Аса қауіпті инфекция

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Аса қауіпті инфекция

Материал туралы қысқаша түсінік
Аса қауіпті инфекциялардың алдын алу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ШЖҚ МКК Маңғыстау облыстық жоғары медициналық колледжі



«Қаралған » «Бекітемін» №1 Цәк мәжілісінде Маңғыстау облыстық жоғары медициналық 1 Цәк төрайымы колледжінің әдіскері ____________Зайрова Г.Т ___________ Кулбалаева А.Е « »_________ 2025ж « »_________ 2025ж





«Микробиология және вирусология» пәнінен өткізілетін ашық сабақ жоспары

Тақырыбы : « Аса қауіпті инфекциялар » Дайындаған оқытушы : Сарыбаева Ә.Д Мамандығы: 09120100 « Емдеу ісі» Біліктілігі: 4S09120101« Фельдшер » Тобы:





















Жаңаөзен қаласы 2025-2026ж

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Күні :

Уақыты: 10:30

Курс: 1

Тобы :

Модуль \пән атауы:

Жалпы кәсіптік білім беретін пәндер

Микробиология және вирусология

Білім беретін ұйымның атауы ШЖҚ МКК “Маңғыстау облыстық жоғары медициналық колледжі ”


Дайындаған оқытушы Сарыбаева Әсел Дәрібайқызы

Сабақтың тақырыбы

Аса қауіпті инфекциялар

Сабақтың типі

Практикалық сабақ

Оқыту нәтижесі

(Оқу бағдарламасына сілтеме)

-Инфекциялық аурулар

-аса қауіпті аурулардың ортақ клиникалық түрі

-қауіпті инфекция кезіндегі ережелер мен бұйрықтар

-аса қауіпті инфекциялар кезіндегі қауіпсіздік ережелері

Сабақтың мақсаты, міндеттері

Суреттер сөйлейді” “Бинго” “Ережелер” инновоциялық технологияларды қолдану арқылы білімалушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру.


Бағалау критерийі

(Оқу бағдарламасына сілтеме)

  • инфекция жұғу жолдары

  • аса қауіпті инфекцияларды жіктеу

  • инфекцияның клиникалық көріністерін

  • эпидемиологиялық ерекшелігін

  • аса қауіпті инфекция кезде киіну ережелерін


Тілдік мақсаты

Арнай пәндік лексика мен терминология

Жұқпалы аурудың қалың көпшілік арасында таралуы

Эпидемия(грек. epіdemіa)- і н д е т

Пандемия (лат. pandemia — бүкіл халық індет тарлуы


Құндылықтарды игеру

(Ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтарды көрсетіңіз)

1 Білімалушылар медициналық этика және деонтология сақтауға тәрбиелеу.

2 Білімалушылар қашықтықтан топпен ынтымақтастықпен жұмыс жасау арқылы, бір-бірімен қатынасқа түсе отырып басқалардың пікірін тыңдауға , өз пікірін ашық айтуға , сауатты кеңес беруге дағдыланады.

Пәнаралық байланыстар

- Эпидемиология негіздері

- Жұқпалы аурулар


Алдыңғы меңгерілген

Микроорганизімдердің бөлінуін, патогенді микроорганизімдерді сұрау арқылы меңгеру.

Оқытудың әдіс-тәсілдері

Сұрақ-жауап, “Бинго” “суреттер сөйлейді ” ,Бағдаршам әдісі

Жұмыс түрлері жеке,жүптық,топтық

Техникалық құралдар мен материалдар

ZOOM Платформасы, Google

Презинтация

Интернеттегі білім ресурстары

1.Аса қаупті инфекциялардың алдын-алу https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100025151

2 5 аса жұқпалы инфекция

https://www.youtube.com/watch?v=X0m8kLOvvKY

3 Оба ауру https://kazmedic.org/archives/1141

Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар , анықтамалық әдебиеттер

( негізгі және қосымша әдебиеттер)

  1. Жұқпалы және паразиттік аурулар .Алматы 2011ж

  2. Эпидемиология Қарағанда 2016ж

  3. Микробиология және вирусология Алматы 2012ж










САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Уақыты

минут

Сабақтың жоспарланған іс-әрекеттері

Ресурстар

1

2

3

4

Сабақтың барысы


Ұйымдастыру кезеңі

4мин

Білім алушылармен сәлемдесу, топты түгендеу, кабинет және білімалушылардың тазалығына көңіл бөлу.Медициналық форманың сақталуын бақылау.Сабақтың мақсат-міндеттерін , сабақ барысында орындалатын тапсырмалар мен үлестірмелі материалдармен, бағалау критерийлерімен таныстыру бағалау.


Бағалау критерийі

Толық жауап-10 балл

Жартылай жауап- 5 балл

Жауап жоқ-0


Білім алушылар “Жүректен жүрекке ”жылы лебіздерін айтып, бір-біріне сәттілік тіледі.

ZOOM Платформасы

Презинтация


Сабақтың ортасы


Үй тапсырмасын сұрау









Жаңа сабақты түсіндіру

10мин














20мин

Сұрақ-жауап қою арқылы білімдерін тексеру.

1 Инфекция дегеніміз не?

2 Инфекцияның жұғу жолдары?

3 Клиникалық көрініс қандай?

4 Патогенді микроорганизім?

5 Инфекциялық процестің сатылары?

6 Инфекциялық қоздырғыштардың организмге таралу жолдары

7 Инфекциялық аурулардың классификациясы қандай?

8 Қан арқылы берілетін инфекциялар?

9 Ауа арқылы берілетін инфекциялар?

10 Емі жоқ инфекцияларға жатады?



Жаңа тақырыпты түсіндіруде бейне жазба көрсетіледі.

Аса қауіпті аурулар ”

Қауіпті аурулардың жіктелуі ,клиникалық белгілері, бір-бірне ұқсамайтын ерекшеліктері ,қандай мемлекетте көп тарағандығы жөнінде толықтырылып айтылады.


Қазіргі кезде ДДСҰ ,ҚР қолданылатын аурулардың алдын алатын, аса қауіпті ауру шыққан кезде қандай көмек көрсету шараларын,заңдамен ережелері айтылды.


Презинтация

Сұрақ-жауап




Бейнежазба

Білім алушылардың білімін тексеру

30мин

Суреттер сөйлейді ”әдісі


Экранда көрсетілген суреттен бүгінгі тақырыпқа байланысты Инфекцияны әр білім алушы бір сөйлеммен айтуы керек.Қай білімалушы жоғары ұпай жинайды сол білім алушының жауабы таңдалады.

(Әр білімалушының дұрыс жауабы -2ұпай)


Бинго” ойыны

Бинго ойыны арқылы 1-20ға дейінгі сандардан әр оқушы бір санды таңдайды.

Сол санынның ішінен шыққан сұрақтарға жауап береді.




Үлестірмелі материал


Білім алушылардың білімін толықтыру

20мин

Ережелер


1 "Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № ҚР ДСМ-114 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 15 қарашада № 25151 болып тіркелді.


2 "Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 17 қарашадағы № ҚР ДСМ-116 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 22 қарашада № 25254 болып тіркелді.


Аса қауіпті инфекцияларға Вакцина,антибиотиктер, карантиндік режимдері айтып өту.


Қауіпті ауру кезіндег киім






Сабақтың соңы

2мин

Сабақ бойынша рефлексия

Бағдаршам әдісі бойынша білімалушылар Google Jambord онлайн тақтасы бағдаршамның түсі арқылы бүгінгі тақырыпты меңгеруі стикер көмегімен сабақтан алған әдістерін жазып ,бөліседі.

Қызыл түс- мен ештеңе түсінбедім

Сары түс- мен түсіндім,барлығын емес

Жасыл түс – мен жақсы түсіндім және басқаға түсіндіре аламын.


Google Jambord онлайн тақтасы


Бағалау

2мин

Оқытушы білімалушыларды бағалау парағын бағалау критерийіндегі көрсеткіш бойынша әр білімалушылардың тиісті бағасын жеке-жеке бағалайды. Жұлдызшалар беру арқылы


Бағалау парағы


Үй тапсырмасы

2мин

Жалпы кәсіптік сабақтарда .өндірістік практикада тақырыпты терең меңгеу, үнемі сабақты қайталап жүру.

Білімалушыларды мақтау

Сұрақ-жауап қою арқылы білімдерін тексеру.

1 Инфекция дегеніміз не?

2 Инфекцияның жұғу жолдары?

3 Клиникалық көрініс қандай?

4 Патогенді микроорганизім?

5 Инфекциялық процестің сатылары?

6 Инфекциялық қоздырғыштардың организмге таралу жолдары

7 Инфекциялық аурулардың классификациясы қандай?

8 Қан арқылы берілетін инфекциялар?

9 Ауа арқылы берілетін инфекциялар?

10 Емі жоқ инфекцияларға жатады?







































  1. Бинго ойын билетіт 3 саны- Оба ауруы неше түрге бөлінеді? Жауабы :Оба ауруын 2 түрге бөледі : 1) Табиғы ошақ / «жабайы оба» /1. Шілік ошақ 2) 2-шілік ошақ



  1. Бинго ойыны

5 саны – Түйнеме ауруының инкубациялық кезеңі?

Жауабы : Түйнеменің инкубациялық кезеңі аурудың

түріне байланысты әр түрлі, терілік түрінде, терілік

түрінде 2-14 күн, септикалық түрінде бірнеше сағаттан 68 күнге дейін.



  1. Бинго ойыны

1 саны - Сіреспе ауруының алдын-алу шаралары?

Жауабы: Арнайы алдын алу шаралар жоспалы түрде сіріспелік анотоксинмен (АКДС- вакцинасының кұрамына кіреді), 3- айлық жастан басталады,ревакцинация 2 жасында, 6,11,16-17 жаста жасалады.



  1. Бинго ойыны

9 саны- Тырысқақ ауруның емдеу диагностикасы?

Жауабы : Науқастың өмірін сақтап қалу үшін 1-ші мақсатта організмдегі су-электролиттік тепетеңдікті сақтап қалпына келтіру керек. Ол 2 этаптан тұрады.

1 Регидратаци, инфузиялық терапияға дейінгі жоғалған сұйықты қалпына келтіру.

2 Сұйықтық жоғалуының жалғасуын коррекциялау, яғні дәреті қалпына келгенше су-электролиттік тепе-теңдікті ұстап тұру.



  1. Бинго ойыны

8 саны –Маймыл шешегі ауруының симптомдары?

Жауабы : Аурудың симптомдары: Қызба

Қатты бас ауруы

Бұлшықет ауруы

Арқадағы ауырсыну

Әлсіздік

Лимфа түйіндерінің ұлғаюы

Тері бөртпелері мен зақымдануы

Аурудың жеңіл түрінде симптомдары бірнеше апта ішінде емдеусіз жазылуы мүмкін. Ауыр жағдайларда асқынулар болуы ықтимал, мысалы:

тері инфекциялары

пневмония

ақыл-есін жоғалту

көз инфекциялары

көру қабілетінің жоғалуы





Аса қауіпті инфекцияларға оба, сіріспе, түйнеме, тырысқақ пен газды гангрена жатады.Олар табиғи жағдайда таралып халық арасында эпидемия,пандемия, эндимиялық жағдайларға алып келеді. инфекцияларында және Организмнің басқа да зақымандауларында, жарақат инфекциясы ретінде саналады. Олар жайлы организмнің зақымдалуы туралы жан-жақты айтылады.

Дүние жүзі бойынша 100ге жуық аса қауіпті инфекциялар бар.

Аса қауіпті инфекциялардың бірдей симптомдары

  • Температура 39-40с көтерілуі

  • Ісіну, тез бастың ауруы

  • Бетінің қызаруы

  • Жүрек айну, құсу,іштің қатты ауруы

  • Бөртпе , қансырау

  • Ішкі органдардан қан кету

  • Лимфа жүйесінің ісінуі

Ағымдағы жылдың 27.05-09.06 аралығында Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті «М.Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының» мамандарының қатысуымен аса қауіпті инфекцияларға – тырысқақ, оба, контагиозды вирустық геморрагиялық қызбаға, маймыл шешегіне күдікті науқастар анықталған жағдайда қалалық жедел медициналық көмек станциясының (қосалқы станцияларымен) медицина қызметкерлеріне арнайы алдын ала семинар-тренинг өткізіле отырып, қалалық оқу-жаттығулары ұйымдастырылды.



Оқу-жаттығулардың мақсаты- аса қауіпті карантиндік инфекцияларды тіркелген жағдайында қалалық және аудандық кешенді жоспарларының орындалу айқындығын тексеру, басқа қызметтерді хабардар ету және өзара іс-қимыл схемасын пысықтау, аса қауіпті инфекцияларға күдікті науқастарды ерте анықтау бойынша алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету желісінің медицина қызметкерлерінің дайындығын қамтамасыз ету. Қатысушылардың білім деңгейін тестілік анықтаумен іске асыру арқылы қаланың барлық 8 аудандағы алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету мекемелері оқу-жаттығулармен қамтылады.

Оба (Чума)

Оба – ауыр интоксикация синдромымен өтетін, лимфа түйіндерін, өкпені арнайы зақымдаумен жүретін жедел- табиғы ошақтық ауру. Оба ауруының аты араб тілінен аударғанда «джумма» яғни «боб» . Ол лимфа түйіндерінің боб тәрізді қабынуымен, үлкеюіне негізделіп айтылған.

Этиологиясы. Оба қоздырғышы Iersinia pests, Iersinia туысына жатады, қозғалмайтын, өлшем бірлігі 1,5-2 мкм бактекрия . Спора түзбейді, бірақ капсуласы бар, қарапайым сұйық және тығыз көріктік ортада өседі.



Этиологиясы. Оба ауруын 2 түрге бөледі :

1) Табиғы ошақ / «жабайы оба» /

1. Шілік ошақ

2) 2-шілік ошақ


Клиникасы: Жиі бубонды түрі, ал өте сирегірек- ішектік түрі кесдеседі. Жасырын кезең 3-6 күнге созылады, тек вакцина жасалғандарда 10 күнге дейін сосылады.

Емдеу диагностикасы:

1. Бубонды түрінде: туберкулез,туляремия, іріңді лимфматенид

2. Өкпелік түрінде: өкпе туберкулезі,крупозды пневмония, тұмау асқынулары

3. Сепсис түрінде: түйнем, туляремия,сальмонеллез.

Алдын-алу шаралары.

1) Аурудың табиғы ортасында кеміргіштермен мен бүргелерге қарсы бағытталған комплексті шаралар

2) Оба ауруына күдік туған адамдарды міндетті түрде госпитализациялау, ал науқастармен және жануарлармен қатынаста болғандарды 6 күн оқшаулап,оларға шұғыл алдын-алу мақсатта антибиотиктер 6 күнге тағайындалады.

Содан соң вакцинация немесе ревакцинация жасалады.

3) Санитарлық ағарту шаралары жүргізіледі

4) Карантин

5) Науқаспен жұмыс қатаң түрде обаға қарсы кастюмді киіп жаслады

6) Науқаспен ауруханаға жатқызған соң ақырғы дезинфекция жаслады


Түйнеме (Сибирская язва)


Түйнеме- серозды гемморагиялық және некроздық қабунумен айқын интоксикация синдромымен өтетін жедел зоонозлы инфекциялық ауру.Осы уақытқа дейін барлық елде мекендерде бірдей таралған. Себебі осыдан ертерек болған аурудың ошақтары көп жылдар бойы қаупті болып қала береді.

Этиологиясы . Түйнеме қоздырғышы Bacillus anthracic, ірі қозғалмайтын таяқша, узындығы 3-10 мкм, ені 1-1,5мкм, капсула түзеді. Адам және жануар организміне тыс спора түрінде кесдеседі. Тіршілік әрекеті барасында таяқшалар ісік түзетін және өлтіретін компонентері бар экзотоксин шығарады.

Клиникасы: Түйнеменің инкубациялық кезеңі аурудың

түріне байланысты әр түрлі, терілік түрінде, терілік

түрінде 2-14 күн, септикалық түрінде бірнеше сағаттан 68 күнге дейін.

Алдын-алу шаралары. Жануарлар арасында инфекция ошақтарын табу және жою. Түйнемені жұқтыру қаупі жоғары адамдарға (ветиринарлар, ет комбинат жумысшылары, тері және жүн өңдеу өндірісінің жұмысшылары) тірі қурғақ « СТИ» сынама (привывка) жасайды. Науқастарда жеке палаталарға оқшаулау керек. Күнделікті дезинфекция жүргізіледі. Санитарлық – ағарту жұмыстардың жүргізіліуі маңызды.

Сіріспе – қаңқа бұлшық еттерінің тоникалық жәнетклиникалық Құрысуларымен сипатталатын, асфиксияға әкелетін ауыр жедел инфекциялық ауру. Сіріспе ерте заманнан белгілі. Ауру 40 – 70% жағдайда өліммен аяқталады.

Этиологиясы. Сіріспе қоздырғышы Clostridium teteni. Bacillaceae туысына жатады. Олар ірі, жұқа, шеттері дөңгеленген, ұзындағы 4-8 мкм, ені 0,3-0,8 мкм. Микроб – анаэроб, спора түзеді, грам оң. Споралар сыртқы ортаның физикалық және химиялық түрткілеріне тұрткы. Нәжісте, топырақта, әр түрлі заттарда олар бірнеше жылдарға дейін сақталады.

Эпидемиологиясы. Clostridium teteni табиғатта кеңінен тараған. Инфекция көзі – ауру жануарлар және адамдар. Коздырғыш вегативтік түрде ішектестерінде тіршілік етеді, нәжісі арқылы топыраққа түсіп, инфекциялдап, спораға айналады . Топырақтан миткробтар шаң арқылы киімге, аяқ-киімге еніп, адамның терісіне, егер тері, не кілегей қабат зақымдалса организмге еніп, ауру туғызады.65-75% -те ауру себебі аяқ-қолдың ұсақ жарақаттары болады. Жалаң-аяқ жүргенде, үшкір заттар кіргізіп алғанда, ағаштың жаңқасы кіргенде жиі сіріспе ауруының дамуына әкеледі.

Сіріспе инфекцияның ену қақпасына қарай бөлінеді: 1/жарақаттық сіріспе (жарақат, операциядан соң, босанғаннан кейін, жаңа туған нәрестеде, инфекциядан кейін, күйгеннен соң, үсу электрожарақат) ; 2/ қабыну және деструктивті процестен болатын сіріспе ( жара, ойылу, ыдыраған ісіктер); 3/ криптогенді сіріспе (ену қақпасы белгісіз).

Инкубациялық кезең бірнеше күннен айларға дейін созылады, орташа ұзақтығы 14-15 күн . Инкубациялық кезең неғұрлым қысқа болса, соғұрлым ауру ауыр түрде өтеді . Аурудың 7-8 күндері жүрек тондары тұнықталып, жүрек тоқтап қалуы да мүмкін .

Клиникалық белгісі жедел және тез дамиды . Ауру кенеттен жедел басталады, тахикардия және техипноэ, өте күшті және жиі құрысуі цианоз және өте қаупті асфиксия .

Сіріспенің алдын алу шаралары 2 бағытта жүргізіледі:

1) Жарақаттың алдын алу

2) Арнацы алдын алу

Арнайы алдын алу шаралар жоспалы түрде сіріспелік анотоксинмен (АКДС- вакцинасының кұрамына кіреді), 3- айлық жастан басталады,ревакцинация 2 жасында, 6,11,16-17 жаста жасалады.

Барлық инфекцмялық аурулардың ішінде өлу жиілігі бойынша 3-ші орында тұр

Тырысқақ— вибрион экзотоксиндердің әсерінен дененің қурғақсуы, су – электролиттік алмасу бұзылыстарымен ерекшелетін жедел және аса қауіті ауру. Тырысқақ ауруы ең алғаш 1817 жылы анықтама бастаған. 1817-1926 жылдар аралығында тырысқақтан пандемия болып, 2млн адам өлген. 1961 жылы Эль-Тор вибриона тудырған пандемия болды. Тырысқақ жедел ішік инфекциясы, антропоноз, карантинді ауру.Қоздырғыш ашылуына Р.КОХ,Ф.Готилехс еңбектері зор.

Этиологиясы. Адамдарда тырысқақ қоздырғышы – Vibrio choleral, 2 биовары бар. Классикалық тырысқақ вибрионы (Vibrio comma) және Эль-Тор вибрионы (Vibrio El-Tor) Тырысқақ вибрионы өте ұсақ, иілген таяқша.Спора және капскла түзбейді. Қарапайым көректік ортада өседі. Н,Оантигендері бар. Қоздырғыш сыртғы ортаға тұрақты суда бірнеше апта, нәжісте 7-8 айға дейін тіршілігін сақтайды, Күн саулесіне, кептіруге, дизенфекциялы ерітінділерге өте сезімтал, қайнатқанда тез өледі.

Эпидемиологиясы. Ауру көзі- науқас адамдар және қоздырғыш тасымалдаушылар. Жұғу механизмі фекальды-оралды.Жұқтыру түрлері Қарым-қатынас, алиментарлық, су. Тырысқақпен ауратын науқастың 1млн нәжісінен 10,9 вибрион табылады. Су-ең қаупті жұқтыру түрткісі. Тырысқақпен барлық жастағы адамдар аурады, жиі жаз-күз айлаврында бас көтереді.

Клиникасы: Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 6 күнге дейін созылады.

Емдеу диагностикасы: Науқастың өмірін сақтап қалу үшін 1-ші мақсатта організмдегі су-электролиттік тепетеңдікті сақтап қалпына келтіру керек. Ол 2 этаптан тұрады.

1 Регидратаци, инфузиялық терапияға дейінгі жоғалған сұйықты қалпына келтіру.

2 Сұйықтық жоғалуының жалғасуын коррекциялау, яғні дәреті қалпына келгенше су-электролиттік тепе-теңдікті ұстап тұру.

Алдын-алу шаралары. Тырысқақ қолайсыз аудандардан келген адамдарға ерекше көңіл бөлініп, олардың от басы мүшелеріе 5 күн емхана дәрігері бақылайды. Егер дәреті өзгерген жағдайда инфекциялық стационарға бақылауға алады. Арнайы алдын алу мақсатында кқрсетпелеріне байланысты беріледі. Сынама (прививка) 7 жастан бастап жасалады. Тырысқақ ошағында эпедемияға қарсы комплексті шаралар жүргізіледі.

1 Жедел түрде гозпитилизациялау, оқшаулау,тексеру және емдеу

2 Жедел-ішек инфекцияларын тырысқаққа тексеру

3 Контакта болғандарды табу, оларды оқшаулау 5 күн медициналық бақылауда ұстау (бактериологиялықи тексеру, профилактикалық мақсатта антибиоттин тағайындау)

4 Ошақта эпидемиологиялық тексеру

5 Күнделікті және ақырғы дизенфекция

6 Санитарлық- гигиеналық шарала



Маймыл шешегі – маймыл шешегі вирусынан туындайтын зооноздық (адамға жануарлардан жұғатын) жұқпалы ауру. Сондай-ақ, бұл инфекция адамнан адамға берілуі мүмкін.

Алғаш рет маймыл шешегі 1958 жылы зертханалық маймылдар колониясында, ал адамдарда 1970 жылы анықталды. Негізінен маймыл шешегі Орталық және Батыс Африка елдерінде кездеседі. 2022 жылғы мамырда маймыл шешегі эндемиялық емес бірнеше елдерде анықталды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, бүгінге дейін маймыл шешегі әлемнің 75 елінде анықталған, 16 мыңнан астам жұқтырған және 5 адам қайтыс болған. Көбінесе инфекция Еуропа мен Америкада анықталады, ерлер арасында жиі кездеседі.

Аурудың симптомдары:

Қызба

Қатты бас ауруы

Бұлшықет ауруы

Арқадағы ауырсыну

Әлсіздік

Лимфа түйіндерінің ұлғаюы

Тері бөртпелері мен зақымдануы

Аурудың жеңіл түрінде симптомдары бірнеше апта ішінде емдеусіз жазылуы мүмкін. Ауыр жағдайларда асқынулар болуы ықтимал, мысалы:

тері инфекциялары

пневмония

ақыл-есін жоғалту

көз инфекциялары

көру қабілетінің жоғалуы

өлім-жітім


Инфекцияның таралу көздері мен жолдары:

Инфекцияның таралу көзі – ауру маймылдар мен ауру жұқтырған адамдар.

Берілу жолдары:

Контакт жасау арқылы: әсіресе науқастың бөртпелері мен биологиялық сұйықтықтары (тері мен ауыз қуысының сілемейлі қабатының зақымдануынан ірің және қан), жара қабыршағы, сілекей жұқпалы болып саналады.

Тұрмыстық жағдайда: ауру жұқтырған адамның төсек-орны, сүлгілері немесе жеке заттары (асүй құралдары мен ыдыс-аяғы) арқылы.

Жыныстық жолмен.

Жүктілік кезінде вирус іштегі нәрестеге плацента арқылы берілуі мүмкін

Босану кезінде немесе босанғаннан кейін «теріге тері» тию арқылы балаға берілуі мүмкін.


Өзіңізді және өзгелерді қалай қорғай аласыз?


Маймыл шешегі көп таралған елдерге барудан бас тартыңыз!

Маймыл шешегімен ауыруы расталған немесе күдігі бар адамдармен қарым-қатынасыңызды шектеңіз.

Егер сіз медицина жұмыскері болсаңыз немесе науқас адаммен бірге тұрсаңыз, ауру жұқтырған адаммен физикалық контакт жасамау мүмкін болмаса, науқас өзін-өзі оқшаулау қағидаларын сақтауы керек және мүмкіндігінше терінің зақымданған жерлерін (мысалы, бөртпесі болса – жабық киім кию) жабық ұстағаны жөн.

Науқасқа жақындаған кезде екеуіңіз де медициналық бетперде тағуларыңыз керек.

Мүмкіндігінше науқастың терісіне қолыңызды тигізбеуге тырысып, бір реттік қолғап қолданыңыз.

Инфекция жұқтырған адамның киімін немесе төсегін ұстағанда қолғап киіп, бетперде тағыңыз.

Қолды үнемі сабынды сумен жуып немесе қол дезинфекциясына арналған спиртті ерітіндімен өңдеу керек, әсіресе ауру жұқтырған адамның жанында болып, оның киімін, төсек-орнын, сүлгісін және басқа жеке заттарын ұстағаннан кейін гигиена қағидаларын ұмытпаңыз.

Киімді, сүлгіні, төсек-орынды және ыдыстарды, ас құралдарын жылы сумен және жуғыш заттармен мұқият жуыңыз.

Вирус болуы мүмкін барлық заттардың бетін өңдеп, дезинфекциялаңыз.

Ресми дереккөздерден ақпарат алып, жаңа індет туралы хабардар болыңыз, бұл вирустың одан әрі таралуын болдырмауға көмектеседі.

ДДҰ мәліметтері бойынша вакцинация туралы:


Шешекке қарсы вакцина алған адамдар маймыл шешегінен белгілі дәрежеде қорғалған деп саналады. Шешекке қарсы вакцинация шешек бірінші толық жойылған ауру деп жарияланғандықтан 1980 жылы тоқтатылған. Бастапқыда қолданылған вакциналар енді халыққа қол жетімсіз, ал 40-50 жасқа дейінгі адамдарың көпшілігі шешекке қарсы вакцинацияланбаған.


Кейде кейбір зертханалар мен денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлеріне шешекке қарсы жаңа вакцинация жүргізіледі. Мысалы, 2019 жылы маймыл шешегінің профилактикасы ретінде ең жаңа шешекке қарсы вакциналардың бірі (MVA-BN, сондай-ақ Imvamune, Imvanex немесе Jynneos деп те аталады) мақұлданды, бірақ ол әлі кеңінен таралған жоқ.


Қазіргі уақытта ДДҰ вакциналардың қолжетімділігін арттыру үшін өндірушілермен жұмыс істеуде.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.11.2025
15
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі