Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ас атасы-нан"

Материал туралы қысқаша түсінік
Нан туралы түсініктерді қалыптастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Атырау облысының біліктілікті арттыру

«Өрлеу» институты.




Picture 5










Тақырыбы:

Дастарханға нан қалай келеді?





Дайындаған тәрбиешілер:

Шортағалиева.К

Дәулетияр.Ә

Тынышқалиева.А

Шауменова.М

Садирова.А

Темірғалиева.А

Кабдолова.А

Сағынова.А





24 қаңтар 2020жыл

Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Айы күні:24.01.2020жыл

Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Кіріктірілген білім саласы: Коммуникация.Таным.
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі:Сөйлеуді дамыту.Жаратылыстану.

Тақырыбы: Дастарханға нан калай келеді?

Мақсаты:STEAM бағдарламасын білім беру арқылы сурет бойынша балалардың ой-өрістерін дамыту. Жеке тәжірибесінен суреттің мазмұны бойынша шағын әңгімелер құрастыру дағдыларын бекіту. Ұннан жасалатын тағамдар туралы әңгімелету. Диқан мен наубайшылардың еңбегі жайлы түсіндіру. Диқаншы еңбегі туралы білімдерін толықтыру. Нанды ардақтауға, ысырап қылмауға тәрбиелеу, үлкендердің еңбегін бағалауға баулу.

Дамытушылық: Осы тақырып жөнінде мағұлматтарды жетілдіру. Сурет бойынша әңгімелей отырып, тілдік қорын, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Көрнекіліктер: бидай масағы, слайд, ұннан жасалған тағамдар, дәнді дақылдар, демонстрациялық материалдар.

Әдіс–тәсілдер: Үйрету, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ–жауап, сергіту сәті, жеке жұмыс.

Билингвальдық компонент: нан - хлеб, диқан-хлебороб, земледелец

Әрекет кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық-қызығушылық
























Ұйымдастырушылық-ізденістік




























































Рефлексиялық-түзетушілік




















Жұмбақ жасыру:

 - Ұзын мұртты сарылар,

    Қойынында дәні бар

 - Үсті тас, асты тас

   Ортасында піскен ас.

Балалар бидай масақтарын бір–бірімізге беру арқылы жылы лебіздерімізді білдірейік.


Таңғы ас ішу барысында тәрбиеленуші Нұрасылдың сұрағы:Апай дастарханға нан қалай келеді? - Ендеше, балалар, нан біздің дастарқанымызға қалай келеді? - деген сұраққа жауап іздеп көрейік. 

 - Балалар, айтыңдаршы күнделікті біздің дастарқанымызда қасиетті, қадірлі қандай тағам тұрады?

 - Дұрыс олай болса нанның дастарханға қалай келетінін  әңгімелеп берейін.

 (Педагог слайд арқылы балаларға түсіндіреді)

 -Алдымен трактормен жерді жыртады, диқандар ол жерге бидайдың тұқымын тастайды. Бірнеше күндерден кейін дәндер өсе бастайды. Бидайдың сабақтары пайда болады, оны диқандар үнемі суарып отырады. Күзде астықты комбайндармен орады және үстерінен бастырады. Бидайды диірменге апарып тапсырады.  Аппақ болып ұн дайындалады. Қап – қаптармен ұнды наубайханаға тасиды. Онда ұн иленіп, нан пісіріледі. Нан таситын көліктермен дайын нандарды дүкендерге әкелінеді. Дүкенде нанның бірнеше түрлері: бөлке, тоқаш, батон, торттар, печениелер, бауырсақтар, бәліштер сатылымға шығарылады. Нан дастарқанға келгенше қаншама адам еңбек етеді. Мұның бәрі – адам еңбегі.

  - Бидай неден өсіп шығады?

    - Бидайды немен жинайды?

   - Күзде дайын болған өнімді қалай атайды?

   - Бидайдан шыққан  ұнды қайда әкеледі?

   - Егін өсірушілердің мамандықтарын атаңдар.

Сөздік жұмыс:

   диқан, наубайшы, наубайхана, комбайншы, диірмен.

Сергіту сәті:

Жайқалады ақ бидай,
Басын иіп аққудай.
Трактормен комбайн,
Жүргізуге мен дайын.

 - Сендердің аналарың үйлеріңде ұннан тағы не пісіреді?

  - Біз бүгін қандай оқу іс-әрекеті болды?

  - Не туралы әңгімелестік?

  - Нан қайдан келеді екен?

  - Нанды қайдан алады?

  - Ұнды кімдер дайындайды?

  - Диірменнен шыққан ұнды қайда әкеледі?

  Балалар бүгін біз нан туралы көптеген мағлұмат алдық, енді біз ұннан жасалған тағамдарымызды қонақтарға тарту етейік.

  - Балалар сендерге оқу іс-әрекет ұнады ма?

  Балаларды мадақтаулар.





Балалар жылы лебіздерін айтады.

 

Балалардың жауабы

 

 

 

- Бидай

 

- Нан






-Иа

















- Тәрбиеші әңгімесін мұқият тыңдау.

 

 

- Бидай тұқымнан өсіп шығады?










- Комбайнмен

- Астық

- Наубайханаға



 

 























Балалар сергіту сәтін қимылмен орындайды.

 


Балалар аналары пісірген нан түрлерінің суреттері бойынша әңгімелейді.




Балалардың жауабы


Күтілетін нәтиже: Нан туралы ойларын айтады.

Нені игерді: Нан қасиетті тағам екенін.

Нені білді: Нан қайдан шығатынын.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.06.2021
353
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12