Білім саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі: «Математика негіздері»
Тақырыбы: «Ас атасы нан»
Мақсаты: Балаларға нан туралы түсінік бере отырып, нанның пішінін, түсін, айырып, қанша нан екенін санауға үйрету. Дидактикалық ойын арқылы нанның санын анықтап, сандарды тиісті нандарға орналастыра білуге баулу. Нандарды санау арқылы балаларға 1-ден 10-ға дейін санату арқылы қайталап пысықтау. Ойын, санамақ, тақпақ арқылы балалардың ойлау қабілетін және тілдерін дамыту.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету.
Оқу қызметінің көрнекілігі: Нанның түрлері, дидактикалық материалдар.
Жүру барысы:
Балалар музыка әуенімен залға кіре
Шаттық шеңбері:
Қайырлы таң ұстазым,
Қайырлы таң достарым,
Шеңберге тұрайық,
Жылулық сыйлайық.
Добрый утро учитель,
Добрый утро друзья,
Посмотрите друг, друга.
Пожелайте добро.
Гуд монг, гуд монг
Гуд монг ту ю.
Гуд монг, гуд монг
Ю а глад ту си ю.
Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Күз мезгілінің қай айы?
Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Бүгін аптаның қай күні?
Бүгін аптаның бесінші күні жұма.
Бір аптада неше күн бар?
7 күн бар. Кім атап береді апта күндерін
Балалар апта күндерін атап береді.
Қай уақытта балабақшаға келеміз?
Таңертең.
Осы кезде қоңырау шалынады.Телефоннан.
Айданың анасы: Сәламатсыздар ма!
Тәрбиеші: Саламатсыз ба!
Анасы: Мен Айданың анасымын. Бүгін менің қызымның туған күні. Топтағы барлық балаларды қызымның туған күніне шақырамын. Бірақта мен жұмысқа кетіп бара жатырмын. Сіздерден өтініш Менің қызымның туған күніне тәттілер әкеліп берсеңіздер жақсы болар еді. Қызым тәттілерді өте қатты жақсы көреді.
Тәрбиеші: Жақсы сіздің тәттілер алып Айданың туған күніне барамыз.
Балалар Айданың туған күніне бару үшін тәттілерді алуымыз керек.
Ол үшін қайда барамыз?
Дүкенге.
Дүкенге бару үшін біздер өткен оқу қызметімізді қайталап алайық. Ол үшін түс пен сандарды білуіміз керек.
Балалар түс пен сандарды атап айтып ажыратады.
Енді жолға шығайық, дүкен жауып кетпей тұрғанда.
Дүкенге бару үшін Күз әнімізді айтып барайық.
Балалар дүкенге де келіп қалдық. Жарты шеңберге тұра қалайық.
Тәрбиеші: Сәламатсыз ба.
Дүкенші: Саламатсыздар ма балақайлар! Қош келдіңдер балақайлар. Менің тәттілер дүкеніме.Мен тәттілер сатушымын.
Тәрбиеші: Біздер № 3 Қарлығаш балабақшасынан келдік. Сізден өзіміздің топтағы Айда қызымыздың туған күніне тәттілер алу үшін келдік.
Дүкенші: Жарайсыңдар балалар менің дүкенімде неше түрлі тәттілер бар, ол үшін мен сендердің қандай білімді екендеріңді көруім керек.
Менің тәттілерім туралы біледі ме екенсіңдер.
Балалар үйде дастарханға қай тағамды бірінші қоямыз.
Нанды.
Өте дұрыс. Нанның пішіні қандай төртбұрышты, оң жағымда ақ нан сол жағымды қара нан бар екен. Нан нешеу екен санап жіберейік. Нанның түсі ақ және қара болады екен.
Мынау не балалар?
Тағамдардың қастарына сандарды қою.
Бұл бауырсақ. Пішіні дөңгелек және төртбұрышты болады.
Бұл тоқаш. Тоқаштың пішіні дөңгелек. Тоқаш үлкен және кіші болады.
Мынау печенье. Печеньелер әртүрлі болады. Төртбұрышты, дөңгелек пішінде болады.
Жарайсыңдар балалар сендер өте ақылды балалар екенсіңдер.
Тәрбиеші: Балалар дүкенде қажетті заттарды алу үшін не керек?
Ақша керек.
Дұрыс айтасыңдар. Ақша табу үшін біздің ата аналарымыз еңбек етеді.
Бүгін кім Айданың туған күніне тәттілер алғысы келеді.
Қадиша: Мен Айданың туған күніне тоқаш алғым келеді. Тоқаш қанша тұрады?
Дүкенші: Тоқаш 5 тенге тұрады.
Онда мен тоқаш сатып аламын.
Айкөркем:
Менде Айданың туған күніне тәтті бөлкелер алғым келеді.
Бөлке қанша тұрады?
Дүкенші: Бөлке 3 тенге тұрады.
Тәрбиеші: Менде Айда қызымыздың туған күніне тәтті алайын.10 тенгеге не келеді?
Тәтті пирог келеді.
Жақсы онда пирог бере қойыңыз.
Балалардан тақпақтарын сұрау.
Нурия
Нан ардақты адал ас,
Кәрі, жас одан атт аттамас,
Ақ дастархан үстінде
Қол жумай оны ұстамас,
Нандай жоқ қой асыл дәм
Жеп үйренген жасыңнан
Дастарханнан нан кетсе
Береке кетер асыңнан
Ей балалар балалар
Болмаңар сірә нанға тар
Өмірдің алтын арқауы
Нан қиқымын шашпаңдар
Жерде жатса баспаңдар
Теріп алып қастерлеп
Торғайларға тастаңдар.
Арсен:
Нанда өмірдің иісі мен дәмі бар
Нанда адамның еңбегі мен ары бар
Нан өмірдің ана сүті арқауы
Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар
Айкөркем:
Бидай пісті күзде
Жей алмайсың үзбе,
Бидайдың көп ісі
Кіріседі сан кісі
Комбайыншы орсын
Шофер тасып болсын
Диірменші оны тартсын
Наубай оны нан қып жапсын
Дүкеншіге берсең
Сонда барып жерсің
Тәрбиеші: Көрдіңдер ме балалар нансыз тамақ іше алмаймыз. Дастарханға барлық тағамдардан бұрын нан келеді.Нан көптеген адамдардың еңбегінің арқасында келеді. Сондықтан нанды жерге лақтыруға, оны ысырап етуге болмайды. Нанды төңкеріп қоюға, аяққа басуға болмайды. Оны арнайы пакеттерде, қалбырларда, қорапшаларда сақтайды.Нанды бір қолмен үзуге болмайды.Сондықтан біздер нанды қадірлеуіміз керек.Рахмет сізден көп мәліметтер алдық сізден.
Дүкенші Балалар мен сендерге өз тәттілерімнен берейін. Топқа барғасын жерсіңдер.
Келіп тұрыңдар. Сау болыңыз.
Тәрбиеші: Балалар қанекей бәріміз бір сергіп алайықшы. Шаршаған боларсыңдар.
Сергіту сәті:
Тереңдет ойыңды
Тік ұста бойыңды
Құстарға ұқсайық
Қалықтап ұшайық
Шық алға оң қанат
Шық алға сол қанат
Шаршаған кездерде
Қонайық жорғалап.
Тәрбиеші: Ал балалар біздер нан түрлерімен таныстық. Ендеше сол нандарды санап тапсырманы бірге орындайық. Ендеше орындарымызға отырайық.
1-тапсырма.
Дидактикалық ойын: «Сандарды дұрыс орналастыр»
Балалар алдарымызда сендерге тапсырма берілген. Заттарды санау арқылы есептер шығарамыз.
2-тапсырма: «Машина құрастыру»
Біздер енді тәттілерімізді алдық. Енді туған күнге бару үшін бізге не керек?
Көлік.
Дұрыс айтасыңдар балалар. Ендеше өздерімізге көлік құрастырып алайық.
Балалар сендердің алдарыңда тапсырма берілген. Тапсырманы орындау үшін топқа бөлініп аламыз. Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелектер арқылы отырамыз. Сол белгілерге қарап орындарымызға жайғасамыз.
Бұл балалар балалардың ойын дамытатын ойлау қабілеттерін артыратын ойын. Сондықтан сендердің алдарыңда машинаның үлгісі берілген сол үлгіге қарап құрастырамыз.
Ой балалар жарайсыңдар. Қандай әдемі машиналар пайда болды.
Санамақ:
Ғалым:
Бір дегенім бесік
Шықтым содан өсіп,
Екі дегенім елім,
Далам, тауым көгім.
Үш дегенім үміт
Үміт артар жігіт
Төрт дегенім төзім
Төзе білем өзім
Бес дегенім бақыт
Бағалайтын уақыт
Нұрай:
Алты деген ақыл
Тыңдағаның мақұл
Жеті деген жалау
Жүректегі алау
Сегіз деген сөзің
Серт беретін кезің
Тоғыз деген тоқтау
Елдің жоғын жоқтау
Он дегенім Отан
Қорға соны ботам.
Қорытынды:
Балалар біздер қайда бардық?
Қандай нан түрлерімен таныстыңдар?
Нан тағам түріне жатады.
Бүгін балалар оқу қызметіне барлығың жақсы қатыстыңдар.
Нанды қадірлеп қастерлеуіміз керек. Нан бар жерде ән бар деп бекер айтылмаған екен. Әрдайым дастарханымыз нанға толы болсын.
№54 «Айгүл» бөбекжай бақшасы
Ұйымдастырылған оқу іс- әркет «Математика негіздері»
Тақырыбы: «Ас атасы нан»
№11 «Көбелек» тобы
Тәрбиеші: Олжабаева В.Г
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ас атасы нан

шағым қалдыра аласыз