Ас атасы нан

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ас атасы нан

Материал туралы қысқаша түсінік
Рухани жаңғыру: "Бидай түю" дәстүрімен таныстыру. Еңбекті бағалап, адамгершілік қасиеттерін ояту, сөздік қорын молайту.
Материалдың қысқаша нұсқасы



МКҚК №100 «Тоғжан» бөбекжай-бақшасы

6 «Қиялшылдар» ересек тобы

Бекітемін

100 «Тоғжан» бөбекжай-

бақша меңгерушісі

Ұ.Б.Орынбаева У.Б.


Шебер сынып


«Нан – дастархан байлығы»


Picture 1


Тәрбиеші: Турабаева Э.А.

Шымкент- 2024жыл







«Тәрбиелеу-білім беру үдерісінде балалар әрекеттерінің негізгі түрлерін кіріктіру арқылы перспективалық жоспар құру»

«Нан-дастархан байлығы»

Мақсаты:

Жоба аясында шебер сыныпты ойын түрінде ұйымдастырып,нан туралы балалардың түсініктерін кеңейтіп, нан қайдан және қалай келетінің түсіндіру. Рухани жаңғыру: "Бидай түю" дәстүрімен таныстыру.

Еңбекті бағалап, адамгершілік қасиеттерін ояту, сөздік қорын молайту.

Міндеттері:

А) Нан туралы білімдерін кеңейту;

Ә) Танымдық, ойлау қабілеттерін дамыту;

Б) Нан қадірін түсініп, еңбекті бағалауға тәрбиелеу;

Керекті құрал-жабдықтар: прожектор,видео ролик,көрініске қажетті заттар,зерттеу орталығына қатысты заттар,былауыз шам,акварелді бояу,қылқалам,ермекзаз,бидай,асқабақ дәндері,асханаға қажетті заттар,тандыр,пеш,қолғап,қол диірмені,дүкен т.б.

Ғылыми жобаның өзектілігі:

Менің зерттеу жұмысымның тақырыбы: «Нан дастархан байлығы». Қазіргі уақытта пісіріп жатқан нанның құрамы талаптарға сәйкес келмейді,- қатты үгітіледі, қышқыл дәмі сезіледі, тез бұзылады.Сондықтан да нанның құрамын, сапасын және оның адам денсаулығына әсерін зерттеу өзекті деп ойлаймын.

Нан дастарханға қалай келеді?

Балаларға нанның дастарқанға келу жолын видеоролик арқылы көрсету және әңгімелеу.

Нанның дастарқанға келу жолын ретімен әңгімелеу

Нан дастарқанға қалай келеді екен?

1. Ең бірінші тракторшы жерді жыртады.

2. Диқаншы дәнді себеді, бидайдың өсуін қадағалап, оны суарып, күтіп баптайды.

3. Бидай піскесін комбайыншы бидайды орады.

4. Орылған бидайды астық терминалына апарады.

5. Ол жерде бидайды кептіріп, диірменге апарып тартады. Шыққан ұнды қалтаға салып қаптайды.

6. Ұнды дүкендерге, наубайханаларға жібереді.

7. Наубайханада нан пісіріліп, дүкендерге әкелінеді. Кейбір отбасыларда ұнды сатып алып, өздері үйлерінен әр түрлі тағамдар, түрлі нандар пісіреді.

Ас атасы - нан. Нан – ұннан жасалады. Ал ұнның құрамында адамның бойына нәр беретін, қуат беретін қажеттінің бәрі бар. Астықтан алынатын ең маңызды өнімдердің бірі - нан және нан өнімдері. Бұл өнімдері күнделікті қолданылып отырады.

Ғажайып ағаштың пайда болуы.

Балалар біздің топта ғажайып ағаш пайда болды.

Ғажайып ағаш туралы  өтірік  әңгіме оқып береді.Баяғы өткен заманда бір патшалықтағы балабақшаның тобының балалары жерге бидайдың дәнін отырғызыпты.Ол дәнді олар  терезенің алдынан тауып алыпты.

Біраз уақыт өте келе ғажайып ағашта алма емес. Алмұртта емес, апелсинге де ұқсаматын.

Нан, тоқаш,бауырсақ,печенье өсіпті.балалар болса, түскі асқа да,кешкі асқа да осы ағаштан жұлып жей беріпті.

Проблемалық сұрақ Ал, нан қалай дастарханға келеді?

Сурет бойынша әңгімелеу.



Тақпақтар

Дән

Жарып шыққан қауызын

Дән-өмірлік азығың

Жегеніңде ақ нанды.

Нәрге толар ауызың.



Ерте тұрып ақ таңнан,

Қара жерге нәр құйған,

Айналайын диқаннан,

Егін егіп, нан жиған.

Мнемокестемен жұмыс: Shape1 Shape2 Shape3

Мақсаты: балаларда өлеңді тиімді есте сақтау дағдыларын қалыптастыру.

«Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп

Торғайларға тастаңдар!»

Тыйым сөздер

Нанды бір қолмен үзбе.

Нанды жерге тастама.

Нан қиқымын шашпа.

Жердегі нан қиқымын баспа.

Нанды қорлама-обал болады.

Мақал-мәтелдер

Нан береке бастауы;

- Нан көп болса, қарның тоқ болар;

- Жердің сәні егін;

- Нан күш, қуат көзі;

- Нан тамақтың атасы, ынтымақ көптің батасы;

- Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.

Балаларды шеңберге шақырып,санамақтар айту.

Бір дегенің - білеу
Бір дегенің — білеу,
Екі дегенің — егеу,
Үш дегенің — үскі,
Төрт дегенің — төсек,
Бес дегенің — бесік,
Алты дегенің — асық,
Жеті дегенің — желке,
Сегіз дегенің — серке,
Тоғыз дегенің — торқа,
Он дегенің — оймақ,
Он бір — қара жүмбақ.

Жұмбақтар:

Ұзын мұрты сарылар

Мойнын да наны бар

Бидай

 Асты-тас, үсті-тас

Ортасында піскен ас.

 Таба нан

Көрініс көрсету.

Ал,енді балалар барлықтарыңды зерттеу орталығына шақырамын.

Зерттеу орталығында жұмыс:

Бидайды топыраққа салып, өсіріп көрейікші.Арнайы ыдыстардағы топыраққа бидай дәндерін отырғызып,су құю, күн көзіне қою.







Ж аппай бақылау:

Б ақылау: жетелеуші сұрақтарға жауап беру арқылы, балалардың білімдерін толықтыру.



Балалармен бірге бақылау,зерделеу,зерттеу іс-әрекетін дамыту.Күнделікті деректерді жинау,танымдық қабілеттерін дамыту.Өсімдіктерді өсуін бақылау, баптау,өсіру.Бидай дәндерін үгіп,ұн, содан соң қамыр илеу,нан пісіру.

Ойын әрекеттерін ұйымдастыру

Мақсаты: Балалардың зеректік дағдысын қалыптастыру.

Бала үні, саралау,нәтиже,қызығушылық,топпен жұмыс.

С южетті-рөлдік ойындар арқылы балалардың шығармашылық дағдыларын дамыту

Мақсаты: 

Балаларды дүкендегі,диірмендегі ересектердің еңбегімен таныстыру. Бидайды өсіру, қол диірменмен үгітіп,ұнның пайда болуы, содан соң қамыр илеу,нан пісіру үдерісімен таныстыру. Ойынға деген қызығушылығын дамыту. Балалар арасында өзара жағымды қарым қатынасын қалыптастыру. Балаларды дүкеншілердің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.

Наубайхана

Балалардың барлығын "Ас үйге" шақырамын, мұнда бәріміз тапсырмалар орындаймыз.Үстел жанына жақындап тұрайық, не көріп тұрсыңдар?

-Бидай дәні,қол диірмен,ұн,су,тұз,ашытқы т.б. керекті құрал жабдықтар.

Педагог, балалармен бірге бидайды қол диірменде үгітіп, одан ұн қалай жасалатынын көрсетеді. Содан соң, қамырды илеп,оның көтерілгенін күтеміз. Дайын болған қамырды балалардың барлығына теңдей бөліп беремін.Қамырды жайып, нанды пешке салып пісіреміз.Дайын,піскен нанды дүкенге жібереміз.

Дүкен

Сатушылар жаңа піскен нанды сөрелерге қойып, сатып алушыларға сатады.

« Нан-байлық, нан-береке» деп халқымыз бекер айтпаған. Міне, көрдіңдерме? Қаншама адам еңбек етеді екен. Сондықтан дастарханға зор еңбекпен келген нан тағамдарын қастерлеуіміз керек. Сергітусәті:

Сергіту сәті:

Жайқалады ақ бидай,

Басын иіп аққудай.

Трактормен комбайн,

Жүргізуге мен дайын.

Шығармашылық дағдыларын дамыту

"Бидайдың масағы"

Мақсаты:

Сурет салу арқылы баланың шығармашылық қабілетін,

қызығушылығын арттыру.Түстерді дұрыс таңдай

білу дағдысын, ой – өрісін, саусақ қимылын

дамыту.







Педагог бала үнін ескеріп, балаларды екі топқа бөледі:бірі балауыз шаммен салынған бидай масағын бояса,екінші топ ермексазды пайдаланып бидай сабағына дән қауыздарын бидай мен асқабақ дәндерін жапсырып шығады.

Балалардың жұмыстарын мақтап,мадақтау.

Қорытынды

Дастарқаныңыздың үстінде күнде нан тұрмаса, көңіліңіз де, дастарқаныңыз да – орта, берекеңіз кетіп, басқа тамақ көзіңізге көрінбейді. Нанның қасиеттілігінің өзі осыдан-ақ көрінеді. Үйімізге қонақ келсе, ең алғаш дастарқанға нан қоямыз. Асығып тұрған кісі болса, «Ең болмаса нан ауыз тиіңіз» дейді үлкендер. Нан дастархан байлығы,дастарханымыздан нан үзілмесін.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.02.2025
127
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі