дыбыс кедергіге ұшырап шығады

Зейнеп апаның естелігінен үзінді оқу

Қазақта «ас атасы нан»деген сөз бар,яғни астың,дәмнің үлкені-нан.Бала ақ пен қараны ажыратып,танымай тұрып- ақ балаға кішкентай күнінен бастап оң қолына нан ұстауды,нанды баспауды,тастамауды үйретеді.

Сонымен,балалар бүгін біз не туралы тыңдадық?

Жаңа сабақ тақырыбын балалардың көмегімен ашу.

Ас - адамның арқауы.

Сабақ мақсатын бірлесе отырып құру

Shape1 Нан қасиетті тағам екенін білеміз.

Мәтіндегі негізгі сөздерді табамыз.

Сөздерге дыбыстық талдау жасаймыз.

Сауатты жазамыз.


Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті

1 минут

Нан- тамақтың атасы,

Ынтымақ-көптің батасы,

Қырман басы- береке.

Көп жүрген жер -мереке

Сергіту сәтіне арналған жинақ

4 минут









3 минут














3 минут















6 минут










3 минут

Жазылым

2-жаттығу

Сөйлемдерді қатесіз көшіріп жаз.

Сөйлемдегі сөздерді дауысты және дауыссыз дыбыстарға ажырату.

Нан-қасиетті тағам. Дастарқанға алдымен нан қойылады. Нанды жерге тастауға болмайды.


«Нан-қасиетті тағам»сөйлемнің сызбасын сыздырту

Қызықты тапсырма

Жасырынған әріптерден басталатын тағам атауларын табу.Тағамға байланысты мақал- мәтелдер,жұмбақтар айту.

Shape3 Shape2

1Shape4 -топ әріпінен басталатын тағам атауын табу

Shape8 Shape7 Shape6 Shape5

2Shape10 Shape9 - топ әріпінен басталатын тағам атауын табу

Shape14 Shape13 Shape12 Shape11

3Shape16 Shape15 - топ әріпінен басталатын тағам атауын табу

Shape17

4-топ

Суреттегі өздеріне таныс әріптерді тауып,тағам атауын айту.

«Ұнайды,ұнамайды»ойыны

Мақсаты:тағамдардың пайдалы және зиянды жақтарын ажырата білуді үйрену.

Ұнайды - Ұнамайды-

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы
Суреттерге мұқият қараңдар. Сөздердің буын санын анықтаңдар. Олардың буын санын цифрмен көрсетіңдер.


Дескриптор: Білім алушы

- бір буынды сөздерді атайды;

- екі буынды сөздерді атайды;

- үш буынды сөздерді атайды.

Қорытынды

Біз бүгін қандай тақырыппен таныстық?

Дыбыс дегеніміз не?

Әріп дегеніміз не?

Дыбыстар нешеге бөлінеді?

Дауысты дыбыстарды ата?

Дауыссыз дыбыстарды ата?

Қай топ жақсы сабаққа қатысты?




Оқулық, дәптерлер.









































Қалыптастырушы бағалау


Сабақтың соңы

1 минут


Рефлексия

«Шаршылар»

Жұмысты аяқтағаннан кейін оқушы дәптерге шаршының суретін салады. Егер жұмыс түсініксіз болса, шаршыны қызыл түске бояйды, егер аздап түсінсе болса – сарымен, тақырыпты жүз пайызға түсінгеніне сенімді болса жасылмен бояйды.


Шаршылар

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.


Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Оқу ісінің меңгерушісі: Ф.Дүйсебекова

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?Бүгін оқушылар не үйренді?Сабақ қалай өтті,қандай деңгейде өтті?Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма(тапсырмалар сәйкес болды ма?)Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Қорытынды бағалау.Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз(оқыту мен оқуға қатысты)

1.

2.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)

1.

2.

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім.

1.

2.


Оқу ісінің меңгерушісі: Ф.Дүйсебекова













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
425
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі