Материалдар / Әшекейлі алқа

Әшекейлі алқа

Материал туралы қысқаша түсінік
"Әшекейлі алқа" тақырыбында ашық сабақ, алқа жасауды үйрену.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Аудандық «Оқушылар сарайы»КММ

(қосымша білім беру ұйымының атауы)

Қысқа мерзімді (күнделікті) жоспары6

Әшекейлі алқа

(сабақ тақырыбы)


Бөлім

Өнер бірлестігі

Педагогтің Т.А.Ә (бар болған жағдайда)

Убаева Лаура Гайсаевна

Күні


Секция немесе үйірме атауы, топ

Алтын оймақ


Сабақтың тақырыбы

Әшекейлі алқа


Дәйек сөз




Сабақтың кезеңі/ Уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.

Талқылау: Әр адамнан бұл жаттығу не үшін жүргізілгені сұралады.

Үй тапсырмасын сұрау

Өткен тақырыпты қайталау.




Жаңа сабақ

Алқа – әйел адамдар мойынына, омырауына тағатын әшекейлі сәнді бұйым. Алғашында алқа дөңгелек әшекей ретінде тағылғанымен бертін келе оның түр-сипаты өзгеріп тұмарша түрінде әртүрлі үзбелі салпыншақты кейіпке ауысқан. Ол кейде меруерт, маржан, үзбелі моншақтар тізбегі тігілген асыл тастардан кейде алтын, күмістен соғылып, бетіне асыл тас қондырылып, ою-өрнектеліп, салпыншақты етіп жасалынады.

Қазақ тілінде алқа тек мойынға тағатын омырау әшекейі емес, бірнеше мағыналарда айтылады. Кей жерде алқа қыздардың мойнынан бастап төсін жауып тұратын алжапқышқа ұқсас дөңгелеңкіреп келген киімді түсінген. Мойынның арт жағынан күміс түймемен түймеленетін бұл алқа кейде «шалғыш алқа» деп те аталған.

Алқа бөлшектерінің кейбір атаулары төмендегідей:

алақан – бір-бірімен топса арқылы байланысатын жалпақ пластинка,

алқа бау – мойынға байлайтын жібек жіп, күміс шынжыр,

аяқ – алқаның шынжырлары, салпыншағы,

қас – алқа көзіндегі тас,

қоза – шар сияқты әшекей,

тақта – алқа алақаны,

тойнақ – топса т.б.

Бұйымның қандай материалдан жасалғандығына байланысты лағыл, маржан, меруерт алқа, жақұт көзді алқа, зер шашақты алқа (салпыншағы мол, бірнеше шашақты сәнді алқа) деген атаулары кездеседі.

Алқаның қымбат түрлері:

кесек алтыны бар я сом алтыннан соққан, шоқ орнатқан алтын жамбылы алқа;

екі қатар етіп алтын-күмістен соғылғаны қос алқа, төртбұрышты екі алақаннан (пластинкадан) тұратыны қос тақта алқа;

күміс шынжырлармен үзебелестіріп жасаған неше түрлі шұбартпа алқа.

Қазақтың зергерлікке қатысты лексикасының кешенді зерттеген филолог ғалым ғалым Рүстембек Шойбеков кейбір алқа атаулары көнерген сөздер қатарына жатады дей келе, оларға мыналарды жатқызады: бойтұмар алқа, дан алқа, ділда алқа, қола алқа, өн-жорға, сары алқаДан алқа – ертеде қызметі, лауазымы жоғары адамдардың мойнына тағатын медальон, алқа тәрізді заты. Ділда алқа – алтыннан соғылған, алтынмен әшекейленген алқаның көне атауы.

Алқаның жергілікті тілде әйкел көкірекше, қаза, омырауша, өңіржиек т.б. атаулары кездеседі. Мұндағы атаулардың алқаның көлемі мен дененің қай тұсын жауып тұратындығына немесе киімнің қай бөлігіне тағылатындығына қарай әрқалай аталған: көкірекше (көлемі шағын көкірек тұсқа тағылатыны), омыраушаөңжорға (ұнжырға) алтын мен күмістен жасалған алқаның ертеректегі көне атауы. Бұрын алқаға қоса шолпыны да өңжорға деп атаған. Қарақалпақстан қазақтары мойын, алқаны құлыбы, көйлек құлыбы деп атайды. Моңғолиядағы қазақтар омыраушаның сылдырмақ, шынжыры күмістен, төрт бұрыш бөлшектерінің ортасына тас, маржан, меруерт жүгіртіп жасайды (Х.Нұркеұлы 64-б). Бұқар өңіріндегі қазақтарда мойынға тағатын әшекей түрі қарғы деп аталады.

Сарамандық жұмыс

Әшекейдің атаулары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Әшекейдің бұл түрінің тілімізде сақталған атаулары көп:

ақық моншақ, аламоншақ – қара ала көзді моншақ',

алпыс моншақ – көз тимесін деп арнайы тізілген бірнеше түрлі моншақ,

әнгір моншақ – әйелдердің күміске тізген әшекейлі моншағы,

бет моншақ – сәукеленің, кимешектің екі жағына, маңдайына салбырата қадап қоятын моншақ,

жақ моншақ – алтын, күміс қозалармен, асыл тастармен бұршақтап, үзбелеп жасалған салпыншақты әйелдердің баскиім әшекейі, қырғызша «жаақ» (джаак) – әйел бас киімінің құлақ, самай тұсына тағылатын әшекей,

көз моншақ – кішкентай ақ бүршіктен көз қондырылып жасалған моншақ), күміс моншақ (кішкентай ақ бүршіктен көз қондырылып жасалған моншақ,

күміс моншақ – күміс тиындары бар моншақ,

қызыл моншақ – қызыл маржаннан тізілген моншақ,

меруерт моншақ - біріңғай меруерттен тізген моншақ,

су моншақ - ұсақ тастардан тізілген моншақ, арзан қолды моншақ,

тайтұяқ моншақ – кесек күмістерден араластырыла жасалған моншақ, тайтұяқ күмістен жасалған алқа,

тал-тал моншақ – бірнеше қатарлы моншақ,

тана моншақ – күміс танадай жарқырап тұратын күмісті, асыл тасты моншақ,

тоғыз моншақ – моншақтың бір түрі,

шаш моншақ – бұрымның ұшына тағылатын әшекей, қырғыздарда чач мончок – күміс пластинкамен байланыстырылған, жіпке тізілген маржан, асыл тасты әшекей,

шұбыртпа – тізілген моншақ, баскиімге салпыншақ ретінде тағылатын моншақ.

Тал моншақ – тақияға, сырткиімге бірнеше қатар етіп тағылатын моншақ түрі.

Қауіпсіздік ережесі

Бекіту

Қарсы ілгек туралы ақпараттар сұрау.



Үйге тапсырма беру.

Қарсы ілгек үшін ою-өрнек ойып келу.



Қорытынды:

Ревлексия

Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, суретін жібереді.

Кері байланыс тақтайшасы.



13 Ақпан 2025
75
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі