Ашық ұйымдастырылған іс-әрекет
Тақырыбы: «Нан дастарханға қалай келеді?»
Музыка маманымен бірге кірісу):
Музыка баяу ырғақты ауыл сазы немесе егін даласының әуенімен басталады.
Балалар шеңберге тұрады, музыка фонында жұмсақ қимылмен көрсетеді:
Жерге дән себеміз,
(қолмен себу қимылы)
Су құйып өсіреміз.
(қолмен жоғарыдан төгу)
Күнге қарап бой түзеп,
(қолдарын жоғары созады)
Алтын астық жинаймыз. ?
Музыка маманы:
– Балалар, қандай әдемі еңбек!
– Ал сендер білесіңдер ме, осы алтын астықтан не жасаймыз?
Балалар:
– Нан!
Осылайша, жүргізуші сабақты “Нан дастарханға қалай келеді?” деген тақырыппен жалғастырады.
Балалар Шаттық шеңберіне тұрады.
Жүргізуші: Балалар, бүгін біз өте маңызды тақырып —
нан
туралы сөйлесеміз.
Нан — біздің өміріміздің негізі, ең басты асымыз.
Ол бірден дүкенге келмейді, оны өсіру үшін көп адам еңбек етеді:
диқан дән себеді, наубайшы пісіреді.
Сондықтан халық «Ас атасы — нан» дейді.
Бүгін біз нанның қалай жасалатынын, оның қадір-қасиетін білетін
боламыз.
Видео ролик
Жүргізуші: —
Балалар, нан — біздің ең қасиетті тағамымыз.
— Халық «Ас атасы — нан» деп бекер айтпаған.
— Ал енді, көрейікші, нан туралы кім тақпақ айтып береді
екен?
Тақпақ:
Дара : Нан – өмірдің тірегі,
Нан – дастархан жүрегі.
Еңбекпенен өседі,
Елге ырыс, береке!
Айдария : Нанды мен де қастерлеймін,
Аялаймын, әспеттеймін.
Нан — ең тәтті ас екен,
Дастарханның басы екен!
Ахмад : Диқан ата таңмен тұрып,
Жерге дәнін себеді.
Күн астында терін төгіп,
Нан береді елге енді.
Дарын : Піскен кезде нан иісі,
Жайылады үй ішін.
Иісімен-ақ оятады,
Бақыт толы бұл ісің!
Дарина: Ас атасы — бұл нанды,
Қадірлейік, достарым!
Дастарханда тұрғанда,
Мол болсыншы аспаным!
Жүргізуші:
– Балалар, бүгін біз өте қызықты саяхатқа шығамыз!
– Қайда дейсіңдер ме?
– Нанның дастарханға дейінгі жолына! ??
Жүргізуші:
– Ал енді саяхатымызды бастайық. Ең алдымен Көпірден өту – сызықтың үстімен тепе-теңдік сақтап жүру.
1-кезең – Егінші
(Сахнаға Егінші , қолында тырма немесе себет болады.)
Егінші:
– Мен – егіншімін, жер жыртам,
Тұқымды жерге себемін.
Көктемде еңбек етемін,
Күзде бидай теремін!
(Балалар қолымен «сеуіп», «су құйып» қимыл жасайды.)
2-кезең – Диқаншы
(Диқаншы комбайнымен келеді.)
Диқаншы:
– Еңбек еткен егіншіге рахмет!
– Ал енді мен, диқаншы, піскен бидайды комбайнмен орып аламын.
(Балалар «комбайн айдағандай» қимыл жасайды.)
Ойын: «Диқаншыға көмектесейік!»
Мақсаты:
Балаларды диқаншының еңбегімен таныстыру, еңбекке құрмет сезімін ояту, қимыл-қозғалысын дамыту және бірлесе әрекет етуге үйрету.
Қажетті құралдар:
Бидай масағы (немесе сары қағаздан қиылған дәндер), шелектер немесе себеттер, ойыншық күрек, комбайн суреті.
Жүргізуші:
– Балалар, қараңдаршы, алқапта бидай пісіпті. ?
– Бірақ диқаншы жалғыз өзі үлгере алмай жатыр екен.
– Қане, бәріміз диқаншыға көмектесіп, егін жинайық!
Диқаншы:
– Сәлем, балалар! Мен – Диқаншымын.
Күн ұзақ далада еңбек етемін,
Комбайныммен бидай орамын.
Бірақ дән көп, бәрін жинап үлгермей жатырмын.
Көмектесесіңдер ме?
Балалар:
– Иә, көмектесеміз!
Жүргізуші:
– Жарайсыңдар, балалар! Ендеше жұмысқа кірісейік.
Алдымен бәріміз дән
жинаймыз.
Кім тез және ұқыпты жинай алады екен?
(Балалар еденге шашылған «бидай масақтарын» немесе қағаздан қиылған «дәндерді» шелектерге, себеттерге салады.)
Диқаншы:
– Өте жақсы! Енді дәндерді қапқа
салып,
комбайнға апарайық!
Қаптар ауыр, сондықтан абайлап көтерейік.
(Балалар дән салынған шелекті бір-біріне беріп, «комбайн суретінің» жанына апарады.)
Жүргізуші:
– Қараңдаршы, қандай тамаша!
Енді біздің дәндер диірменге барады.
Онда олар ұнға айналады.
Диқаншы:
– Ал ұннан не піседі, балалар?
Балалар:
– Нан!
Жүргізуші:
– Дұрыс айтасыңдар!
Нан – ең қасиетті ас.
Ол көп еңбектің нәтижесімен келеді.
Сондықтан оны әрқашан қадірлейік!
Жүргізуші:
– Жиналған бидай енді қайда барады, балалар?
Балалар: – Диірменге!
3-кезең – Ұн жасайтын адам
(Ұн жасаушы алға шығып, ұн қалтасын ұстап тұрады.)
Ұншы:
– Бидайды диірменге салып,
Ақ ұн қылып шығарамын.
Наубайханаға жөнелтіп,
Нан жасауға жаратамын!
(Ұн көрсетіп, балалар қолымен «ұн сеуіп» көрсетеді.)
4-кезең – Наубайшы
(Наубайшы алжапқыш киіп, қамыр илейді.)
Наубайшы:
– Мен қамыр илеймін, нан пісірем,
Тәтті иісімен елді сүйсінтем!
(Балалар өз орындарына барып, пицца жасауға кіріседі – дайын қамырмен жұмыс істейді.)
Жүргізуші:
– Әр бала өзіне пицца жасайды! ?
(Балалар пиццаларын жасап біткен соң, наубайшы пешке “қояды”.)
5-кезең – Сатушы
(Сатушы үстелдің артына тұрып, себетке нан, пицца қойылады.)
Сатушы:
– Дәмді нан келді! Жаңа піскен пицца!
Сергіту сәті:
Биші маманымен, қимылдық ойын арқылы):
Көңілді ырғақты музыка қосылады «Алақай, ауыл!» с әуен.
Балалар қимылмен көрсетеді:
Жер жыртамыз – (қолмен тырма қимылы)
Тұқым себеміз – (қолмен себу)
Су құямыз – (жоғарыдан төгу)
Күнге қараймыз – (қолмен маңдайды көлегейлеп)
Егін орамыз – (руль ұстағандай)
Нан илейміз – (алақанмен илеу)
Пісіреміз, жейміз біз – (жегендей қимыл).
Музыка тоқтайды.
Биші маманы:
– Міне, балалар, бәрі еңбекпен келеді.
– Ендеше бүгін біз де нанның дастарханға дейінгі жолын өз көзімізбен көрдік!
6-кезең – Қорытынды
Жүргізуші:
– Міне, балалар, нан осылай біздің дастарханға келеді.
– Ендеше нанды қадірлейік, төкпейік, ысырап етпейік.
Мақал-мәтелдер:
• Ас атасы – нан.
• Нан болса, ән де болады.
• Нанды жерге тастама.
— Балалар, біз бүгін нанның қалай дайындалатынын,
оның қадірін білдік.
Бүгін біз диқаншыға көмектестік, наубайшының
еңбегін көрдік,
тіпті өз қолымызбен пицца да жасадық. Еңбектің мәнін түсіндік,
нанның қадірін білдік. Енді тобымызға қайтатын уақытымыз
болды. Жасаған пиццамызды тобымызға
барып жиміз. Барлығыңа рақмет, жарайсыңдар,
балалар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Ас атасы нан" ашық ұйымдастырылған іс-әрекет.

шағым қалдыра аласыз