Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ашақ сабақ Марат Қабанбаев 5 сынып Балалар үйі

Материал туралы қысқаша түсінік
қмж үлгісінде сабақ жоспары ,жас мамандарға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы



САБАҚ: 2

Мектеп: Т.Рысқұлов атындағы №24 жалпы орта мектебі

Күні: ............... 2018ж

Мұғалімніңаты-жөні:Акынбаева Гулзира

Сынып:5

Қатысқан оқушылар саны:25

Қатыспағандар оқушылар саны: 25

Бөлім атауы

Адамгершілік - асыл қасиет

Сабақтың тақырыбы

«Бауыр» әңгімесі. Балалар үйі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.1.4. 1. Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту.

Сабақтың мақсаттары

- Сұрақтарға нақты жауап беру;

- Шығарма желісімен байланыстыру;

- Кейіпкерлерге портреттік мінездеме беру;

Бағалау критерийлері

Оқушылардың көпшілігі:

-шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқып береді;

- Сұрақтарға толық әрі нақты жауап береді;

- Шығарма желісімен байланыстыра алады;

- Кейіпкерлерге портреттік мінездеме береді;

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

Топтық жұмысты бірлесе орындайды.

Өз бетінше жұмыс жасайды

Оқушылардың кейбіреуі:

- кейіпкердің портретін жатқа айтады;

- тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер

келтіре алады.

Құндылықтарды дарыту

Құрметтеу:оқушылардың топтық және өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-біріне құрметпен қарауға шақыру;

Т әрбие:Отбасы мүшелерін құрметтеу, бауырдың орнын білу, отбасы қадірін түсіну, бауырмалдылық қасиетін дәріптеу.

Пәнаралықбайланыс

Тарих, қазақ тілі

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақ барысында оқушылар интербелсенді тақтадан

бейне материал тамашалайды, слайд арқылы тақырыпқа

қатысты көрнекі құралдарды пайдаланады.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дерек көздер

Сабақтың басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

3 минут

5 минут





















































Сабақтың ортасы

3 минут

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды тексеру, назарын сабаққа аудару. Қызығушылық ояту.

Рухани жаңғыру: «Үш тұғырлы тіл»

Оқушылар өздері туралы кластерлер құрастыруы керек. Олар парақтың ортасындағы шеңберге өз есімдерін жазып, оған өмірінде маңызы жақын бес туыстық атауды жазады. Мысалы: Жанұя, анам,әке, сіңілім, ата,әже, аға,іні, дос т.б орыс тілінде , ағылшын тілінде айту керек.

Үй тапсырмасын тексеру.

Әңгімені толық оқыған не оқымағанын тексеру мақсатында «Дұрыс-бұрыс» ойыны ойнатылады. Оқушылар қағаздың бетіне дұрыс/бұрыс деп сызады. Мұғалім сұрақтарды рет-ретімен оқиды, қай сұрақтың жауабы дұрыс болса, оқушылар (дұрыс) деген жазуын, ал жауап қате болса, (бұрыс) деген жазуын көтереді.

1Shape2 Shape3 . Қалидың ағасы – Манап. - дұрыс

2. Директордың аты-жөні - Эльжбета Сергеевна. - бұрыс

3. Қалидың фамилиясы – Төрекелдиев. – дұрыс

4. Қали ән айтып, би билегенді ұнатады. – бұрыс.

5. «Ойнайтын да, қайнайтын да спорт залымыз осы. Балалар қазір жаттығып жатыр. Орындық қатізе бүгіп, тоса тұрыңыз. Мен Қалиды ертіп шығайын».Виктория Ивановнаның сөзі. – бұрыс.

6. «Тығыз қара шашы ұсақ-ұсақ бұйра, қол-аяғы таралып қалған, кең иықты болмаса да ешкімнен қарызға жауырын сұрай қоймайтын кішірек көзді ақ сұр бала». Манаптың портреті. – бұрыс.

7. «Түу, Эльжбета Сергеевна, терді жаңа ғана үгіп, тырыс-бырысты жаза бастағанымыз сол еді. Басқа қолайлы уақыт табылмады ма?». Қалидың сөзі. – дұрыс.

8. Қали жетінші сыныпта оқиды. – бұрыс.

9. Балалар үйі Өскеменде орналасқан. – дұрыс.

10. Әңгімеде «Жетім көрсең, жебей жүр» мақалы кездеседі. – бұрыс.


Тақырыбы -Бұл әңгіменің басты тақырыбы соғыс зардабынан жапа шеккен жетімдер тағдыры туралы.

Идеясы - бұл тақырып арқылы шындық өмір көріністерін суреттегенде, оны өз көзқарасы өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Өз мақсат-мүддесін, арманын білдіреді. Бұл шығармада жетім балалар тағдырына деген аяушылық сезімді оятады.

«Аялдама» әдісі

Шығарманың композициялық құрылысына талдау жасау.

1-аялдама. Оқиғаның басталуы – Манаптың балалар үйіне келуі.

2-аялдама.Оқиғаның дамуы – Манап пен Қалидың кездесуі.

3-аялдама.Оқиғадағы шиеленіс – бауырлар арасындағы салқындық. Манаптың ішкі жан күйзелісі.

4-аялдама.Шарықтау шегі - Қалидың әңгімесі, жаттығуға асығуы.

5-аялдама.Оқиғаның шешімі –көңілі алабұртқан Манаптың кейін қайтуы.

Бағалау критерийлері:

Аялдама бойынша әңгіменің композициялық құрылысына талдау жасай алады.


Сабақтың тақырыбы: ЖК таныстырылады. 1.03.2018ж «Болжау» әдісі суреттер арқылы ашу.

«Бауыр» әңгімесі. Балалар үйі.

Мақсаттары: Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту.

Жаңа сабақ. Оқылым

1.Үзінділерді мәнерлеп оқу. 2. Қалидың портретін жаттау.


«Өзі туралы кластер» тренинг







Слайд

















Слайд



































Балалар үйі суреттер





10 минут






















10 минут

















6 минут

Оқушыларға «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сұрақтары» қойылады.

1-тапсырма.

  • Манап балалар үйіне не үшін келді?

  • 2.Балалар үйі туралы естулерің бар ма?

  • 3. Қалиды көргенде Манаптың бойын қандай сезім биледі?

  • 4. Балалар үйінің директоры Манапты қалай қарсы алды?

  • 5. Балалар үйіндегі тәрбие жұмысы қалай ұйымдастырылған?

  • 6. Қалидың тәлім-тәрбиесі қандай, ол немен әуестенеді?

  • 7. Көптен көріспеген ағалы-інілі екеуінің кездесуі сендерге қалай әсер етті? Кездесулерінің салқындығының сыры неде?

  • 8. Манап ел жайында, әкесінің қазасы туралы айтқанда Қали неге жайбарақат қабылдады?

  • 9.Қалидың мінез-құлқы, іс-әрекеттері, арман-қиялдары қандай?

  • 10. Ағалы-інілі екеуінің түбінде түсінісетініне сенесіңдер ме?

Бағалау критерийлері:

- Сұрақтарға толық әрі нақты жауап береді;

- Шығарма желісімен байланыстыра алады.


2-тапсырма. «Кім тапқыр»

Шығармадағы көркемдегіш құралдар мен тұрақты тіркестерді, мақал-мәтелдерді табу.

Теңеу  табаны күректей, сойталдай, Икар құсап, арғымақ аттай.

Эпитет- затты анық,айшықтап беру.

Тұрақты тіркестер табаны күректей, шер тарқатып, қой аузынан шөп алмайтын, ешкімнен қарызға жауырын сұрай қоймайтын, өлара сәт, шәй қайнатымдай, сүт пісірім бұрын.

Мақал-мәтел – «Жетім – қозы тас бауыр».

Бағалау критерийлері:

1. Шығарма жанрына анықтама береді;

2. Теңеу, эпитет, таба алады;

3. Тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдерді тауып, мағынасын ашады.

Постер қорғау

«Бауыр»,

«Балалар үйі»,

«Марат Қабанбаев кім?»,

«Шығарма кейіпкерлеріне мінездеме»

Оқушылар жетістік критерийлері арқылы бағаланады.

Жетістік критерийлері:

- әңгіменің композициялық құрылысына талдау жасай алады.

- Сұрақтарға толық әрі нақты жауап береді;

- Шығарма желісімен байланыстыра алады.

-Шығарма жанрына анықтама береді;

- Теңеу, эпитет, таба алады;

- Тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдерді тауып, мағынасын ашады.

- Топтық жұмысты бірлесе орындайды.

- Өз бетінше жұмыс жасайды

Слайд



Слайд
























Жүзім сабағы

























Бағалау парақшасы

Сабақтың соңы

3 минут




Кері байланыс.

Үй тапсырмасы. Сыни хабарлама жазу.

«Автор орнында болсам...» шығарманы қалай аяқтар едің?

Смайликтердің көңіл-күйлері

арқылы білу.





Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Мадақтама сөздермен алғыс білдіремін.Шығармадан көркемдегіш құралдарды тапқызамын.

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Сұрақ-жауаптар арқылы.

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпыбаға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2: постер қорғау

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізереді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?







Т.Рысқұлов атындағы №24 жалпы орта мектебі


Ашық сабақ


Марат Қабанбаев

«Бауыр» әңгімесі.Балалар үйі

5-сынып



Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:Г.Акынбаева





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.01.2019
1188
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12